Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігініңСодержание книги
Поиск на нашем сайте
2-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы
3. Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес республикалық білім беру ұйымдарындағы және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларындағы (бұдан әрі – білім басқармалары) қорытынды аттестаттау материалдарын қабылдап алуға жауапты мамандардың базасын қалыптастырады. 4. Республикалық білім беру ұйымдарының 9 (10) сынып білім алушылары және жалпы білім беретін мектептердің 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын дайындайды, барлық материалды (эссе тақырыптары, бақылау жұмыстары, жауап парақшалары бар кітапшалар, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериал, балдарды қою схемасы) мұрағаттайды және 15 мамырға дейін білім басқармаларына электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жеткізеді, жауапты мамандардың материалдарды қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады. 5. Мынадай мерзімдерде бұғатталған 9 сыныптарға арналған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді республикалық мектептерге электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жолдайды, жауапты мамандардың құпия сөзді қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады: 1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 27 мамырда сағат 17.00-ге дейін; 2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 1 маусымда сағат 17.00-ге дейін ; 3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 4 маусымда сағат 17.00-ге дейін. 6. Мынадай мерзімдерде бұғатталған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді білім басқармаларына электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) жолдайды, жауапты мамандардың құпия сөзді қабылдап алғандығын растайтын актіні толтырады: 1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 31 мамырда сағат 10.00-ге дейін: 2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 3 маусымда сағат 10.00-ге дейін; 3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 6 маусымда сағат 10.00-ге дейін; 4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 9 маусымда сағат 10.00-ге дейін. 7. Мектеп санитарлық талаптарды сақтау мақсатында емтихандарды бір күнде өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (сынып кешендерінің көп болуына байланысты) емтихан тапсыру күнін келесі күнге ауыстыра алады (мектеп директорының тиісті бұйрығымен).
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.25.248 (0.007 с.) |