С арапшыдан (маманнан) жауап алу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

С арапшыдан (маманнан) жауап алу



ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н. Мукашев Энск қаласы ІІБ №7 қызметтік кабинетінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 79, 210, 212, 285-баптарын басшылыққа ала отырып сарапшыдан (маманнан)жауап алдым:

 

Тегі, аты әкесінің аты: __Мусин_Жеңіс Берікұлы_____________

Туған күні:        __17.09.1961_________________________

Туған жері:        __Энск қаласы____________________

Ұлты:        __қазақ________________________________

Азаматтығы:               __Қазақстан Республикасының_________________________________

Білімі:                __ жоғары_____________________________

Отбасы жағдайы: __ үйленген______________________________

Жұмыс орны, лауазымы _ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Энск қалас сараптама бюросының  сарапшысы

Тұрғылықты жері:               __Энск қаласы, Мир көш., 156, 36_____

Байланыс телефоны: __46-39-03_____________________________

Паспорты немес басқа құжаттар: _жеке куәлігі №145632 Қазақстан Республикасының ІІМ 14.02.2001 жылы берген

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 79-бабының 7-бөлігіне сәйкес сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

Жауапалуды бастаудың алдында маман _____________________ Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 80-бабының 3,4 және 5-бөліктерінде көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Маманның қолы                       _______________ 

    Бір мезгілде маманға дәлелдi себептерсiз өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы түсіндірілді.

Маманның қолы                                 _______________

Істің белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұраққа сарапшы (маман) ___________ келесіні көрсетті

Мәні бойынша келесіні түсіндіремін, 01.01.20__ жылы Сот сапатамасы институтына Энск қалас ІІБ-ден И. Ивановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот-фонографиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулымен бірге мөрленген конверт түсті.

Түскен пакетті қарап-тексеру кезінде ол тұтас, тергеуші мөрлеген, бүлінген жерлері болмаған, оны цифрлық фотоаппарат арқылы бекітіліп, сарапшының қорытындысына қоса тіркелді. Пакетті ашқан кезде онда жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде алынған Иванов сөз сөйлеуінің еркін үлгілері қамтылған «Гном» маркалы цифрлық диктофон, сондай-ақ Ивановтың дауысы мен сөздерінің эксперименталды үлгілері қамтылған «Олимпус» маркалы цифрлық диктофон болды.

Салыстырып зерттеу барысында «Гном» маркалы цифрлық диктофонға жазылған дауыстың И.И. Ивановқа тиесілі екені анықталды. Осыдан кейін мен Иванов әңгімесі мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын зерттедім, ол 01.01.20__ жылғы №158 сараптама қорытындысында келтірілген.

Тергеушінің сұрағы: 01.01.20__ жылғы №158 қорытындыда Сіз берілген дыбысжазбадағы 7 мин. 30 секундтан бастап 8 мин. 02 секундқа дейінгі кезеңдегі әңгіменің мазмұнын бөтен шуға байланысты анықтау мүмкін болмады деп көрсетісіз. Бұл неге байланысты болуы мүмкін?

Жауап: Стенограмманың мәтіндік мазмұнындағы осы ақау жазып отырған құрылғы микрофонының шу көздеріне жақын орналасуына, сондай-ақ аппаратураның уақытша бұзылып қалуына байланысты туындауы мүмкін еді. Бір мезгілде сонымен бірге, жанама белгілер осы кезеңде әңгіменің болмағанын да көрсетеді.

Жауап алған: 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полици я капитан ы                        (қолы)             Н.Н.Мукашев

=========================================================

Жеткізу туралы

ХАТТАМА

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қ. ІІБ КПБ жедел уәкілі полиция капитаны Р.Романов, тергеуші К.С.Алимхановтың Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 188 бабы 3 бөлім талабына сай ( шығ.27.01.2016ж- №2-8/53-85) жолдаған тапсырмасын орындау мақсатында және сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы бойынша № 15020, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 129 бабы 1 бөліміне сай қылмыс жасаған күдікті 21.05.1982 жылы туған Динара Аманқызы Ахметова қылмыстық құқық бұзушылыққа қастыстылығын анықтау мақсатында Энкс қ. ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі К.С.Алимхановқа алып келу мақсатында процессуальдық мәжбүрлеу шарасын қолданды.

Қазақстан Республикасының ҚПК 131 бабы 1 б., сәйкес Д.А.Ахметованы ұстау барысында, мен ауысша түрде қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы күдік бар екендігін жарияладым, сонымен қатар оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндірілді.

Д.А.Ахметова хаттамамен танысып, «арыз және шағым жоқ» деп айтты.

Д.Ахметованың қолы

Жедел уәкіл полиция қызметкері                            Р. Романов

Қабылдады:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

Күдіктіні құқықтарымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 64 бабына сәйкес Динара Аманқызы Ахметова, күдіктінің келесі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді: 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға; 8) айғақ беруден бас тартуға; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға; 10) дәлелдемелерді ұсынуға; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге; 22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге; 23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.

 

Күдіктінің құқықтары мен міндеттерін түсіндірген._______________

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелерін зерттеу

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н. Мукашев полиция бөлімі әкімшілік ғимаратының № 24 қызметтік кабинетінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 47, 124, 199 және 238-баптарының талаптарын сақтай отырып, Энск қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру – жасырын тергеу әрекетіның Micro flash SD флеш-картасы жеткізгішінде қамтылған нәтижелерін зерттеуді жүргізді, ол туралы осы хаттаманы жасады.

Зерттеу объектісі Micro flash SD флеш-картасы болып табылады, ол дербес қызметтік компьютерде Media Player бағдарламасы арқылы көрсетіледі, цифрлық жазбаның ұзақтығы 12 минутты құрайды. 

Бейнежазбада екі бөлмелі пәтерді қарап-тексеру үзінділері бар, онда ас бөлмесіндегі шаруашылық заттар, №1 жатын бөлмедегі төсек пен шкаф, №2 жатын бөлмедегі төсек, сондай-ақ балконда тұрған Самсунг маркалы тоңазытқыш пен Сони маркалы теледидар анық көрінеді.

Қарап-тексеруден кейін бейнежазба жеткізгіші конвертке қапталды, ол желімделді және «пакеттер» үшін мөрімен бекітілді.

Конвертке мынадай жазу жазылды: «14777999111 қылмыстық іс бойынша бейнежазба материалы».

    Конверт тергеушінің қолтаңбаларымен бекітілді.

Осымен тергеу әрекеті аяқталды.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, тергеу әрекетін жүргізу бойынша және хаттаманың мазмұны бойынша ескертулер мен толықтырулар

______________________________________________________________

________________________________________________________________

Хаттаманы жасаған:

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен жәбірленушіні таныстыру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, ІІБ полиция бөлімінің ТБ үй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 71, 295-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші Мади Кенжебекұлы Елубаевқа №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.

Материалдармен таныстыру басталды:

10 сағат 00 минут, 10.10.20__ жылы.

Таныстыру аяқталды:

10 сағат 30 минут, 10.10.20__ жылы.

Жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысқаннан кейін, ол тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіре ме деген сұраққа жәбірленуші былай мәлімдеді:

04.06.1994 ж.т. Данияр Ертайұлы Казбековті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.

 

Жәбірленуші:                           __________   М.К.Елубаев

(қолы)

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

Жәбірленушіні және оның өкілін

сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев,  ІІБ полиция бөлімінің ТБ үй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 71, 295-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші Мади Кенжебекұлы Елубаевқа және оның заңды өкілі – Сара Нұрланқызы Сағатоваға №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.

Материалдармен таныстыру басталды:

10 сағат 40 минут, 10.10.20__ жылы.

Таныстыру аяқталды:

10 сағат 55 минут, 10.10.20__ жылы.

Жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысқаннан кейін, ол тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіре ме деген сұраққа жәбірленуші             С.Н. Сағатова былай мәлімдеді:

04.06.1994 ж.т. Данияр Ертайұлы Казбековті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №15631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ. Жәбірленуші өкілі – С.Н. Сағатова былай мәлімдеді:

04.06.1994 ж.т. Данияр Ертайұлы Казбековті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.

 

Жәбірленуші:         (қолы)   М.К.Елубаевқа

Жәбірленушінің өкілі:   (қолы) С.Н.Сағатова

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

Күдіктіні және оның қорғаушысын

сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

                           

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қаласы ІІБ полиция бөлімінің ТБ ұй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 199, 113, 294, 296-баптарының талаптарын сақтай отырып, күдікті Данияр Ертайұлы Казбековті және оның қорғаушысы Е.С.Болатовқа Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау ісінің барлық материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.

Таныстыруды бастау алдында күдіктіге және оның қорғаушысына Қазақстан Республикасының КПК-нің 64, 296-баптарында көзделген құқықтар түсіндірілді, оның ішінде, олар кез келген мәліметтерді және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер жасауға, оның ішінде техникалық құралдар арқылы көшірме жасауға құқылы.

Күдікті Д.Е.Казбеков және оның қорғаушысы Е.С.Болатов іс материалдарымен бірге танысты.

Материалдармен таныстыру басталды:

11 сағат 00 минут, 10.10.20__ жылы.

Таныстыру аяқталды:

11 сағат 40 минут, 10.10.20__ жылы.

Күдікті мен оның қорғаушысыіс материалдарымен танысқаннан кейін, олар тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіреме деген сұраққа күдікті Д.Е.Казбеков және оның қорғаушысы Е.С.Болатов былай мәлімдеді:

№15631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстық, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.

Күдікті:                            (қолы)   Д.Е.Казбеков

Қорғаушы:                      (қолы)  Е.С.Болатов

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Нәрселер мен құжаттары беру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 260, 261-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, көліктегі ІІД-нің №333 кабинетінде сот-химиялық сарапшының нәрселерді іске қоса тіркеу туралы өтінішінің негізінде «героин» есірткі құралының муляжын қабылдады.

Қарап-тексеру мынаны анықтады:

Қарап-тексеру объектісі - «героин» есірткі құралының муляжы, ол ұзындығы 25 см. құрайтын ақ түсті жүппен байланған ешқандай жазуы жоқ көлемі 15х10 см. мөлдір полиэтилен пакетіне қапталған жалпы салмағы 50 гр. сарғыш түсті ұнтақ зат болып табылады.

Героин муляжының іс үшін маңызы бар, ол И.Ы. Болатовтың заңсыз әрекеттерін одан әрі әшкерелеу және дәлелдемелермен бекіту мақсатында пайдаланылатын болады.

Нәрселерді немесе құжаттарды сот-химиялық сарапшы М.М. Маймақов берді.

Нәрселер мен құжаттарды қабылдаған:

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Алу

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 253, 254, 256-баптарының талаптарын сақтай отырып, Энск қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция капитаны Қ.Сейлхановтың қатысуымен және иесі Д.С.Нүркеновтың қатысуымен Энск қаласы, 11мөлтек аудан 36 үй, 2 пәтер мекен жайында тұратын 1986 ж.т. Дархан Мәдиұлы Асхатовтың атына берілген жүргізуші куәлігін алуды жүргізді.

Тергеу әрекетін жүргізу алдында Д.С.Нүркеновке тергеушінің барлық әрекеттері кезінде қатысуды және тергеу әрекеттері бойынша хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау; өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру құқықтары түсіндірілді.

Сондай-ақ алу жүргізу кезінде оның барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеу қолданылатыны туралы ол ескертілді.

Криминалист маман Қ.Сейлхановқа Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 80-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсіндірілді және оған дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді________________ Қ. Сейлханов

Алуды бастаудың алдында Д.С.Нүркеновке 2016 ж. 2 қаңтардағы алуды жүргізу туралы қаулы көрсетіліп 1986 ж.т. Д.М.Асхатовтың атына берілген жүргізуші куәлігі өз еркімен беру ұсынылды.

Бұдан кейін Д.С.Нүркенов пәтердің төргі бөлмесіне өтіп, теледидардың астындағы тумбаның шыны есігін ашып, 1986 ж.т. Дархан Мәдиұлы Асхатовтын атына берілген «В» санатындағы FU №072569 жүргізуші куәлігін алып шығып, оны тергеушіге өз ергімен берді, алынған жүргізуші куәлігі тергеуші полиэтилен пакетіне салып, буып-түйіп, №1 «пакеттер үшін» жазуы бар мөрмен бекітілді.

Алу барысында «Кэнон» маркалы цифрлық фотоаппаратқа суретке түсіру жүргізілді.

Алу барысында қандай да бір ескертулер болған жоқ.

Алу жүргізілген адам                       _____________ Д.С.Нүркенов

Криминалист маман                  _____________ Қ.Сейлханов 

         

Алуды жүргізген:

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны        (қолы)                       Н.Н. Мукашев

 

Хаттамасының көшірмесін алдым              _______________________

 

=========================================================

Нәрселер мен құжаттарды қарап-тексеру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н. Мукашев, Энск қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция капитаны Қ.Сейлхановтың қатысуымен, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 219, 220, 224-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, Энск қаласы ІІБ-де № 227 бөлмесінде күдікті А.А.Нүркеновтен табылып алынған «Айфон 6» маркалы ұялы телефонға қарап-тексеру жүргізілді жүргізді.

Қарап-тексерудің алдында криминалист маман Қ.Сейлхановке Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 80-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келу;дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысу; өзi орындаған әрекеттерге қатысты түсiнiк беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізу және қорытынды беру; iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және iске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеу; тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтау; зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттері түсіндірілді.

Cонымен бірге, оның зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысу; қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеу; өзiнiң шақырылу мақсатын бiлу; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тарту; тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға қылмыстық процестi жүргiзетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезiндегі өзiнiң әрекеттерiне байланысты мән-жайларға аудару; қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулердi қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не олардың сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектiлердiң iшiнара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргiзу; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң тіркелуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; қылмыстық процестi жүргiзетін органның әрекеттерiне шағым келтіру; аудармашының тегін көмегін пайдалану; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу; егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алу құқықтары түсіндірілді.

Бұдан басқа, маманға оның қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес екендігі түсіндірілді.

Оның үстіне оған дәлелді себептерсіз өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.

Криминалист маман__________ Қ.Сейлханов 

Тергеу әрекетіның барысы мен нәтижесін криминалист маман Қ.Сейлханов «Сони» маркалы цифрлық бейнекамераға түсіріп отырды.

Қарап-тексеру мыналарды анықтады:

«Айфон 6» маркалы ұялы телефон, телефон панелі қара түсті қандай да бір көзге көрінетін бүлінген жерлері жоқ. Телефон көлемі 12,5х0,7 см. Алдыңғы бөлігінде экранның астында диаметрі 1 см дөңгелек нысандағы батырмасы бар, экранның өзінің көлемі 9-х5 см, телефонның артқы бөлігінің жоғарғы сол жақ бұрышында диаметрі 0,5 см дөңгелек нысандағы фото-бейнекамера объективі бар, одан төмен алма түрінде сурет бар, сондай-ақ «IPhone» жазуы бар, сол жақтағы қыр бөлігінде дыбыссыз режимді қосу және ажырату батырмасы, телефонның жоғарғы бөлігінде телефонды қосу және ажырату батырмасы бар. Телефонды қосқан кезде ол жұмыс істеп тұр, қандай да бір көзге көрінетін іздер мен бүлдірулер жоқ.

Бейнежазбаны тергеуші мен маман қарап шықты, жазба ұзақтығы
40 минут.

Қарап-тексеру барысының бейнежазбасы «DVD-R» компакт-дискіне көшірілген, ол конвертке салынып, желімделген және «Энск қаласы ІІБ» мөрімен бекітілді.

Бумада мынадай жазу жасалды: «№15471003100020 қылмыстық іс бойынша 06.01.2016 ж. нәрселерді қарап-тексеру тергеу әрекетінің бейнежазбасы».

 

Криминалист маман __________ Қ.Сейлханов 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны        (қолы)                       Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау

 ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н. Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 257-баптарына сәйкес, Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы полиция капитаны Қ.Сейлхановтің және Энск қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Б.Қашқыновтың қатысуымен, № 14550003100999 қылмыстық іс бойынша күдікті Д.С.Нүркенов «Мерседес – Е 220» автомашинасынан жәбірленуші А.А.Асхатовқа тиесілі материалдық құндылықтары ұрлауды жасағаны туралы берген айғақтарын сол жерде тексеру және нақтылау жүргізілді.

Айғақтарды нақтылау және сол жерле тексеруді бастаудың алдында қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, сондай-ақ сол жерде айғақтарды тексеруді жүргізу тәртібі түсіндірілді. Оларға тергеу әрекетін жүргізу кезінде Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлханов  техникалық құрал: «СVS -500» маркалы бейнекамераны қолданатыны туралы ескертілді.

Тергеу әрекеті басталғанға дейін маман Қ.Сейлхановқа Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 58 (57)-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді:

______________________________

                                  (қолы)

Тергеу әрекеті басталғанға дейін күдікті Д.С. Нүркеновке Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 64 (65)-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, оның ішінде айғақтарды беруден бас тарту құқығы және оның айғақтары қылмыстық процесте дәледмелер ретінде, оның ішінде ол кейін өзінің айғақтарынан бас тартқан кезде де пайдаланылуы мүмкін екені туралы ескертілді.                         ______________________ Д.С.Нүркенов 

                                                        (қолы)                                   

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, күдікті мынаны мәлімдеді: заттарды ұрлаған жерде өз еркіммен айғақтар беруді қалаймын

     (айғақтар беруді қалайды немесе айғақтар беруден бас тартады)

Күдікті________________ Д.С.Нүркенов      

                                              (қолы)   (тегі, аты-жөні)

Сол жерде айғақтарды тексеру алдында күдікті Д.С.Нүркеновке Күдікті Д.С.Нүркенов мүлікті Энск қаласында Павлов көш., 11 «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатр жанында тұрған «Мерседес – Е220» маркалы автомашинадан ұрлағанын көрсетті.

    Айғақтарды сол жерде тексеру Ленин көш., 55 мекенжайы бойынша орналасқан Энск қаласы ІІБ ғимаратынан басталды.

    Қылмыс жасалған жерге келу үшін осы процестік іс-қимылға қатысушылардың барлығы мемлекеттік нөмірі КР 555 14/кz ВАЗ 2121 автомашинасына отырды, оны полиция сержанты М.Макшонов басқарып, күдікті Д.С.Нүркенов көрсеткен жерге қарай жүргізді.

Процестік іс-әрекетке қатысушылардың барлығына Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлханов жүргізіп отырған сол жерде айғақтарды тексерудің бейнежазбасы 10 сағат 10 минуттан бастап қатысушылар күдікті көрсеткен жерге жеткенге дейін тоқтатыла тұратыны хабарланды.

Тергеу әрекеті бейнежазбасы 10 сағат 35 минутта Павлова көш., 11 үй мекежайына келген кезде қайта жалғастырылды.

Оқиға болған жерде күдікті Д.С.Нүркенов Павлов көш., № 11 тұрғын үй кіреберісіне көрсетіп, ол 2014 жылы 18 қыркүйекте 18 сағат 00 минутта бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатр жанында өздерінің көлігін қалдырған жүргізушілерді бақылап тұрғанын айтты.

Осыдан кейін күдікті Д.С.Нүркеновке айтуы бо



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2021-05-27; просмотров: 118; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.79.59 (0.15 с.)