Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Отырар ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы мектебіЖансейітова Патма Отырар ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы мектебі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тәрбие сағатының тақырыбы: Ер есімі - ел есінде. 1 - Жүргізуші: «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы» Қазақстанда құрылған әскери бөлімдер. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарында ерлікпен соғысуы. Батыр жерлестаріміз. Тылдың майданға көмегі. Қазақстандықтардың майданға және азат етілген аудандарға көмегі. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатыныстар. 2-Жүргізуші: Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда. Отан соғысының алғашқы күндерінің бастап – ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқышыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Брест қамалын қорғаушылар арасында қазақстандықтар А. Наганов, В. Фурсов, Қ. Тұрдыев, Ш. Шолтыров және басқалар болды. Майдан даласында ұрыс салған мыңдығын қазақстандықтар отаншылдық пен ерліктің үлгісін көрсетті. Мәскеу түбінде генерал – майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 – атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы қарашада Дубосеково түбінде ұрыс салған 1075 – атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге мәлім болды.. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г. Ключковтың: «Ресей кеңбайтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу», - деген жалынды сөзі бүкіл майданды шарлаған ұраңға айналып кетті. Мәскеу үшін шайқаста И.В. Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табындылық пен қаhармандық көрсетті. Дивизия жаудың төрт есе басым күшіне қарсы кескелескен ұрыстар жүргізді. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы отан соғысының аты аңызға айналған қаhарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жаушы Б. Момышұлы былый деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйспеншілік». 1 - Жүргізуші: Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы.1942 жылдың кузінде Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар жүріп жатты. Ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқасының отты жалыны Қазақстан даласын да шарпыды. Қазақстан сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекералас жатқан еді. Сондықтан Сталинград майданында жүріп жатқан соғыс қимылдарына Батыс Қазақстанның ресурстары кең ауқымда тартылды. 1942 жылдың күзінде Каспий өніріне соғыс жағдайы еңгізіледі. Қазақстандықтардың Еділ бойындағы қаhарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде: «Сталинград – Шығыстын кілті», - деп көрсетілді. Қорғаныс шептері салына бастады. Батыс қазақстандықтар Сайхын мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылады. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды. Сталинград бағытындағы шабылдау және қорғаныс шайқастарына Қазақстан жерінде құрылған және жасақталған дивизиялар менқұрамалар қатысты. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосып, гитлерлік Германияның және бүкіл фашістік мемлекеттер одағының сөзсіз жеңілісін жақындата түсті. Еділ бойындағы шайқас бүкіл дүниежузілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты. 2 - Жүргізуші: Соғыс бағыты – Батыс.Мыңдаған қазақстандықтар Украинаны, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдаваны азат ету жолындағы ұрыстарға қатысты. Олар туысқан республикалар жерін өздерінің туғанөлкелеріндей сүйспеншілікпен жаудан босатты. Жау тылындағы партизан қозғалысы соғыстың алғашқы күндерінің бастап стротегиялық маңызы бар қаhарлы және ұймдасқан күшке айналды. Халық кегін қайтарушылар қозғалысына тән белгілердің бірі – оның көп ұлтты құрамы болды. Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Олардың қатарындағы Қ. Қайсенов (кейін Халық Қаhарманы), Ж. Ағаділова, Е. Воробьева, П. Семенова және басқалар қаhармандық ерліктерімен тарихта қалды. 1 - Жүргізуші: Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған қазақ қыздары – 100 – қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Маметова мен 54 – атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. Олардың екеуі де жүзден астам жауды жойып, шайқас үстінде қаза тапты. 2 - Жүргізуші: Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар.Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Соғыс Қазақстан халқына үлкен сын болды: онда социалистік құрылыстың бұрмалануы да, соғыстың сұрапыл сындары да, жаңға батар шығындар мен жеңіс куанышы да, кескіліскен шайқастардағы ерлік те, еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайым ұлылығы да өз көрінісін тапты. Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады. Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.39 (0.011 с.) |