Полиция капитаны    К.С.Алимханов 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Полиция капитаны    К.С.Алимханов



(қылмыстар туралы арыздарды қабылдауға және тіркеуге

уәкілетті лауазымды тұлға, қолы тегі, инициалы)

 

№ ______________________талон-ескертпе берілді

 «___» ________ 2016 ж.

 «___» сағ. «___» мин.

Қарауды тапсырамын ________________ (қызметкердің аты-жөні, лауазымы) қолы, күні
                                                                       Энск қ., ІІБ бастығы полиция полковнигі                                                  полиция полковнигі

                                                                       А.Н. Нұрлановқа

Т.Н. Нұрлановқа                                                          

 

 

БАЯНАТ

Баянат бойынша Сізге 20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де белгісіз біреу Бейбітшілік көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде тез қимылмен азаматша Е.Омаровтың қолынан құны 300 000 теңге тұратын «Нокия» маркалы ұялы телефонын тартып әкеткенін хабарлаймын.

ҚР ҚК 191-бабы «1» бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісін меңзейтін жеткілікті деректер бар екенін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 179,184-баптарына сәйкес бұл баянат БСТТ тіркелуге жатады.

Баянатқа қылмыстық құқық бұзушылық туралы алынған мәліметтерді растайтын материалдарды қоса беріп отырмын:

1) ___________________________________ ___ парақ.

           (барлық заттар мен құжаттардың толық тізбесі көрсетіледі)                         

________________________________           _______________

 (лауазымы, сыныптық шені, арнайы атағы)                  (қолы)                               (аты-жөні, тегі)

 

Баянатқа қоса беріледі: материалдар ___ парақ.

 

Энск қ. ПБ тергеушісі

полиця  лейтенанты                (қолы)                       Н.Б. Каренкин

=========================================================

                      

 

                           

 

Энск қ., ПБ бастығы

Полиция полковнигі

Р.Б. Сатановқа

 

Рүстем Доскенұлы Секербаев

туған кезі 27.02.1981ж.

туған жері Энск қ.

ҚР азаматы

білімі жоғары, жұмыс орны жұмыссыз,

жеке куәлігі№12345678

тұратын жері Энск қ.,

Құнаев көш. 31/2, 15 үй, 29 пәтер,

тел. 8-700-319-26-67

КІНӘСІН МОЙЫНДАП КЕЛУ

Мен, Рүстем Доскенұлы Секербаев, 20__жылы 18 ақпанда шамамен сағат 04.00-де Құнаев көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде белгісіз бір әйелдің қолынан «Нокия» маркалы ұялы телефонын тартып әкетіп, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерден қашып кеткенім туралы айыбымды мойындап келдім.

                                                                      ________________

                                                                         (қолы)

 «__»_________20__ ж.

«___» сағ. «___» мин.

Қосымша: ___________________________________________________   

(құқық бұзушылық туралы арыз (жасалған хабарлама) расталатын құжаттардың және өзге материалдардың тізімдемесі)

 

Маған қылмыстық қудалау органында тілді таңдау құқығым түсіндірілді.

                                                                      ________________

(қолы)

Өз қолыммен жазылды.

                                                                                     Күні, қолы

Кінәсін мойындап келуді қабылдадым

Энск қ. ПБ тергеушісі

полиция лейтенанты                        (қолы)              Н.Б. Каренкин

 

=========================================================

 

2 – БӨЛІМ. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП–ТЕКСЕРУ БАРЫСЫНДА ШЫҒАРЫЛАТЫН ҚАУЛЫЛАР

Қылмыстық істі өз өңдірісіне қабылдау және сотқа дейінгі

тергеп-тексеру жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды  қылмыстық істі қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де Достық көшесі 30 үйдің жанында болған белгісіз біреу ашық түрде тез қимылмен азаматша И.Р.Мырзабаеваның қолынан құны 150 000 теңге тұратын «Сони-Ериксон» маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен.

Осы сотқа дейінгі тергеп-тексеру маған тапсырылғаның ескере отырып және Қазақстан Республикасының ҚПК 60, 198, 189-баптарын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. №16351003101991 қылмыстық ісі өзімнің іс жүргізуіме қабылдансын және алдын ала тергеу (анықтау) нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілсін.

2. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)            Н.С.Мукашев

=========================================================

Қылмыстық істі өз өңдірісіне қабылдау және сотқа дейінгі

тергеп-тексеру жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев азамат Д.О.Сарсенбаевтың қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабарламаның сотқа дейінгі тергеулердің біріңғай тізілімінде 01.01.2016жылы № 16353603100022 санды болып тіркелген арызын қарап,

 

АНЫҚТАДЫМ:

    2016 жылдың қаңтар айының 5 жұлдызында сағат 18-00 шамасында Энск қ. ІІБ аз. Д.О.Сарсенбаев «Динара» есімді әйелге шара қолданып, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызданған.

    Себебі, ол 01.01.2016жылғы сағат 17-00 шамамен теміржол вокзалының маңында алаяқтық жолмен,яғни жалдауға пәтер беремін–деп алдап, өзінің мүмкіншілігі болма тұрмай, қылмыстық жолмен алдау және сенімге кіру арқылы аз. Сарсенбаевты шатастыру жолмен сим-картасыз «Nokia 6303», маркалы ұялы телефоның және жеке бас куәлігін кепіл ретінде алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Осы қылмыстың салдарынан Д.Сарсенбаевқа 30000 теңге мөлшерде материялдық зиян келтірген.

    Осы арызды қарастыру сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізу үшін, тергеу бөлімінің бастығымен тапсырылған.

    Д.Сарсенбаевтың арызында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуын жүзеге асыру үшін толықтай себеп болуына байланысты, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 198, 179,180 бабының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып,

 

                                          ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру бойынша қылмыстық істі өзімнің іс жүргізуіме қабылдауды.

2. Осы қылмыстық іске №16001 санды нөмерін беруді.

3. Қаулының көшірмесін прокурорға жолдауды.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

 

=========================================================

 

Жәбірленуші ретінде тану туралы

Қ А У Л Ы

Энск қ.                                                      2016 жылғы 01 ақпан

 

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев №16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,.

 

АНЫҚТАДЫМ:

    15.01.2016 жылғы сағат 19-00 шамамен теміржол вокзалының маңында бейтаныс «Динара» есімді қыз алаяқтық жолмен,яғни жалдауға пәтер беремін–деп алдап, өзінің мүмкіншілігі болмай тұра, сенімге қиянат жасау арқылы аз. С.Н.Касперовтан сим-картасыз, құны 5000 теңге тұратын «Nokia 105», маркалы ұялы телефоның алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Осы қылмыстың салдарынан С.Н. Касперовқа 5000 теңге мөлшерде материялдық зиян келтірген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмысы бойынша 10.08.1964 жылы туған аз.С.Н.Касперовқа материалдық шығын келтірілген, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 71 және 198 баптарын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. 10.08.1964 жылы туған аз. Сағындық Нұрланұлы Касперовты, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп тану және оған хабарлау.

2. Жәбірленушіге Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 71 бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

Қаулы маған 2016 ж., қантардың 20 күні жарияланды және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 71 бапта көрсетілген құқықтарым мен міндеттерім түсіндірілді, жәбірленуші құқылы: 1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; 2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 3) дәлелдемелерді ұсынуға; 4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 6) өкілінің болуына; 7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; 8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; 9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; 10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; 12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; 13) өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 14) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; 15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге; 16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; 17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда–хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; 18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; 19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; 20) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; 21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.     Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін ұсынылады. Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстiң 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.

Жәбірленушіге құқықтарын және міндеттерін түсіндірді:

Жәбірленуші ___________________ / қолы

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тергеушілер,

Тобына тапсыру туралы

ҚАУЛЫ

  Энск қ.                                                             2016 жылғы 01 ақпан

                                                    

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

    20__ жылғы 26 маусым сағат 20:00-20__ жылғы 27 маусым сағат 08:00 уақыты кезеңінде Д.Ж. Шоқыбасов Энск қаласы Ержанов көшесінде орналасқан №10 үй ауласында болып, 1975 ж.т. азаматша М.Л. Ұзақбаеваға тиесілі, мемлекеттік нөмірі М 060 FDN «Тойота Камри» маркалы автомашинасын жасырын ұрлап кеткен, осы арқылы соңғы аталған адамға елеулі материалдық залал келтірген.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейі жоғары екенін назарға алып, сондай-ақ тергеп-тексерудің қиындығы мен тергеу әрекеттерінің ауқымды көлемін орындау қажеттігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК 194-бабының 1-бөлігін және 198 бабын басшылыққа ала отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. Бұл іс бойынша тергеу (жедел-тергеу) тобы мына құрамда құрылсын:

- Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты О.Р.Омашев;

- Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А. Тұтқышев;

- Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция майоры З. Хамитов.

2. Топ басшысы болып-Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция майоры З. Хамитов тағайындалсын, оған жоғарыда көрсетілген тергеушілердің әрекетіне басшылық жасау тапсырылсын.

3. Мүдделі адамдар тергеу тобының құрамымен таныстырылсын, оларға бұл топ басшысынан не кез келген оның мүшесінен бас тарту құқығы түсіндірілсін.

 

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)      Н.С.Мукашев

=========================================================

«Б Е К І Т Е М І Н»

Энск қ. ІІБ бастығы

Полиция полковнигі

         Т. Рамазанов

«» қантар 20 ж.

 

Алдын ала тергеу тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

 

Энск қ.                                                          2016 жылғы 01 ақпан

 

Энск қаласы ІІБ АБ анықтаушысы полиция капитаны М.С.Мукашев № 16353603100022 санды қылмыстық істі қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы 01 қаңтарда 11.00–12.30 сағат уақыты кезеңінде белгісіз біреу мына: Энергетик көш. №1 үй мекенжайында болып ашық түрде үйге енген, одан 1994 жылы туған азамат З. Мартбековтың жеке мүлкін ұрлап әкеткен, осы арқылы оған 420 818 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Қазақстан Республикасының ҚПК 192-бабы 2-бөлігінде көзделген мерзім бойынша істің мән-жайын зерттеу жеткіліктілігі мен толықтығын қамтамасыз ету мүмкін еместігін ескере келе, Қазақстан Республикасының ҚПК 62, 63, 189, 198-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

1. №16751903100001 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізу тағайындалсын.

2. Осы қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

 

Энск қаласы ІІБ АБ анықтаушысы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2021-05-27; просмотров: 127; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.111.24 (0.061 с.)