Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтарды анықтаңыз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтарды анықтаңыз

Поиск

24. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшірудің зардаптарын жазыңыз

Кеңес Одағының Коммунистiк партиясының ХV сьезi ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы шешiм қабылдады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 1929-1932 жылдары жүрiлдi. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырғанда партия және Кеңес үкiметi бiрнеше мақсат қойды.

       Осы кезде Кеңес Одағында өнеркәсiп мемлекеттiк меншiкте болды да ауыл шаруашылығында жеке меншiк үстем болды. Меншiктiң екi түрiнiң арасындағы қайшылықты жою ұйымдастырудың негiзгi мақсатының бiрi болды.  Екiншiден, КОКП мен Кеңес үкiметi ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ұжымдасқан еңбектiң нәтижесiнде еңбек өнiмiн жоғарлатып халықтың тұрмыс күйiн жақсартпақ болды. үшiншiден, ауыл шаруашылығындағы жеке меншiктi жойып ауыл шаруашылығынан алынатын өнiмдi үкiмет қолына топтастыру арқылы елдi индустрияландыруға қор жинамақ болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын жүргiзгенде көтерген мақсаттардың iшiнен жоғарыда айтқандардың бiрiншi, үшiншiсi орындалып, екiншiсi орындалмады, нәтиже бермедi. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру еңбек өнiмiн арттыру мақсатын шеше алмады.Ұжымдастырғаннан соңғы 70 жылда Кеңес одағында, соның iшiнде Қазақстанда егiстiк өнiмi өспедi, мал басы азайды.

       Ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың нәтижесiнде ұжымдық меншiкке сүйенген колхоз, мемлекеттiк меншiкке сүйенген совхоз деп аталатын шаруашылықтың екi түрi орнады. Ұжымдық меншiк келе келе мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiне айналды.

       Мал шаруашылығын ұжымдастырудың өзi қате саясат болды, сондай саясатты жүзеге асырғанда көптеген бұрмалаушылықтар мен қателiктер орын алды. Кеңес Одағында 1920-1940 жылдары социализм орнату мақсатында жүзеге асырылған iрi-iрi экономикалық өзгерiстердiң iшiнен нәтиже бермегенi ауыл шаруашылығын ұжымдастыру болды. Бұл шара сонымен бiрге қазақ халқына ауыр зардап әкелдi. Қазақ халқы жанынан, малынан айырылып қалды. Ұжымдастыру барысында жiберiлген қателiктер мен бұрмалаушылықтар:

1. Ұжымдастыру Кеңес Одағында, Қазақстанда халықтың өз еркiмен емес, күшпен, әкiмшiлiк әдiспен жүрiлдi. Колхозға кiрмегендердi барлық жағынан қыспаққа алды, олардың сайлау еркiн жойды, жер-су, жайылыммен, салықпен қысты, бай, кулак деп тәркiлеймiз, жер аударамыз деп қорқытты. Осылардың салдарынан колхозға күшпен кiргендер көп болды, олардың колхозды көркейтуге пайда келтiрмейтiнi белгiлi.

2. Ұжымдастыру халықты күшпен отырықшыландырумен ұштастырылды. Отырықшыландыру тәрiздi күрделi мәселенi қазақтың киiз үйлерiн бiр жерге жинап көше-көше етiп тiгумен шешпек болды. бiр жерге топтасқан мал сол жерлердiң шөбi бiткенде жаппай қырылды.

3. Ұжымдастыруды жүргiзгенде ұжымдасқан шаруашылықтың серiктестiк тәрiздi қарапайым түрiнен бастап халықты бiрiккен еңбеңкке үйретiп оның артықшылығына олардың көзiн жеткiзу қажет едi. Iс жүзiнде бiрiккен шаруашылықтың колхоз, коммуна тәрiздi жоғарғы түрлерiн таңдады.

4. Ұжымдастыруды мемлекетке ет дайындау науқанымен қоса жүргiздi. Ет дайындау мiндетiн орындамағандар қатал жазаланды. Егiн екпейтiн көшпендi қазақтардан астық салығын алды. Аталмыш қателiктер қазақ халқына ауыр зардап әкелдi.

       Ауыл шаруашылығын, әсiресе мал шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, бұл саясатты жүзеге асыруда жiберiлген қателiктер мен бұрмалаушылықтар қазақ халқына аса ауыр зардап әкелдi. Бiрiншiден қазақ халқы малынан айырылып қалды. 1929 жылғы 40 млн. малдан 1932 жылы 5-ақ млн. мал қалды.

    Қазақ халқы бұрын соңды болмаған ашаршылыққа ұшырады. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 5,8 млн. қазақ болған едi, 1933 жылы 2,5 млн қазақ қалды. 2 млн. қазақ аштан қырылды. 1,3 млн. қазақ басқа жаққа көшiп кеттi. Сөйтiп қазақ мемлекетi малының 88 пайызынан, халқының 60 пайызынан айырылып қалды.

25. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз

Ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру асығыс әрі күш қолданумен жүзеге асырылғандықтан халықты үлкен қасіретке ұшыратты. Шаруаға қарсы күш қолданудың алғашқы ірі науқаны 1928 жылы байлар мен жартылай феодалдардың малын, мүлік-мүккәмәлін тәркілеумен, өздерін жер аударумен жүзеге асырылды. 1929 жылы ол барлық жеке шаруа қожалықтарын ұжымшарларға біріктіруге ұласты. Бұл үшін қажетті қаржылық, материалдық-техникалық ресурстар болмағанына, еріктілік ұстанымы бұзылғанына қарамастан Мәскеудің өктемдігін, жоспар қуушылығын басшылыққа алған Голощекиндік басшылық пен жергілікті шолақбелсенділер көшпелі қазақ ауылындағы жеке меншік малды аты бар да заты жоқ ұжымшарларға жинағанына қоса, сан түрлі салық салумен халықты азық-түліксіз қалдырды. Ұжымшарға алынған малдың қора-қопсысы, жем-шөбі даярланбаған еді. Күштеп отырықшылдырғандықтан көшуден қалған ұжымшар мүшелері тұратын үй де болмады. Мал жаппай қырылып, 1931-1932 жылдары Қазақстан ауыл-селосын аштық жайлады. Осының салдарынан 2 млн- дай қазақ, 250 мыңдай басқа ұлт өкілдері аштан өлді.

Атақты ағылшын-америкалық ғалым Р. Конквест «Жатва скорби» атты өзінің кітабында ұжымдастыруды «қазақтарға шексіз қиянатпен жасалған адамзат трагедиясы» деп атады.

Зорлық пен әділетсіздікке шыдамаған шаруалар жер-жерлерде кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске шықты, көрші елдер мен республикаларға (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, т.б.) көшіп кетті.

Күшпен ұжымдастыру аграрлық экономиканы да тұралатып тастады. 1928-1932 жылдар аралығында ірі қара мал басы – 6,5 млн-нан 1,0 млн-ға, қой-ешкі – 18,6 млн-нан 1,4 млн-ға, жылқы – 3,6 млн-нан 0,4 млн-ға, түйе – 1,0 млн-нан 36 мың басқа дейін кеміді.

26. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз

1920-40 жылдары Қазақстанда Сталиндық-Голощекиндiк қатал әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе қалыптасқанына қарамастан қазақ зиялыларының алдынғы қатарлы өкiлдерi ұлт мүддесi үшiн күрестi жалғастыра бердi.

           Қазақ халқының ұлттық тәуелсiздiгi үшiн Алаш қайраткерлерi қажырлы күрес жүргiздi. Алаш қайраткерлерiн Кеңес үкiметi құғын сүргiнге ұшыратқан соң күрескерлердiң келесi легi тарих сахнасына келдi. Қазақ халқының ұлт мүддесi үшiн күрестi С.Қожанов, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов және т.б. қайраткерлер жалғастырды.

           С.Қожанов 20 жылдары патша үкiметi орыс шаруалары мен кулактарына тартып берген қазақ жерлерiн иесiне қайтару үшiн күресiп ұлтшыл, ²қожановшыл² деген ат алып қудаланды.

           С.Садуақасов 30-жылдары қазақ байларын қанаушы деп тәркiлеуге қарсы болып,  оларды экономикалық әдiстермен қыспақтау, коммунистiк идеяны түсiндiру арқылы социализм жолына өткiзуге болатынын дәлелдеп ұлтшыл, ²садуақасовшыл² деген ат алып қудаланды.

           Т.Рысқұлов РСФСР үкiметi төрағасының орынбасары қызметiн атқара жүрiп отызыншы жылдары ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға көмек ұйымдастыруға көп күш жұмсады, екiншiден ол үкiмет басшыларына хат жазып қазақ халқының ашаршылыққа ұшырауына әкеп соққан қателiктер мен бұрмалаушылықтарды әшкерлеп оларды түзетудi талап еттi.

           Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiн 1929 жылдан басталды. Осы жылы Қазақстанның бiрiншi басшысы И.Голощекин Алаш қайраткерлерiне Кеңес үкiметiнiң кешiрiм жасағанына қарамастан олардың бiр тобын, 1932 жылы екiншi тобын соттатып жiбердi, оларға буржуазияшыл-ұлтшыл, контреволюционерлер деген айып тағылды.

           Бүкiл Кеңес одағы сияқты Қазақстанда да жаппай саяси қуғын-сүргiн 1937-38 жылдары жүрiлдi. Отызыншы жылдардан қалыптса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе, ел өмiрiнде жүзеге асырылған өзгерiстер кезiнде жiберiлген бұрмалаушылықтар мен қателiктер қарсыластарды, оппозицияны туғызбай қоймады. Бұл Сталиннiң жеке билiгiне қауiп төндiрдi. Сталин олардан құтулудың жолын iздедi. Осы жылдары Сталин Кеңес Одағы социализмге қарай iлгерiлген сайын тап күресi күшейе бердi деген қағида ұсынды. Осы кезде Кеңес Одағында қанаушы тапқа жатқызуға болатындар түгел жойылған едi. Қоғам тек жұмысшы, шаруа, интелигенциядан құралды. Сондықтан тап күресi күшеюi мүмкiн емес едi, бiрақ халық Сталинның айтқанына сендi. Екiншi жағынан халықаралық жағдай шиеленiсiп Кеңес Одағына қарсы күштер бас көтере бастады, осындай жағдайда тәртiптi қатайтып, демократияны шектеуге тура келдi. Сталин аталған жағдайларды жаппай саяси репрессия жүргiзуге  пайдаланды. Адал коммунистер, қайраткерлерге халық жауы, шет ел тыңшысы деген жала жабылды. Жаппай репрессия жүргiзушi КГБ ұйымдары. Олар заң бұзды, үштiк дегендердi құрып айыпталғандардың тағдырын соттан тыс шештi. Кеңес Одағында бiрнеше он миллиондаған адамға саясти қылмыс тағылды.

           Қазақстанда 110 мыңдай адамға бұржуазияшыл-ұлтшыл, шет ел тыңшысы деген айып тағылып, сотталды. Олардың iшiнде Алаш қайраткерлерi партия, кеңес ұйымдарының басшы қызметкерлерi, ақын-жазушылар, ғалымдар және т.б. болды. 

27. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарларының өзара байланысын табыңыз

Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды кажетті деңгейде бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия болған жоқ. Басты бағыт пен көзқарастардан ала құлалық танылды. Батыл әрекет, оң шешім жасалмады.

    Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтің әлсіздігін көрсетті. Салиқалы ұлт саясатын жүргізу түбегейлі теориялық тұғырнаманы, қалыптасқан саяси ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты пайымдауды қажет етті. Бұл – бір сәтте бола қоймаған, 70-80 жылдарға тұтас созылған ғылыми-технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады.

  Қазақстан «100 ұлттың планетасы» деп дәріптелгенімен, ұлт мәселесінің ішкі қарама-қайшылықтары қордалана берді. Ұлттардың әр түрлі мәдени және діни айырмашылықтары біртұтас кеңес халқын қалыптастыруда назардан тыс қалды. КСРО-ның құрылған кезінен бастап өз құрамына «алынған» ұлттар мен ұлыс өкілдерін «кеңес халқына» айналдыру үшін коммунистік партия бар күш-жігерін жұмсады. Әр ұлттың қайталанбас ерекшеліктері интернационалдық бағыт пен көлеңкесінде қалғандықтан да қарама - қайшылықтар туындады. Сөйтіп, кеңес қоғамының саяси жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көріне бастады.

  Кеңестік Қазақстанда мемлекеттік идеология мен мәдениет құрылысына үлкен мән берілді. Сауатсыздықты жою, мектептер мен арнайы орта оқу орындарын ашу, газет- журнал шығару, кітап басуды ұйымдастыру халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңірумен ұштастырыла қолға алынып, мәдениетке таптық, партиялық көзқарас ұлықталды. Социалистік құрылыстың идеясы мен практикасын қабылдамайтындарды қуғындау мемлекеттік саясаттың мәнді белгісіне айналды.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтардың мәдени қорытындысы білім мен ғылым саласында, әдебиет пен өнерде, кітапхана мен клуб ісінде, бұқаралақ ақпарат құралдарында анық көрінді. Сауатсыздықты жою сәтімен аяқталды, баршаға бірдей бастауыш білім беру міндеті шешілді. Бұрын мүлде болмаған жоғары оқу орындары ашылып, ғылыми-зерттеу институттары құрылды. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі қарт ақын Жамбыл Жабаевтың, ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің, әнші Күләш Байсейітованың, композитор А. Жұбановтың, мәдениеттің тамаша ұйымдастырушысы Т. Жүргеновтың есімдері мен шығармаларын Одаққа әйгіледі. «Амангелді» көркем фильмінің 1938 жылы үлкен экранға шығуы –қазақ өнерінің жаңа саласы дүниеге келгенін паш етті.

    1937-1938 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе аштықпен миллиондардың өмірін қиған қылмысынан кем түспейтін қанды қырғын ұйымдастырды.

    Саяси қуғын-сүргін Қазақстанның инлеллектуалдық әлеуетін әлсіретіп қана жойған жоқ, адамдардың бойына үрей, қорқыныш, ертеңгі күнге сенбеу тәрізді жағымсыз қылықтарды да ұялатты.

  1947 жылы қараша айында өндіріс пен ауыл шаруашылығын жоғары сапалы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін оқу орындарын салуға қаражат бөлуді қарастырған «Қазақ КСР жоғары және орта білімді ары қарай дамытудың шаралары» атты қаулы қабылданды. Мектептегі білім беру ісіне қатты көңіл бөлінді, барлық жерде сегізжылдық, ал ірі қалаларда онжылдық білімге көшу жүргізілді. Қабылданған шараларға қарамастан, мектепте оқытуға байланысты кадрлар мәселесі шешілмеді, оқулық, оқу бөлмелерінің жетіспеушілігі азаймады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.137 (0.01 с.)