Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Поиск

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Дене шынықтыру және өнер факультеті

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы

5В042104 – «Костюм дизайны» мамандығының 5 курс білімгері

Калиева Құндыздың «Әйелдерге арналған күздік – қыстық ассортиментте пальто дизайнын құрылымдау»

тақырыбында орындалған дипломдық жұмысына

ПІКІР

Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жахандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзімідің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Осыны негізге ала отырып костюм дизайны мамандығы бойынша бітіруші білімгер Калиева Құндыз «Әйелдерге арналған күздік – қыстық ассортиментте пальто дизайнын құрылымдау» тақырыбын дипломдық жұмыс қорғауға таңдап отыр.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қосымша бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімінде әйелдерге арналған күздік – қыстық ассортиментте пальто дизайнын құрылымдау жайында, екінші бөлімінде әйелдерге арналған мерзім бойынша пальто дизайн жобалау туралы жазылған. Білімгер тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында орыс тіліндегі әдебиеттерді аударма жасап талдаған, репродукциялармен танысып, салыстырмалы түрде тиімді пайдалана білген.

Дипломдық жұмыс барысында әйелдер сырт киімдерінің технологиясы, конструкциясының ерекшеліктері. Сырт киімдер конструкциясының алдын ала есебіне қарай дипломдық жұмысты орындады.

Тәжірибе барысында алынған нәтижеге талдау жүргізіп, оған қорытынды жасай білді.

Өзінің дипломдық жұмысын әйелдерге арналған күздік – қыстық ассортиментте пальто дизайнын құрылымдау тақырыбында топтаманы жобалуды жақы көрсете алды.

Менің пікірім – осы таңдаған мамандығын аяқтаған соң, университет қабырғасында алған білімін шыңдап өнерін әрі қарай жалғастырады деп сенемін.

Бұл жұмысты қорғауға жіберулеріңізді сұраймын.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.139.70.69 (0.006 с.)