Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясын түсіндіріңіз

Поиск

11. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз

Бүкiл Қазақстанды қамтыған бұл қозғалыс Ресейдiң отаршылдығына қарсы қазақ халқының соңғы iрi шайқасы едi. Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болды. Қозғалыстың негiзгi себебi Ресейдiң отаршылдық әрекетiнiң тереңдей түсуi едi. Патша үкiметтi қазақтарды ата бабасынан берi мекендеп келе жатқан жерiнен қуып, оған орыс шаруаларын қоныстандырды, қазақтар шөл, шөлейт өлкелерге қуылды. Сөйтiп жер мәселесi шиеленiстi, бұл 1916 жылғы қозғалыстың негiзгi себебi едi. Қозғалыстың 1916 ж. күзде бұрық етуiне патшаның 25 маусымдағы жарлығы себепшi болды. Бұл жарлық бойынша үкiмет қазақ және басқадай бұратана халықтардан соғысып жатқан /бiрiншi дүние жүзiлiк соғыста/ орыс армиясының жағдайын жеңiлдету үшiн тылдағы қара жұмысқа /окоп қазу, жүк тасу т.б./. 19-43 жастағы азаматтарды алмақ болды. 

       Көтерiлiс Жетiсу, Сырдария, Маңғыстау, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын қамтыды. Көтерiлiстi қазақтың интеллигенция өкiлдерi басқарды. Жетiсуда көтерiлiске Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Сыр бойында Тұрар Рысқұлов, Торғайда Амангелдi Иманов, Әлiби Жангельдин, Семейде Сәкен Сейфуллин т.б. басқарған.

       Көтерілістің болған аудандарының бірі Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілде айының алғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тылдағы жұмыстарға «реквизицияланатындардың» тізімдерін жасауға қарсылық көрсеткен қазақтардың бас көтеруімен басталды. Осы уақыттан бастап барлық болыстардан Жетісу облысының әскери-губернаторының атына қазақтардың патша указын орындаудан бас тартқаны туралы мәлімдемелер түсіп жатты.

Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер болды; Лепсі уезінің солтүстік және шығыс болыстарында, Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.      

       1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный – Қордай жолының бойындағы барлық почта станциялары өртелді.

       Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі қазақтың демократияшыл интеллегенциясының өкілі Тоқаш Бокин болды.

Ең бұқаралық ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан Торғай көтерілісі болды. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыстарын ойрандады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті.

       Торғайдағы көтеріліс ошағына басқа көтерілістерден өзгеше көтерілісшілер отрядтары арасында ұдайы байланыс болды, қару-жарақ жасау ісі жолға қойылып, отрядтар байлардан тартып алынған мал есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етілді, патша жазалаушыларына қарсы біршама жоспарлы операциялар жүргізілді.

       Қазақстанның басқа облыстарында көтеріліс 1916 жылдың аяғына  қарай басып-жаншылған болса, Торғай облысында біршама жақсы ұйымдастырылуының арқасында ол 1917 жылы да жалғасып, Ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясына ұласты.

       1916 жылғы тамыздың бас кезіне қарай көтеріліс Сырдария облысының барлық уездерін қамтыды. Көтерілісшілер уезд орталықтарына таяу жерлерге жиналып, қазақ жүздіктеріне шабуыл жасап отырды.

       Әулиеата уезінің жекелеген аудандарында (атап айытқанда, Мерке маңында) феодалдық-клерикалдық элементтер қозғалысқа басшылықты уақытша өз қолдарына түсіріп алды.

       Патша указы шыққанын білгенен кейін Қазалы уезіндегі Тоқмақ аралының қазақтары жұмысты тастады. Олар топ-топ болып жиналып, тойтарыс беруге єзірленді. Әулиеата уезінің Алматы, Арғын, Аспара, Ашын және Ботамойнақ- Аомалы болыстарындағы және Шымкент уезінің Ақсу, Қаракөл болыстарындағы көтерілс неғұрлым ұзаққа созылды.

1916 жылғы қыркұйектің аяқ шенінде Сырдария облысындағы көтеріліс аяусыз басып-жаншылды. Жекелеген ауылдар патша өкіметі орындарына бағынбай, Торғай облысына көшіп барып, мұнда Аманкелді Иманов көтерілісшілерінің қатарына қосылды.

       Патша указы туралы хабар Семейге 1916 жылғы 28 июньде, Ақмолаға – 29 июньде жетті. «Ақ патшаның жарлығы» жарияланысымен-ақ Өскемен уезінде толқулар басталды, ол кейін Зайсан, Қарқаралы және Семей уездеріне, Ақмола және Атбасар уездеріне, Бийск уезінің Қосағаш болысына тарады. Көтерілісшілер көбінесе найзамен, сойылмен қаруланды, мылтықтары да болды. Қазақстанның басқа да облыстарындағы сияқты Ақмола және Семей облыстарында көтерілістің мобилизацияға ашық қарсылық білдіру сипаты анық болды.

       1916 жылғы 26 қыркүйекте Көкшетау уезіндегі Қожас деген жердің маңында қаруланған жігіттер қыр ішіне көшіп кеткен ауылдардың соңына түскен қазақ отрядына шабуыл жасады.27 сентябрьде Ақмола уезінің Қоржынкөл болысында соқтығыс болды.     Шілде-тамыз айларында Орал облысы мен Бөкей ордасында еңбекшілердің бұқаралық бас көтерулері болды.

       1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Көтерілісшілер дүние жүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Россиядағы жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеуі жағдайында өтті.

       Көтерілістің бірынғай басшылығы және бірынғай ұйымдастырушы орталығы болмаса да, бір өңірде болып жатқан оқиғалар басқа өңірлерге ықпал жасап, өзара байланысты болып отырды.

       Көптеген аудандарда көтерілістің антифеодалдық сипаты болды. Алайда көтеріліс стихиялы түрде дамып, онда пролетарлық басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді.1916 жылғы көтеріліс қазақтың еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөль атқарды, патшаның малайлары ретінде феодалдық-рулық жоғарғы топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, буржуазияшыл ұлтшылдардың сатқындық рөлін әшкереледі, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.

       Көтерілістің тәжірибесі қазақ шаруаларын орыс жұмысшы табымен одақтасқанда ғана, оның көмегімен және басшылығымен ғана ұлттық және әлеуметтік азаттыққа жетуге болатынын үйретті.

           

12. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы туралы мысал келтіріңіз

Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зерттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.

Жетісу мен Торғай қазақтарының 1916 жылғы көтерілісінде Алашорда басшылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев және басқаларының рөлі ақырына дейін анықталған жоқ. ІІХК оларды 1936-1937 жылдары жазаға тартты. Большевиктер оларға көтерілісшілерді қолдамай, керісінше қарсы шықты және А. Имановтың қазасына кінәлі деген айып тақты.

     «1916 жылдың» өзі ғана емес, оның зерттелуі төңірегіндегі мәселелер де шырғалаңды, халықаралық терминологияда – детективті. 1953-1954 жылдарға дейін кеңестік тарихнамада ол «отаршылдыққа қарсы» қозғалыс деп бағаланса, СОКП-ның ХХ-съезінен кейін (1956) «1917 жылғы Ұлы октябрьге ұласқан – «слившийся с Великим Октябрем 1917 года» - «ұлт-азаттық қозғалыс» атанды.

   60-80 жылдардағы «жаңалық» 1916 жылғы көтеріліс «показателем краха Колониальной политики самодержавия», «одним из важных элементов революционного кризиса, охватившего Россию» - кризиса «антиимпериалистической, антифеодальной, антивоенной освободительной направленности» болды.

1990 жылдардың ортасында XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы демократиялық жаңғырулар барысында қазақ зиялыларының мәдени-ағартушылық, қоғамдық-саяси салаларда атқарған қызметтеріне, Алаш партиясының бағыт-бағдарына және Алашорда үкіметінің құрылымына қатысты К.Нұрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің, Д.Аманжоловалардың еңбектерін осы зерттеу жұмысын жазу барысында теориялық, әрі әдіснамалық негіз ретіндесанауға болады.

 Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жарық көрген Ғ.Ахмедовтың, Х.Әбжанов, Ә.Әлпейісов, Г.Назарбаевалардың, М.Қойгелдиев пен Т.Омарбековтің, Д.Қамзабекұлының, С.Өзбекұлының ғылыми еңбектеріндегі XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің қалыптасуы мен дамуы жолдарына, қозғалысының тарихына байланысты келтірілген мәліметтер құнды болып саналып, диссертацияның тарихнамалық, әрі деректік көздерін ашуда толық ғылыми айналымға енгізілді.

    Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарих ғылымындағы оң өзгерістерге сәйкес XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға, Алаш қозғалысының даму ерекшеліктеріне, қазақ зиялылары азаттық жолындағы саяси күресіне арналған А.М.Ауанасованың,Ұ.Ш.Исмағұловтың, С.Ә.Смағұлованың,Н.У.Шаяхметовтың, Е.Е.Сайлаубайдың, Д.Д.Сүлейменованың, С.О.Қуаныштың ғылыми диссертациялары жарық көрді

.

13. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз

1905 жылғы революция жеңiлiске ұшырап революцияның алдында тұрған мақсаты -патша үкiметiн құлату мақсаты жүзеге аспады. Сондықтан Ресейде екiншi революция жасау қажет болды. Бұл революция 1917 жылы ақпан айында жасалды. Бұл революция да алдыңғы революция сияқты бұржуазиялық-демократиялық сипатта болды, революцияны буржуазия бастады, қозғаушы күшi жұмысшылар, мақсаты патша үкiметiн құлату. Революция жеңiске жеттi. Патша тақтан түстi. Ресейде қос үкiмет орнады. Уақытша үкiмет деп аталатын үкiмет буржуазияның диктатурасы. Сонымен қатар Кеңес үкiметi орнады. Ресейдiң орталығында, барлық облыстарда, уездерде, қалаларда қос үкiмет орнады. Революцияның нәтижесiн революцияға қатысқан партиялар түрлiше бағалады. Буржуазия партиясы – кадеттер «революция аяқталды, Ресей капитализм жолына түсiп дамиды» деп есептедi. Революцияға қатысқан екiншi партия - социал-демократтар /кейiн большевиктер, коммунистер/ «революция аяқталған жоқ, бiз жарты жолға тоқтамаймыз, буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистiк революцияға ұластырамыз» деп есептедi. Осы мақсатпен олар «үкiмет билiгi кеңестерге» деген ұран көтердi. Мүның мәнi барлық жерде кеңес үкiметiн нығайту арқылы Уақытша үкiметтi құлатып, билiктi Кеңес үкiметiне өткеру арқылы социалистiк революцияны жеңiске жеткiзу едi. Коммунистердiң бұл үмiтi iске аспады, сондықтан олар шiлде айынан бастап, қарулы көтерiлiске дайындалды. Ақпан революциясы Қазақстанға да әсер еттi. Патша тақтан құлап қазақ халқы тәуелсiздiкке қол жеткiземiз деп үмiттендi. Қазақстанның барлық жерлерiнде қос үкiмет орнады.

    Патшалық билік пен жаңа қалыптаса бастаған ұлт зиялылары арасындағы егес, қазақ қоғамындағы ресми билікке қарсы тұрған саяси оппозицияның қалыптасуымен аяқталды. Сондай-ақ олар ұлттық мемлекеттік дербестік және тәуелсіздік идеясын жаңа сапада қайтадан көтерді. Ұлттық саяси элита тарихындағы бұл кезеңнің, яғни ХХ ғасырдың алғашқы ширегінің тарихи ерекшілігі: саясат сахнасына ұлт тағдырын, заман ағымын уақыт сұранысына лайық теориялық дәрежеде қорыта алған, сондай-ақ онымен шектелмей ұлт өмірін жаңа талапқа сай мазмұнда қайта құруға ынталы да жігерлі саяси күштің келуімен сипатталды.

    Тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі – жаңа заман талабына жауап бере алатын мемлекеттің ұлттық идеясын жасау мәселесімен қатар, қазіргі модернизациялану жағдайында қоғам өміріндегі ұлттық идеяның алатын орнын анықтап, рухани жетілу, адамгершілікті дамыту, идеологиялық біріктіру қызметтерін кеңейту мүмкіндіктерін іздестіру қажеттілігі туды.

    Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады.

    Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.

    Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей, ХХ ғасырдың басында қазақ халқының мүддесі және қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік және саяси бостандық үшін күрескен Әлихан Бөкейханов пен оның серіктері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, бұл бағытта қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси институттарына сұраныс та қалыптаспақ. Ал, осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық-мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған елдердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине, Алашорданың өмірге келуі, қазақ ұлттық зиялыларының жаңа заман талабына сай қалыптасуы тарихи қажеттіліктен туған болатын.

    Алайда қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен және кейіннен жаппай атылып-асылып кеткен ұлттық зиялыларымыз бен оның көшбасшысы Ә. Бөкейхановтармен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді. Бүгінгі тәуелсіздік таңы атқан, өз билігі өз қолындағы қазақ елі үшін ең бірінші мәселе төл тарихымыз бен туғана ана тілімізді жаңғырта отырып, ұлттық идеологияны қалыптастыру болмақ.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.23.138 (0.009 с.)