Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ыстық ылғалды компресті қоюСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату. Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең. Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок. Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы. Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз. 2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз. 3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз. 4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. 5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз. 7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз. 8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз. 9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз. 10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз. 11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады. Қыша қағаздарын қою
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері. Қолдану көрсетілімдері:тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу. Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер. Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы. Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты. Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс). 4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз. 5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз). 6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз. 7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс). 8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз. 9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. 10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз. 11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Ескерту: - қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды; - қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды; - емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.
Мақсаты:емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу. Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары. Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы. Дайындаңыз:ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні. Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз. 2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз. 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз. 5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз. 6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз. 7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды). 8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. 9. Науқасты жылы жабыңыз. 10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
|
||||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.15 (0.007 с.) |