зін-өзі тану» пәні бойынша педагогтердің 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

зін-өзі тану» пәні бойынша педагогтердің

Поиск

 

№ исх: 426 от: 25.08.2021

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 

міндетін атқарушы

2021 жылғы «___» __________

№ _____ бұйрығына қосымша

 

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтердің

оқу жүктемесін бөлу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтердің оқу жүктемесін бөлу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдарында оқытудың сапасын арттыру мақсатында әзірленді.

2. Әдістемелік ұсынымдар меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады.

3. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпы білім беретін бағдарламаларды іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтерінің оқу жүктемесін белгілеу кезінде басшылыққа алуға ұсынылатын негізгі заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығы;

«Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы;

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы;

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы;

«Жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 23 қарашадағы №494 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 144 бұйрығы.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.119 (0.01 с.)