Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida



Теңiз жағалауындағы құмда тiршiлiк етедi. Қапшық тәрiздi iшегi және жұтқыншақта орналасқан жұп хитиндi жақтары бар. Отрядтың ерекшелiгi - терi эпителиясында кiрпiкше емес, талшықтары бар. Қарапайым түрлерiнде нерв жүйесi беткейi орналасқан, протонефридия және бiрiккен сарыуыз бездерi болмайды. Өкiлi: Gnathostomula paradoxa (26 Б - сурет).

Көп тармақты iшектi турбелляриялар отряды - Polycladida

Теңiзде тiршiлiк ететiн, жапырақ тәрiздi, кейде iрiлерi 15 см-ге дейін жететiн турбеллярилер. Олардың iрiлiгi iшектiң тарамдылығы мен жыныс бездерінiң көп болуынан. Дамуы метаморфоз (личинка) арқылы өтедi.

Үш тарамақты iшектi турбелляриялар отряды - Tricladida

Денесi жапырақ немесе тақта тәрiздi. Жыныс жүйесiне көптеген аталық тұқым бездерiнiң, екi жұмыртқа безi мен көптеген сарыуыз таратқыштарының болуы тән. Iшегi үш тарамды. Көбiне тұщы су формалары. Өкiлдерi Dendrocoelum lacteum, Euplanaria genocephala, Polycelis nigra. Кейбiр Tricladida - лар теңіздерде өмiр сүредi. Тропикалық түрлерi, мысалы Bipalium stimpsoni жапырақтарының астында, ылғалды жерде кездеседi. Құрлықта кездесетiн Tricladida-лар кейде 30 см-ге дейін жете алады. Әсiресе үш тармақты iшектi турбеллярилерге Байкал көлi бай. Сондағы трикладидалардың мөлшері үлкен болады және олар бiрнеше жүз метрге дейiнгi тереңдiкте кездеседi.

Тiк iшектiлер отряды - Rhabdocoela

Өте ұсақ (0,5-5мм), ұршық, цилиндр пiшiндес жәндiктер. Денесiндегi кiрпікшелерi арқасында жақсы жүзедi. Негiзгi ерекшелiгi - жұтқыншағы жақсы дамыған, одан дененің артқы жағына бағытталған тұйықталатын тiк iшегi өтедi.

Тiк iшектiлер тұщы суларда, теңiздерде және құрлықта кездеседi. Олар моллюскалар мен басқа да омыртқасыз жануарлардың денесiнде паразиттiк тiршiлiк етедi. Негiзгi өкiлдерi: Dalyella viridis, Mesostoma ehrenbergi (26, В - сурет).

 

Темноцефалида отряды - Themnocephalida

Су тасбақаларының, шаянтәрiздiлердiң, моллюскалардың эктопаразиттерi. Ұсақ, ұзындығы бiрнеше миллиметр. Алдыңғы жағында қармалауыштар шоғыры, артқы жағында жабысқақ бездерiне бай бекiнгiш сорғышы болады.

Удонеллидтер отряды - Udonellida

Ұсақ теңiз турбеллярилер, бiрнеше миллиметрдей, артқы жағында үлкен сорғышы бар. Ол жабысқақ бездерiмен қамтамасыз етiлген. Удонеллидтер - паразиттер, шаянтәрiздiлердiң денесiнде тіршілік етеді.

 

СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - TREMATODA

 

Бұл класс өкiлдерiнiң бәрi де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әртүрлi iшкi мүшелерiнде паразиттiк тiршiлiк етедi. Сорғыштарға 4000 түр жатады. Сорғыштардың көпшiлiгi бiрнеше миллиметрдей ғана, бірақ кейде бұл құрттардың iрiлерi де болады. Мысалы, бауыр сорғыш құрттардың ұзындығы 5см, кейбiр бауыр сорғыштары 1,5 м-ге дейiн жетедi (Didymozoidea тұқымдасынан).

Классификациясы. Сорғыштар класы екі класс тармағына бөлінеді.

ДЕГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР НЕМЕСЕ ҚОСЕЗУЛЕР

КЛАСС ТАРМАҒЫ – DIGENEA

Бұлардың өкілдері екі сорғышымен, иелерін ауыстырумен және ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Класс тармағы көлемінде өте көп түрлері белгілі, негізінде адамның және омыртқалы жануарлардың ішкі паразиттері. Басты өкілдері: бауыр сорғыш - Fasciola hepatica, ланцет тәрізді сорғыш Dicrocoeliumlanceatum, мысық немесе сібір қосезуі - Opisthorchisfilineus, Schistosomahaematobium, т.б.

 

МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ – MONOGENOIDEA

Моногенетикалық сорғыштар - балықтардың терiсiмен желбезегiнде, амфибиялармен бауырымен жорғалаушылардың қуығында және басқада мүшелерінде тiршiлiк ететiн эктопаразиттер. Олардың түрсаны 2500-гежетедi.

ТӨМЕНГІ САТЫДЫҒА МОНОГЕНЕЙЛЕРКЛАСС ТАРМАҒЫ

POLYONCHOINEA

 

ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OLYGOCHOINEA

 

Бұлар - балықтардың паразиттерi. Ең негiзгi ерекшелiгi-арнайы бекiну мүшелерi - қақпанның қозғалысындай жабылатын қақпақтарының болуы. Қақпақтарының болуы арқасында, iлмешектері негiзгi бекiну қызметiн жоғалтады, ересектерiнде кейде болмауы да мүмкiн. Личинкаларында 10 шеткiiлмектерi болады. Бұл класс тармағына жоғарыда қарастырылған - Diplozoon paradоxum жатады.

ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA

 

Таспа құрттар класының өкiлдерi сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттiк тiршiлiкке толығырақ бейiмделген. Бұлар тек қана эндопаразиттiк өмiр сүредi, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады,ересек кезiнде әртүрлi омыртқалы жануарлардың, адамның iшегiнде тiршiлiк етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың iшкi мүшелерінде және дене қуысында тiршiлiк етедi. Түрлерi 3000-нан астам.

бiрiншi сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп, сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродиттi буын "пiсiп жетiлген" буынға айналады (32,Б,В-сурет). Денесiнiң соңғы жағындағы пiсiп жетiлген буындар үзiлiп иесiнiң iшегiнен сыртқы ортаға шығарылып тұрады. 18-20 жыл өмiр сүретiн өгiз солитерi бiр жылда 600 млн.-нан аса жұмыртқа шығарады. Сонда бүкiл тiршiлiгi барысында солитер 11 млрд. жұмыртқа бөледi.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-19; просмотров: 136; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.111.183 (0.005 с.)