Психологиялық-педагогикалық мінездеме 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Психологиялық-педагогикалық мінездеме

Поиск

Психологиялық-педагогикалық мінездеме

Ақтөбе қаласы үш тілде оқытатын № 21 орта-мектеп гимназия

Сынып:5 «Г»           

Аты-жөні:Сарсенгалиев Даниал

Туған жылы: 13.04.2006ж

Зерттеу бойынша қолданылған әдістер:бақылау, әңгімелесу (оқушымен танысу), диагностика: социометрия Я. Морена әдісі,темперамент анықтау әдістемесі, Пьерона - Рузер әдістемесі, «Артығын жою» әдістемесі, есте сақтау қабілетін зерттеу әдістемесі, жобалау әдістемелері, сауалнама - «Пәнге қызығушылық»

Оқушы туралы жалпы мәліме:Сарсенгалиев ДаниалАқтөбе қаласында 2006 ж 4 сәуірде дүниеге келген. Толық отбасында өмір сүреді. Әлеуметтік жағдайы жоғары дәрежеде қамтылған. Отбасында жалғыз бала.

Оқушыға жалпы психологиялық сипаттама: Сыныптағы оқушылармен қарым – қатынасы орташа, зерттеу нәтижесі бойынша темпераменті – холерик. Олар -сезімтал, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, белсенді, пысық, бейқам, ашуланшақ. Холериктерге ашуға бой алдырмауды, агрессивтіліктен арылуды үйренген жөн. Даниал берілген тапсырманы жақсы орындауға тырысады.

Берілген жұмыс уақытынан кешігіріңкіреп орындалады. Оқушылармен қарым-қатынаста қиыншылық байқалады. Себебі: өзінің пікірін жоғары бағалайтындықтан көп жағдайда өзіне пайдасы болмаса да, шындықты айтады. Өзінің ата – анасына, мұғаліміне, достарына деген қатынаста үнемі шыншыл. өзіне пайдасы болмаса да, шындықты айтады. Өзі нені әділетсіз деп санаса, сонымен белсенді күреседі. Жолдастарына қиын кезде көмек қолын созады.Өзінің жеке күшін үнемі жақсы бағалайды, өз деңгейіне сәйкес келетін тапсырмаларды орындайды. Көбіне өзі отырғанды қалайды.

Танымдық қабілеті: Сыныбында озат оқушы. Сыныптағы Ред. коллегия мүшесі.Математика пәнін үнатады. Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша есте сақтауы, зейіні және жаңа білімді қабылдауы жақсы деңгейде. Зейін деңгейі жоғары - 90%, жоғары ойлау қабілеті қалыптасқан - 70%. Сабаққа қызығушылығы, ынтасы және ойлау қабілеті жоғары деңгейде қалыптасқан. Өздігінен ізденгенді ұнатады. Қоңырау уақытында кейде сабақ пәндерінен тыс кітап оқиды. Сонымен қатар, «Асерас»  ағылшын тілі орталығына барып қосымша дайындалады.

Оқушының бойындағы ерекше қасиеттері:Көп жағдайда, қарсыласын жеңуге және одан асып түсуге ұмтылады. Қиындықтар ұзақ күшті талап етсе де, белгіленген жоспарға жетуге тырысады.

Ұсыныс: Сынып жетекшісі, пән мұғалімі және мектеп психологтары оқушының сыныптастарымен арасындағы қиыншылық себебін анықтап, шешу жолын қарастыру. Оқушының өзіне деген сыни көзқарасын қалптастыруға ықпал жасау. Ата-анамен сынып жетекші бірлесе отырып баламен жұмыс жасау.

 

Психолог-практикант: Жармұханбет Нұржайнар

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.41 (0.007 с.)