Кәсіпкерліктің субъектілері және олардың құқықтары
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері болып жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар саналады, оларға жеке кәсіпкерлер, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары бар: -заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; -кез келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; -кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік саны\көлемі шектелмеген. Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі,өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы;
-өз бетімен тұтынушыларды, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға;
-өз бетімен жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі тиіс; -жалдаған жұмысшыларға қосымша демалыс беруге; -еңбек заңына сәйкес жұмысшыларды келісім шарт арқылы жалдауға, жұмысқа алуға;
-белгіленген тәртіпке сай сыртқы экономикалық, сыртқы сауда қызметімен айналысуға, кез келгенбанктен өз есеп шотын ашуға;
-ҚР билік ұйымдары қабылдаған заңдарға сай қаржылық – несиелік, мүліктік – материалдық, басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға; -өнім өндіруге, қызмет көрсету, басқа да жұмыстар орындау үшін мемлекеттен тапсырыс алуға, зейнеткерлік, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыруға, өз құқықтарын қорғауға.
-Жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлер сияқты т.б құқықтары бар:
-өздері сенім білдірген серіктермен бірге толық серіктестікке қатыса алады;
-белгіленген тәртіпке сай арбитражды басқарушы (ішкі\сыртқы\конкурс б-ша) бола алады;
-бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады; -аудиторлық қызметпен шұғылдана алады.
|