Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Поиск

 

БЕКІТЕМІН:                                                    ТЕКСЕРІЛДІ:                                   НЕГІЗІ:

«Ы.Алтынсарин атындағы №37                    Директордың тәрбие ісі                  ҚР Білім және ғылым Министрінің 

гимназия» КММ директоры                          жөніндегі орынбасары                    2019 жылғы 15 сәуіріндегі №145 

Малгаждарова Ж.З                                          Ш.А.Турсумбаева                            бұйрығымен бекітілген тәрбиенің

                                                                                                                                          тұжырымдамалық негіздері «__»___________2020 ж.                               «__»___________2020ж.                      

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

     

       

         

   

                                    Сынып: 8      

                                    Сынып жетекшісі:Тулеубаева Салтанат Бекайдаровна

                                                      Таласбаева Салима Оразкеновна

                                               Шәріпхан Алма Ермекқызы

                                                        Исаханова Мансура Акинбековна

                                                           Балапанова Ақмарал Саулебекқызы

 

 

2020-2021 оқу жылы

 

МАҚСАТЫ:

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, табиғатқа сүйіспеншілігі, ар-ожданы мол, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтын, еңбекқор, іскер, бәсекеге қабілетті, сана сезімі заманауи жаңалыққа бейім, патриоттық сезімі мол тұлғаны тәрбиелеу.

 

МІНДЕТТЕРІ:

§ білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

§ балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

§ өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;

§ мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

§ жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

§ қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;

§ қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

§ балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

§ отбасылық тәрбие жүйесін жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

§ Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «сыбайлас жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;

§ қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін, Ата Заңымызды, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

§ туған өлкенің табиғатын сақтаудың практикалық проблемаларын шешу кезінде жалпы экологиялық заңдармен танысу және оларды қолдану;

§ туған өлкенің табиғатын сақтаудың негізгі тәсілдері туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;

§ нақты жердің табиғатын сақтауға бағытталған әртүрлі экологиялық акцияларға практикалық қатысуға тұрақты қондырғылар әзірлеу.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 33; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.243.80 (0.007 с.)