Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні бойынша негізгі деректер мен зерттеулер.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
5. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні бойынша негізгі деректер мен зерттеулер. Тарих ғылымының дәстүрлі дерекқоры әр алуан археологиялық,этнологиялық фольклорлық және басқа да материалдарды қамтыдиды.Тарихшылар кітапхана қорлары мен мұрағаттарда сақтаулы,саны көп жазба көздерді пайдаланады.Қазақстан тарихыныі тәуелсіздік кезеңіне дейінгі деректер қорын:археологиялық қазбалар материалдары,антика және ортағасырдық Батыс,Парсы,Араб елдерінен шыққан, сондай-ақ орыс,қытай,моңғол,өзге де тарихшы жылнамашылардың еңбектері мен мүрағат құжаттары құрағанды.Қазақстан тарихының елеулі бөлігі кеңес кезеңіндегі әртүрлі құжат дереккөздерінен тұрады,алайда оларды сол онжылдықтар идеологиясының таңбасы сақталған. 6. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және өлкедегі қоныс аудару саясаты. І. ХХ ғ. Қаз. Әлеумсеттік эконимикалық жағдайы. Ресей империясының үкіметі ХІХ ғ. 80 90 ж. Қазақ жеріне әкімшіл аумақтық реформалар жүргізуі нәтижесінде Қазақстанға капитализм элементтері енеді. Ресей капитализмі қазақ жерлерін отарлау есебінен кең дами түсті. Берілген әкімшілік басқару жүйесі тұрақты халықты отарлық езгіге салуды анағұрлым жеңілдетті. Қазақстанды капитализмнің дамуы қазақ шаруашылығының патриархвлдық тұйықтығвн бұза отырып, жалпыресейлік тауар айналымына тартты, сол себепті де өмірдің ескі формаларына қатысты терең ілгерішіл мағынаға ие болды. Қазақстан еңбектің жалпыресейлік қоғамдық бөлінуіне ұшырап бірте бірте жалпыресейлік нарыққа тартылды. Тауар ақша қатынасарына әсіресе жәрмеңке сауда саттығы септігін тигізді. Ірі сауда орталықтары болып: Пертопавлск, Семей, Ақмола , Атбасар, ал Ресейдің көршілес губ. Омбы, Тюмень, Қорған Орынбор саналды. Қазақтардың көшкілі шарушылықтарының дәстүрлі түрлерінде озық өзгерістер байқалып , мал шар. Тауарлық маңызы артты. Қазақстан сауда саттық керуендері үшін түйелер мен аттар бере отырып, тачымал сауданың өркендеуіне септігін тигізді. Қаз. Ресеймен тауар айналым құрылымы артта қалған отарлық шет аймақтың өнеркәсібі дамған қанаушы мемл өзара қарым қатынастарның маңызын еселй түсті. Трансібір теміржолы пайдалануға берілген соң, Петропавлск пен Омбы ст арқылы сарымай мен ет алсы қалаларға тасыла бастады. Мыс 1900 жылы солар арқылы Петербор мен Мәскеуге 30,4 мың пұт май және 1044 мың пұт жас ет әкелді. Мал шар өлкенің барша аумағында, барлық әлеуметтік топтардың шаруашылықтарында шаруашылықтың маңызды саласына айналды. 1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды. Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады. 1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді. 1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді. 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді. 1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.170.253 (0.009 с.) |