Содержание книги

  1. Лейбористердің қайтып оралуы


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Лейбористердің қайтып оралуы



 

Ұлыбритания үкіметінің соғыстан кейінгі жылдардағы саясаты

Екінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания көп шығын ұшырады. Ол соғыста 265 мың әскери қызметкерінен және 70 мың бейбіт тұрғынынан айрылды.

1945 жылы парламент сайлауында Клемент Эттли басшылық ететін лейбористер жеңіске жетіп, У. Черчилль басшылық еткен үкімет өз еркімен қызметтен кетуге мәжбүр болды.

Елдің соғыстан кейінгі жағдайының нашарлағанын түсінген лейбористер «Болашаққа бетбұрыс» деген бағдарлама қабылдады. Онда олар халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, монополияға байланысты өнеркәсіптердің жартысын жекешелендіру мақсаттарын бағдарламаға енгізді. Ағылшын банкін, көмір мен газ өнеркәсібін, су және теміржол көліктерін, азаматтық авиацияны, электростанциялар мен байланыс жүйесін мемлекет иелігіне өткізді. 1948 жылы халықтың көптеген бөлігіне тегін көмек көрсетуге шешім қабылданды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін консервативтік және лейбористік партиялар Ұлыбританияның халықаралық позициясын қалпына келтірудің үш негізгі мәселесін шешуге тырысты. Олар: фунт стерлингті халықаралық валюта ретінде сақтау, Ситиді (Сити-Лондонның ірі ағылшын банктері, халықаралық биржалары, ірі шетелдік қаржы мекемелерінің өкілеттіліктері орналасқан ауданы) әлемдік қаржы орталығы ретінде сақтау және Британ империясын сақтау мәселелері. Мұндай сыртқы саяси мақсаттарды орындауға Ұлыбританияның шамасы жетпеді. Фунт стерлинг өз құнын бірнеше рет жойса, Британ империясы ыдырап кетті.

1951 жылы қазан айындағы сайлауда консерваторлар жеңіске жетіп, У. Черчилль үкіметінің құрылуына негіз болды. Бұл кезде өнеркәсіптің электроэнергетика, авиақұрылыс сияқты жаңа салалары дамыды. 50-жылдардың ортасына қарай өнеркәсіптің дамуы жағынан Ұлыбритания АҚШ-тан кейін екінші орында болды.

1964 жылы Гарольд Вильсон басқарған (1964–1970 ж.ж.) лейбористер билікке қайта оралды. Олар консерваторлардың саясатын одан әрі жалғастырып, «берекелі мемлекет» саясатын құруды мақсат етті. Бұл саясатты британ өнеркәсібін ҒТР негізінде көтеру арқылы жүзеге асыру көзделді. Мемлекеттің қолдауымен муниципалды үйлер салынып, зейнетақы мөлшері артты.

60-жылдардың соңында Ирландия мәселесі шиеленісті. 1968 жылы католиктер азаматтық құқық үшін күрес бастап, Ольстерде Ирландия Республикалық армиясы ИРА лаңкестік ұйымы құрылды. Үкімет Ольстерге британ әскерлерін кіргізді.

1970–71 және 1974–75 ж.ж. Ұлыбритания дағдарыс жағдайын бастан кешірді. Ол бұл елдің әлемдік саясат пен экономикадағы жағдайына да әсер етті.

1970 жылы парламент сайлауында Э. Хит (1970–1974 ж.ж.) басқарған Консервативтік партия жеңіске жетті.
Экономика саласында консерваторлар әлеуметтік бағдарламаларды қысқарта бастады. Бұл бүкіл елде қоғамдық ереуілдер мен саяси дағдарыстарды күшейте түсті.
Э. Хит үкіметінің ішкі саяси бағыты Англияның Еуропадағы және әлемдегі әскери-стратегиялық көзқарасын нығайтуға бағытталды. 1973 жылы Англия Еуропалық экономикалық қауымдастыққа мүше болды.

Лейбористердің 1974-1979 жылдардағы билігі

1974 жылы парламент сайлауында Г. Вильсон ( 1974–1976 ж.ж.) басқарған лейбористер жеңіске жетті. Бұл кезеңдегі экономиканы басқару жүйесі «әлеуметтік келісім» принципіне негізделді, яғни бұл кезеңдегі шешімдер үкіметпен, кәсіподақпен және кәсіпкерлермен келісім жасау жолымен қабылданды. Кәсіподақтар жалақыны көтеруді талап етпеуге келісті, ал үкімет бағаның шарықтауын тежеуге уәде берді.
Саяси дағдарыс 1976 жылы Г. Вильсонның қызметтен кетуіне әкелді. Премьер-министр Дж. Каллагэн (1976–1979 ж.ж.) болды. Бұл үкімет әлеуметтік шығындар мен өнеркәсіп өндірісін қысқартты.
Достастық елдері үшін Ұлыбритания техникалық ынтымақтастық жағынан негізгі серіктес, экономикалық көмектің негізгі көзі болып қала береді.

М. Тэтчер басқарған жаңа консервативтік үкімет 1979 жылдан 1990 жылға дейін басқарды. М. Тэтчердің саясаты тарихқа «жаңа консерватизм» немесе «тэтчеризм» деген атпен енді.
Премьер-министр М. Тэтчер қатал саясат жүргізді. Бұл саясат айналымдағы ақша бірлігін қысқартуды, әлеуметтік шығындарды кемітуді, мемлекеттің экономика істеріне араласуын тоқтатуды, мемлекеттік пайданы кәсіпорындар мен жекеменшікке бөліп беруді қысқартуды қарастырды.
Мұнай, газ, электрондық, аэрокосмостық және экономиканың т.б. салалары жекешелендірілді. Тұрғын үйді жекешелендіру 1,1 млн. отбасының үйлер мен пәтерлерді сатып алуына мүмкіндік берді.
1980, 1982 және 1984 жылдары кәсіподақтардың бас көтеру құқығын шектейтін заңдар қабылданды.
80-жылдарда Ұлыбритания өнеркәсіпті дамытуда айтарлықтай жеңістерге жетіп, жылдық еңбек өнімділігі 2,5%-ға өсті.
Соғыстан кейінгі жылдары Ұлыбритания көптеген жанжалдарға қатысты. Халықаралық сахнада ерекше із қалдырған 1983 жылы Фолкленд аралына байланысты болған ағылшын-аргентина соғысы болды. Ұлыбритания соғыс жолымен Аргентинадан Фолкленд аралын қайтарып алды.
1990 жылы Ұлыбританияның премьер-министрі Дж. Мейджор болды. Оның үкіметі «жаңа консерватизм» саясатын жүзеге асырды.
Ұлыбритания Еуроодақ шеңберінде Маастрихт келісімін қабылдауға қатысты.

1997 жылы лейбористік партия басшысы Тони Блэр (1997–2007 ж.ж.) премьер-министр болды. Ол билікке «үшінші жол» деген ұранмен келді.
Бұл кездегі әлеуметтік-экономикалық саясат әлеуметтік құндылықтарды нарықтық экономикамен үйлестіруді бейнеледі.
Лейбористер сыртқы саясатта АҚШ-пен «ерекше» қарым-қатынасты сақтады. НАТО құрамында ағылшын солдаттары Ауғанстан, Судан, Иранда соғысты.
2007 жылы лейбористер үкіметін Гордон Браун (2007–2010 ж.ж.) басқарды.
Әлемдік экономикалық дағдарыстың бастапқы кезіндегі үкіметтің қабылдаған шаралары, ішкі өнімнің төмендеу қарқынын бәсеңдетті. Алайда елдегі жұмыссыздық 8%-ға жетті.
2010 жылы мамырда Британияның соғыстан кейінгі тарихында алғаш рет Каолициалық үкімет құрылды. Консервативтік партияның басшысы Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның премьер-министрі болды.
21 ғасырдың басында Ұлыбритания әлемдегі жетекші мемлекет бола отырып, әлеуметтік-экономикалық салада да, сыртқы саясат саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

 

1969 жылы сәуірде Голльдің мұрагері Жорж Помпиду жаңа президент болып сайланды. Ж. Помпиду өз саясатының негізгі бағытын "Сабақтастық және диалог" деп атады. Мұның мәні оның де Голльдің саясатын жалғастыра бермекші екенін, сонымен бірге саяси қарсыластарымен келіссөздер жүргізуге дайын екенін аңғарту еді.

Ол 1968 жылы басталған білім реформасын одан әрі жалғастырды. 1970 жылы жалақының ең аз мөлшерін жыл сайын индексациялау туралы заң қабылданды.

1974 жылы 2 сәуірде қайтыс болған Ж. Помпидудың орнына президенттік қызметке Тәуелсіз республикашылдар Ұлттық Федерациясының жетекшісі Валери Жискар д'Эстен келді. Ол "ойластырылған голлизм" тұжырымдамасын ұсынды. Жаңа үкімет құрылымдық дағдарыстан шығудың факторы ретінде экономиканы қарқынды дамытуды қолдау бағдарламасын жариялады. Жалақы бірнеше рет көтерілді. Ол нарықтық экономиканы дамытуды қолдады. Ж. д'Эстен батыс еуропалық ықпалдастықты қолдады. 1979 жылы Франция Еуропарламент сайлауына қатысты.

1981 жылы сайлауда Француз социалистік партиясының басшысы Франсуа Миттеран президент болып сайланды. Ф. Миттеранның үкіметі белсенді әлеуметтік саясат жүргізді. Жалақы, жәрдемақы және зейнетақы мөлшері көбейтілді. Бірақ реформалар шығынды талап етті, құнсыздану деңгейі өсті. 1986 жылы елде еңбекші халық мүддесін қорғау әрекетінің апталығы өтті. 80-ші жылдардың соңында барлық банктер мен ірі өнеркәсіптерді мемлекеттік меншіктеу басталды.
20 ғасырдың соңында Франция әлемнің дамыған елдер қатарына кірді. Ол жан басына шаққандағы ішкі өнім бойынша 5-орында, әлемдік экспорттау үлесі бойынша 4-орында болды.
1995 жылы мамырда оң жақ күштердің көшбасшысы Жак Ширак президент сайлауында жеңіске жетті. Жаңа үкімет мемлекеттік шығындар мен әлеуметтік жәрдемақыларды қысқарту арқылы құнсыздануға қарсы күрес жүргізді.
2000 жылы мамырда Ұлттық жиналыс әйелдердің саясаттағы тең құқығы туралы заң қабылдады. Президент өкілеттілігі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартылды.

2007 жылы республиканы қолдау бірлестігінің басшысы Николя Саркози президент болып сайланды. Бұл кездегі Францияның негізгі саясаты экономикалық дағдарыспен күреске бағытталды. 2008 жылы Н. Саркозидің бастамасы бойынша 1958 жылы Конституцияға реформа жасалып оның 47-бабына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Салық шараларының кешені жүргізілгелі отырған реформалардың негізі болды. Н. Саркози әлеуметтік жүйеге де реформа жүргізді. Ол 35 сағаттық жұмыс апталығынан артық істелген сағаттардағы жұмыс үшін салық салудан босатуды ұсынды. Н. Саркози сыртқы саясаттың ең негізгі үш бағытын атап көрсетті: еуропалық, атлантикалық және жерортатеңіздік.

2012 жылы сайлауда социалистік партия басшысы Франсуа Орлан жеңіске жетті.

1969 жылы 28 қыргүйекте сайлауда социал-демократтар жеңіске жетіп, В. Брандт канцлер болып сайланды. «Әлеуметтік әлемге» бағытталған (1972 ж.) кәсіпорындар туралы жаңа заң қабылданды.

В. Брандт «жаңа батыс саясатын» жариялады. ФРГ шығыс шекараны мойындай отырып КСРО-мен, Польшамен келісімге қол қойды. 1972 жылы ФРГ мен ГДР арасында келісім жасалды.

Христиандық демократтар В. Брандттың саясатын «социалистік тәжірибе» деп атады. 1974 жылы канцлер қызметтен кетіп, оның орнына социал-демократ Г. Шмидт сайланды. Социалистер экономикаға мемлекеттік реттеу белгілерін енгізуге тырысты. 1974–1976 ж.ж. дағдарыстың салдары герман экономикасына өте ауыр тиді: өндірістің құлдырауы 11%-ды құрап, жұмыссыздық 2 млн. адамға жетті.

1982 жылы Г. Шмидт парламент отырысында сөз сөйлеп, социал-либералды одақтың біткенін жариялады.

1982 жылы христиандық демократ Гельмут Коль канцлер болып сайланды. Оның басқаруы кезіндегі негізгі оқиға – Германияның бірігуі болды.

1989 жылы Шығыс Германияда елді біріктіруді талап еткен жаппай шерулер өтті. 1990 жылы 3 қазанда Германияның бірлігі қалпына келтіріліп, біріккен герман мемлекетінің құрылғандығы жарияланды. 1989 жылы 9 қарашада Берлин қабырғасы құлатылды.

1998 жылы Социал-демократиялық партияның жетекшісі Герхард Шредер (1998–2005 ж.ж.) Германия канцлері болды. Жаңа үкімет техникалық прогресс пен экологиялық жаңарту бағытын ұстанды. 1992 жылы ГФР Еуропалық одақ (ЕО) құру жөнінде 12 мемлекетпен Маастрихт келісіміне қол қойды.

2005 жылы кезектен тыс сайлауда ХДО/ХӘО өкілі болып отырған Ангела Меркель Германия канцлері болып сайланды. Оның негізгі мақсаты – әлеуметтік төлемақыларды азайту есебінен, экономикаға қолдау көрсету. Сыртқы саясатта А. Меркель АҚШ-пен жақындасуды қолдады.
Бүгінде Германия – Еуропадағы ең мықты экономикалық потенциалы бар ел. Ол дамуы жағынан әлем бойынша АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында тұр

70-ші жылдары Италияда экономикалық дағдарыс орын алды. Ол өндіріс өсімінің тоқтап, жұмыссыздар санының өсуіне ықпал етті. ХДП басшысы А. Моро коммунистік партияны елді басқаруға тарту туралы «үшінші жолды» ұсынды.
Саяси дағдарысты шешуге талпынған бұл қадам 1978 жылы елдегі «қызыл бригада» деп аталатын топтың ХДП-ның баcшысы А. Мopoны өлтіруіне байланысты тоқтап қалды.
Бұдан соң Италияның үкіметі 5 партиялық коалиция негізінде құрылды, бірақ олар тұрақты болмады.

1983–1987 ж.ж. Италия үкіметін социалистік партияның жетекшісі Кракси басқарды. Оның мақсаты елді дағдарыстан шығару болды. Пайдасыз мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендірілді. Жалақыны, денсаулық және білім саласына бөлінетін шығындарды қысқарту арқылы «қатал үнемдеу» жүргізілді.

Билік дағдарысы Италиядағы сыбайластық құрылымның қызметімен байланысты болды. Мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, мафия қоқан-лоқы, тонау, өлтіру арқылы халықты қорқытып, ақша бопсалады.

1992 жылы мемлекет «Таза қол» бағдарламасын қабылдады. Ол өкіметтің ең жоғарғы сатысындағы басшыларын жемқорлықтан тазалауға арналды. «Таза қолдың» тергеу тізіміне 20 мыңнан астам адам ілінді. Олардың ішінде ХДП мен ИСП басшылары, депутаттар, министрлер болды. Президент Коссига жұмыстан кетті.

1994 жылы парламент сайлауы өтті. Оған С. Берлускони басқарған «Алға Италия!», У. Босси басқарған «Солтүстік Лига» және «Ұлттық альянс» топтары қатысты. «Солтүстік Лига» мен «Ұлттық альянс» негізінде С. Берлускони үкіметі құрылды.

1996 жылы парламент сайлауында «Зәйтүн ағашы» блогының жетекшісі Р. Проди үкімет басшысы болды. Оның билігі кезінде көптеген кәсіпорындар жекешелендіріліп, бюджетке 60 млрд. доллар пайда әкелді. Италия Еуроаймаққа кірді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.12.123.2 (0.009 с.)