Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
сурет. Өтқабын құрсақ қуысынан шығару үшін параумбликальды жолда апоневрозды ккесу.
1. Параумбликальды жолдың кеңейтілген шеті
2. Апоневрозды кесу сызығы
3. Троакар
4. Фарабеф ілмегі
Өтқабын алғаннан кейін параумбликальді жолды тігу басталады. Авторлардың айтуы бойынша егер жара көлемі 1см немесе одан кіші болса, жараны тігудің қажеті жоқ, бірақ өтқабы алынған параумбликальді нүктеде мұндай жағдай сирек болады, және көп жағдайда апоневрозды тігуге тура келеді. Тігіс салудығ екі тәсілі бар: оның бірі- «дәстүрлі әдіс», хирург ине ұстағышты және кішкентай инені пайдаланады және апоневроз шетін қысқышпен қысады. Ол үшін ереже бойынша 2-3 тігіс жібі қажет. Жара аумағына тігіс салудың екінші әдісі – сабы және жіп үшін құлағы бар ұзын инені пайдалану. Бұл әдісті пайдалану қиын, себебі өтқабын алғаннан кейін құрсақ қуысының герметикалылығы жоғалады, визуальды бақылау жүргізу үшін ілмекпен алдыңғықұрсақ қабырғасын көтеру керек болады. Тара жараға тігіс салуда Carter-Thomason конусты обтураторын пайдалану оңай болады, оның бүйірінде түзу ине орналасқан тесігі болады. Визуальды бақылау үшін субксифоидальды жол арқылы өткізумен бұрыштық оптикалық түтік қолдану ыңғайлы. Параумбликальды жолға тігіс салынғаннан кейін осы аймақта қосымша аймақта қосымша тігісті қажет етуі мүмкін қанкетуді ескерек отырып эндоскопиялық тексеру жүргізіледі. Құрсақ қуысы герметикасын қалпына келтіргеннен кейін, қаталап тексеріс жүргізеді, арнайы сұйықтықпен жуады және егер керек болған жағдайда бүйрек үсті безі кеңістігіне дренаж қояды. Лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін құрсақ қуысына дренаж қою мәселесі әлі зерттелуде. көптеген авторлардың айтуы бойынша сәтті жасалған операциядан кейін құрсақ қуысын дренаждау қажет емес. Дренажды көрсеткіштер болған кезде ғана қолданады (гемостаз тұрақтылығына күдік туғанда, жедел холецистит). Жіңішке дренажды бүйірлік 5 мм-лік троакардың біреуі арқылы енгізеді, ұшын екінші 5мм-лік троакар арқылы енгізген қысқышпен қысып қояды да, бүйрек үсті безі кеңістігіне орналасқан өтқабы бауырдан толық алынбаған кезде қою ыңғайлы (6.20сурет). Содан кейін құрсақ қуысындағы газды біртіндеп шығара бастайды, және құрсақ қбырғасының төмен түсуіне байланысты дренаж оңай тартылады.
|