Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жылу бөле жүретін реакция – экзотермиялық реакция деп аталады.

Поиск

 

 

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылу эффекті.Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша жылу эффектісін есептеу.

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: Химиялық реакциялардың жылу эффекті, термохимиялық теңдеулер туралы түсінік беру, эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар жайлы ұғым қалыптастыру және термохимиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білуге дағдыландыру.

б) Дамытушылық: химиялық теңдеу құру біліктерін дамыту, жану реакциясы,өрттен сақтану шаралары туралы білімдерін жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.Тақырып бойынша мысалдарды күнделікті өмірмен байланыстыра білуге,оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

в) Тәрбиелілік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, уақытты үнемді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Пәнаралық байланыс: Математика, физика

Сабақтың жоспарланған нәтижесі:

*Химиялық реакцияның жылу эффектісі,термохимиялық теңдеу,меншікті жану жылуы анықтамасын біледі.

* Экзотермиялық, эндотермиялық реакциялардың айырмашылығын және термохимиялық теңдеудің химияық теңдеуден айырмашылығын біледі

*Термохимиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығара білуге дағдыланады.

*Химиялық реакцияның жылу эффектісіне әсер ететін жағдайларды біледі, мысалдар келтіре алады.

Cабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа білімді меңгеруге дайындық кезеңі

4.Жаңа білімді меңгеру бөлімі

5.Бекіту бөлімі

6.Бағалау , қорытындылау

 I Ұйымдастыру бөлім.Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

ІI бөлім. Үй тапсырмасы « Ауа- газдар қоспасы» тақырыбы бойынша оқушы жауабы тыңдалады.

III бөлім. Жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге дайындық кезеңінде өткен тақырып бойынша анықтамаларды еске түсіреді.

1. Химиялық элемент оттекке сипаттама беріңдер.

2. Жай зат оттекке сипаттама беріңдер.

3. Зертханада оттекті қандай заттардан және қандай реакция нәтижесінде алынады?

4. Оттекті жинау әдістері қандай?

5. Жану реакциясы дегеніміз не?

6. Тотығу реакциясы дегеніміз не?

7.Оксидтер дегеніміз не? Оксидтер қалай аталады ?

8. Аллотропия дегеніміз не ? Оттектің неше аллотропиялық түрөзгерістері бар?

9.Озон туралы не білеміз ?

10. Ауа- газдар қоспасы деп не себепті атайды және құрамында қандай газдар бар?

11. Катализатор дегеніміз не?                              

12.Химиялық реакция типтерін атап, анықтамаларын еске түсіріңдер.

IV Жаңа сабақ

Көптеген жану реакциясы кезінде жылу бөлінетін білесіңдер. Химиялық реакциялар, әдетте, жылу түрінде энергия бөле немесе сіңіре жүреді. Мысалы: көмір, күкірт, метан, бензин, ағаш жанғанда жылу бөлінеді. Кей жағдайларда, мысалы, азот пен оттек әрекеттесіп азот (II) оксидін NO немесе сынап оксиді айырылғанда жылу сіңіріледі.

Жалпы энергияның сақталу заңына сәйкес реакция кезінде энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі әр түрлі формада өтеді. Соның бірі – жану процесін қарастырайық. Жанатын затты тұтану температурасына дейін қыздырса, реакция әрі қарай өзі жалғасып, үнемі жылу бөле жүреді. Бензиннің, табиғи газдың, т.б. жануы экзотермиялық реакцияларға жатады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.82.60 (0.007 с.)