Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Гиповитаминоз В2, арибофлавинозСодержание книги Поиск на нашем сайте
89. Бұл витамин птеридиннің туындысы — пиридин-3-карбон қышқылы, оның амиді витаминдік қасиетті көрсетеді. Ол дәнді-дақылдар өнімдерінде, сүтті, етте, бауырда болады, ағзада триптофаннан синтезделе алады. Ол -: Ниацин
90. Бұл кофермент - динуклеотид, ол никотинамидтен құралған (рибозаның екі және фосфор қышқылының және адениннің екі молекуласынан құралады). Ол -: НАДФ 91. Қай витаминнің гиповитаминозының симптомы «Үш Д синдромы»? В5
92. «Үш Д синдромы» - бұл синдромда қандай үш симптом болады? Диарея, дерматит, деменция
93. Мормон елінің бір мекенінде, барлық тұрғындарда, келесі симптомдар байқалған: барлығының тілдерінің ұштары мен жиектері ашық қызылға боялған, терілерінде симмметрриялы қызыл дақтар (эритрема) пайда болған. Қанды зерттеген кезде гипохромдық анемия анықталған. Тұрғындардың басым бөлігінде үлкен жарты шар қыртысы жасушаларының ганглиоздық зақымдалуларынан орталық және шеткері жүйке жүйелерінің қызметтері бұзылған. Зерттеу барысында барлық тұрғындардың жыл бойы тек жүгерімен қоректенгені анықталған. Мормондарға не болған? Гиповитаминоз В5
94. Бұл витамин пантой қышқлы мен аланиннен түзілген - амид. Ол барлық тағам өнімдерінде кең таралған. Ең басым түрінде болады – ара анасы сүтінде, бауырда негізінен қойдың), балықта және оның уылдырығында, ащытқыда, жұмыртқада, дәндерде, түсті қырыққабатта. Ішектің микрофлорасымен синтезделеді. Ол -: В3
95. Бұл витаминнің авитаминозы тек эксперименттік жануарларда ғана байқалған, себебі ол барлық тағамда кездеседі және оны ішек микрофлорасы синтездей алады. Ол -: В3
96. Пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин – метилпиридиннің туындысының топтары. Ол -: В6
97. Бұл гидразинмен және инозиазидпен (туберкулезді емдеген кезде) уланғанда антидот ретінде қолданылады. Ол -: В6
98. Бұл витамин ортасында кобальт болатын, төрт корриндік сақиналардың байланысуынан түзілген күрделі дөңгелек құрылым. Ағзада тек микроағзалармен (ішек бактериялары) синтезделетін жалғыз витамин. Оның аздаған мөлшері жануар тектес тағамдардан түседі. Бұл витаминге ең бай тағам сиыр бауыры мен бүйректері (бұлшықеттте ол аз болады. Ол -: Цианкобаламин
99. Бұл витамин ащы ішектен сіңірілуі үшін арнайы ішкі Кастл факторымен байланысуы керек (ол асқазанның париеталдық жасушаларында синтезделеді). Сіңірілген соң витамин порталдық қанағысымен гепатоцитке өтеді. Ол асқорыту трактісінің бездерінде, (өт құрамында түседі), бүйректерде өндіріледі. Ол -: В12
100. Аддисон—Бирмер ауруы асқазан шырыштарының атрофиясыннан ішкі Кастл факторының секрециясының тежелуінен немесе бүйен ішектегі патологиялық үдерістер себебінен сіңірілудің бұзылысынан немесе таспалы құрт пен бактериялардың бәсекесі есебінен туындайды. Бұл ауру авитаминозбен де қосарланады. Ол витамин: В12
101. Бұл витаминнің авитаминозы кезінде пернициоздық анемиямен ауырады. Ауру қанжасау жүйесі қызметі, жүйке, асқорыту, жүрек-қантамыры жүйелері қызметі бұзылыстарымен сипаттталады. Аурудың ең басым белгілері келесі типтегі гипохромдық анемиялар: қанда гемоглобинге бай ірі эритроциттер — макроциттер мен мегалоциттер пайда боладыаурудың асқынған кезінде қандағы ретикулоциттердің мөлшері төмендейді, эритроциттердің дегенеративті формалары анықталады. Ол -: В12
102. Әр кезде бұл витамин әртүрлі аталған: өсу факторы L. casei; витамин М (маймылдардың қалыпты қанжасауы үшін қажетті), витамин Вс, балапанның өсу факторы (индекс ≪с≫ ағылш. chicken – балапан). 1941 ж. ол өсімдіктердің жасыл жапырақтарынан бөлінген, сондықтан соңғы атауын алған. Ол -: В9
103. Медициналық практикада (мысалы, онкологияда) бұл витаминнің кейбір синтетикалық аналогтары қолданылады. Мысалы, 4-аминоптерин нуклеин қышқылдарының синтезін тежеуші ретінде болады. Сондықтан, қатерлі ісіктік зақымдалуларда (мысалы, балалар мен ересектердің жедел және созылмалы лейкоздарында) емдеу препараты ретінде қолдануға ұсынылады. Бұл қай витамин? В9
104. Бұл витамин жаңа жасушаларды жасау мен сау қалпын сақтау үшін қажет. Сондықтан ол ағзаның жылдам дамуы кезінде аса қажет (эмбрион дамуы мен нәресте үшін). ДНҚ репликациясы үдерісі де оны қажетсінеді. Ал бұл үдерістің бұзылысы рак ісіктерінің дамуы қауіптілігін жоғарлатады. Оның жетіспеушілігінен, бірінші кезекте, сүйек майы (онда жасушалардың белсенді көбеюі жүреді) зардаптанады. Бұл мегалобласттық анемияға әкеледі. Ол -: В9
105. Бұл витамин имидазолдың туындысы және карбоксилдену реакциясын катализдейтін спецификалық мультисуббірліктік ферменттің компоненті ретінде қызмет етеді. Ол май қышқылдары, стериндердің қалыпт синтезі және оксалаттардың түзілуі үшін қажет. Тағам өнімдерінде кең таралған. Негізгі шығу көздері: ащытқы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа белогы, соя бұршақтары, арахис, шоколад, саңырауқұлақтар. Ішек микрофлораларымен синтезделеді (негізгі шығу көзі). Ол -: Биотин
106. 1916 ж. жануарлаға жасалған тәжрибеде шикі жұмыртқа белогының улы әсері көрсетілді. Бауыр немесе ащытқыларды пайдаланғанда улану болмаған. Соңынан бауырдың ащытқылық экстрактісінде және тауық жұмыртқасының сарысында белгілі витаминдерден басқа тағамдық фактор болатыны анықталған. Бұл фактор ащытқылар мен азотбайланыстырушы бактериялардың Rhizobium, көбеюін жоғарлатады. Сондықтан, ол коэнзим R деп аталды. Қазіргі кезде ол-: Биотин
107. Жұмыртқа белогында гликопротеин авидин болады, ол бұл витаминнің ішектен сіңірілуін блоктайды. Оның авитаминозы кезінде терінің қабыну үдерістері (дерматиттер) дамиды. Ол тер бездерінің қызметін күшейтеді, шаш түсуін, тырнақтар зақымдалуын болдырады, бұлшықеттерде ауырсынулар байқалады, қажу, маужырау, депрессия, анорексия және анемия байқалады. Ол -: Биотин
108. Бұл витамин көмірсулардың туындысы – қанықпаған гексон қышқылының лактоны (2,3-дидегидротрео-гексоно-1,4-лактон). Бұл витаминнің көп мөлшері болады: итмұрында, қара таңқурайда, лимонда, бұршақта, бұрышта, аскөкте, хренде, шпинатта. Ол -: С
109. Соңғы кездегі зерттеулер адамда L-гулонолактонды бұл витаминге айналдыратын жалғыз фермент гулонолактоноксидаза болмайтынын анықтаған. Сондықтан, адамдар оны тағамнан алуға мәжбүр. Оның авитаминозы кезінде скорбут (қырқұлақ) дамиды. Ол -: С
110. Бұл витаминнің жеткіліксіздігі кезінде қан капиллярларының сынғыштығы, өсудің тежелуі, инфекцияларды жұқтыруға бейімділік, қызылиек аурулары, олардың інісінулері, тіс тазалағанда босаңсуы мен қан кету байқалады. Ол -: С
111. Ұқсас биоактивті қасиеті бар заттар тобы: катехиндер, халкондар, дигидрохалкондар, флавиндер, флавонондар, изофлавондар, флавонолдар. Олардың шығу көздері жалпы бірдей. Олардың құрылымдарының негізіне «хромонның» немесе флавонның дифенгилпропандық көміртектік тұлға жатқызылады. Бұл топтағы заттар бір витаминнің атауына енгізілген. Ол -: Р
112. Бұл флавонол, «витамин P» тобына жататын, ісінуге қарсы, спазмолиттік, антигистаминдік, қабынуға қарсы ісер береді. Ол антиоксидант, диуретик қасиетін де көрсетеді. Бронхиалдық астманы, қан-тамырлары жүйесі ауруларын, күйікті, үсінуді, қабынуды емдейтін препараттардың құрамына кіреді. Катарактаны емдеу кезінде де қолданылады. Сүт безінің, қуық бездерінің, тоқ ішектің, өкпенің, мидың, лимфосаркоманың, лимфогранулематоздың рак ауруларын емдеуде көмектеседі. Бұл қай флавонол? Кварцитил
113. Адам ағзасында бұл витаминнің концентрациясы ауытқуы, негізінен, терінің зақымдалуы, шаш түсуі, сүйек пен буындардағы ауырсынулар, көкбауыр мен бауырдың үлкеюі (гепатоспленомегалия), бас ауырсынуы, тәбет жоғалуы, ұйқысыздық, диарея түрінде байқалады. Ол -: А
114. Гемералопия – соқыр тауық, қараңғыдағы адаптацияның бұзылуы, қараңғыда көру қырағылығының біршама төмендеуі; ксерофтальмия – көз қабықшасының құрғауы және кератомаляция – қабықшасының жұмсаруы; ксеродермия, папулездік бөрпе, қабыршақтану – бұл: Авитаминоз А
115. Циклопентанпергидрофенантрен қай витаминнің тұлғасының негізіне жатқызылады? Д
116. 1,25-дигидроксивитамин Д – бұл қай гормонның активті формасы: Кальцитриол
117. Бұл витамин кальций мен фосфор алмасуында гормоналдық реттелудің негізгі звеносы болып табылады. Жақында бұл витаминнің инфекцияға қарсы, туберкулезге қарсы, және ағырауқұлаққа қарсы иммунитетке тікелей қатысатыны туралы дәлелдер келтірілді. Ол -: Д
118. Омыртқа мен кеуде деформациясы, аяқтардың майысуы, балаларда тіс шығуының кешігуі, ересектердегі остеомаляция мен остеопороз – бұл қай витамин концентрациясының бұзылысы? Д
119. Бұл витаминнің метаболиттік ролі – ол бауыр ферменті - g - карбоксилазаның міндетті коферменті болуы. Бұл фермент қанның ұю факторлары болатын белоктардағы (II – протромбин, VII – проконвертин, IX - Кристмаса факторы, X - Стюарт-Провер факторы) глутамилдік қалдықтарды посттрансляциялық g - карбоксилденуге қатысады. Ол -: К
120. Бұл витаминнің метаболиттік ролі – ол кейбір антитромбтық белоктардың (С және S), панкреаттық ферменттердің, альбуминнің посттрансляциялық түрленуіне қатысуы. Ол -: К
121. Витамин Е-нің жоғары дозасы бұл витаминнің сіңірілуін және қызметін тежейді. Ол -: А
122. Бұл витамин витамин А-ның қайта қалпына келуі және убихинонның (коэнзим Q) синтезі үшін қажет. Коэнзим Q – митохондриялық ұлпалық тыныс алу үдерісіне қатысушы. Ол -: Е
123. Бұл витаминнің жетіспеушілігінің кәдімгі белгісі – қаңқа, жазық және миокард бұлшықеттерінің миодистрофиясы. Митохондриялардың зақымдалуы, бұлшықет талшықтарының фрагментациясы байқалады. Бұлшықеттің гипотонусы мен әлсіздігі дамиды. ОЖЖ жағынан да зақымдалулар байқалады. Витамин Е-нің жетіспеушілігі жануарлардың фертильдігі бұзылуына әкеледі. Ол -: Е
124. Бұл витаминге қажеттілік жүктілік кезінде жоғарлайды. Егер ол толықтырылмаса эмбрионның қалыпты дамуы бұзылады. Бұл әйелдерде өздігінен түсік тастауға әкеледі. Витамин Е-нің жетіспеушілігі ерлерде жыныс безі қызметіндегі бұзылысқа әкелуі мүмкін. Ол -: В6
125. Бір немесе бірнеше полипептидтік тізбектен тұратын, үшінші реттік құрылымға ұйымдасқан, үш өлшемді кеңістікте жинақталған және құрылысында – байланыстырушы орталық (алллостерлік), субстрат байланыстыратын аймақ, кофермент байланыстыратын аймақ, алллостерлік орталық болатын глобулалық белоктар келесі қызметті атқарады:
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2017-01-24; просмотров: 344; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.33.239 (0.011 с.) |