Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бәрі бірге:Аяз ата!  Дед Мороз!  Father Frost!



Бәрі бірге:Аяз ата!  Дед Мороз!  Father Frost!

Шанада Аяз ата мен Ақшақар. Залдан күйдің үнімен, иттің дауысы шыршаны айналып Жаңа жыл билеп келе жатады.Көрермендер қол соғады.

Би: Қар биі

Аяз ата:/ шана үстінде/

Салеметсіңдерме балалар,

Күнтізбеде қалыпты.

Жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ.

Шақырымды жүздеген,

Басып өту мен үшін,

Жаңа жылдың түнінде,

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға,

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Жаңа Жыл: Туғызам айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Күншілдік тұншығады

Әкелдім бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

Ақша қар: қандай керемет сарай, әсем шыршамыз тұр, қандай сүйкімді балдырғандар. Кане, достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық, сыйлықтанда құр қалмайық.

Ән:

1- Жүргізуші: Қош келдің Аяз ата, Ақша қар! Қош келдің Жаңа жыл!Атам қазақ әуелден итті жеті қазынаның бірі деп қастер құтып, қадірлеген. Ит жылы да берекелі Жетіаралымызға құтымен, шаттығымен, жақсылығымен келгей.

Кел, жаңа жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам

Арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған

Мен тәуелсіз Қазақстан, егеменді елмін

Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам

2- жүргізуші

Елочка нарядная в гости к нам пришла,

Высокая и стройная, красивая она

Вокруг нее мы кружимся и водим хоровод,

Настал чудесный праздник –веселый Новый год

3-жүргізуші

A happy New Year!

The day is so clear,

The snow is so white,

The sky is so bright,

We shout with all our might:

“A happy New Year!”

 

1-жүргізуші: Міне өздеріңіз куә болғандай, өткен жылымыз толағай табыстарға толы болды. Ескі жылға еш өкпеміз жоқ.Олай болса, ескі тауық жылын шақырып құрметпен шығарып салайық.

Тауық: Құрметті халқым менің! Мен сіздермен 12 ай бірге болып, әрбір минутымды бақытты өткіздім. Көк жасыл көңілді көктем, жадыраған жаз, жемісті Алтын күз көңілді болып өтті. Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді. Алда келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын, әсем ән айтып, би билейік.

Ризамын жаңа жылға! Өзі сондай батыл,ақжүрек екен! Мен орнымды жаңа жылға берейін! Ендігі тақтың иесі өзіңсің ит жылы.Айналып қайта оралғанша сау саламатта болыңдар!/ Ит жылын таққа апарып отырғызады/

Барлығы: Сау бол тауық жылы!

Ән: Кел, Жаңа Жыл

1-жүргізуші: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді бізге сарайға

Аяз ата оралып

Ал, балдырғандар қане, кімнің қандай өнері бар./балалар өнерлерін көрсетеді/

2-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың,

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

3-жүргізуші:

Елімізді нұрландырған

Халқымызды тату қылған

Көшбасшымыз Нұрсұлтан

Бірге: жаса мәңгі, жаса елім

Тәуелсіз Қазақстан!! / Экраннан Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтау сөзі.

Ән: Қазақстан

1-жүргізуші:Балалар ұялы телефоннан қоңыраулар түсіп жатыр, сіздер сияқты балдырған балалар күтіп отырған –ау шамасы, ендеше Аяз атаға рұқсат берсек қайтеді.

2-жүргізуші: Ия, расында да Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырғандар қаншама? Олай болса Аяз ата мен қызы Ақшақарды шығарып салайық.

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі. Солай емеспе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал, енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Мен сендерге жаны жақсылыққа толы жаңа жылды қалдырамын.Сіздерді жыл бойы бақытты етеді деп сенемін. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

Ақша қар: Жаңа жылда балалар

Тек жақсылық көріңдер

Жылау,ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар,балалар!/музыка, қолдарын бұлғап ,шығып кетеді/

Ән:

1-жүргізуші:

Ән тыңдап,би биледік бүгін тойда

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып Жаңа жылға қадам бастық,

Құтты болсын жаңа жыл баршамызға

Жаңа жыл әр отбасына жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаң жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.Жаңа жыл құтты болсын!

2-жүргізуші:

Вот и бал наш новогодний

Нам заканчивать пора

Счастья, радости, успехов

Всем желаю, детвора

Новый год нам радость

И веселье принесет!

С Новым годом! С Новым Счастьем!

3-жүргізуші:

Happy New Year to you.

May all your wishes come true.

Happy New Year my friend.

Happy New Year to you.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 3; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.234.188 (0.006 с.)