Дистиллятор, дистилдентен сумен ыдыс. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дистиллятор, дистилдентен сумен ыдыс.



Бактерицидтік шам.

9. Кушетка, орындық.

10. Көктамыр жүйесінің штативі.

11. Жинау үшін қолданылатын дезинфекциялық ерітінділер мен жуу құралдарын сақтайтын тумба.

v Процедуралық мейірбике жұмысқа кіріспей тұрып бөлмені дымқыл шүберекпен тазалап сүртеді.

v Мейірбике халатын, бас киімін киіп, қолын жуады.

v Залалсыздандырылған столдың үстіне аспаптарды, яғни шприц инелермен т.б. қойып, дайындайды.

v Науқастардың тізімін тексеріп, оларды егуге шақыру ретін құрады.

v Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға құйылатын дәрілерді құюды нашар халдегі науқастардан бастайды.

Егу бөлмесінің мейірбикесі плеврадан, іштен сары су алуға аспаптарды дайындап, дәрігерге көмектеседі, сонымен қатар осы процедура кезінде науқастың жағдайын бақылап отырады. Мейірбике егу бөлмесінің дәрі-дәрмектерін толықтырып отырады. Егу бөлмесінде тәжірибесі мол, өз мамандығының шебері, егу жұмысын жақсы білетін мейірбике жұмыс істеуі керек. Мейірбике егу кабинетінің тазалығына көңіл бөліп, өз жеке басының да таза болуын ұмытпауы тиіс.

Егу бөлмесін жинау

1. Күнделікті жинау 2 рет 1 % хлорамин ерітіндісімен немесе басқа зарарсыздандыру ерітінділерімен 0, 5 % жуу ерітіндісімен қоса.

2. Кварцпен өңдеу- күніне 4 рет 20 минут.

3. Соңғы (генеральды) жинау аптасына бір рет аға мейірбике даярлаған және бөлім меңгерушісі бекіткен кестесі бойынша.

Ине егетін бөлмеге жалпы жинастыру жүргізу

Қажетті заттар:

Шелек, швабра, шаралар, еден жуу үшін шүберек, залалсыздандырылған шүберек, гидропульт, сабын, кальциленген сода, зарарсыздандыру ерітіндісі, өлшемі бар ыдыстар, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялайлар.

Іс- әрекеттер:

1. Орамалды байлап, халатты, алжапқышты, биялайды киіңіз.

2. Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеу қажет: 1 % кальций гипохлориді ерітіндісі немесе басқа да зарарсыздандыру ерітіндісін.

3. 2 % сабынды-содалы ерітіндіні (200 грамм сабын, 200 грамм кальциленген сода, 9 л 600 мл су) әзірлеңіз.

4. Бөлмені дайындаңыз: жиһаздар мен заттарды қабырғадан ортаға қарай ығыстырыңыз.

5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітінділерінің біріне малып, заттар мен жабдықтарды сүртеді. Қабырға мен төбеге, еденге гидропультпен зарарсыздандыру ерітіндісін шашып, 1 сағатқа бөлмені жауып қояды.

6. Осындай тәртіппен 2 % сабынды содалы ерітіндімен сүртеді.

7. Барлығын таза сумен шаю қажет.

8. Залалсыздандырылған шүберекпен құрғата сүртіңіз.

9. Таза халатты киіп, жиһаздар мен құралдарды орнына қойыңыз.

10. Бактериоцидті шамды 2 сағатқа қосыңыз.

11. Бөлмені желдетіңіз (20-30 минут)

12. Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып, сумен шайып, құрғатып, арнайы бөлмеде сақтаңыз.

Ескерту! Терапия бағыттағы бөлмелерге (палаталар, дәліз, дәрігерлік бөлме, медицина қызметкерлері үшін бөлмелер, төсек орын сақтайтын бөлме) айына бір рет, ал хирургиялық бағыттағы бөлмелерге (ине егу, таңғыш таңу, операциялық, операциядан шыққан пациенттерге арналған палаталар, босану залдары, жаңа туған балалар мен шала туған балаларға арналған палаталар, жұқпалы ауруларға арналған бокстар, бактериологиялық және вирусологиялық зертханалар) аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі.

Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты:

v Санитарлық гигиеналық талапты сақтау;

v Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру күніне екі рет ылғалды әдіспен, кей жағдайда жиірек жүргізіледі. Жинастыру құралдарында (шелек, шара, шүберек, швабра) жинастырудың түрі мен бөлменің аты көрсетілуі тиіс және олар өз мақсатында қолданылуы қажет, қолданылуы бойынша бөлек сақталуы керек.

Қажетті заттар:

Шелек, швабра, шара, еден шүберек, таза шүберек, зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.

Іс- әрекеттер:

  1. Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке биялайды киіңіз.
  2. Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз.
  3. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып жиһаздарды, терезе алдын сүртіңіз. Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай.
  4. Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидтік шамды 30 минутқа қосыңыз.
  5. Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шүберек пен қабырға сүртетін шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек –бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

1. Ампуланы ашқанда шыны сынықтарымен жаралану мүмкін, сондықтан міндетті түрді мақта шаригін қолдану керек.

Жаралану жағдайындағы көмек:

- жарада шыны сынығы болса, алып тастау;

- жараны сутегінің асқын тотығымен жуу;

- жараның шет-шеттеріне бриллиант көгі ерітітіндісін жағу;

- жараға құрғақ асептикалық таңғыш байлау;

2. Қолданылған инені шприцтен алғанда, залалсыздандыру үшін инелерді

орағанда, қол саусақтарын шаншып алу мүмкін. Қауіпсіздік шаралары:

қолданылған шприцке қақпақ кигізбеу.

3. Иненің өткізгіштігін тексергенде саусақпен канюляны ұстап тұру керек,

өйткені ине шприц конусынан атып кетіп, маңайдағыларды жарақаттауы

мүмкін.

4. Спиртке малынған мақтамен инені жабуға мүлдем болмайды, себебі

мақтаның талшықтары тері астындағы инфильтрат пен іріңдеуді

туғызады.

Жеке қауіпсіздік барьерлері

Медициналық резеңке қолғапты киіп, алды жабық халат, бетіне бетперде, басына орамал киеді. Медициналық қызметкерлер құралдармен жарақаттанғанда дәрігерге дейінгі көмек көрсете білуі қажет.

Медбикенің терісі мен киіміне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтар түсуі

Ластанған арнайы киімдерді сыртқы жағынан ішкі жағына қарай шешу. 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойыңыз. Шешкен киімнің орнын қайнатылған суда жуу. 70 ' этил спиртіне малынған мақталы тампонды қолға алып терідегі биологиялық сұйықтық қалдықтарды тампонмен сүрту. Тампонды арнайы ыдысқа тастау керек. Теріні сабынмен жуу.

Медбикенің көзінің кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Көзді жууға арналған ундинка стаканы, залалсыздандырылған салфетка, астауша, әлсіз калий перманганаты керек. Ундинканың ішіне әлсіз 0,05 % калий перманганат ерітіндісін құйып, салфеткамен көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай көзді сүрту керек.

Медбикенің бетіне немесе ерінінің терісіне науқастың биологиялық сұйықтықтары түскен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: 70 ' спирт, 0,05 % калий перманганаты, екі астауша, залалсыздандырылған салфетка. 0,05 % калий перманганатымен салфетканы малып алып науқастың бетін және ернінің терісіндегі сұйықтықтарды салфеткамен сүрту керек. Қолданылып болған салфеткаларды астаушаға тастау керек.

Медбикенің мұрнының кілегей қабығына биологиялық сұйықтық тиіп кеткен кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған екі астауша, 1% протаргол ерітіндісі, залалсыздандырылған тамызғыш, залалсыздандырылған мақта шаригі.

Тамызғышты алып 1% протаргол ерітіндісін сорып алып мұрынның шырышты қабатына тамызамыз да астаушаға еңкейтеміз. Ерітінді астаушаға ағады. Процедураны бірнеше рет қайталаймыз. Болғаннан соң залалсыздандырылған мақта шариктерін мұрынға енгізу керек.

Медбике қолының саусақтары потенциалды инфекция жұқтырған құрал жабдықтармен жарақаттануы болған кездегі іс әрекет

Дайындау керек: залалсыздандырылған 2 астауша, 70% спирт, 5% йод, залалсыздандырылған мақта шариктері, бактероцидті лейкопластыр, бір саусаққа арналған резиналық биялай.

Қолғапты шешпей тұрып жарақаттағы қанды сығып алу керек. Қолғапты шешіп 1% лизоформин ерітіндісіне салып қою. Қобдишаның ішінен 70% спирт немесе 5% йод ерітіндісін алу. Жарақаттанған жерді 70% спирт ерітіндісіне алынған мақталы шарикпен сүрту. Қан ағуды тоқтатпай сабынмен жуу, залалсыздандырылған мақталы шарикпен жарақаттанған жерді құрғату керек. Жарақаттанған жерді 70% спирт, 5% йод ерітіндісімен қайталап сүрту, жарақаттанған жерді бактериоцидті лейкопластырді жабыстыру. Саусаққа киюге арналған қапша, резиналық қолғапты кию. Күн сайын қолданылған құралдарды және таңу материалдарды санитарлық ережелер бойынша зарарсыздандыру керек. Қолданылған резиналық қолғаптарды 1% лизоформин ерітіндісіне 60 минутқа салып қою керек.

Есте сақтау керек!

Медициналық қолғап, шприцтің, системаның крафт пакеттерін (қауіпсіз қалдықтарды) «А» классын жинауға арналған ақ түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.

Таңу материалдарды, инъекцияға қолданған шприц инесімен, медициналық қолғап медицина қалдықтарын «Б» классын жинауға арналған сары түсті контейнерге немесе қорапшаға тастайды.

Егу жасауға дайындалу

Парентеральдық енгізу әдісі асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, өйткені залалсыздандыру бұзылған жағдайда ағзаға ауыр асқынулар тудыратын патогенді микроағзалар түсуі мүмкін. Соны ескеріп құралдар әр уақытта залалсыздандырылған, ал мейірбикенің қолдары мұқият түрде өңделген болуы керек. Егу жасаудың алдында медбике қолдарын кран астында сабындап жуады, содан соң спирттелген мақта шаригімен қолдарын өңдейді.

Шприцті залалсыздандырылғаннан кейін толық суыған жағдайда жинайды. Шприцті залалсыздандырылған пинцетпен залалсыздандырылған астаушада, стерилизатордың қақпағының ішкі жағында, крафт-пакетті жыртып - оның ішкі жағында жинайды. Шприцтің және инелердің дәрімен шектескен жерлеріне қолдарын тигізуге болмайды.

Егуді ауруханада немесе емханада егу жасайтын бөлмеде жасайды, ал халі нашар емделушілерге төсекте жасайды.

Егу жасайтын бөлменің жұмыс үстелінде йод, спирт, ампуланы ашатын егеуіш, ішінде мақта шариктері бар бикс, дезерітіндіде залалсыздандырылған пинсеттер болуы керек. Одан басқа егу жасайтын бөлмеде залалсызданырылған үстел болуы керек, яғни залалсыздандырылған ақжайма төселген үстел. Ақжайманың арасында залалсыздандырылған шприцтер, инелер, астаушалар жайылып қойылады. Үстелді тек қана қысқыштармен ұстап ашуға болады.

Егу жасауға арналған дәрілерді залалсыздандырылған ампулаларда және флакондарда шығарады. Шприцке дәріні сорып алудың алдында дәрінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқып, ерітіндінің мөлдірлігін тексеру керек. Әр инъекцияға 2 ине керек. Біреуі шприцке ампуладан дәріні сорып алу үшін, екіншісі егуді жасау үшін қажет. Бірінші иненің қуысы кең болғаны дұрыс. Инелердің ауыстырылуы залалсыздандыруды сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл талапқа ампуланың мойынын немесе флакон тығынын алдынғы өңделуі де жауап береді.

Егер майлы ерітінді енгізілсе, ампуланы жылы суға малып, 38 С дейін жылыту керек. Егу жасауға дайын шприцті палатаға ішінде залалсыздандырылған спиртке малынған мақта шариктері бар залалсыздандырылған астаушада науқасқа әкеледі.

Шприцті крафт- пакетте құрастыру

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Крафт-пакетті ашып, оның залалсыздандырылған ішкі жағын шприцті құрастыруға пайдаланыңыз.

2. Цилиндрді залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызға салыңыз.

3. Пинцетпен поршеньді алып цилиндрдің ішіне кіргізіп, қақпағын жалғаңыз.

4. Пинцетпен дәріні сорып алатын инені (бұл иненің диаметрі инъекция инесіне қарағанда үлкенірек) канюлядан алып, ине салатын конусқа иненің ұшына қолды тигізбей кигізіңіз.

5. Иненің канюлясын ине астындағы конусқа бағыттап саусақтарыңызбен жалғаңыз.

6. Шприцтен ауаны шығарып, иненің өтуін тексеріңіз.

7. Құрастырған шприцті пакеттің ішкі жағына салыңыз. Шприц дәріні сорып алуға дайын болды.

Залалсыздандырылған үстелден шприцті жинау

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Залалсыздандырылған ақжайманың бос шеттеріне бекітілген қысқыштардан ұстап залалсыздандырылған үстелді ашыңыз.

2. Залалсыздандырылған пинцетпен сол қолыңызбен залалсыздандырылған үстелден астаушаны алып, сол қолыңызға қойыңыз.

3. Сол пинцетпен астаушаның ішіне поршень, цилиндр, екі ине салыңыз.

4. Шприці бар астаушаны жұмыс үстелінің үстіне қойыңыз, пинцетті астаушаның ішіне салыңыз.

5. Залалсыздандырылған үстелді қысқыштардан ұстап жабыңыз.

6. Оң қолыңызбен пинцетпен цилиндрді алып, сол қолыңызға салыңыз.

7. Пинцетпен поршеньді алып, цилиндрге кіргізіңіз, шешілетін қақпағын бекітіңіз.

8. Дәріні сорып алатын инені канюлясынан ұстап, ине салатын конусқа

кигізіңіз.

9. Пинцетті және инелі шприцті астаушаға салыңыз. Шприц дәріні

сорып алуға дайын болды.

Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулин дозасын есептеу

Дәріні ампуладан, флаконнан алу алгоритмі

Антибиотиктерді еріту

Мақсаты: дәрілік затты парентеральды енгізу.

Жабдықталуы: медициналық резеңке биялайды киіп, ішінде дәрі бар флаконды, еріткішті, бір рет қолданылатын шприц, астауша, мақта шаригін, 70' С спиртті, стерильді пинцет.

Міндетті шарттар: Флаконды алып оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін ұқыпты оқып, саңылаусыздығын тексер.

Пинцетпен алюминий қақпақтың орта бөлігін аш. Резеңке тығынды спиртке батырылған мақта шарикпен сүртіп тазала, шприцті құрастырып, антибиотикті еріту үшін конусқа инені кигіз. Шприцке қажетті мөлшердегі еріткіш алып, оны резеңке тығын арқылы флаконға құй. Антибиотиктерді еріту үшін келесі ерітінділер қолданылады:

  1. инъекция үшін су ампулада;
  2. 0,9% натрий хлорид ерітіндісі (изотониялық, физиологиялық) флаконда және ампулада:
  3. новокаин ерітіндісі 0,25 %- 0,5 % флаконда және ампулада;

1:1 тәсіл мен антибиотикті еріту:

100.000 ЕД - 1 мл еріткіш ал.

250.000 ЕД - 2,5 мл еріткіш ал.

500.000 ЕД - 5 мл еріткіш ал.

1.000.000 ЕД - 10 мл еріткіш ал.

Шприцтен флаконды инемен бірге шығарып алып, оның ішіндегі ұнтақ дәрі толық ерігенше флаконды шайқа, 5,0-10,0 шприцті құрастырып, оны флакондағы инеге кигіз, флаконның түбін жоғары көтеріп, қажет мөлшердегі ерітінді дәріні сорып ал. ЕД мөлшеріндегі антибиотикті граммға немесе милиграммға айналдыр: 100.000 ЕД - 0,1 г; 250.000 ЕД – 0,25 г; 500.000 ЕД - 0,5 г; 1.000.000 ЕД - 1,0 г.

Ерітінді дәріні сорып алғаннан кейін шприцті флакондағы инеден шығарып алып, оны инъекцияға арналған инемен ауыстыр, ине кигізетін конусқа жақсылап бекіт. Иненің өткізгіштігін инеден ерітінді мен ауаны шығарып тексер. Залалсыздандырылған астаушаға әзірлеген шприцті спиртке батырылған екі мақта шарикті сал. Еріткен антибиотиктің қалғанын

тоңазытқышта бір тәуліктің ішінде сақта.

Дәріні ампуладан (флаконнан) алу

Мақсаты: дәрілік затты парентеральды егу.

Жабдықталу: ампулада дәрілік зат, стерильді шприц инесімен, спирт 70 %, мақта шариктері, астауша, стерильді пинцет, бикс, стерильді салфеткалар.

Міндетті шарттар:

1. Дәрігердің тағайындаған дәрілерді тексеру.

2. Дәрінің алып оның атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқу.

3. Егер майлы ерітінді болса су моншасында 37 ˚С жылыту қажет.

Процедура жүргізу:

  1. Қолды жуу, кептіру, антисептикалық ерітіндімен өңдеу.

Ескерту! Стерильді қолғапты инъекция алдында кию қажет

  1. Стерильды шприцті жинау.
  2. Ампуланы шамалы сілкіп, мойнын спиртпен өңдеу қажет.
  3. Ампуланың ұшын кесу, кескен жерді өңдеп содан соң ампуланың ұшын сындыру.
  4. Ампуланы соң қолдың 2-3 –ші саусақтары арасында ұстап, жаймен инені ампулаға енгізіп, қажет мөлшерде дәріні алу.
  5. Шприцты вертикалды ұстап ауасын шығару.
  6. Инені алып, тастап, инъекция салатын инені кигізу қажет.
  7. Ине қалпағын кигізіп, шприцты қағаз пакетке салу қажет.
  8. Астаушаға шприц, мақта шариктерін салу, бетін салфеткамен жабу (егер инъекция палатада жасалынатын болса)

Мейірбикенің емшара бөлмесіндегі жұмыс реті.

Емшара бөлмесіндегі санитарлы- эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.

Емшара бөлмесіндегі медициналық құжаттар. Мейірбикелердің кәсіптік ауруларының алдын алу

Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында емшара бөлмесі болады. Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған. Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі. Емшара мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арнайы мейірбикені (3 жыл оқыған) таңдап алады. Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен, зарарсызданған үстелмен, (1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен, дәрілік заттар қоятын шыны шкафпен, қолдарды және кұрал-саймандарды жуатын колжуғышпен және т.б. жабдықталған. Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан (кафель, майлы бояу) жасалуы керек. Емшара бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.

Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау алдында бір ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге жуылады. Содан кейін басқа ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге (хлораминнің 0,5% ерітіндісіне, хлорлы әктің 0,5% сұйық ерітіндісіне 30 - 60 минутқа немесе Дезэффектің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе Лшоформиннің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе нұсқауға сәйкес кез келген басқа зарарсыздандырғыш ерітіндіге) салып қойылады. Жууға арналған зарарсыздандырғыш ерітінділер кірлеуіне байланысты және осы ерітіндінің инструкцйясына сәйкес ауыстырылады. Салып қоюға арналған «Лизоформин», «Дезэффект» сияқты жаңа зарасыздандырғыш ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ кірлегенде ертерек ауыстырған жөн. Сондай-ақ жаңа ерітінділерді қолданған кезде жуатын ерітіндіні жеке дайындамауға болады.

Қолды өңдеу

Көрсеткіші: колғапты киюдің алдында немесе қолғапты шешкен соң, биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда (микробтық жұғуға қауіп төнгенде), иммунитеті төмен науқасқа күтім жасағанда.

Кажетті заттар: шаруа сабыны, секунды бар сағат, жылы су, заласызданған пинцет, мақта тампондары мен сулгілер, дез ерітіндісі бар ыдыс.

Кажетті жагдай: қолда жарақат болмауы тиіс. Қолдан сақинаны шешу, сағатты шешіп, халаттың білегін 2/3 түру, құбырды ашу, қолдың саусақтарын және саусақ аралығын, білектің 2/3 сабынмен ағынды суға 10 секунд бойы жуу, сүлгімен қолды кұрғату.

Казіргі кезде тәжірибемізде бір рет қолданатын кұрал жабдықтар (шприцтер, инелер, көк тамырға тамшылатып кұятын жүйе, ұштықтар) кеңінен қолданылады. Бір рет қолданатын кұрал жабдықтармен жұмыс істегенде оларды жоймастан бұрын арнайы дез ерітінділермен (жуу, сонан соң 30 - 60 минутка дез ерітіндіге салып кою) өңдеу қажет. Бір рет қолданатын құрал жабдықтар өңделгеннен соң іріктелінеді, жинақтап салып жойылуға жіберіледі. Көп қолданылатын құрал жабдықтармен жұмыс істегенде бірнеше ережелерді білу қажет. Барлық қанмен байланысты медициналық шараларды (көк тамырдан кан алу, көк тамырлық инъекция және құю), сондай-ақ қанмен байланыста болған құрал-саймандармен, шприцтермен, инелермен және т.б. жұмысты инвазивті зерттеу әдістерін мейірбике міндетті түрде қолғаппен жүргізуі керек. Бұл ережені орындау - қан аркылы берілетін аурулардың (ВИЧ-инфекция, В, С вирус гепатиттері және т.б.) негізгі алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Іс шараны орындап болган соң мейірбике міндетті:

І.Келесі көрсетілген ерітіндінің бірімен құрал жабдықтарды зарарсыздандыру:

3% хлорамин ерітіндісіне- 60 мин экспозиция;

1,5 % кальций гипохлорид ерітіндісіне - 60 мин экспозиция;

4% сутек асқын тотығында -60 мин экспозиция.

2. Жұмыс үстелін іс шара аяқталған соң ыскышпен 3% хлорамин ерітіндісімен немесе көрсетілген ерітіндінің бірімен өңдеу қажет.

3. Дез ерітіндімен өңдеп болған соң резеңке қолғапты шешу керек.

4. Резеңке қолғапты дез ерітіндісі бар ыдысқа салу.

5. Халатты, масканы шешіп, кір салатын қапқа салу қажет.

6. Ағынды суға қолды 2 рет сабынмен жуып, бір рет қолданылатын сүлгімен кұрғату қажет.

Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы мейірбикенің киіміне және терісіне тиген кезде жасалынатын шаралар:

Былғанған киімді сыртқы жағын ішке қаратып шешу.

3% хлорамин ерітіндісіне - 1 сағатқа салып қою.

3% хлорамин ерітіндісіне батырылған сүлгіні киімнің былғанған жеріне 60 мин қойып, сонан соң ыстық сумен жуу керек.

70 % этил спиртіне батырылған тампонмен қан немесе биологиялық сұйықтык тиген жерді сүрту қажет.

Тампонды қолданғаннан кейін тастайтьш ыдысқа салу қажет.

Қолды сабынмен жуу керек.

Қан немесе биологиялық сұйықтық тиген жерді антисептикалық ерітіндіге батырылған тампонмен қайталап сүрту қажет.

Тампонды қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа салу қажет.

Инфицирленген құрал сайманмен қолды жарақаттап алғанда жасалынатын шаралар:

Әзірле: аптечка, залалсыздаған бинт, 2 лоток, залалсызданған корнцанг.

Қолғапты шешпей жарақатган қанды шығару, сонан соң резеңке қолғапты шешіп, 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа салу қажет.

Аптечкадан 70 % этил спиртін немесе 3% йод ерітіндісін шығару.

Жарақаттанган жерді 70 % этил спиртіне батырылған тампонмен өңдеп, тампонды қолданғаннан кейін тастайтын ыдысқа салу кажет.

Қанды тоқтатпай қолды сабынмен жуу керек.

Жарақаттанган жерді бактерицидті пластырмен еңдеу қажет.

Саусақты бактерицидті пластырмен таңып, резеңке саусақ қап киіп, сонан сон резенке қолғап кию керек.

Ем шара бөлмесінде кәсіптік жұғулардың алдын алу:

1. Жұмыс кезінде мүмкіндігінше бір рет қолданатын саймандарды қолдану.

2. Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы арқылы жұғатын жағдайлардағы ем шараларда қолғап, маска, клеенкалы алжапқыш кию және де жарақаттанған жер болатын болса лейкопластырмен таңылып, саусақ қап кию керек.

3. Щеткамен қолды жууға болмайды.

4. Медициналық құрал жабдықтарды және кан тиген заттарды жуу, реттеу үшін алдымен резеңке қолғаппен оларды дез ерітінділерге жуып алу қажет.

5. Жеке бас тазалық ережесін қатаң сақтау кажет. Әр бір іс шарадан кейін, сонымсн қатар парентеральді егулерде, қан алудан кейін ағынды суға қолды сабынмен 2 рет мұқият жуу қажет. Қолды жеке сүлгімен немесе бір рет қолданылатын сүлгімен сурту қажет.

6.Жұмыс орны жаңа дайындалған зарарсыздандырғыш ерітінділерімен қамтамасыз етілуі қажет. Жұмыс үстелінің бетін жұмыс соңында 3% хлорамин ерітіндісімен өңдеу қажет.

7. Емшара бөлмесінде аптечка болуы керек.

8. Зертханаға жазылған жолдама пробиркадағы қанға тигізбей, пробирканың сыртқы жағына жабыстыру қажет.

9. Созылмалы В гепатитпен сырқаттанатын науқастардан және НвsАg тасмалдаушылардан анализ үшін алынған қаны бар пробирканы міндетгі түрде белгілеу.

10. Кәсіптік қызметінде қанмен байланыста болған медицина қызметкерлері жұмысқа түсер алдында және жұмыс істеп жүріп жылына бір рет НвsАg -ны анықтау үшін тексеруден өтеді. НвsАg анықталған жағдайда дәрігер-инфекционист терең клиникалық зерттеуден өткізеді. Нвs-антигені бар медицина қызметкерлері қанды құю, қайта өңдеу жұмыстарынан аластатылады.

11.ВИЧ инфекциясының қаупі бар биологиялық сұйықтықпен жұмыс істегенде абай болу керек:

- қан және оның құраушылары: ми-жұлын сұйықтығы, амниотикалык сүйықтык, ү.рыктык сұйықтык:

- сүт, қынаптық сұйықтық, зәр, сілекей, без сұйықтық, нәжіс, асқазан сөлі.

Дәрілік заттарды парентералды енгізу жолдары

Дәрілік заттарды инъекциялық (лат. Injectio - дәрі жіберу) жолмен парентеральды (асқазан-ішек жолдарына соқпай) енгізуге болады. Инъекциялар - дәрілік заттарды ағзаның әртүрлі ортасына қысыммен арнайы басып енгізу. Инъекцияны тіндерге (теріге, тері асты шел қабатына, бұлшық етке, сүйекке); тамырға (көк тамырға, артерияға, лимфатикалық тамырларға); қуыстарға (іш, плевра, жүрек, суйек). Егер орталық нерв жүйесінде препараттың жоғары мөлшері қажет болса, жұлындық (субдуральды, субарахноидальды) енгізу қолданылады.

Шұғыл көмек көрсеткенде инъекциясыз болмайды, өйткені құсу, жұтынудың қиындауы, науқастың құлықсыздығы немесе оның ес-түссіз жағдайы дәрілік заттарды енгізуге бөгет жасамайды. Дәрілік заттарды енгізудің парентеральды тәсілінің артықшылықтары:

1. Әсерінің жылдамдығы.

2. Мөлшерлеудің дәлдігі, өйткені асқазан сөлінің және ас қорыту ферменттерінің дәрілік заттарға әсері болмайды.

3.Бауырдың кедергілік ролі болмайды.

Инъекциялық тәсіл дәрілік заттарды пероральды енгізуге мүмкіндік болмағанда немесе мақсатқа сәйкес болмағанда немесе ішуге арналған түрлері болмағанда да қолданылады.

Қазіргі кезде инесіз инъекторларды қолданады. Олар дәрілік заттарды тері ішіне, тері астына және бұлшық етке инені қолданбай енгізуге мүмкіндік береді. Оларды қолдану белгілі бір қысыммен сұйықтық ағынының тері жабындылары арқылы өту мүмкіндігіне негізделген. Бұл әдіс бұқаралық вакцинацияны жүргізуге, стоматологиялық тәжірибеде ауырсыздандыруда қолданылады. Бұл сывороткалық гепатиттің берілу қауіп болдырмайды және жоғары өнімділігімен ерекшеленіледі.

Кез келген инъекцияны жасау үшін шприц қажет. Инъекцияға арналған шприц екі - поршеньге арналған үлкен және инеге арналған шыны астылық конусы бар кішкене - тесігі бар қуыс цилиндрден, стержень мен сабы бар поршеннен тұрады; Көп рет қолданылатын шприцтің поршенінде цилиндрге арналған қозғалмалы алынатын қақпағы болады, ол поршеньді цилиндрдің ортасында ұстап тұрады. Бекітілмеген поршень шприцтің тұтастығын бұзады, сондай-ақ цилиндрдің сынуына әкеледі. Инъекция жасауға және қуыстарды жууға арналған көп рет қолданылатын шприцтердің әртүрлі түрі болады. Қазіргі кезде пластмассадан жасалған, зауыт жағдайында залалсыздандырылған бір рет пайдаланылатын шприцтер кеңінен және іс жүзінде жаппай қолданылатын. Бұл шприцтердің орауының сыртына қолдануға болатын мерзімі көрсетілген. Шприц герметикалық болуы керек, яғни цилиндр мем поршеннің арасынан ауа да, сұйықтық та өтпеуі керек.

Инъекцияға арналған шприцтер, ең алдымен, инъекцияның түріне және енгізілетін дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты таңдап алынады. Мысалы, тері ішіне енгізілетін ерітінді әдетте 0,5 мл -ден аспайды, тері астына - 0,5 - 2 мл, бұлшық етке 1-10 мл.

Инъекцияға арналған шприцтердің сыйымдылығы - 1, 2, 5, 10 жэне 20 мл. Шприцке дәрілік заттың қажетті мөлшерін алу үшін шприцтің бөлігінің «бағасын», яғни цилиндрдің жақын орналасқан екі бәлігінің арасында ерітіндінің қандай мөлшері болуы мүмкін екендігін білу, Шприцтердің цилиндрлерінде шприцтің сыйымдылығын көрсететіи беліктер және цифрлар болады. Бөліктердін «бағасын» анықтау үшін миллилитр мөлшерін көрсететін цилиндрдегі ине астылық конусқа жақынырақ орналасқан цифрді табу керек, содан кейін осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер санын анықтап, ине астылық конусқа жақын цифрді бөліктер санына бөлу керек. Осы шприцтің бөліктерінің «бағасы» болады. Мысалы, сыйымдылыгы 20 мл шприцтің ине астылық конусқа жақын цифр 10. Осы цифр мен ине астылық конустың арасындағы бөліктер саны 5. 10 мл-ді 5-ке бөлгенде 2 болады, яғни сыйымдылығы 20 мл шприцтің бөліктерінің «бағасы» 2 - ге тең. Сыйымдылығы 10 мл шприцтің бөліктерінің» «бағасы» 5 мл-ді 5 бөлікке бөлу арқылы анықталады - ол 1 мл - ге тең.

Күшті әсерлі дәрілік заттардың аздаған мөлшерін, сондай-ақ неғұрлым дәлірек мөлшерлеуді қажет ететін сывороткалзр мек вакцикаларды екгізу үшін 0,1 - 0,01 мл бөлік «багасы» бар сыйымдылыгы 1 - 2 мл арнайы шприцтерді қолданады. Парентеральды енгізуге арналған дәрілік заттардың мөлшері көбінесе миллилитрмен жэне миллилитр үлесімен көрсетіледі. Мөлшерді белгілеудің басқа да түрлері болады. Мысалы, қант диабетімен сырқаттанатын науқасқа инсулинді әсер ету бірлігінде енгізеді. Инсулинді енгізу үшін сыйымдылыгы 1 - 2 мл арнайы шприцтер шығарылады. Олардың цилиндрлеріндегі бөліктер миллилитр үлестерін емес, «әсер ету бірліктерін» көрсетеді.

Инъекциялық ине - таттанбайтын хромникельді қорғасыннан жасалынған жіңішке қуыс металл түтік, Бұл түтіктің бір ұшы қиғаш кесіліп, үшкірленген. Екінші ұшына жезден жасалынған канюля бекітілген, ол шприцтің ине астылық конусына тығыз кіргізіледі. Тері ішілік, тері астылық, бұлшық еттік, көк тамырлық инъекцияларға арналған инелер ұзындығына, кесілген жеріне, ұштау түріне байланысты ажыратылады. Инелер қатаң тағайындалуына қарай қолданылады. Мысалы, бұлшық еттік инъекцияға ұзындығы 60 мм, кесілген жері 0.8 - 1,0 мм ине, тері ішілікке -ұзындығы 15 мм, кесілген жері 0,4 мм ине, тері астылыққа - ұзындығы 20 мм, кесілген жері 0,4 - 0,6 мм ине қолданылады.

Кез келген іс-шараны орындар алдында қолдарды дайындаған жөн: тырнақтар қысқа қырқылған, қолдар сабынмен мұқият жуылған болуы керек. Іс-шаралар резеңке қолғап киіп орындалуы керек. Инъекция жасар алдында қолдар спиртке матырылған домалақ мақтамен өңделеді.

Көп рет қолданылатын шприцтерді жина:

1) Крафт-пакетті ашыңыз және оның ішкі (залалсыздандырылған) жағын шприцті жинау үшін қолданыңыз;

2) Поршеньді сабынан ұстап, оны цилиндрге кіргізіңіз;

3) Дәрілік затты алуға арналған инені (бұл иненің диаметрі инъекцияға арналған инеден әдетте үлкенірек) канюлясынан ұстап, үшына қолды тигізіп алмай оны ине астылық конуска кигізу;

4) Иненің какюлясын ине астылық конуска саусақпен басыңқырау арқылы бекіту;

5) Шприцтен ауаны шығару арқылы өткізгіштігін тексеру;

6) Жиналған шприцті пакеттін ішкі жағына қою. Ерітіндіні ампуладан алу:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-06-29; просмотров: 1850; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.142.196.27 (0.125 с.)