Жауапкершілік туралы аудармашыны 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жауапкершілік туралы аудармашыны



ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ ҚОЛХАТ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

        

    Маған, Айгүл Амангелдіқызы Жұмабаеваға 9.09.1973 ж.т. №1611003100111 қылмыстық іс бойынша Энск қаласының ІІБ ТБ-ның тергеушісі полиция лейтенанты Н.Ж.Оразәлиев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420, 123-баптары бойынша көрнеу дұрыс аударма жасағаным үшін және сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария еткенім үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілдім.

    а) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініш;

    ә) іс жүргізуде қылмыстық істі қабылдау туралы қаулы;

    б) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағанына күдіктену бойынша ұсталған тұлғаны босату туралы қаулы.                                

Аудармашы: _______________

Қолхатты алдым:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

ХАБАРЛАМА-ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ

    ҚПК 205-бабына сәйкес Сіз, Нұрлан Қасымжанұлы Қазтаев, 11.11.1991 жылы туған, Энск қ. ІІБ-ге 20__ жылғы «03» қыркүйекте сағат 17.00-де, мына мекенжай бойынша орналасқан: Энск қ., Ермеков көшесі, 122, №1 кабинетке А.А. Бақытбаевқа күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін келуіңіз тиіс. Өзіңізбен бірге паспорт немесе жеке басты куәландыратын өзге де құжат болуы қажет. Саралау туралы қаулыны жариялауға қатысу үшін Сіз қорғаушыны дербес шақыруға не Қазақстан Республикасының ҚПК-ның 203-бабының 2-бөлігімен көзделген тәртіпте қорғаушының куәмен (анықтаушымен) қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы екендігінізді хабарлаймын.

    Шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер болған жағдайда, сондай-ақ қорғаушының прокурормен немесе іс жүргізуді жүзеге асыратын тұлғамен қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беру ниеті болған кезде Сіз немесе белгіленген тәртіпте Сіздің мүддеңізді қорғайтын тұлғалар бұл туралы алдын ала 2-44-55 телефоны бойынша немесе өзге де тәсілмен хабарлауы және жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша өтініш ұсынуы қажет.

    Дәлелді себептерсіз көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының ҚПК 205-бабының негізінде Сіз күштеп әкелінуіңіз мүмкін.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

 

Шақыру қағазын Энск қ. ІІБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.А. Бақытбаев 20__ жылғы 3 қыркүйекте сағат 12.00-де қолма-қол берді.

    Шақыру қағазының түбіртегі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаға қайтарылуға жатады.

Әрекетті саралау туралы қаулыны жариялау үшін Н.Қ. Қазтаевты шақырту туралы шақыру қағазы 20__ жылғы 3 қыркүйекте сағат 17.00-де жеке_____________________________ берілді.

(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

 

Шақыру қағазын жеткізуші ___________________________

(қолы)

=========================================================

 

Келу туралы

МІНДЕТТЕМЕ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

        

Мен, Айман Нүркен Айбекович, Энск қаласы, Федорова көш., 25-үй мекенжайы бойынша тұрамын, Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тізілімінде 20__ жылы 1 қаңтарда №001 тіркелген қылмыстық іс сотта қаралып аяқталғанға дейін қылмыстық қудалау органының немесе соттың шақыртулары бойынша уақытымен келуге, ал тұратын жерім ауысқанда ол туралы дереу хабарлауға міндеттенемін.

Осы міндеттемемді бұзған жағдайда маған бұлтартпау шарасының неғұрлым қатаң шарасы қолданылатыны туралы мен ескертілдім.

Күдікті (жәбірленуші, куә) ________________ А.Н. Айдаров

Келу туралы міндеттемені бұзу салдарын түсіндірген:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

Кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі

процессуалды келісім жасалғаны туралы

ӨТІНІШ

 

Мен, 25.07.1982 ж. Энск қаласының тумасы, Октябр ауданының Коммунисттік көшесі 14 үйде тұратын, жұмыс жасамайтын, бұрын сотталмаған Мұрат Тоқтарұлы Батырбеков, №15270005100060 қылмыстық ісі бойынша азаматша А.С.Серіковаға тиесілі 3 тауықты ұрлады деген күдіктімін, соған байланысты маған Қазақстан Республикасының ҚК 188 бабы 1 бөліміне сай күдік тағылды.

Қазақстан Республикасының ҚПК 612 және 615 бабтарын негізге алып, баяндалғанның негізінде, күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісім жасауға тілек білдірдім.

Күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісім жасау шартынан оның салдарларымен және өтінішті қарау тәртібімен таныстым.

Күдікті                                 (қолы)               М.Т.Батырбеков

Өтінішкүдіктінің қорғаушысының қатысуымен жасалды:

Қорғаушы                                (қол)           Б.М.Қайратов

    Өтінішті тергеуші (анықтаушы) А.С.Мусин қабылдады және Қазақстан Республикасының ҚПК 613 бабы негізінде, 614 бабы 2 бөлімінің тәртібімен Энск қаласының прокурорына 20__ жылдың «17» мамырында №15-24/14 тіркеу нөмірімен жолданды.

========================================================

_________

(құпиялық гирфі)

Энск қаласы ІІБ

КПБ бастығы

Н. Смайловқа

Орынға жасырын кіруді және тексеруді жүргізу туралы

ТАПСЫРМА

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н.Мукашев №16777999111 қылмыстық істі тергеудемін.

30.09.20__ жылы полиция бөліміне Энск қаласы Байтұрсынов көш., 15-47 мекенжайы бойынша тұратын Д.О. Мырзаев жүгінді, ол 30.09.20__ жылы 02:00 және 05:00 сағат арасында белгісіз адамдар кілті таңдап алып, оның тұрғын үйіне кіріп, оның диагоналі 72 дюйм, сериялық нөмірі №159643879256 Сони маркалы теледидарды және сериялық нөмірі №8965412359 екі камералы ақ түсті Самсунг маркалы тоңазытқышты, жалпы сомасы 257 000 теңгені құрайтын мүлікті ұрлап кеткенін айтты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Энск қаласы Байтұрсынов көш.,16-89 мекенжайы бойынша «Айдар» мен «Жорик» деген есімді бұрын пайдалануда болған тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын және бұрын меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған ер адамдардың тұратыны туралы айқын ақпарат түсті. Сондай-ақ аталған адамдар жәбірленушінің көршісі берген сипаттамаға да дәл келді.

Қылмыстық іс бойынша олардың мүддесін қозғайтын қылмыстық процеске тартылған адамдарға хабарламай, дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 232, 247-баптарын басшылыққа алып, тапсырамын:

1. «Айдар» мен «Жорик» деген есімді ер адамдарға қатысты 02.10.20__ бастап 06.10.20__ дейін кезеңде Байтұрсынов көш., 16-89 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге жасырын кіріп, оны тексеру жүргізілсін.

2. Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелері туралы дереу маған хабарлансын.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев

=========================================================

5 – БӨЛІМ. АЙЫПТАУ АКТІСІ

  «БЕКІТЕМІН»

Энск қаласының прокуроры әділет кеңесшісі

Е.К.Шыныбаев

_________________________

«____» _________ 20__ жыл

АЙЫПТАУ АКТІСІ

 

 

2016 жылғы 01 ақпан.                                                                  Энск қаласы.                                                            

                                                           

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қаласы ІІБ ТБ № 36 бөлмесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізілімдемесіне № 16353603100022 санымен тіркелген қылмыстық іс материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 298, 299, 300-баптарының талаптарын сақтай отырып, мына төменде көрсетілген адамға айыптау актісін жасадым:

Данияр Ертайұлы Казбеков 04.06.1994 жылы Энск қаласында туған.

Ол 07.01.2016 жылы сағат 10-00 шамасында Эенск қаласы Н.Әбдіров көшесінде № 78 үйдің жанында тұрған М.К. Елубаевқа тиесілі мемлекеттік тіркеу номері М 123 РНМ қара түсті «Ауди» маркалы автомобиль есігінің құлыпына кілт таңдап ашу арқылы заңсыз кіріп, «Пионер» маркалы құны 50 000 теңге тұратын автомагнитоланы жасырын ұрлап алып оқиға болған жерен бой тасалаған.

Сондықтан  Данияр Ертайұлы Казбеков,  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасаған, яғни көлік құралына заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаған.

Сөйтіп автокөлік иессі М.К.Елубаевқа 50.000 теңге елеулі материалдық зиян келтірген.

Күдікті Данияр Ертайұлы Казбековтің қылмыстық жауаптлығы мен жазасын жеңілдетін және ауырлататын мән-жайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталмаған.

Данияр Ертайұлы Казбековке 04.06.1994 ж.т.,бұрын сотталмаған, қазақ, үйленбеген, білімі орта, Қазақстан Республикасының азаматы, Энск қаласы, Виноградов көш., 12-63 мекенжайы бойынша тұрады, жұмыс істемейді. Бұлтартпау шарасы: «ешқайта кетпеу және тиісті мінез құлық туралы қолхат». Тұрғылықты жері бойынша қанағаттанарлық мінезделеді. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, ІІБ есептерінде түрған жоқ.

Күдікті Д.Е.Казбековтің кінәсі қылмыстық істің мынадай материалдарымен дәлелденді:

- оқиға орнына және автокөлікке қарау жүргізу хаттамасымен,

- жәбірленуші М.К. Елубаевтан жауап алу хаттамасы,

- күдікті Данияр Ертайұлы Казбековтен жауап алу хаттамасы,

- куә М.С.Конырбаевтан жауап алу хаттамасы,

- «Пионер» маркалы автомагнитоласын алу хаттамасы.

- нәрселерді тану үшін көрсету хаттамасы, оның барысында жәбірленуші М.К. Елубаев өзінің қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоласын таныды.

Нарколог дәрігер мен психиатор дәрігердің анықтамалары бойынша Д.Е.Казбеков оларда есепте тұрған жоқ.

Қазақстан Республикасының БС ҚСжАЕК-тің Энск қаласы бойынша Басқармасының талаптарына сәйкес Д.Е.Казбеков бұрын сотталмаған.

 

04.06.1994 ж.т. Данияр Ертайұлы Казбеков Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасаған, яғни көлік құралына заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаған.

Айыптау актісі 01.02.2016 жылы жасалды және №16353603100022 санды  сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен бірге Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 300-бабының тәртібімен Энск қаласының прокурорына жіберіледі.

 

Энск қаласы ІІБ

ТБ тергеушісі



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2021-05-27; просмотров: 109; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.58.151.231 (0.031 с.)