ымаларды іргелі жөндеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ымаларды іргелі жөндеу

Поиск

Ұңғылардың жер астындағы іргелі жөндеудің мынадай мақсаттарын атап өтуге болады:

- ұңғының және ішкі ұңғылық жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру;

- ұңғының және жабдықтардың бас тартуларының алдын алу және ұзақ уақыттық жұмыс істеуді арттыру;

- ұңғы дебитінің деңгейін алғашқы уақыттағы деңгейге жеткізу немесе сол уақыттағы деңгейден асыру.

Сонымен бірге, ұңғы деген ұғымның ішіне тек шегендеу құбырлары мен ұңғы ғана емес, басқа қабаттың жақын аумағы және перфорация аумағын да жатқызуға болады.

Мұнай өндіруші кәсіпорынның жұмыс істеу қабілеттілігі ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды арқылы аңықталады.

Ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды дегеніміз – ұңғының бірінші жөндеуден екінші жөндеуге дейінгі нақты жұмыс істеген уақыты. Бұл ұзақтық бір уақыт периоды кезіндегі (квартал, жарты жылдық) ұңғы-күндердің санын осы уақыт периодында жүргізілген жер асты жұмыстарының санына бөлгенге тең. Жөндеуаралық период ұңғының қолдану уақыты, бұзылудың анықталу уақыты, жөндеуді күту уақыты және жер асты жөндеуге кететін уақыт бойынша анықталады. Сонымен бірге, бас тарту ретінде жабдықтардың бұзылуы ғана емес, тиісті регламентте немесе техникалық құжаттарда көрсетілген мұнай өндіру мөлшерінен төмен мұнай өндірілу де бас тарту ретінде қарастырылады. Бұл бас тартулар параметрлік деп аталады, олар тек қана тозған жабдыққа байланысты емес, сонымен бірге ұңғы жұмысының көрсеткіштерінің өзгеруімен де байланысты.

Ұңғыларды іргелі жөндеуі (ҰІЖ) деп – шегендеуші тізбектердің, цементті сақиналардың, түп алдындағы аумақтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруін, қауіпті жағдайларды жоюын, бөлек қолдану және айдау кезіндегі жабдықтардың көтерілуі мен түсірілуіне бағытталған кешенді жұмыстардың түрін айтады. 

Айтылған бағыттардың (жөндеу, ұңғы-операция) жөндеу жұмыстарының бірліктері деп – бұл ұңғының ағымды және іргелі жөндеу бригадасымен жүргізілген дайындық, негізгі және қорытынды жұмыстардың кешені және жоспармен қарастырылған, сондай-ақ, акт бойынша қабылданатын бригадаға тапсырушылармен ұңғыны алған уақыттан жұмыс аяқталғанға дейінгі уақытты айтады.

Ұңғының іргелі жұмыс (ҰІЖ) түрлеріне 5.2-кестедегі келтірілген жұмыстар жатады.

Белгіленген жұмыстардан басқа тізбектің перфорациясына байланысты жұмыстарды атап кету керек. Олар іргелі жөндеу бригадасымен екі жағдайда жасалады. Егер жаңа ұңғыларда бұрғылау бригадасымен ұңғыны беру уақытынан және қолдануға қайта қосу арасындағы уақыт бір ай болса, онда бұл жағдайда мұнайға толып қалған ұңғының тұрып қалу кезінде, әдетте түп алдындағы аумақтың сапасын төмендетеді де, іргелі жөндеу бригадасының өз жұмыстарын өткізуге қажеттілік туады. Сондықтан перфорациялау және мұнай ағынын шақыру жұмыстарын ҰІЖ бригадасы орындайды. Екінші жағдайда перфорация аумағын оқшаулаған соң немесе оның сіңімділігі төмендеген кезде тағы да перфорациялау операциясы өткізіледі.

 

 


5.2-кесте

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 12; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.84.91 (0.007 с.)