Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пайдаланған әдебиеттер.

Поиск

Қорытынды.

 

Ойымызды түйіндер болсақ, сұрыптау жиынтығының көлем - мөлшері бас жиынтық көлемінің 5 пайызынан кем болмауы қажет. Мүмкіндігінше сауалдама алынатын адамдар санын 100-ден кемітпеген жөн. Сонымен катар, бас жиынтықтың көлемі үлкен болғанда (сан жағынан жүздеген немесе мыңдаған адамды қамтыса) іріктелген жиынтық көлемі бас жиынтықтың мөлшерінен 5 пайызға аз болуы шарт.

Біз жоғарыда келтірген мысалға байланысты сұрыптаудың бірнеше типтерін пайдалануға әбден болады. Тиімді типті тандап алмастан бұрын, жиынтықтағы ең маңызды белгіні анықтау қажет. Ғылыми ізденіс міндетінен туындау арқылы жиынтықтың ең басты белгісі ретінде айқын әрі нақты аңғарылатын көрініс те қылған беріп қалады. Оған педагогикалық практика сабақтарына қатынаспау жатады. Осы жағдайға сәйкес сұрыптаудың ұялы типін қолданған дұрыс, ол барынша ұтымды әсер етеді.

Демек, курстың 20 тобынан педпрактикаға бармағандардың орташа сандық көрсеткішін құрайтын 3-4 топты тандап алуға болады, немесе іріктелген жиынтықтың тобы етіп сабаққа сирек және жиі қатынаспаған оқушы топтары зерделенді. Егер де 20 топтың 10 тобы сабаққа көп қатынаспаса, 5 тобы орташа және 5 тобы сабаққа аз қатынасқан болып шығады, мұндайда, әрине, сабаққа көп қатынаспағандар топтарынан 2 топ, ал сабаққа орташа қатынаспаған және сирек қатынасқандар тобынан бір-бір топтан таңдалып алынады. Тіптен бүкіл топтар (сабаққа көп қатыспағандар мен оған сирек және аз барғандар) тұтастай алынатын болса, мысалға екі топтан дейік, онда аралас ақпарат алынады. Өйткені бас жиынтыққа (яғни бүкіл курста) мұндай топтардың арақатынасы 2:1:1. Сұрыптау қатесі деп аталатын кемшілік (өкілдің жеткіліксіздігі) әрдайым болатын құбылыс десек те, зерттеушінің міндеті сол — ол мұндай қателікті мейлінше аз жіберуге тырысуы керек. Қыскасы, әлеуметтану зерттеуінің кажеттілігі туындай қалса, онда оған ең алдымен мұқият дайындық жасалады. Ол үшін нақты нені білу керектігі анықталады; қарастырылатын мәселе төңірегінде әлі де нендей жағдайлардың белгісіз екені шешіледі; зерттеу ісін ұйымдастырып, жүргізу жан-жақты оюластырылады. Бір сөзбен айтқанда, кімдерден, қалай, қай жерде зерттеу алу керек деген сұрақтарға жауап іздеген жөн және ең бастысы зерттеу не үшін қажет деген өзекті сұрауға жауаптар қайтарылуы шарт.

Осы айтылғандарды түйіндеп, одан пікір - байлам жасайтын болсақ, бағдарлама дайындау мен сұрыптауды анықтау әлеуметтік зерттеу жүргізудің барысына және оның нәтижелі болуына елеулі түрде ықпал етеді. Бағдарлама әзірленгеннен соң зерттеу жұмысына қажетті құралдарды дайындауға болады.

 

 

https://kk.wikipedia.org/wiki/Әлеуметтік_зерттеулер

http://euko.kz/publ/referaty_na_kazakhskom_jazyke/leumettanu/leumettik_zertteudi_rylymy_keze_deri_men_ehlementteri_leumettanu_zertteulerini_ba_darlamasy/7-1-0-118

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.77.119 (0.009 с.)