Жол берілмейтіндігі туралы ескерту 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жол берілмейтіндігі туралы ескерту



ҚОЛХАТЫ

 

Энск қаласы                                                           2016 жыл 12 қазан                                              

    Мен, Аміров Мейрлан Жанатұлы, Энск қаласы, Н. Әбдірова көш. 47 үй, 28 пәтер мекен жайы бойынша тұрамын, Энк қаласы прокурорының келісімінсіз сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 20__ жылы «12» қазанда №5874 тіркелген іс жүргізу бойынша менің қатысуыммен жүргізілген тергеу әрекеттерін жүргізген кезде маған белгілі болған қылмыстық іс жүргізудегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтерін жариялауға жол берілмейтіндігі туралы маған ескертілгені туралы осы қолхатты беремін.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 423-бабы бойынша прокурордың келiсуiнсiз істегі мәліметтерді жария ету үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілдім.

 

Ескертілдім                                        ________________ М.Ж. Әміров

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Жәбірленушіге азаматтық талап

қою құқығын түсіндіру

ХА Т Т А М А С Ы

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, ІІБ-да 05.01.2016 жылы сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне алаяқтық туралы тіркелген №15001 санды қылмыстық іс құжаттарын қарап шығып, сондай – ақ осының салдарынан жәбірленуші Данияр Омарханұлы Сарсенбаевқа материалдық нұқсан келтіргендерін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 110, 166, 167, 169, 170,171 баптарының талаптарын сақтай отырып, Энск қалалық сотына жәбірленуші Д.О.Сарсенбаевқа осы қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қоюға құқығы бар екендігін түсіндіріп, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199 бабына сәйкес осы хаттаманы толтырдым.

Д.О.Сарсенбаевқа Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 73 бабында көрсетілген құқықтарым мен міндеттерін түсіндірілді: 1) күдіктің, айыптаудың мәнiн бiлуге; 2) дәлелдемелердi ұсынуға; 3) қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге; 4) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға; 5) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге, ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар мен түсiнiктемелер беруге; 6) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға, өкiлiнің болуына; 7) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға; 8) өзiнiң өтiнiшхаты бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 9) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талап қоюға қатысты материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға; 10) өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; 11) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға; 12) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге; 13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге; 14) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге; 15) соттың үкiмi мен қаулыларына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға; 16) iс бойынша азаматтық талап қою бөлiгiнде келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге; 17) мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; 18) осы Кодекстiң 173-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, келтiрiлген зиянның өтемақысын жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының қаражаты есебінен алуға; 19) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.

Өзінің жоғарыда аталған құқықтарымен танысып шыққан жәбірленуші Д.О.Сарсенбаев азаматтық талап қоюды қалайтындығын (қаламайтындығын) туралы, «_сот отырысында азаматтық талап беретіндігін білдірді».

     Жәбірленуші: _____________________________________  

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

 

  Шығ. 2-9/53-7

11.01.201жг.

                                                                      Энск қ. ІІБ ӘПБ бастығы

                                                                      А.Н.Мустафинға.

                                                                      Энск қ. ІІБ КПБ бастығы                                                               А.С. Курмановқа.

                                              

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 188 бабы 3 бөлім тәртібіне сәйкес

ТАПСЫРМА

 

Энск қ. ІІБ тергеу бөлімінде «Динара» есімді қызға қатысты алаяқтық туралы қылмыстық іс тергелуде, ол вокзал жанында аз. Д.О.Сарсенбаевті алду арқылы жалға пәтер беремін деп, ұялы телефонын ұрлап кеткен.

    Жәбірленушінің берген жауабына сәйкес азият ұлтты «Динара» есімді қыздың, жасы 30-35 шамасында, орта бойлы, толық денелі, азият ұлтты, үстіне қара түсті капюшоны бар шуба киген.

    Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып Сізден, Сізге бағынышты қызметкерлерге «Динара» есімді қыздын мекен жайын анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізу туралы тапсырма беруінізді сұраймын.

    Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 188 бабы 3 бөліміне сәйкес тапсырманы орындау мерзімі 10 тәуліктен аспау керек.

    «Динара» есімді қыздын мекен жайы анықталған жағдайда, ұялы телефон арқылы 87770130000 тергеуші К.С.Алимхановқа хабарлауынызды сұраймын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

 

===========================================================

 

                                                             Энск қ. ІІБ ТБ-нің бастығы

полция майоры К.С.Алимхановқа

 

БАЯНАТ

 

    Сізге мәлімет, 27.01.2016 жылы сағат 10-00 шамасында мен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында, вокзал жанында, жасы 30-35 шамасында, орта бойлы, толық денелі, азият ұлтты, үстіне қара түсті капюшоны бар шуба киген қызға кездестім.

    Алаяқтық жасағандығы туралы күдікті болуына байланысты және оның жеке басын анықтау мақсатында мен, ол қызға келіп, одан жалға пәтер барма деп сұрадым. Одан кейін қыз өзін «Динарамын» деп таныстырып, жалға бір бөлмелі пәтер бар тәулігіне 10000 теңге деп айтты. Сосын мен «Динара»есімді қызға айтым қазір өзіммен бірге ондай ақша жоқ, досыма қонырау соғып қарызға ақшам сұрап аламын дедім, ол тоса тұруға келісті.

Содан кейін мен тез арада тергеуші К.С.Алимхановқа қоңырау соғып, ол вокзал жанына келіп «Динара» есімді қызға Энск қ. ІІБ тергеушісімін деп қызмет куәлігін көрсеттіп, одан жеке бас құжатын көрсетуін сұрады, ол өзіммен бірге еместігін айтты. 

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 129 бабы 1 бөліміне сәйкес «Динара» есімді қызды Энск қ. ІІБ-на процессуальдық мәжбүрлеп жеткізу арқылы қолданылды.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Санкция берілмеген мәжбүрлеп алуды жүргізілгендігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Энск қ.                                                                            2016 ж. 6 қаңтар

 

Мен, Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев 2016 ж. 05 қаңтарда 15 сағ. 25 минуттан 16 сағ. 15 минутқа дейін Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 253, 254-баптарына сәйкес күдікті А.А. Нүркеновтің тұратын Энск қаласы, 27 мөлтек аудан 26 үй, 17 пәтер мекен жайы бойынша №15471003100020 санды қылмыстық іс материалы бойынша санкция берілмеген мәжбүрлеп алуды жүргіздім.

Мәжбүрлеп алуды, прокурор санкциясысыз жүргізу қажеттілігі А.А. Нүркеновтің жоғарыда аталған заттай дәлелдемелерді өз еркімен беруден бас тартуына, сондай-ақ алынуға жататын нәрселер олар табуды кідірту салдарынан жоғалып кетуі, бүлдірілуі немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін нақты қауіпі болуына байланысты жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген мекен жайдан мыналар алынды: бір бейсбол битасы және қолдан жасалған (тоқылған) екі маска, олардың пайда болуы туралы А.А. Нүркенов түсіндіруден бас тартты.

Алынған нәрселер буылып-түйіліп, ол туралы тиісті хаттама жасалды.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны        (қолы)                       Н.Н.Мукашев

 

 

__________

(құпиялық гирфі)

Энск қаласы ІІБ

КПБ бастығы

Н.Смайловқа

 

Орынға жасырын кіруді және тексеруді жүргізу туралы

ТАПСЫРМА

 

 

Энск қ.                                                                            2016 ж. 1 қазан

                                                                                             

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н.Мукашев №16777999111 қылмыстық істі тергеудемін.

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Энск қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдар кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256 Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257 000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Энск қаласы Байтұрсынов көш.,16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті. Сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Қылмыстық іс бойынша олардың мүддесін қозғайтын қылмыстық процеске тартылған адамдарға хабарламай, дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 232, 247-баптарын басшылыққа алып, тапсырамын:

1. «Айдар» мен «Жорик» деген есімді ер адамдарға қатысты 02.10.20__ бастап 06.10.20__ дейін кезеңде Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге жасырын кіріп, оны тексеру жүргізілсін.

2. Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелері туралы дереу маған хабарлансын.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Энск қ. прокуроры

әділет кеңесшісі

Д.Қасымбеков

 

 

Санкция берілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізгендігі туралы

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 234-бабының 3-бөлігіне сәйкес №14777999111 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша 30.09.20__ жылы
Д.О.Мырзаевтан ұрлау фактісі бойынша қылмыстық оқиғаны тергеу барысында Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру – жасырын тергеу әрекеті жүргізілгенін, оның барысында қылмыстық іс үшін маңызы бар заттай дәлелдемелер туралы мәліметтердің анықталғанын хабарлаймын.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.Н.Муқашев

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілімдемесіне № 14777999111 енгізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін

 ұзарту туралы

ӨТІНІШ

 

 

Энск қаласы                                                     20__ ж. 30 қараша                                                            

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев № 16777999111 қылмыстық іс материалдарын қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Энск қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдап кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №169643879256 Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257,000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті, сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Осы факт бойынша Энск қаласы Байтұрсынов көш., № 89 үйдегі № 16 пәтерге кіру және қарап-тексеру – жасырын тергеу әрекеті жүргізілгенін, алайда бұл тергеу әрекеті нәтиже бермеді.

Осыған байланысты, пайдалануда болған тұрмыстық техниканы қабылдау пункттері мен сату нүктелерінде сұраулар мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қажет.

Жасырын тергеу әрекеттері белгілі бір адамдарды бақылауға байланысты болады.

Аталған тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір айдан кем емес мерзім қажет.

Жазылғандардың негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 192,198-баптарын басшылыққа алып,

1. 20__ жылы «30» қыркүйекте сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде № 14777999111 енгізілген материал бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі 3 айға дейін, яғни 20__ жылғы 30 желтоқсанда дейін ұзартуды СҰРАЙМЫН.

2. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы барлық мүдделі адамдарға хабарлансын.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.Н.Мукашев   

  =========================================================

Мүлікті тәркілеуді жүргізу қажеттілігі туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

Энск қ.                                                                    2016  жылғы 01 ақпан.

 

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, тәркілеу туралы материалдарды қарап, тәркілеу туралы іс жүргізуде мүліктің заңсыз жолмен алынғаны жөнінде жеткілікті дәлелдемелердің жиналғанын танып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 668-бабын басшылыққа алып, осы төмендегілер туралы қорытынды жасады.

Арсен Жанатұлы Наурызбаев, 27.02.1986 ж.т., Энск қаласы, Республика даңғылы, 26-үй, 13-пәтер мекенжайы бойынша тұрады.

20__ жылы 3 тамызда шамамен 23 сағатта кілттерді таңдап алу арқылы Энск қаласы Комсомольская көш., 36 – 98 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге заңсыз кіріп, аз. Д.К. Сарсеновтен 430.000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты жасырын ұрлап, осыдан кейін құқық бұзушылық жасаған жерден жасырынған.

20__ жылы 4-7 тамыз кезеңінде А.Ж.Наурызбаев ұрланған ақшалай қаражат есебінен «Планета электроники» дүкенінен жеке меншігіне құны 150.000 теңге тұратын «HP» маркалы дербес компьютер және құны 200.000 теңге тұратын «Panasonik» маркалы телевизор сатып алған, қазіргі уақытта олар оның тұрғылықты тұратын жерінде орналасқан.

Қылмыстық қудалау жүргізу барысында А.Ж.Наурызбаевтың жеке меншігінде тәркіленуге жататын «HP» маркалы дербес компьютер мен «Panasonik» маркалы телевизор бар екені, олардың оның тұрғылықты тұратын жері Энск қаласы, Республика даңғылы, 26-үй, 13-пәтер мекенжайы бойынша тұрағаны анықталды.

Тәркілеу үшін негіз болатын көрсетілген мүліктің күдікті
А.Ж.Наурызбаевқа жататынын және оның қылмысқа қатыстылығын растайтын дәлелдемелерді мына нақты деректер құрайды: күдікті А.Ж.Наурызбаевтың мойындау жауаптары, куәлар А.Х. Хасенов пен С.К. Шакеновтың Наурызбаевтың ұзақ уақыт тұрақты жұмыс орнының болмағаны, сонымен бірге ол 20__ жылы 4-7 тамыз кезеңінде дербес компьютер мен телевизор сатып алғаны, яғни аз. Д.К. Сарсеновтен ақшалай қаражатты ұрлағаннан кейін сатып алғаны туралы жауаптары.

Жазылғандардың негізінде аз. Д.К. Сарсеновке келтірілген материалдық зиянты өтеуге шаралар қабылдау мақсатында аз. Арсен Жанатұлы Наурызбаевқа тиесілі мүлікті тәркілеу туралы өтінішпен Энск қаласы Октябр ауданының сотына жүгіну қажет.

Осы қорытынды Энск қаласы Октябр ауданының прокурорына жіберілуге жатады.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

Энск қаласы

Наурыз ауданы

Рыскулов көш., 63,

М.К.Елубаевқа

Энск қаласы

Мустафин көш.,45-15

М.О.Балташовқа

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 294-бабына сәйкес Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы №23559 тіркелген №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша күдікті Д.Е.Казбековке қатысты алдын ала тергеу іс жүргізуі аяқталғанын және қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілуге жатады.

Бір мезгілде Сізге қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа да процестік шешімдер қабылдау туралы өтініштер мәлімдеу құқығыңызды түсіндіреміз.

Осыған байланысты, Сізге 10.10.20__ жылы сағат 10.00-ге дейін №15631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен жәбірленуші ретінде танысу үшін Энск қаласы ІІБ Сарыарқа полиция бөлімінің ТБ №313 кабинетіне келу қажет.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Энск қаласы

Виноградов 12-63

Д.Е.Казбековке

Энск қаласының

Адвокат тар алқасының

Адвокату

Е.С.Болатовақа

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 294-бабына сәйкес Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы №23559 тіркелген №16631003103716 сотқа дейінгі тіркеп-тексеру материалдары бойынша күдікті Д.Е. Казбековке қатысты алдын ала тергеу іс жүргізуі аяқталғанын және қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілуге жатады.

Бір мезгілде Сізге қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа да процестік шешімдер қабылдау туралы өтініштер мәлімдеу құқығыңызды түсіндіреміз.

Осыған байланысты, Сізге 10.10.20__ жылы сағат 11.00-ге қарай №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен күдікті ретінде танысу үшін Энск қаласы ІІБ полиция бөлімінің ТБ №313 кабинетіне келу қажет.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Энск қаласы

Қазыбек би ауданы

Рыскулов көш., 63,

М.К.Елубаевқа

Энск қаласы

Мустафин көш., 45-15

М.О.Балташовқа

 

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 294-бабына сәйкес Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы№23559 тіркелген №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша күдікті Д.Е.Казбековке қатысты алдын ала тергеу іс жүргізуі аяқталғанын және қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілуге жатады.

Бір мезгілде Сізге қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа да процестік шешімдер қабылдау туралы өтініштер мәлімдеу құқығыңызды түсіндіреміз.

Осыған байланысты, Сізге 10.10.20__ жылы сағат 10.00-ге дейін №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен жәбірленуші ретінде танысу үшін Энск қаласы ІІБ полиция бөлімінің ТБ №313 кабинетіне келу қажет.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Энск қаласы

Виноградов 12-63

Д.Е.Казбековке

Энск қаласының

Адвокат тар алқасының

Адвокаты

Е.С.Болатовақа

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 294-бабына сәйкес Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы №23559 тіркелген №16631003103716 сотқа дейінгі тіркеп-тексеру материалдары бойынша күдікті Д.Е.Казбековке қатысты алдын ала тергеу іс жүргізуі аяқталғанын және қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілуге жатады.

Бір мезгілде Сізге қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа да процестік шешімдер қабылдау туралы өтініштер мәлімдеу құқығыңызды түсіндіреміз.

Осыған байланысты, Сізге 10.10.20__ жылы сағат 11.00-ге қарай №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен күдікті ретінде танысу үшін Энск қаласы ІІБ полиция бөлімінің ТБ №313 кабинетіне келу қажет.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Санкция берілмеген мәжбүрлеп алуды жүргізілгендігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Энск қаласы                                                          2016 ж.6 қаңтар

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, 2016 ж. 05 қаңтарда 15 сағ. 25 минуттан 16 сағ. 15 минутқа дейін Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 253, 254-баптарына сәйкес күдікті А.А. Нүркеновтің тұратын Энск қаласы, 27 мөлтек аудан 26 үй, 17 пәтер мекен жайы бойынша №15471003100020 санды қылмыстық іс материалы бойынша санкция берілмеген мәжбүрлеп алуды жүргіздім.

Мәжбүрлеп алуды, прокурор санкциясысыз жүргізу қажеттілігі А.А. Нүркеновтің жоғарыда аталған заттай дәлелдемелерді өз еркімен беруден бас тартуына, сондай-ақ алынуға жататын нәрселер олар табуды кідірту салдарынан жоғалып кетуі, бүлдірілуі немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін нақты қауіпі болуына байланысты жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген мекен жайдан мыналар алынды: бір бейсбол битасы және қолдан жасалған (тоқылған) екі маска, олардың пайда болуы туралы А.А. Нүркенов түсіндіруден бас тартты.

Алынған нәрселер буылып-түйіліп, ол туралы тиісті хаттама жасалды.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

 

========================================================

Энск қ. прокуроры

әділет кеңесшісі

Д.Қасымбеков

 

Санкция берілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізгендігі туралы

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 234-бабының 3-бөлігіне сәйкес №16777999111 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша 30.09.20__ жылы Д.О.Мырзаевтан ұрлау фактісі бойынша қылмыстық оқиғаны тергеу барысында Шымкент қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру – жасырын тергеу әрекеті жүргізілгенін, оның барысында қылмыстық іс үшін маңызы бар заттай дәлелдемелер туралы мәліметтердің анықталғанын хабарлаймын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Адамды жеткізу туралы

АНЫҚТАМА

 

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

Ильяс Ыбырай Болатович 20__ жылы 10 қаңтарда 11 сағат 20 минутта Энск қаласы Панфилов көш., 2-үй, 3-пәтер мекенжайы бойынша тұрады, «Энск-Мәскеу» бағыты бойынша жүретін №111 жолаушылар поезінда ұсталып, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау үшінкөліктегі ІІД ғимаратына жеткізілгені туралы берілді.

Оны ұстау үшін негіздердің болмауына байланысты Ильяс Ыбырай Болатович 20__ жылы 10 қаңтарда 12 сағат 40 минутта жіберілді.

Анықтаны берген:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Көрінеу дұрыс аудармағаны үшін қылмыстық



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2021-05-27; просмотров: 129; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.93.210 (0.152 с.)