Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пассивтіліктің кинетикалық теориясы.

Поиск

2.3 Пассивтіліктің кинетикалық теориясы.

Пассивтіліктің кинетикалық теориясы металды иондаудың анодтық процесінің өту қиындықтарын білдіреді. Анодтық процестің тежелуі, осы теория бойынша тотықтырғышы бар металдың қатты ерітіндісінің пайда болуына байланысты болады. Тотықты қабаттар металдың пассивтілігіне әсер етпейді.

Кинетикалық теориясын Закур, Ферстер, Ле Блан және т. б. зерттеді.

 

 

2.4 Электрондық конфигурациялар теориясы.

Электрондық конфигурациялар теориясы Менделеевтің периодтық жүйесіндегі өтпелі металдардың пассивті жай-күйіне олардың металл күйінде толтырылмаған d-деңгейлері (яғни олардың ішкі қабықтары толық жинақталмаған) болуына байланысты жеңіл ауысуды білдіреді. Тотықтырғыш металдың бетіне түсіп, сыртқы деңгейлерден металды алып, сол арқылы оны пассивті күйге ауыстырады.

Электрондық конфигурациялар теориясының негізін қалаушылар Улиг пен Рассел болды.

2.5 Активациялық кедергі теориясы.

Пассивті кедергі теориясы анодты поляризацияның металды еріту жылдамдығына әсерін қарастырады.

Көптеген металдар (алтын, күміс, платина, мыстан басқа) табиғатта иондық күйде: оксидтер, сульфидтер, карбонаттар түрінде кездеседі. Бұл күйдегі кендер өте тиімді, өйткені олар ішкі энергиясының аздығымен сипатталады. Оны металды кеннен бөліп алуда жəне оның коррозия кезінде байқауға болады. Қосылыстан металл алуда жұтылған энергия мен еркін металдың энергиясы, металды қосылыстың энергиясына қарағанда жоғары екенін көруге болады. Осының салдарынан коррозиялық белсенді ортамен байланыста болатын металл, энергияның аз мəнімен тиімді энергетикалық күйге өтуге тырысады. Демек, коррозияның пайда болуының ең негізгі себебі – берілген ортада металдың термодинамикалық тұрақсыздығы.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.33.239 (0.006 с.)