Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ндірісті шоғырландыру, өндірісті мамандандыру, өндірісті кооперациялау және өндірісті құрамдастыру.

Поиск

Өндірісті шоғырландыру дегеніміз – кәсіпорында өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған процесс. Шоғырландыру ірі өндіріс пен кәсіпорындарды қалыптастыру және дамытумен сипатталады. Өндірісті шоғырландыру өнімділігі жоғары техниканы неғұрлым тиімді пайдалануға және қоғамдық еңбек өнімділігінің тоқтаусыз өсуіне мүмкіндік туғызады.

Кәсіпорындағы шоғырландыру келесідегідей түрде дамиды;

- бірыңғай өнімді өндіруді ұлғайту (мамандандырылған кәсіпорын);

- әртүрлі өнімді өндіріуді ұлғайту (әмбебап кәсіпорын);

- өндірісті құрамдастыру негізінде шоғырландыруды дамыту (кәсіпорын – бірлестіктер);

- өндірісті диверсификациялау негізінде шоғырландыруды дамыту;

Өндірісті шоғырландыруға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:

- машиналардың санын ұлғайту;

- өндірістік қуаты жоғары машина, жабдықтарды пайдалану;

- өзара байланысты өндірістің құрамдастырылыуын дамыту.

Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштері ( өзіндік құн, пайда, рентабельділік, еңбек өнімділігі, материалсыйымдылығы және басқа). Шоғырландырудың дамуымен кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштері, оның оптимальды көлеміне жеткенге дейін жақсарады, кейін оның төмендеуі мүмкін.

Өндірісті мамандандыру – бұл бірыңғай өнімді өндіру немесе жекеленген технологиялық операцияны орындау процессі. Мамандандыру еңбек бөліністері нәтижесінде пайда болды. Жеке еңбек бөлінісі нәтижесінде өнеркәсіп салаларға бөлінді. Бірді еңбек бөлінісі нәтижесінде мамандандырылу кәсіпорын ішінде іске асырылды. Өнеркәсіпте өндірісті мамандандыру үш формада жүзеге асырылады: 1.заттық; 2. детальдық;

3. технологиялық.

Мамандандырудың экономикалық тиімділігі:

- еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде және шартты тұрақты шығынның төмендеуі есебінен өзіндік құнның қысқаруы;

- өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырылуға қолайлы жағдай туғызылады;

- жұмыс істеп тұрған жабдықтар толығымен пайдаланылады;

- мамандандыру кәсіпорынның өндірістік құрылымын максималды түрде ықшамдауға мүмкіндік береді.

Өндірісті кооперация – бұл өнімді бірлесіп дайындайтын кәсіпорындар арасындағы байланыстың бір түрі.

өндірісті кооперация салалық және аймақтық принципі бойынша жіктеледі. Салалық принципі бойынша сала ішіндегі; территориялық принципі бойынша аудан ішіндегі және аудан аралық болып бөлінеді.

Өндірісті құрамдастыру – бұл мамандандырылған өндірісті бір шаруашылық кешенге біріктіру процесі.

Құрамдастыру келесі түрлерге бөлінеді:

- өндіріс қалдықтарын пайдалану негізінде;

- шикізатты кешенді пайдалану негізінде;

- шикізатты өңдеудің тізбектелген сатылары негізінде;

 Кәсіпорындағы құрамдастырылудың даму деңгейін анықтау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

- өндірісті құрамдастыру нәтижесінде алынған өнімнің, кәсіпорын бойынша өндірілген өнімнің көлемінен алатын үлесі;

- пайдалы компоненттерді берілген шикізаттан алу деңгейі;

- кәсіпорындағы өндіріс қалдықтарын пайдалану деңгейі;

- өндірісті құрамдастыру негізінде алынатын қосалқы өнімдер атауларының саны.

Құрамдастыру - өндірісті ұйымдастырудың экономикалық тиімді формасы. Оның экономикалық тиімділігі еңбек құралдарын, еңбек затын, жұмыс күшін ұтымды пайдаланумен қамтылған.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.10.80 (0.009 с.)