Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ызғалдақ» бөбекжай балабақшасының жылдық↑ Стр 1 из 16Следующая ⇒ Содержание книги
Поиск на нашем сайте
«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының жылдық (өндірістік) жоспарының структуралық моделі: I бөлім. 1.1.Кіріспе «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы туралы мәлімет. 1.2.2020-2021ж. оқу жылының қорытындысы. 1.3. 2021-2022 оқу жылының мақсаттары мен міндеттері.
II бөлім. 2.1.Педагог қызметкерлер туралы мәлімет. Кәсіби іскерлік,теориялық және әдістемелік біліктілік деңгейін көтеру. 2.2 Жұмыс циклограммасы 2.3 АҰОҚ 2.4 Балабақшадағы аттестаттау комиссияның жұмысы 2.5.Консультациялар 2.6.Шығармашылық топ
ІІІ бөлім. 3.1 Педагогикалық кеңестер 3.2 Өндірістік жиналыстар 3.3 Әдістемелік кенестер IV бөлім. 4.1 Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту жұмыстары 4.2 Төтенше жағдайлар бойынша шаралар өткізу V бөлім. 5.1Оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылау VI бөлім. Қоғамдық және отбасылық тәрбие 6.1Балалармен жалпы өткізілетін іс-шаралар жоспары 6.2 Ата-аналармен жұмыс жоспары 6.3 Дене шынықтыру бойынша өткізілетін сауықтыру – шынықтыру шаралары VII бөлім. 7.1 Материалдық-техникалық базаны нығайту I бөлім. 1.1 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы туралы мәлімет
І. КІРІСПЕ «Қызғалдақ» балабақшасының 2020 – 2021 оқу жылындағы ұжым жұмысының қорытындысы, атқарылған жұмыстардың есебі Ордабасы ауданы әкімдігінің «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Жеңіс ауылы ауылы М.Шоқай көшесі № 14 үйде орналасқан. Балабақшада 6 топтан құралған 120 балаға арналған. Жұмыс уақыты 10.30.сағат , таңғы 08.00-ден кешкі 18.30- ға дейін, 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген. Топтардағы балалар саны туралы мәлімет: Жалпы бала саны – 120 1. «Балапан» ерте жас тобы»(1-2 жас)-16 2. «Айгөлек» кіші тобы (2-3 жас)-20 3. «Ботақан» ортаңғы тобы (3-4 жас)-20 4. «Балауса» ортаңғы тобы (3-4 жас)-20 5. «Балдырған» тобында (4-5 жас)-22 6. «Қарлығаш» тобы (4-5 жас)-22
, 2020– 2021 оқу жылына талдау Топтар стандарт бойынша яғни бес сала бойынша толық жабдықталған. Тәрбиешілердің барлығының педагогикалық мамандығы бар. Балабақшада оқу-тәрбие жұмысы меңгерушісінің жылдық жоспарына сәйкес жүргізіліп отырады. Педагогикалық кеңестер,ата-аналар жиналысы,меңгеруші жанындағы кеңес,өндірістік кеңестер жоспарға сай өткізіліп отырды. Ата-аналар комитетімен балабақша ұжымы барлық мерекелерді,іс-шараларды бірлесе отырып өткізеді.Жылдық жоспар бойынша «Ашық есік күні» өткізіледі. Ата-аналар күні бойы балалардың күн тәртібімен танысып ,тамақтарының сапасына көңіл бөліп тұрады. Сонымен қатар ұйымдастырылған ашық оқу қызметтеріне қатысып,балалардың білімін көріп өз пікірлерін айтып жатады. Балабақша ішілік мерекелік ертеңгіліктер ата-аналардың қатысуымен өткізілген,ұйымдастырылған оқу қызметтері өз деңгейінде өткізіліп отырады. Топ арасында жалпы ата-аналар жиналысын өткізіп,онда ата-аналар комитетімен тығыз байланыста жұмыс жасалады.
«Ө.Тұрманжанов» жалпы орта мектебімен жыл бойына тәрбиеші мен мұғалімдер бір-бірінің ұйымдастырылған ашық оқу –іс әрекетіне қатысып әдіс алмасып отырды.. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша балабақша территориясын абаттандыру жыл сайын жүргізіліп келеді.. Алайда 2020 жылдың 18 наурыз күні Ордабасы білім бөлімі басшысының бұйрығымен бүкіләлемдік covid-19 індетінің таралуына байланысты балабақша карантинге жабылып ,жаңа оқу жылын қыркүйектің 10 ынан бастап ашылды . Балабақшадағы оқыту жұмысы «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына», «Үлгілік» оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 2020-2021оқу жылының жылдық жоспары 31 тамыз 2020ж №1 педагогикалық кеңес қаулысына сәйкес бекітілді. Жаңа оқу жылының негізгі мақсат-міндеттері: Қоршаған орта мен экология негіздерін танымдық зерттеу іс-әрекеттері арқылы тәрбиеленушілердің парасаттылық, шығармашылық және тілдік қабілеттерін дамыту. Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда коммуникативтік- тілдік және танымдық құзыреттіліктерді байланыстыра жүргізу арқылы балалардың білім-білік дағдыларын жетілдіру. Таным зерттеу іс-әрекетін «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім салаларымен интеграция әдісін қолданып жұмыс жасалды. Осы мақсаттарды басшылыққа ала отырып, жоспар бойынша оқу жылында 5 педагогикалық кеңестің отырысы бекітілген. Педагогикалық кеңесте қаралатын мәселелер хаттамаларда көрініс тапқан. Білім беру ұйымы өзінің қызметін жылдық жоспарға сәйкес апталық, айлық жоспарлары арқылы жүзеге асырады. Сабақ кестесі мемлекеттік стандартқа сай түзіліп, 31тамыз 2020ж №1 педагогикалық кеңес қаулысына сәйкес бекітілді. 2020-2021 оқу жылында жас мамандармен жұмыс жоспарлары жасалған, меңгеруші жанындағы кеңесте қаралып, №64 өндірістік бұйрық негізінде жас мамандарға тәлімгер Д .Иманбай бекітілген. Балабақша әкімшілігі және бекітілген тәлімгер тарапынан жас мамандардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысып, бағыт-бағдар беріп отырып, бақылау жасалынған. Жас мамандармен сұхбат, тәжірибе алмасу кеңестері жүргізіліп отырды. 2020-2021 оқу жылына жылдық жоспарға сай ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері өтілді..Барлық ашық ұйымдастырылған оқу қызметі жоспарланған мерзімде төмендегі бағыттар бойынша өтілді: Өткізілген ашық оқу қызметінде бес саланы байланыстыра өтілді. Слайд қолданды, көрнекіліктері талапқа сай. Балалар тапсырманы дұрыс орындады тақырып толық қамтылды ,сонымен қатар ертеңгіліктер ,мерекелік іс-шаралар «Жомарт күз», «Елін сүйген Елбасы,», «Тәуелсіз елдің ұландары» , «Аяулы анам, күнім сен», «Жыл басы-Наурыз», «1мамыр-бірлік күні», « Бейбіт күн жасасын әлемде», «Балауса бағым шаттықпен қуаныш ордасы» өткізілді Жалпы балабақшада 17 педагог жұмыс жасайды.Әдістемелік кабинеттегі жұмыстар жоспарға сай жүргізілді.Олар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талабы бойынша балабақшаның күн тәртібін құру жұмысынан бастап оқу қызметін болжау технологиялық карталарын жасау,сайыс ережелерін құру,педагогикалық кеңестерге материалдар даярлау,жалпы педагогтың сапалық құрамын анықтау,базалық оқу жоспарын,ҰОҚ-нің кестесін құру т.б.осы сияқты жұмыс түрлері уақытылы жүргізілді.Бала өмірін қорғау денсаулығын нығайту барысындағы жұмыс түрлері маусымдық берілетін кеңестер,спорттық мерекелер,денсаулық күндері жоспарға сай өткізілді.Сауықтыру – шынықтыру жұмыстарынан ертеңгілік шынықтыру жұмыстары мен сергіту жаттығулары,ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары жүргізіліп келеді.Медбикелер денсаулық экранын шығарып тұрады,бала қатысын ай сайын сараптап талдау жүргізіп келеді Жұмыс уақыты сағат таңғы 08.00-ден 18.30 ға дейін.МДҰ 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген.Балабақша мемлекеттік тілде жұмыс істейді.Жоба қуаттылығы:140 орын.120 бала тәрбиеленуде.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.52.243 (0.011 с.) |