Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Музыка пӘнініҢ педагогикалыҚ тӘрбиедегі алатын орны

 

Есенова Асия Аязбаевна

4 курс студенті

Павлодар педагогикалық университеті

 

Мектеп оқушыларына саналы тәрбие беруде өнердің алатын орны ерекше. Өйткені кез келген өнер туындысы ең алдымен адамгершілік қасиеттерді уағыздайды. Айталық, математикалық есептер немесе физиканың заңы оқушыны адамгершілікке баулиды деп айту қиын.

Музыка сабағының мұғалімі – шығармашылық фантазиясы мол, арнайы бір аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан – жақты ғылым- білім-нен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана жас жеткіншектерге жүйелі музыкалық білім бере алады.

Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамдық, сүйіспеншілік сезімдерді сіңіруде музыканың алатын орны ерекше. Жалпы өнермен айналысқан баланың жан дүниесі ерекше болады.

Мектепте музыка сабағын оқытудың негізгі мақсаты оқу программасында оқушылардың Отанға, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, олардың рухани байлығын, эстетикалық сезімін тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту, талабын байқау. Өйткені, музыка сезімтал болуға, өмірдің әсемдігі мен сұлулығын білуге, мейірімді болуға тәрбиелейді.

Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эмоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.

Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу және шығармашылық жұмыстану музыкаға тәрбиелеудің басты іс әрекеті болып есептеледі. Оқушылардың жан жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады, саз өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді.

Мұғалім үнемі бақылау жұмысын жүргізудің арқасында педагогикалық сезімталдығын жетілдіріп, әр түрлі ситуацияларда тез шешім қабылдап, өздігінен педагогикалық ықпал жасауды үйренеді.

 

Музыка мұғалімі тек музыка пәнінен сабақ беретін маман емес, ол оқушыларды жан-жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болып саналады. Ол өзінің күнделікті жұмысында педагогикалық, психологиялық, дидактикалық принцип негіздерінен қолдана отырып, оқушыларды жалаң ән музыкаға үйрету міндетін іске асырумен шектелмей, оларды өнегелік негізге бағыттайтын тәрбиемен айналысады.

Сол себептенде, музыка сабағын беретін мұғалімнің бүгінгі ғылыми-әдістемелік жетістіктермен қаруланып, сабақты жан-жақты етіп жоспарлап өтуінің мәні зор. Осы айтылған мақсаттарды біртіндеп іске асыру үшін, мектеп мұғалімінің қолындағы бағдарламаға сәйкес музыка сабағын өткізуде әдістемелік кеңестерді еске ала отырып, сабақты ұйымдастырудың, жаңа формаларымен әдістерін пайдалану қажеттілікке айналады.

 

Қорыта айтқанда, музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасу жағдайына көз жіберу, тұтастай алғанда, жалпы педагогиканың, психологияның, эстетиканың, музыкатанудың, мәдениеттанудың түйісер тұсында дамып, қалыптасқан ғылымиаралық, дербес ғылым саласының пайда болғанын айғақтайды. Музыкалық білім беру педагогикасының дамып, қалыптасу тарихын таразылау оның ғылым саласы ретіндегі мәні мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.47.193 (0.007 с.)