Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кіріспе. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда кездесетін қиындықтар.

Мектепке дейінгі жастағы балалармен логопедиялық жұмыстың маңызды бөлімдерінің бірі – олардың монологтік сөйлеуін қалыптастыру болып табылады. Бұл сөйлеу тілінің дамымауын толық болдырмау және балаларды мектепке оқуға дайындау үшін қажет.

Балалардың мектепте оқығанда оқу үлгерімінің жоғары болуы байланыстырып сөйлеуін қандай дәрежеде меңгергеніне байланысты. Оқу материалын адекватты қабылдау , сұрақа жауап беру , өз пікірін айту сияқты оқу іс – әрекеттерінің барлығын орындау үшін баланың байланыстырып сөйлеуі (диалог және монолог) жеткілікіт деңгейде дамуы қажет.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған баланың байланыстырып сөйлеудегі қиындықтар тіл жүйесінің негізгі компоненттері – фонетико – фонематикалық, лексико – грамматикалық , сонымен қатар сөйлеу тілінің дыбыстық және семантикалық дамымауыү Балаларда екінші кемістіктің бар болуы , яғни қабылдау , ойлау , елестету , ес , зейін , тағы басқа психикалық процестердің дамымауы балаларда монологтік сөйлеу тілін меңгеруде қиындық туғызады.

Байланыстырып сөйлеу тілі- бір – біріне мағыналық және құрылымдық жағынан жақын мәтіннің бөліктерін біріктіру.

А.В. Текучеваның айтуы бойынша байланыстырып сөйлеу тілі дегеніміз – жалпы сөйлеу тілінің бірлігі , оған сөз тіркестері жатады . Осыған сәйкес әрбір жеке сөйлем бұл байланыстырып сөйлеу тілінің түрі.Байланыстырып сөйлеуге монолог және диалог жатады

Диалог – байланыстырып сөйлеудің алғаш пайда болған түрі . Диалог адамдардың бір – бірімен тілдесіп , қарым – қатынасқа түсуі ұшін қажет , яғни айқын әлеуметтік бағытқа ие .Диалог репликадан , яғн жеке пікір білдіруден , бірінен соң бірі сөйлеу реакцияларынан тұрады , ол 2 немес бірнеше адамның әңгімелесуі түрінде өтеді.Диалогтің құрамында қаратпа сөздер ,сұрақтар , жауаптар болады.Диалогта вербальді емес компоненттер- жест , мимика маңызды рөл ойнайды. Диалогтің құрылымы грамматикалық жағынан толық емес болады , яғни онда лексикалық элементтер қайталанады , біреудің пікіріне қарсы пікір білдіру , сөйлеу штамптарын қолдану (яғни ауызша сөйлеудің стереотипикалық құрылымдары) . Диалогтің қарапайым түрлері (өз пікірін айту , сөйлеушінің пікіріне қарсы шығу) құрылу бағдарламасы болмайды

Лингвистикада диалогтің бірлігі репликалар тізбегінің жиынтығы , семантикалық , құрылымдық , мағыналық жағынан аяқталған . Берілген тақырыпты толығымен ашу , сөйлемнің мағыналық жағынан толық аяқталуы. Нақты жағдайда сөйлесу сәтінде тілдік және тілдік емес құралдарды адекватты түрде қолдану – диалогтік сөйлеу тілін құрудың критериі болып табылады. Монолог- бір адамның байланыстырып сөйлеуі , қандай да бір

                                                                                                                         1

өмірде болған құбылысты хабарлау – коммуникативті мақсаты болып табылады.Монолог сөйлеу тілінің күрделі түрі, ақпаратты тасымалдау үшін қызмет етеді. Монологтің негізгі құрамына бір жақты пікір білдіру, тыңдаушыға ориентация мазмұнымен шартталған , ақпаратты тасымалдауда вербальді емес құралдар шектеулі түрде пайдаланылады.

Монологтің ерекшелігі оның мазмұны алдын ала жоспарланады. Сөйлеуші айтатын әрбір пікірін ғана емес, бүкіл монологті алдын – ала жоспарлайды.Монологтік сөйлеу тілі – сөйлеудің ерекше түрі бола отырып , сөйлеу функцияларын орындағанда спецификасымен ерекшеленеді. Монологтің құрамында лексика , сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтар , синтаксистік құралдар кеңінен қолданылады.Тыңдаушы ақпаратты ұзақ есте сақтау үшін сөйлеуші көрнекіліктерді пайдаланады. Монологтің маңызды сипатына өз ойын ретімен білдіру , сөйлемдердің бір – бірімен байланыстылығы жатады.

Ауызша монологтік сөйлеу тілінің бірнеше түрі немесе функционалды- мағыналық типі (О.А. Нечаева , Л.А. Долгова және т.б.) болады. Мектепке дейінгі жаста балалар баяндау, өз піікрін білдіру , сипаттау мен хабарлауды меңгереді

    Белгілі бір уақытта болып жатқан оқиғаларды сипаттау хабарлау деп аталады. Хабарлау дегеніміз бір құбылыстың немесе заттың қасиетін , түр – түсін , сыртқы көрінісін баяндау .

     Белгілі бір кезектілікпен қандай да бір құбылысты баяндау хабарлау деп аталады. Хабарлаудың композициясы құрылымы: кіріспе , негізіг бөлім , қортынды.Өз пікірін білдіруге бағытталған монологтің құрамына бастапқы тезис, дәлелдер келтіретін бөлім (бастапқы тезисті қолдайды, теріс пікір білдіреді ) ,қортынды.Пікірді дәлелдеуге арналған монолог қортынды құрайтын дәлелдер мен пайымдаулардан тұрады. Монологтің әрбір түрінің коммуникативті функциясына сәйкес құрылу ерекшелігі болады.

Диалог пен монолог айырмашылықтары бар болғанына қарамастан арасында байланыс пен белгілі ұқсастығы болады. Ең алдымен , тілдің ортақ жүйесі біріктіреді.Монологтік сөйлеу тілі балада диалогтік сөйлеудің қалыптасуы негізінде пайда болады . Монологтік сөйлеу тілінде толық емес сөйлемдер де  кездеседі, осы жағынан грамматикалық құрылымы диалогтік құрылымына ұқсас болады.

Сөйлеу тілі монолог болса да , диалог болса да оның құрылуының негізгі талабы – байланыстылық.Сөйлеу тілінің осы жағын меңгеру үшін балалар байланыстырып сөйлеудің дағдыларын меңгеруі қажет.

«Өз пікірін білдіру» термині коммуникативті бірліктермен , белгілі грамматикалық және композициялық құрылымен, интонациямен анықталады (А.А.Леонтьев , Т.А. Ладыженская ) .Оның сипаттамасына байланыстылық , кезектілік , хабарламаны тақырыбы мен коммуникативті мақсатына сәйкес логика – мағыналық жағынан біріктіру жатады.

Арнайы әдебиеттерде ауызша хабарламаның байланыстылығының

                                                                                                                          2

мынадай критерийлері бар: мәтіндердің бөлімдеірнің мағыналық жағынан байланысты болуы , сөйлемдердің грамматикалық және логикалық байланысты болуы, сөйлеушінің өз ойын толық айтып , аяқтауы.

Қазіргі лингвистикалық әдебиеттерде байланыстырып сөйлеуді сипаттау үшін «мәтін »атты категория пайдаланылады.Оның сөйлеуде маңызды рөл ойнайтын негізгі белгілеріне тақырыптық , мағыналық ,құрылымдық бірлік, грамматикалық байланыстылық.Хабарламаның байланыстылығының факторлары: тақырыпты ашу үшін мәтіндегі оқиғалар бірінен бірі баяндалады , тақырыптық және рематикалық элементтердің өзара байланыстылығы , мәтіннің құрылымдық бірліктері арасындағы байланыс (Л.И.Лосева , Т.А. Ладыженская, Д. Брчикова) хабарламаның ішінде фразааралық және фраза ішіндегі байланыс (лексикалық және синонимикалық қайталау, есімдік , үстеу, көмекші сөздер).

Пікір білдірудің маңызды сипаттамасының бірі – баяндаудың кезектілігі . Мәтіннің кезектілігінің бұзылуы мәтіннің мағынасын бұзады.Баяндау кезінде уақыт , кеңістік , себеп – салдар айтылады (Н.П.Еристов , Т.А. Ладыженская). Мәтіннің кезектілігін белгілі бір оқиғаны баяндау барысында сөйлем мүшелерін тастап кету, сөйлемнің реттілігін араластыру жатады (мысалы бала бір затты сипаттайды содан кейін бірден екінші затты сипаттап кетеді де, қайтадан бірінші затты сипаттап кетеді ).

 Оқиғалардың байланыстылығы мен кезектілігі оның логика – мағыналық бірлестігімен анықталады.Пікір білдірудің логика – мағыналық бірлестігі мәтін деңгейінде болса , күрделі бірлікті құрайды , құрамына заттық – мағыналық және логикалық бірлестік кіреді (И.А. Зимняя, С.А.Гурева және т.б.). Заттардың адекватты бейнеленуі олардың байланысы және қарым- қатынасы пікір білдірудің заттық – мағыналық бірлестігінде көрінеді; мәтіннің баяндалу реті логикалық бірлестікте көрінеді. Пікір білдірудің логика – мағыналық бірлестігінің дағдыларын меңгеру өз ойын нақты білдіру, еркін және саналы түрде сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Сөйлеген кезде адам ішкі логиканы басшылыққа алынады , заттардың қарым – қатынасының құрылымы ашылады. Мағыналық байланыстың қарапайым көрінісі- түсінікаралық байланыс, 2 түсініктің арақатынасын көрсетеді.Түсінікаралық байланыстың негізгі типі – предикативті – мағыналық байланыс , ол онтогенетикалық дамуда барлығынан ерте қалыптасады.

Байланыстырып сөйлеудің қалыптасу процесін түсіну үшін сөйлеудің қалыптасу теориясының негізгі ережелері маңызды рөл ойнайды, бұл жайлы отандық және шетелдік ғалымдар зерттеген.

Алғаш рет ғылыми тұрғыдан сөйлеудің қалыптасып даму теориясын Л.С.Выготский негіздеген.Оның негізіне ойлау және сөйлеу процестерінің бірлігі концепциясы , мән және мағына түсініктерінің арақатынасы,ішкі сөйлеудің семантикасы мен құрылымын зерттеу жатады. Л.С.Выготскийдің теориясына сәйкес сөзден оның мағынасына өту процесі мотвтен туындайды , мотив қандай да бір ойды туындатады, бала сөзді алдымен іштен ойлайды,

                                                                                                                           3

содан кейін сөйлейді.

Қазіргі лингвистикалық әдебиеттерде байланыстырып сөйлеуді сипаттау үшін текст атты категория пайдаланылады.Тақырыптық, мағыналық , құрылымдық бірлік , грамматикалық байланыстылық байланыстырып сөйлеудің негізгі белгілеріне жатады.Хабарламаның байланыстылығының факторлары : тақырыпты ашу үшін мәтіндегі бірінен соң бірі баяндалады, тақырыптық және рематикалық элементтердің өзара байланыстылығы , мәтіннің құрылымдық бірліктері арасындағы байланыс (Л.И. Лосева , Т.А. Ладыженская , Д. Брчикова ) .Хабарламаның ішінде фразаралық және фраза ішіндегі байланыс ( лексикалық және синонимикалық қайталау , есімдік , үстеу, көмекші сөздер).

Пікір білдірудің маңызды сипаттамасының бірі –баяндаудың кезектілігі.

Мәтіннің кезектілігінің бұзылуы мәтіннің мағынасын бұзады. Баяндау кезінде уақыт, кеңістік , себеп – салдар айтылады (Н.П. Еристов ,Т.А. Ладыженская).Мәтіннің кезектілігі белгілі бір оқиғаны баяндау барысында сөйлем мүшелерін тастап кету, реттілікті араластыру жатады (мысалы бала бір затты сипаттайды да , бірден екінші затты сипаттап кетеді де , сосын бірінші затты қайтадан сипаттайды. ()

А.А. Леонтьев пікір білдірудің ішкі бағдарламасын зерттеген болатын , оны схеманың құрылу процесін қарастырған , соның негізінде сөйлеу пайда болады. Мұндай бағдарлама жасаудың 2 типі бар: нақты пікір білдіру және жеке бағдарламалау. А.А.Леонтьев сөйлеудің пайда болуының принципиальді схемасын жасаған болатын, ол схеманың құрамына мотвация кезеңдері, бағдарламалар , жоспарлар,ойды жүзеге асыруды жатқызған .

А.Р. Лурия өз еңбектерінде сөйлеудің пайда болуының (мотив , ой , семантикалық жазба , пікір білдірудің предикативті схемасы , жан –жақты анализі көрсетіледі), ішкі сөйлеудің рөлін көрсеткен. Пікір білдірудің пайда болу процесін анықтайтын қажетті операцияларды А.Р.Лурия қажетті тілідк компоненттерді саналы түрде таңдау және оның құрылуын бақылайтын операцияларды атап көрсетеді.

Пікірін білдіру үшін сөйлеу тілінің қалыптасуы күрделі көпдеңгейлі процесс. Ол мотивтен басталады , ол ойда обьективенеді , ой ішкі сөйлеудің көмегімен құрылады.Осы жерде пікір білдірудің психологиялық – мағыналық бағдарламасы құрылады , ол ойды ашады.Оның құрамына нені айту қажет,қандай кезектілікпен және қалай айту.Содан кейін бұл бағдарлама берілген тілдің синтаксис және грамматика заңдылықтарын негізге ала отырып , сыртқы сөйлеу бағдарламасы құрылады (Л.С.Цветкова) .

Т.В. Ахутина сөйлеуді бағдарламалаудың 3 деңгейі : ішкі (мағыналық) бағдарламалау , грамматикалық құрылым және пікір білдірудің моторлы- кинетикалық бірлестігі. Оған пікір білдірудің элементтерінің 3 операциясы сәйкес келеді : семантикалық бірліктерді (мағыналық бірліктерді ) таңдау , лексикалық бірліктерді таңдау , олар грамматикалық құрылымдаудың ережелеріне сәйкес араласады.

Грамматикалық құрылымдау процесіне грамматикалық конструкцияны 

                                                                                                                          4

табу : синтаксистік құрылымында элементтің орнын анықтау (мағынасына қарай таңдалған сөзді ) және оған грамматикалық сипаттаманы жазу , орындау , міндеттер, сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі бірінші сөздің грамматикалық формасы берілген. Сөзге грамматикалық сипаттаманы қосу сөздердің грамматикалық формаларын сәйкес келген қатардан қажетті сөз формасын таңдауды көздейді (Л.С. Цветкова , Ж.М. Глозмин ) .

Психологиялық еңбектерде мәтіннің пайда болуының әр түрлі механизмдеріне анализ жасайды.Ішікі сөйлеу функциясы, сөздерді мағынасына орай кезекпен сөйлеу бағдарламасын құру , мәтіннің предикативті байланыстарын ұйымдастырылған жүйеде иерархиялық ойды құру механизмі.Ұзақ уақыттық және оперативті есте сақтауда пікір білдіру процесінің рөлі айтылады (Н.И.Жинкина , А.А.Леонтьев , И.А. Зимняя). Балалардың байланыстырып сөйлеуіне анализ жасау және мақсатқа сай оның жүйесін құру кезінде оның құрылу механизмдері маңызды рөл ойнайды , схемада орналастыру ,сөз формасын ойына және таңдалған синтаксистік конструкцияларға сай таңдау , мағыналық бағдарлама реализацияна бақылау және тілдік құралдарды пайдалану.

Психология және психолингвистика позициясынан зерттеу қатарында балалардың сөйлеу қызметінің қалыптасу сұрақтары қаралады.Бұл зерттеулерде ана тілінің грамматикалық құрылымын меңгерудің ерекшеліктері, пікір білдірудің құрылуындағы синтаксистік құралдар (А.М.Шахнарович , В.Н. Овчинников , Д.Слобин , А.В. Горелов) сөйлеу операцияларын бағдарламалау және жоспарлау (В.Н. Овчинников . НА.Краевская) . А.А. Люблинская мен басқа авторлардың мәліметтеріне сүйенсек , ішкі сөйлеуден сыртқы сөйлеуге өту қалыпты балаларда 4-5 жаста қалыптасады.Н.А. Краевская 4-5 жастағы баланың сөйлеуді іштей бағдарлаудың ересек адамдардан айырмашылығы болмайды.Психология және психолингвистика позициясында балалардың сөйлеу қызметінің әр жағын қалыптастыру анализі мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеу мәселесіне қатысы бар.

Мектепке дейініг жаста баланың сөйлеуі басқа балалармен және ересектермен сөйлесу құралы бола отырып , қарым – қатынасқа түсумен тығыз байланысты. Диалогтік формада айқын ситуативтік сипаттамаға ие болады.Мектепке дейінгі жаста өмірдегі талаптарды өзгерту , сөйлеу қызметінің жаңа түрлерінің пайда болуы, ересектермен қарым – қатынаста сөйлеу формалары мен функцияларын дифференциацияға әкеледі. Хабарлама монолог түрінде пайда болады. Жеке ойдың қалыптасу қажеттілігі баланың жеке тәжірибелік қызметінің дамуымен байланысты, піікр білдіруде тәжірибелік іс – әрекеттерді орындау тәсілдеріне қатысты. Сөйлеу контекстінен байланыстырылған контекстке түсінікті сөйлеуге қажеттілік туындайды.

 

                                                                                                                 5



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.12.71.115 (0.012 с.)