Содержание книги

  1. Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік.
  2. Менде қоян бауырларыммен би билеп берейін.
  3. Ойынды ойнататындар: Ақшақар мен Қоян.


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік.



Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік.

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Мақсаты:Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктерімен таныстыру,мерекеге        көңіл- күй туғызу.Шырша әсемдігін,қыс қызығын сезіну,әсер алу қабілеттерін жетілдіру.Ән орындау,би билеу,тақпақ айту арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту.Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар ілінген шырша,орындық,музыка орталығы,ұлпақарлар таяқшасы, сәбіздер.

Аяз ата рөлінде:Талант

Ақшақар рөлінде: Айман

Қоян:Назым.К

Сиқыршы:Жанар

Қой:Ақмарал

Жылқы:Гүләйім, Жұлдыз.

Зал іші жаңа жыл ертеңгілігіне арнайы безендірілген.Ортада ойыншықтар ілінген жасыл шырша.Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілікке балалар дайын. Балалар қатармен келіп орындарына отырады.

Тәрбиеші:

Құрметті ата-аналар келіп отырған қонақтар және әріптестер сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз,жанұяларыңызға бақыт тілейміз,аспанымыз ашық болып,еліміз көркейе берсін.Жаңа жыл жаңа бақыт,жаңа нұр төгіп,тек қана жақсылықтар алып келсін.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа тарайды.

Тақпақ.

Қарақат.

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

Ата,әке,ана,әже.

Құтты болсын жаңа жыл.

Ән: Мысығым

Тақпақ.

Аяла.

Сақалының ұзын-ай

Саудыраған мұзын-ай

Жарқыраған оттары

Жаңа-жылдың қызығай.

Тақпақ.

Айдана.Елеубаева

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ.

 

Тәрбиеші: Балалар, шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Осы шыршаның шамдарын қалай жақсам екен а?

Сол кезде есік тоқылдап,ішке күлегеш кіреді.Күлегеш сіздің көмегіңіз керек болып тұр.

Бізге көмектесесізбе?

Қандай көмегім керек?

Шыршамыздың шамы жанбай тұр.

Сиқырлы таяғымен абра,кадабра,суф. 2-3 рет айтады.

Шамдар жарқырап жанады.

Залға жүгіре басып қоян кіреді.Шыршаға қарап таң қалады.Бүкіл далаға қызылды,жасылды болып әдемі сәулелерін шашып тұрған бұл не екен?

Ол сұраққа сиқыршы жауап береді..

 Енді сіздерге алғыс ретінде бүлдіршіндер ән айтып берсін.

Балалардың өнерін тамашалаңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.119.106.135 (0.005 с.)