Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Компьютер ойындарының 7 салдары↑ ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 Содержание книги
Поиск на нашем сайте
2.Компьютер ойындары Компьютерлік ойын — ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады. Қазіргі уақытта компьютерлік ойынды көбінесе видео ойын деп атайды, басқа сөзбен айтқанда, ойын жағдайы экран дисплейіне немесе теледидарға беріледі. Ойындар кітап немесе фильмдер негізінде жасалуы мүмкін. Кері болған жағдайлар да бар. 2011 жылдан бастап компьютерлік ойындар ресми түрде АҚШ-та жеке көркемдік формасы ретінде танылды.
Видеоойындар деп теледидарға қосып ойнайтын, немесе ойын автоматтардағы ойындарды атайды. Мобильді ойындар Ұялы телефондармен, смартфондармен, қалта компьютерлермен ойналатын бағдарламаларды атайды Жіктелуі Компьютерлік ойындар бірнеше түрге бөлінеді:
Жанр бойынша: · шутерлер (ағылш. shoot — ату) - атысу ойындары. · рольдік ойындар · аркадалар · сылтауратқыш ойындар · стратегиялар - Ойнаушыға тривиальді емес таңдау жасау қажеттілігі. · спорттық ойындар · оқиғалар · логикалық ойындар - аналитикалық ойлану қажет ойындар. · компьютерлік стол үсті ойындар · дамытпалы оқыту ойындар Ойыншылар саны бойынша · жеке · бірнеше
1. Джойстиктен саусақтың зақымдануы Әуесқой ойыншылардың әдеттегі кеселі саналады. Белгілері: сезімталдықтың жоғалуы, шаншу мен саусақтың күлдіреуі. Емделуге апталар кетеді. 2. Нинтендонитис пен виайтис Нинтендонитис термині (Nintendo және tendinitis сөздерінен — сіңірдің қабынуы) көп уақыт ойын ойнаудан соң қол буындарының сіңірлері мен білектің зақымдалуына қолданылады. Виайтис — ойын тетіктерін баса беруден туындайтын иық буындарының ұзақ уақытқа шаршауы түсіндіретін кесел. Ауыртпайтын ем-дәрілер мен ойыннан түпкілікті бас тарту арқылы ғана жазылуға болады. 3. Талма ауруы Ойынға әуестеніп кету кейбір жағдайда дененің құрысуына әкелуі мүмкін. Ғылым деректерінде компьютерлік ойындардың қарапайым қояншық ұстамасына септесуі мүмкін емес делінген. Ал бірақ қызыл-жасылды жарықтар мен геометриялық формалардың қайталануы немесе қозғалыстағы объектілер секілді визуальды тітіркендіргіштер салдарынан эпилепсияға жол ашылуы мүмкін. 4. Тәуелділік Компьютер ойындарына тәуелділік - бұл құмар ойындарға қатты беріліп кеткенде (бір ғана мысал, рулетка) туындайтын дем-ырғақтың (импульс) бақылаудан шығуы. 5. Агрессия және психикалық бұзылу Зерттеушілер ойынға бой үйреткен жандардың депрессиялық һәм мазасыз, шалдығу кезеңдеріне жиі ұшырап тұратынын айтады. Балаларда бұл әсерленгіштіктің шектен тыс жоғарылығымен, өз кезегінде қарым-қатынас тілінің жоқтығынан көрінеді. Қауіпті белгілер: бағытталуға икемсіздік, түстің бұзылуы, мазасыздық, шаршау мен әлеуметтік қорқыныштар. 6. Тетрис әсері Тетристің кейбір әуесқойлары ойын ойнаумен өткен бірнеше сағаттан соң өздерінің сол ойындағы элементтерді ақиқат өмірден тауып жататындарын жеткізеді. Мысалы, қолданушылар айнала төңіректен құлап бара жатқан бөліктерді көруі мүмкін немесе қалалық көрікке элементтердің сәйкестігін ойлауы мүмкін. Кейде бұл ойлар образды түрде бүкіл ішкі дүниені, қиялды, тіпті, адам ұйқысын жаулап алып жатады. 7. Көз көрудің нашарлауы Видео ойындар көздің жақсы көруін бұзуы мүмкін. Жарықтандырылып тұрған экранға мазасыз қарайлау көздің зер салуының күшеюіне алып келеді, компьютерді ұзақ уақытқа пайдалану сығырлықпен ауыратын қолданушылар үшін су қараңғылықпен аяқталуы ықтимал.
Қорытынды
Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті.Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді. «21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, кез келген өркениеттің екі жағының болатыны бар. Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу – сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке – шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды. Қазіргі балалардың досы – компьютер, осы бір жансыз темірдің алдында кешке дейін отырса да жалықпайды. Бұндай балаларды компьютерден басқа еш нәрсе қызықтырмайды. Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді», – дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. «Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Олар: «компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей», – деп есептейді екен. Компьютердің адам ағзасының физиологиялық жақтарына тигізер зияны айтпаса да түсінікті нәрсе. Дене белсенділігінің аздығы, компьютер клубтарында жарық, белгілі температура, санитарлық режимдер нормаларының сақталмауы жасөспірімдердің организмінің дамуына кері әсерін тигізеді. Бір жағынан әртүрлі прогрессивтік жаңалықтарда дисплейді қолдану адам өміріне көптеген жеңілдіктер туғызса, екінші жағынан жаңа проблемалар туғызды – «дисплей ауруы» пайда болды.Дисплеймен жұмыс жасағанда одан бөлінетін электромагниттік сәуле көзге әсер етеді. Әрине, ол әркімнің көру жүйесінің бастапқы жағдайы мен адамның жасына байланысты болады. Терминалды көру дисплейін қолданғанда «астенопия» деген жағдай туады, яғни көздің көру қабілетінің функционалдық бұзылуы. Шектен шыққан ойынпаздық дерті – «лудомания» деп аталады. Компьютер құмаралық «аддикцияға» шалдықтырады Бала күнінен бастап,маңызды бір істерге, жауапкершілікке, өз өмірі үшін өзі жауап беретінін сезіндіруге дағдыландырғанымыз дұрыс. Құмар ойын есірткіден де жаман кесапат екенін түсіне тұра, тоқтау қиын. Жанашыр мамандар «ғасыр дерті» деп бағалап отырған бұл сырқатпен күрес жалпыхалықтық іске айналуы тиіс. Себебі ТМД елдері ішінде компьютер мен интернетті пайдалану ісінде Қазақстан алдыңғы қатарға баяғыда-ақ шығып қойған. Ендеше, егер аталған компьютеромания ауруы кейбір отбасы мүшелерінде пайда болғаны анықталса, оған қарсы тиімді шаралар осы бастан жүргізілуі тиіс. Ал егер ондай сырқаттың ауылы әлі алыстау сияқты көрінсе, онда аталған дерттің алдын алу, тұтынушыларға заманауи технологияларды пайдалануды қалай тиімді жүргізуге болатыны жайлы сауат ашу курстарын жүргізген лазым. Оған көбінесе дәрігер-мамандар және High-tech, яғни жоғарғы технология мамандары міндетті түрде қатыстырылғаны абзал. Әйтпесе, осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын компьютерлік ең соңғы жаңалықтарды елдеріне енгізу үшін жылына бірнеше миллиондаған доллар қаржы бөлген елдердің бүгінгі таңда сол технологиялық дамулардың зияндарымен күрестерге соншама қаржы бөлуге мәжбүр болғанын айта кеткеніміз жөн болар.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. WIKIPEDIA. Ашық энциклопедия. Компьютер зияны. 2. «Ана тілі» газеті, 1 шілде 2011 жыл. Компьютер баланың қасы ма, досы ма? 3. «Алтын орда» газеті, 28 қазан 2001 жыл. Компьютерге таңылған ұрпақтың денсаулығы құлдырап барады. 4. «Қазақ үні» газеті, 6 сәуір 2011 жыл. Ғаламторға қамалған жастар. 5. www.be1.kz сайты. Балаға ғаламторда да абай болған жөн. 6. «Дала мен қала» 08.11.2008 ж 7. https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/14172/ 8.Фабрика новостей қараша 2010 жылы
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.144.109 (0.009 с.) |