Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ODBC технологиясы (Open Database Connectivity).

Поиск

ODBC - SQL деректер қорына немесе (Excel) текстік деректеріне, ISAM деректер қорына қатынау орындалатын деректер типіне тәуелді емес деректер қорын өңдеуде функционалдық мүмкіншіліктерді қолданбалы өңдеушілерге ұсынуға арналған. Бұл мақсат ODBC әрбір драйверін орнату жолымен іске асырылады. Драйвер ODBC спецификацияларына сәйкес келуі керек. Бұл талаптар қосымшаны өңдеушіге барлық уақытта функционалдық мүмкіншіліктеріне кепілдік береді. Егер қолданылатын деректер форматы негізгі функционалдық мүмкіншіліктерді ұстамайтын болса, онда ODBC драйвері бұл функцияларды эмулирлеуі керек. ODBC көмегімен кез-келген ДҚБЖ манипулирлеуге болады (тіптен деректер қорына тікелей қатысы жоқ мәліметтерді де, мысалы электрондық кесте немесе текстік файлдардағы мәліметтерді), егерде оларға ODBC-драйвері бар болатын болса.

Әрбір қолданылған ДҚБЖ өзіндік ODBC-драйвері керек. ODBC туралы айтқан кезде ODBC спецификациялары ODBC-драйверлеріне бірнеше стандарттарды қарастыратының көрсету қажет. Бұл стандарттар осындай драйверлерде іске асатын әртүрлі функционалдылығымен ерекшеленеді. Деректер көзімен байланысу тәсілі, қателер туралы хабарлама алу, сонымен бірге тіркелудің стандартты интерфейстері барлық драйверлерге жалпы болып табылады. Драйверлерді унифицирлеумен қамтамасыз ету үшін негізгі талаптар ұстанылады. Қолданбалы программалардың әртүрлі ДҚБЖ қатынасы деректерге қатынаудың ашық интерфейсін көрсетуде өзінің функциялар кітапханасын ұсынады. Мұнда SQL құрылымдық сұрау тілі қолданылады. Сонымен қатар қолданбалы программаны өңдеуші виртуальді деректер қорына программа құра алады және берілген қолданбалы программаларда қолданылатын жүйе немесе нақты ДҚБЖ логикалық деректерді жүктелетін драйверлерге түрлендіруге мүмкіншілік береді.

ODBC артықшылығы оның портативтілігімен және қолданбалы программалардың кодымен өзара қарым-қатынасында. Қолданбалы программаларды өңдеушілерге ODBC-ны стандартты интерфейс ретінде қарастырады, сонымен бірге драйверлер кітапханасын өңдеушілерге де қатысты.

ODBC архитектурасы негізгі төрт компонеттен тұрады:

- қолданбалы программа;

- драйверлер диспетчері;

- драйвер;

- деректер көзі.

ODBC интерфейсін қолданушы қосымшалар келесі есептерді орындайды:

Деректер көзімен байланысқа сұрау жасатады. Деректер көзіне SQL-сұрау жібереді. SQL-сұрау нәтижелер форматын және сақтау аймағын бейнелейді. Деректерге сұрау жасайды. Қателерді өңдейді. Қателер туралы хабар береді. Транзакция режимінде іс-әрекет жасайды немесе фиксацияны іске асырады. Деректер көзімен байланысты жабады.

Драйверлер диспетчері ODBC құралдар жиынымен бірге кітапханамен динамикалық байланысты болып табылады, ол әртүрлі драйверлер үшін ODBC функцияларына кірудің жалғыз нүктесін қамтамасыз етеді.

ODBC интерфейсі функциялары жеті топқа бөлінеді:

1. Белгілеу және белгілеуді қайтару: айналу идентификаторы, байланысу идентификаторы, оператор идентификаторы.

2. Байланысу;

3. SQL-операторларының орындалуы;

4. Нәтижені алу;

5. Транзакциямен басқару;

6. Қателерді идентификациялау;

7. Араласқан функциялар.

Белгілеу және белгілеуді қайтару.

Айналу идентификаторы деректер қорын анықтайды, байланысу идентификаторы деректер қорымен байланысуды анықтайды және оператор идентификаторы жеке SQL-операторын анықтайды.

Айналу идентификаторы. Бұл идентификатор ауқымды ақпараттар үшін жады аймағын көрсетеді. HENV типіның айнымалысы сонымен бірге деректер қорымен барлық байланыстар туралы ақпараттарды жинайдыжәне қай байланыс ағымдағы екенін анықтайды.

Байланысу идентификаторы.Бұл идентификатор нақты байланыспен ақпарат үшін жады аумағын көрсетеді. Байланысудың әрбір идентификаторы жалғыз айналу идентификаторымен ассоцирленетін болса, онда ол жалғыз айналу идентификаторында бір немесе бірнеше байланысу идентификаторлары бар болады.

Оператор идентификаторы. HSTMT типіне жататын бұл идентификатор SQL-операторы туралы ақпаратты сақтау аймағына көрсететін типке жатады. Қолданбалы программа SQL-сұрауды бермес бұрын оператор идентификаторын сұрауы қажет. Бұл уақытта оператор идентификаторы жалғыз байланысу идентификаторымен байланыс жасайды.

Байланысу.

Қолданбалы программаларда орындалуды басқаруда байланысудың идентификаторлар белгіленуі мүмкін. Байланысудың идентификаторлары белгіленген соң операторлар идентификаторлары белгіленуі мүмкін. Осы функциялардың көмегімен сіз деректер қорының серверімен өз байланысуыңызды орната аласыз.

SQL операторларының орындалуы.

SQL-операторларының орындалуы және анықталуында екі тәсіл бар: алдын-ала дайындалған және уақытылы дайындалған.

Нәтижені алу.

Бұл функциялар жиыны SQL-операторларының нәтижелі көпшесінде деректерді қайта орнына келтіруді басқарады және нәтижелі көпшеде мұндай ақпаратты қайта орнына келтіру: бағанды жазу және оның атрибуттарын, келесі қатарды алу, SQL-операторлары әсер ететін қатарлар санын санау, және т.б.

Транзакциямен басқару.

Бұл функция транзакцияны аяқтауға мүмкіншілік беред немесе транзакцияның басына келуді іске асырады.

Қателерді идентификациялау.

Қателерді идентификациялау функциялары көрсетілген идентификатормен байланысты қате туралы ақпаратты қайтарады

Араласқан функциялар.

Араласқан функциялар бұл топта SQL-оператордың орындалуын аяқтауға мүмкіншілік береді. CORBA – қосымшасы моделі дәстүрлі программалар моделінен ерекшеленеді. Мұндай жүйелер өрмекшінің торына ұқсас болып келеді: клиент кез-келген минутта сервер бола алады, қолданушы сол уақытта қандай сервермен жұмыс жасап отырғаның білмей де қалуы мүмкін, ал егер жоба өте жақсы орындалған болса, онда қателерді байқау түк те білінбейді. CORBA технологиясын қолданып программаны іске асыруда қоладынылатын тактика: керек объектімен байланысу, оның функцияларын пайдалану және онымен байланыстан шығу. Осындай циклдар жүздеген болуы мүмкін. Программаларды құруда CORBA негізінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін: объектілі-бағытталған талдау және модельдеу, объектілерді трансляциялау және жазу, серверді құру, клиентті құру және т.б. болып табылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-24; просмотров: 485; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.5.179 (0.01 с.)