Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
E. пассивті гемагглютинация реакциясыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
159.Скрининг жүргізу үшін микроорганизмдердің антибиотик өндіру мүмкіндігіне қарай берілген биологиялық белсенді заттар тобының бір табиғи көзін алу қажет. Берілген жағдайда біз микроорганизмдердің қандай тобын қарастырамыз? A. ашытқы саңырауқұлақтар B. вирустар C. + актиномицеттер D. қарапайымдар E. спирохеттер 160.Жарақатқа біріншілік өңдеу жүргізетін жарақаттық пункттің ем шара бөлмесінде асептикалық жағдай туғызу үшін іс-шара жүргізілуі қажет. Бұл мақсатта көрсетілген іс-шараларды қолдануға болады? A. Бөлме ауасын формалин буымен өңдейді B. Емшара бөлмесіндегі құрал-жабдықтарды фурациллин ерітіндісімен өңдеу. C. Таңу материалдарын ультракүлгін сәулесімен өңдеу. D. Емшара бөлмесіндегі мейірбике қолын хлораминмен өңдеу. E. + Бет перде, стерильді қолғаптарды пайдалану. 161.Аталған факторлардың ішінен антимикробты иммунитетте маңызды рөл алатын арнайы емес жасушалық қорғаныс факторларын таңдау керек. Оларға не жатады? A. + Фагоцитоз B. комплемент C. Т-киллерлер D. антиденелер E. эритроциттер 162.Дәрігерге жедел урогенитальдық инфекция белгілері бар науқас келді. Жедел гонореяның анықталуы үшін қандай диогностика әдісі қолданылады? A. серологиялық B. + бактериоскопиялық C. биологиялық D. бактериологиялық. Е. тері-аллергиялық 163.Сальмонеллезге күдікті науқасқа бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін материал алу керек. Науқастан қандай материал аласыз? A. Қан, зәр B. Қан, нәжіс C. + нәжіс D. нәжіс,зәр E. қан 164.Микроскопиялық зерттеу үшін студенттерге оба бактерияларының дақылынан дайындалған мұражайлық препарат ұсынылды. Бұл микроорганизм препаратта қандай түрде болады? A. Боялмаған түзілісі бар теннис ракеткасы B. Боялмаған түзілісі бар түйреуіш C. + Биполярлы боялған жұмыртқа тәрізді D. Ұшқан шағала тәрізді E. Бамбук бұтағы тәрізді 165.Урогениталдық инфекция патогенезі қарастырылуда. Neisseria gonorrhoeae –ң қандай факторы уретра эпителийін зақымдауға мүмкіндік береді? A. Бактериялардың жасуша ішінде өмір сүріп көбеюі B. + Адгезияны шақыратын микробүрлер болуы C. Қан сарысуының бактериоцитті факторына төзімділік D. Ig молекулаларын ыдырататын қасиет E. Капсулалық полисахаридтердің антифагоцитарлық әсері 166.Грамтеріс таяқшалар тудырған сепсиспен ауырған науқаста антибиотикалықтерапиядан кейін уақытша халі нашарлады-температурасы көтерілді, жалпы жағдайы нашарлады, бұл зақымдалған жасушалардан пирогенді заттардың босап шығуына байланысты. Грамтеріс бактериялардың қандай химиялық қосылыстары пироген болып табылады? A. Жіпшелердің ақуыздық компоненті B. Бактериялар экзоферменті C. Бактериялар экзотоксині D. + Жасуша қабырғасының липополисахаридтері E. Бактериялар нуклеоидының нуклеин қышқылдары 167.Балалар ұжымындағы эпидемиялық жағдайды анықтау үшін ауырған балаларда ЖРВИ диагностикасын жүргізу қажет. Қандай жедел зертханалық диагностикалау әдісі қолданылуы мүмкін? A. Бактериологиялық әдіс B. + ИФТ C. агглютинация реакциясы D. Вирусологиялық әдіс E. Аллергиялық сынама 168.Аурухана бөлімшесінде ағымды дезинфекция жүргізіліп жатыр.Осыған байланысты қандай шаралар жүргізу қажет? A. Төсек-орындарды стерильдеу B. + Жуу заттарымен ылғалды тазалау жүргізу. C. Науқастардың шкаф, тумбочкаларын спирт ерітіндісімен өңдеу. D. Терезе әйнектерін бөлме ішінен де, сыртынан да жуу. E. Науқастардың киімін ауыстыру 169.Стерилизацияға өңдеу үшін хирургиялық бөлімнен таңу материалдарын жіберді. Аталған заттарды өңдеуге стерилизацияның қандай әдісі қолданылады? А. Құрғақ ыстық пеште өңдеу. В. Қайнатып өңдеу. С. Ультрафиолетпен өңдеу. D. Гамма-сәулелендірумен өңдеу. Е.+ Автоклавтау. 170.Вирусологиялық зертханада клиникалық материалдан тұмау вирусын бөліп алу жүргізілуде (мұрын-жұтқыншақтан кілегей). Тұмау вирусын қайда дақылдандыруға болады және вирусты индикациялау үшін қандай реакцияны қолданады? A. Қанды агарда, гемадсорбция B. + Тауық эмбрионында, гемагглютинация C. Игла ортасында, иммунофлюоресценция D. Бауыр орталарында, гемагглютинация E. Сарыуызды-тұзды агарда, фаготиптеу 171.Сепсисі бар науқасты кең спекторлы антибиотикпен емдеу нәтижесінде жағдайы күрт төмендеді, эндотоксикалық шок анықталды. Бактериялардың эндотоксиніне қандай сипаттама беруге болады? A. Бактериялар бөлетін ақуыздар органотроптылыққа ие. B. Жасуша қабырғасының термолабильді ақуыздары жоғары спецификалық. C. Жасуша қабырғасының компоненттері спецификалыққа және органотроптылыққа ие. D. Ақуыздар формалин әсерімен анатоксинге айналады. E. + Жасуша қабырғасының липополисахаридтері спецификалықемес улылыққа ие. 172.Ауруханаға ауыр тағамдық улану белгілері бар халі ауыр науқас түсті.Улану себебі, сапасы күмәнді ет консервісін жеуден болуы мүмкін.Қандай микроорганизм аса күшті биологиялық у болатын микробтық экзотоксинді бөледі? A. Vibriocholerae. B. Salmonellatyphi. C. Staрhylococusaureus. D. + Clostridiumbotulinum E. Bacilluscereus. 173.Туберкулезбен ауыратын науқастың қақырығын арнайы қоректік ортада 3 апта дақылдандырғаннан кейін қоздырғышқа тән колониялар алынды.Туберкулез бактериясына тән дақылдық қасиетті қалай суреттеуге болады? A. Жиегі тегіс, ылғалды, дөңес колониялар B. + Жиегі тегіс емес, құрғақ, әжім тәрізді колониялар C. Көлемі орташа, жылтыр, жартылай түссіз, жұқа колониялар. D. Түссіз перламутр жылтыры бар, ұсақ колониялар. E. Беткейі дән тәрізді, жартылай түссіз, домалақ колониялар 174.Сабақта туберкулез инфекциясының патогенезі талқыланып жатыр.Туберкулез бактериясының негізгі патогендік факторына нені жатқызуға болады? A. экзотоксиндер өндіруі. B. энтеротоксиндерді өндіруі. C. капсула түзуі. D. F-фактордың болуы. E. + корд-фактордың болуы. 175.Травмпунктке жаншылған жарақаты топырақпен ластанған науқас түсті. Жарақат инфекциясының алдын-алу шарасын жүргізу керек. Аталғандардың микроорганизмдердің ішінде қайсысы анаэробты жара инфекциясының себебі бола алады? A. Bacillus anthraces B. Bordetella pertussis C. + Clostridium perfringens D. Clostridium botulinum E. Micobacteriurm tuberculosis 176.Әйелдер кеңесіне жүктілікті жоспарлап жүрген әйел келді. Ол өзінің үй жануарларымен, әсіресе пәтерінде тұратын 3 мысықтан контакты арқылы қандай зоонозды инфекциялық агенттің болатынына қауіптенеді. Қандай зооноздық инфекция плаценталық барьерден өтіп, ұрыққа тератогенді әсер көрсетеді? A. қызамық вирусы B. + токсоплазмоз C. аусыл вирусы D. оба таяқшасы E. ащытқы тәрізді саңырауқұлақтар 177.Әскери дәрігер тырысқақ бойынша қолайсыз эпидемиялық аймаққа бара жатыр. Осы аурудың арнайы алдын-алу шарасына қандай препарат қолдануға болады? A. антитоксикалық сарысу B. тірі вакцина C. + холероген-анатоксин D. O1-тырысқақтық агглютинирлеуші сарысу. E. левомицетин 178.Студентке вакцинамен бірге адъювантты енгізу міндетін анықтау қажет. Вакцинаның қандай түрі әдетте адъювантты қажет етпейді. A. анатоксиндер B. + тірі вакциналар C. химиялық вакциналар D. молекулярлы вакциналар E. субвирионды вакциналар 179.Берілген бактериялардың биохимиялық белсенділігіне қарай дақылдарды идентификациялау үшін студентке қоректік орта таңдау қажет, ол берілген бактерия түрінің сахаролитикалық ферменттерінің ерекшеліктерін анықтау үшін керек. Сіз оған қандай қоректік орта ұсынар едіңіз? A. Китт-Тароцци ортасы B. Сабуро ортасы C. Чистович ортасы D. + Гисс ортасы E. Леффлер ортасы 180.Студентке зертханалық жұмыс кезінде Bacillus бактериясы туысының ескі дақылын зерттеуге берді, берілген бактериялар қоректік орта мен ылғал жоқтығы жағдайында не түзуі мүмкін және бұл ерекшеліктерінің анықталу үшін қандай бояу әдісі қолданылады? A. Грам әдісі бойынша бояғанда волютин дәнінің түзілуі анықталады B. Циль-Нильсен әдісімен бояғанда капсула түзуін анықтайды C. Бурри-Гинс бойынша бояғанда L – пішін түзетінін анықтайды D. Романовский-Гимзе әдісімен бояғанда циста түзетінін анықтайды E. + Ожешко әдісімен бояғанда спора түзілуін анықтайды 181.Келесі қасиеттермен сипатталатын прокариоттық микроорганизм: факультативті анаэроб, психрофил,28°С-даоптмальды өседі,қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Қандай ауру қоздырғышы қарастырылып отыр? A. бруцеллез қоздырғышы B. дизентерия қоздырғышы C. күл қоздырғышы D. + оба қоздырғышы E. туберкулез қоздырғышы 182.Лимфа түйіндерді зақымдайтын бірақ адамнан адамға жұқпайтын өте қауіпті зоонозды инфекция сипатталған. Шамамен қай инфекция туралы айтылып отыр? A. құтыру B. сібір жарасы C. лептоспироз D. кенелік энцефалит E. + бруцеллез 183.Көрінуші науқастың ішек дисбактериозы дейін сұйылтқанда бифидумбактериялар жоқтығымен және р. Candida саңырауқұлағының табылуымен сипатталады. Қай препаратты ұсынар едіңіз? A. + Колибактерин және нистатин B. Бифидумбактерин және гентамицин C. Колипротейнді бактериофаг D. Лактобактерин және нистатин E. Бифидумбактерин, эритромицин 184.Жедел өкпе инфекциясымен ауыратын науқастан алынған материалды қанды агарға еккенде айналасы қалың капсулалы, балауыз жалыны пішінді грам оң диплокктар анықталды. Шамамен қай бактерия түрі бөлінді? A. + Streptococcus pneumoniae B. Staphylococcus aureus C. Streptococcus pyogenes D. Neisseria meningitides E. Staphylococcus epidermitidis 185.Науқастың ерінінде көптеген везикулалар және кілегей қабат ісінуі байқалды. Ауыз қуысында қандай қоздырғыш осындай зақым келтіреді? A. Темекі мозайка вирусы B. Цитомегаловирус C. Паротит вирусы D. + Қарапайым герпес-1вирусы E. Эпштейн-Барр вирусы 186.Қалалық инфекциялық ауруханаға 34 жастағы науқас тенезмге, жиі үлкен дәретке, іш ауруына, құсуға, дене қызуының көтерілуіне шағымданды. Клиникалық зерттеу негізінде алдын ала диагноз қойылды «Дизентерия». Осы ауру қоздырғышы қай туысқа жатады? A. стафилококктар B. сальмонеллалар C. + шигеллалар D. вибриондар E. стрептококктар 187.Бурри бойынша боялған тіс жұғыны препаратын микроскоптау кезінде күңгірт фонда боялмаған диаметрі 0,5 мкм дөңгелек объектілер табылды. Қандай қорытынды жасауға болады? A. + Тіс жұғынында коккты флора басым B. Боялмаған құрылымдар – споралар C. Бұлар вирустар D. Капсула болуынан объект боялмады E. Қалың кортекс болуынан объект боялмады 188.7 жасар ұл бала Мақсат И., қиқарланып, тамақты ішпей, түнде ұйқысызданып, дене қызуы 38,50С көтерілген. Ауырғанына 2 күн болған педиатр қарағанда оң жақ құлақ асты безінің ұлғайғаны анықталды. Терісі ісінген, бірақ қабынбаған. Дәрігердің қойған диагнозы: «Эпидемиялық паротит»? Анықталған вирусты қалай сипаттауға болады? А. РНҚ –құрамды, ұсақ қарапайым В. ДНҚ-құрамды, куб тәрізді симметриялы, қарапайым С.+ РНҚ-құрамды, сфера тәрізді, күрделі D. ДНҚ-құрамды, сфера тәрізді, күрделі Е. РНҚ-тәрізді, күрделі, кері транскриптазаға ие 189.Урологиялық бөлімшеде аурухана ішілік инфекция анықталды, таралуына көпреттік қолданылатын катетерлер себеп болды. Қоректік ортада микроорганизмдер көк – жасыл түсті пигмент түзді, ал микроскопиялау кезінде грам теріс таяқшалар табылды. Төменде аталаған микроорганизмдер шамамен қайсысы бөлініп алынды? A. Staphilococcus epidermidis B. Candida albicans C. + Pseudomonas aeruginosa D. Klebsiella pneumoniae E. Escherichia coli 190.Хирургиялық бөлімшеде іріңді аурухана ішілік инфекция анықталды. Оның себебі емшара бөлмесіндегі асептика бұзылуы еді. Қоректік ортада бөлініп алынған микроорганизм өрмелей өсу сипаты бар колониялар түзді, микроскопиялау кезінде грам теріс таяқшалар анықталды.Төмендегі микрооргнизмдердің қайсысы іріңді инфекцияның себебі бола алады? A. Staphilococcus aureus B. Pseudomonas aeruginosa C. + Proteus vulgaris D. Escherichia coli E. Staphilococcus epidermidis 191. Гепатит А вирусын зерттеу кезінде пикорнавирустарға тән құрылымдық ерекшеліктер анықталды. Пикорнавирустардың морфологиялық ерекшеліктері қандай? А. Қарапайым, ірі ДНҚ-құрамдывирустыр В. Қарапайым, ұсақ ДНҚ-құрамды вирустар С. + Қарапайым, РНҚ-құрамды вирустар D. Күрделі, РНҚ-құрамды вирустар Е. Қарапайым, РНҚ-құрамды вирустар 192.4 жасар Айнада кешке дене қызуы 38,20С көтеріліп. Бала қырсықтанып тамақ ішпеген. Ертеңінде бетіне, шашының арасына және денесінің басқа да бөлігіне дақты – папулезді бөртпе пайда болған. Папулалар бірден везикулалық көпіршіктерге айналған,диаметрі 0,2-0,5 мм. Сонымен қатар жаңадан бөртпелер пайда болып, бөртпенің әртүрлілігімен айқындалды. Бала бала-бақшаға бармайды, анасы оның ауру баламен қатынаста болмағандығын айтады. Соңынан баланың бағушысында белдемелі теміреткінің (herpeszoster) асқынулары болғандығы айқындалды. Дәрігер – педиатр, балаға «Желшешек, орташа ауырлық формасы»? деген диагноз қойды. «Желшешек» пен «Белдемелі теміретке» ауруларының арасында байланыс бар ма? А. + Екі ауруды да бір вирус тудырады В. Вирустар сателлиттар(серік) болып табылады С. Аралас инфекция пайда болды D. Вирустың мутациясы пайда болды Е. Байланыс жоқ, дәрігер өзінің болжамы бойынша қателесті 193.23 жастағы Дархан жаңа маман, тағам өндірісіне қызметке орналасу үшін, «Медициналық кітапша» алу қажет, сол себептен дәрігерлік тексеруге жіберілді. Шағым жоқ болғанмен, онда бауырдың ұлғаюы байқалды. Гепатитке ИФТ скрининг жүргізгенде, гепатит С реакция оң болды. Дархан 16 жасында бір топ жасөспірімдермен бірнеше рет есірткі шеккенін, олар тамыр арқылы бір шприцпен енгізгенін мойындады. Дәрігер «Гепатит С, созылмалы формасы» деп диагноз қойды. Гепатит С вирусы қандай туыстастыққа жатады? A. + Hepacivirus B. Hepatovirus C. Hepadnavirus D. Calicivirus E. Enterovirus 194.Жас ер адам донор болам деп ықыласын білдірді. Тексерілу кезінде зертханада микропреципитация және ПГАР оң нәтиже берді. Реакцияны қайтадан жүргізгенде – нәтиже сол күйінде шықты. Диагнозды растау үшін қандай серологиялық реакцияны қолданады? A. + Кумбс реакциясы B. Кунс реакциясы C. Вассерман реакциясы D. Манту реакциясы E. Борде-Жангу реакциясы 195.Скарлатинаға күдікті баланы тексеру кезінде, жұтқыншақтан кілегей алынды, кілегей қанды агарға егілді және бактерия дақылы бөлініп алынды. Бактериялардың морфологиясын зерттегенде грам оң кокктар анықталды. Скарлатина қоздырғышы қандай арнайы патогенділік факторға ие? A. нейротоксин өндіреді B. эритрогенді токсинге ие C. плазмокоагулаза өндіреді D. эксфолиатинге ие E. фимбрилер түзеді 196.Ет өндіруші комбинаттың қызметкері, ауруханаға шағымдармен келді: дене қызбасы ұзақ, әлсіздік, түнде терлейді, буындары аурады, лимфаденит. Бруцеллезді диагностикалау үшін қандай диагностикалық тест және диагностикалық әдісті қолданады? A. Серологиялық, Вассерман реакциясы B. + Серологиялық, Райт және Хеддельсон реакциясын C. Бактериологиялық, СТА егу D. Тері-аллергиялық, Манту реакциясы E. Бактериоскопиялық, Циль-Нельсен әдісі бойынша бояу 197.ЕПМ-де ауруханаішілік инфекцияның этиологиясын зерттеуде шартты-патогенді топтың қандай микроорганизмдері ауруханаішілік инфекцияның таралуының себебі болды? A. Yersinia pestis B. Shigella flexneri. C. Borrelia recurentis D. Klebsiella pneumoniae E. Bacillus anthacis 198.Ретровирустар тұқымдастығының өкілдерінің құрамы қандай арнайы ферментке ие? A. каталаза B. + эндонуклеаза C. нейраминидаза D. ревертаза E. гемагглютинин 199.Науқаста өкпенің өткір инфекциясы анықталды, қанды агарға егу жүргізілді, грам оң диплококктар бөлініп алынды, балауыз шамының жалыны формасына ие, айналасында толық капсула бар. Қандай бактерия түрі бөлініп алынды? A. + Streptococcus pneumoniae B. Staphylococcus aureus C. Streptococcus pyogenes D. Neisseria meningitides E. Staphylococcus epidermitidis 200.Көлік апатынан зардап шеккен 36 жастағы ер адамды стационарға жеткізді: топырақпен ластанған жарақаты көп. Хирург-травматолог операция жасады, сіреспеге (столбняк) қарсы шұғыл алдын алу шарасын жүргізді. Дәрігер алдын алу үшін қандай препаратты қолданды? A. Антибиотиктерді B. + Анатоксинді C. Дәрумендерді D. АКДС вакцинасын E. Гормондарды 201.Гинеколог дәрігерге 31 жасар 10 апталық жүктіәйел келді. Әйел адам бала – бақшада мейірбике болып жұмыс істейді, соңғы аптада 3 бала қызамықпен ауырған. Енді ол кісі болашақ баласына алаңдайды. Қандай шұғыл алдын алу шараларын жүргізу қажет? A. + тірі вакцинаны енгізу керек B. иммуноглобулин енгізу керек C. антибиотиктер тағайындау керек D. антирабикалық сарысуын енгізу керек E. ацикловир тағайындау керек 202.Жыныстық жолмен берілетін ауруларды зерттеуде. Хламидия тудыратын зәр шығару жүйесінің ауруын қалай атайды? A. соз B. мерез C. + урогенитальді микоплазмоз D. бленнорея E. венерологиялық лимфогранулематоз 203.Менингококктар қандай белгі бойынша серотипке жіктеледі? A. Сыртқы мембрананың ақуыз антигені бойынша B. Сыртқы ортаға тұрақтылығы бойынша C. Экзотоксиннің антигендік қасиеті бойынша D. + Капсулалықполисохоридті антигендер бойынша E. Биохимиялық белсенділігі бойынша 204.Алапес (лепра) жұқпалы инфекция болып табылады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы алапестің инфекция көзі болып табылады? A. Инфицирленген су B. Кеміргіштер C. Жануарлар D. Үй құстары E. + Ауру адам 205. Әсер ету механизмі бойынша гистотоксин болып табылатын, қандай микроорганизм микробты экзотоксинді бөледі? A. Vibrio cholerae. B. Bordetella pertussis C. Staрhylococus aureus. D. Clostridium botulinum E. + Corynebacerium diphtheriae 206.Аурухананың инфекциялық бөліміне бір топ адам ұқсас клиникалық симптомдармен түсті: дене температурасының шұғыл көтерілуімен, жүректің айнуы, құсу, іштің өтуі, құрғау. Аурудың созылуы 3 күн. Анамнез бойынша: бір жабық су қоймасынан су ішкен. Жорамалдаған қоздырғыш қандай патогенділік фактормен сипатталады?
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2016-04-23; просмотров: 573; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.220.163.144 (0.008 с.) |