Содержание книги

  1. азіргі таңда етек жайып отырған субмәдениеттердің бір түрі – байкерлер.


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азіргі таңда етек жайып отырған субмәдениеттердің бір түрі – байкерлер.



 

Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur-мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
   Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми жаңалықтарға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.
     Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.

Гот субмәдениеті

    Алғашқы кезде субмәдениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi. Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок өмiрге келдi. Нәтижесiнде готтар субмәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi ұстанатындар готикалық әуендерге және мистикаға жақын келедi. Басты өзгешелiктерi – киiмдерi қара түстi, металл бұйымдарды тағуы және өздерiне тән макияж жасауында. Сондай-ақ, ең басты қолданыстағы атрибуттары – анх символы, адамның бас сүйектерi, жарқанат және пентаграммалар. Олардың өздерiне тән музыкалық әуендерi де жетерлiк.
Дүниежүзiнде готикалық мәдениеттiң дамығаны соншалық, жыл сайын 25 мыңға жуық адам Германияның Лейпциг қаласында “Wave Gotik Treffen-WGT” атты фестивальге жиналады. Әйткенмен, готтардың субмәдениетiн қоғам жылы қабылдамады. Себебi олар суицидтi, депрессияны, сатанизмдi насихаттайды. Психологтардың пiкiрiнше, аталған топ өкiлдерi үнемi психологиялық күйзелiсте жүредi.

 

Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur-мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
   Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми жаңалықтарға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.

 

Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:

v Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу

v Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану

v Барлық адамдар сияқты болуды қаламау

v Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді

v Криминалдың әсер етуі

v Мода қуу

v Батыстық бейнеге еліктеу

v Өмірлік мақсаты болмау

v Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.

Әлеуметтік – құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер
3-ке жіктеледі:

1.просоциальді(жағымды бағыттағы) - жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.
2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
3.антисоциальді(жағымсыз бағыттағы) - жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.

  Байкерлер (ағылш. biker, bikemotorbike ← motorbicycle «мотоцикл») – мотоциклдің жанкүйерлері. Байкерлердің басқа жәй мотоциклшілерден айырмашылығы: мотоцикл олардың өмірінің бір бөлігі болып табылады.

 Байкерлік қозғалыс ең бірінші рет 1950 жылдары АҚШ-та пайда бола бастады. Кейін 1970 жылдары Еуропа мен Ресейге ене бастады. 1980 жылдары оларды «рокерлер» деп те атаған. 

   Қарапайым байкердің киім үлгісіне тоқталатын болсақ, олар әрдайым теріден жасалған мотокуртка (сыртынан джинсыдан немесе теріден жасалған және клубтың суреттері, символдары бар безрукавкалар жиі киеді), теріден істелген шалбар. Байкерлер шашын, сақалын, мұртын жиі ұзын қылып өсіреді. Көздері ауырмас үшін көзілдіріктерін тастамайды, бірақ шлемді кейде ғана киеді. Байкерлердің клубтарына тән өздерінің тулары, символдары болады. Және жыл сайын әр түрлі мотоқозғалыстар өткізіліп тұрады. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын қыркүйектің бірінші дүйсенбісінде мемлекеттік «Еңбек күні» тойланады, міне сол кезде барлық байкерлер жиналып, клубтық жарыстар, мотоқозғалыстар ұйымдастырады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 4; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.78.137 (0.006 с.)