Саркомастигофоралар типi – sarcomastigophora 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Саркомастигофоралар типi – sarcomastigophora



САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПI – SARCOMASTIGOPHORA

Саркомастигофоралар еркiн өмiр сүретiн және паразиттi тiршiлiк ететiн қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегiмен қозғалады. Қозғалу органойдттарының құрылысына байланысты саркомастигофора типi екi класқа бөлiнедi: саркодиналар - Sarcodina және талшықтылар - Mastigophora.

 

САРКОДИНАЛАР КЛАСЫ - Sarcodina

Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлерi белгiлi, теңiздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиi кездеседi.

Адамның және жануарлардың денесiнде паразиттiк тiршiлiк ететiн түрлерi де бар. Барлық өкiлдерi жалған аяқтары яғни псевдоподиялары арқылы қозғалады.

Саркодиналар үш класс тармағына бөлiнедi: тамыраяқтылар -Rhizopoda, сәулетәрiздiлер - Radiolaria, күнтәрiздiлер - Heliozoa.

 

ТАМЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - Rhizopoda

Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda үш отрядқа бөлiнедi: амебалар - Amoebina, қабыршақты амебалар-Testacea және фораминифералар-Foraminifera.

 

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ-MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ FLAGELLATA

 

ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ –

PHYTOMASTIGINA

Хризомонадалар отряды - Chrysomonadina

Сауыттылар отряды - Dinoflagellata

       

Эвгленалар отряды - Euglenoidea

Фитомонадалар отряды - Phytomonadina

   

ЖАНУАРТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ –

ZOOMASTIGINA

 

Гетеротрофты талшықтылар, еркiн немесе паразиттiк тiршiлiк етедi. Олар құрылысы мен тiршiлiк әрекетiне байланысты көптеген отрядқа бөлiнедi.

 

Жағалы талшықтылар отряды - Choanoflagellata

Тамыраяқты талшықтылар отряды - Rhizomastigina

 

Кинетопластидалар отряды – Kinetoplastida

Көпталшықтылар отряды - Polymastigina

Гипермастигиналар отряды - Hypermastigina

Опалинина отряды - Opalinina

 

СПОРАЛЫЛАР ТИПI - SPOROZOA.

 

ГРЕГАРИНАЛАР КЛАСЫ – GREGARININA

КОКЦИДИЯТӘРIЗДIЛЕР КЛАСЫ - COCCIDIOMORPHA

 

Кокцидиялар отряды - Coccidiida

Қан споралылар отряды - Haemosporidia

 

КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПI - CNIDOSPORIDIA

 

ШЫРЫШТЫ СПОРАЛЫЛАР КЛАСЫ - MYXOSPORIDIA

 

 

МИКРОСПОРИДИЯЛАР ТИПI - MICROSPORIDIA

 

Бұл типке 300-ге жуық түрлер жатады. Олар клетканың iшiнде тiршiлiк ететiн паразиттер. Көпшiлiгi насекомдардың және басқа омыртқасыз жануарлардың паразитi, аз ғана түрi балықтарда кездеседi.

КIРПІКШЕЛIЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПI - CILIOPHORA

 

Бұл типке көп ұсақ кiрпiкшелерi бар қарапайым жәндiктер жатады, 7000-нан астам түрi белгiлi. Бұлардың ерекшелiгi - денесiнде екi түрлi ядросының болуы - үлкен вегетативтi ядро макронуклеус және кiшкене генеративтi - микро нуклеус.

Инфузориялар типi екi класқа бөлiнедi. Кiрпiкшелi инфузориялар - Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кiрпiкшелi инфузориялардың кірпікшелерi тiршiлiк циклiнiң барлық кезеңдерiнде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклiнiң алғашқы кезеңiнде ғана кiрпiкшелерi болады да, содан кейінжойылады.

 

КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - CILIATA

КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯ КЛАСЫНЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ

 

 

КИНЕТОФРАГМИНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ- KINETOFRAGMINOPHORA

 

Гимностомата отряды - Gymnostomata

Гипостомата отряды - Hypostomata

 

Энтодиниоморфа отряды - Entodiniomorpha

 

ОЛИГОХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - OLIGOHYMENOPHRA

Хименостомата отряды - Hymenostomata

Дөңгелек кiрпiкшелiлер отряды – Peritricha

ПОЛИХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - POLYHYMENOPHORA

 

 

Әр түрлi кiрпiкшелiлер отряды - Heterotricha

ПАРАЗОА - PАRАZОА

 

Бұл топты құрайтын жануарлардың басты ерекшелiгi - дене құрылысындағы клеткалары толық дифференциаланбай бiрiне - бiрi оңай ауыса алатындығы, ауыз тесiгiнiң, iшегiнiң, ұлпаларының, мүшелерiнiң, нерв жүйесiнiң жоқтығы. Паразоа тобына бiр ғана губкалар типi жатады.

IЗБЕСТI ГУБКАЛАР КЛАСЫ - CALCAREA НЕМЕСЕ CALCISPONGIA

 

 

ГИДРОЗОА КЛАСЫ – HYDROZOA

Гидрозоа класының 2700 түрлерi белгiлi, теңiздерде, тұщы суларда тiршiлiк ететiн қарапайым құрылысты жануарлар. Олардың полиптер мен медуза формалары - гидрополип және гидромедуза деп аталады. Жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы арқылы дамиды. Личинкалары - планула деп аталады.

Гидрозоа класы екi класс тармағына бөлiнедi: гидроидтылар - Hydroidea және сифонофоралар - Siphonophora.

 

ГИДРОИДТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ –HYDROIDEA

Бұларға жеке немесе колония құрып тiршiлiк ететiн гидроидты полиптер жатады.

Гидра (Hydra oligaсtis) - қарапайым құрылысты полиптiң бiрi. Биiктiгi 1 см-ге

Теңiз гидроидтi полиптер отряды - Leptolida

Теңiз гидроидтi полиптердiң көбеюi. Медузаның құрылысы

 

Гидралар отряды - Hydrida

 

Теңiз гидроидты полиптер отряды - Leptolida

Бүкiл жер жүзiндегi теңiздерде кең таралған, тек Limnomedusaе отряд тармағының кейбiр түрлерi тұщы суларда кездеседi.

Бұл отряд төрт отряд тармағына бөлiнген: Athecata, Thecaphora, Limnomedusa, Hydrocorallia.

 

Короната отряды - Coronata

Теңiздiң терең қабаттарында мекендейтiн медузалар. Шатыры сақина тәрiздi белдеуленiп, орталық дискi және шеткi тәжге - "коронаға" бөлiнедi. Негiзгi туыстары: Atolla және Poriphylla.

 

POLYONCHOINEA

 

ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OLYGOCHOINEA

 

Бұлар - балықтардың паразиттерi. Ең негiзгi ерекшелiгi-арнайы бекiну мүшелерi - қақпанның қозғалысындай жабылатын қақпақтарының болуы. Қақпақтарының болуы арқасында, iлмешектері негiзгi бекiну қызметiн жоғалтады, ересектерiнде кейде болмауы да мүмкiн. Личинкаларында 10 шеткiiлмектерi болады. Бұл класс тармағына жоғарыда қарастырылған - Diplozoon paradоxum жатады.

ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA

 

Таспа құрттар класының өкiлдерi сорғыштар мен моногенетикалық құрттарға қарағанда паразиттiк тiршiлiкке толығырақ бейiмделген. Бұлар тек қана эндопаразиттiк өмiр сүредi, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады,ересек кезiнде әртүрлi омыртқалы жануарлардың, адамның iшегiнде тiршiлiк етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың iшкi мүшелерінде және дене қуысында тiршiлiк етедi. Түрлерi 3000-нан астам.

бiрiншi сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп, сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродиттi буын "пiсiп жетiлген" буынға айналады (32,Б,В-сурет). Денесiнiң соңғы жағындағы пiсiп жетiлген буындар үзiлiп иесiнiң iшегiнен сыртқы ортаға шығарылып тұрады. 18-20 жыл өмiр сүретiн өгiз солитерi бiр жылда 600 млн.-нан аса жұмыртқа шығарады. Сонда бүкiл тiршiлiгi барысында солитер 11 млрд. жұмыртқа бөледi.

ФИЛОГЕНИЯСЫ

 

Жоғарыда сипатталғандай жалпақ құрттар типiне 5 класс жатады: кiрпiкшелi құрттар (Turbellaria), сорғыштар (Trematoda), моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea), таспа құрттар (Cestoda), цестодатәрiздiлер (Cestodaria). Соңғы 4 класс өкiлдерi нағыз паразиттер.

Жалпақ құрттардың филогенетикалық негiзiн кiрпiкшелi құрттар (Turbellaria),оның iшiнде тiк iшектi (Rhabdocoela) турбеллярилер құрайды деп ғалымдар жорамалдайды. Осылардан жалпақ құрттардың эволюциялық дамуы бірнеше бағытта жүрген болуы мүмкін. Сiрә қазiргi уақыттағы паразиттiк тiршiлiк ететiн жалпақ құрттар мен тiк iшектi турбелляриялар ортақ бір арғы-тектен, морфологиялық жағынан жақын еркiн қозғалатын формалардан бастама алған болар. Бұларда эволюциялық даму үш бағытта жүрген: бiр бұтағы қазiргi кірпiкшелiлерге алып келген, қалған екеуi - паразиттiк тiршiлiк етуге бейiмделу бағытында болған (сорғыштар мен таспа құрттар).

НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA

 

Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңiстiкке таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкiл әлемде кездеспейтiн ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңiздер түбiнде, тұщы суларда, топырақ арасында еркiн қозғалып тiршiлiк етсе, паразиттiк түрлерi өсiмдiктер мен жануарлардың барлық мүшелерiнде кездеседi. Құстар мен насекомдардың паразитi ретiнде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүрiп жатқан шiру процесiнiң барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы жүредi. Кеңiстiкке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бiрклеткалы организмдермен салыстыруға болады.

Нематодтардың тiршiлiк ету орталарының алуан түрлi болып келуiне қарамастан құрылыстары бiрдей.

 

Классификациясы. Нематодтардың систематикасы сезiм мүшелерiнiң және зәр шығару жүйесiнiң ерекшелiгiне негiзделген. Нематодтар классы екi класс тармағына бөлiнедi: аденофореа-Adenophorea және сецерненттер- Secernentea.

 

АДЕНОФОРЕА КЛАССТАРМАҒЫ– ADENOPHOREA

Бұлар теңiздерде, тұщы суларда, топырақта тiршiлiк ететiн нематодтар. Кейбiр түрлерi өсiмдiктердiң, жануарлардың паразиттерi. Терi сезу мүшелерi - қылтаншалар, папиллалар түрiнде. Зәр шығару жүйесiндегi мойын безi шомбал типтi, түтiкшесi қысқа. Маңызды өкiлдерi: Dioctophyme renale - алып свайнiгi, Trichocephalus trichiurus - түкбасты құрт, Trichinella spiralis - спиральды трихинелла.

 

СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA

 

Топырақта, тұщы суларда, шіріктік ортада кеңiнен тараған нематодтар, сонымен қатар көптеген түрлерi адамның, жануарлардың және өсiмдiктердiң паразиттерi (шамамен 3000-ға жуық паразиттiк түрлерi белгiлi).

Терi сезу мүшелерi - папиллалар түрiнде тек бас бөлiмiнде орналасқан. Зәр шығару жүйесiндегi мойын безi бұтақталған, екi немесе бiр бүйiр экскреторлы каналы бар. Кутикуласы берiк, қорғаныш қабiлетi жақсы.

Сецерненттер класс тармағы бiрнеше отрядтарға бөлiнедi, солардың iшiнде ең маңызды отрядтары: Ascaridida, Rhabditida және Spirurida.

Ascaridida отряды. Адамның және сүтқоректiлердiң iшегiнде паразиттi тіршілiк ететiн түрлер жатады; адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б. Туғызатын аурулары - аскаридоз.

Адам аскаридасы бүкiл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бiрi. Аналығының ұзындығы 20-40см, аталығы - 15-25см (40,А-сурет). Ересек түрлері адамның ащы iшегiнде паразиттiк тiршiлiк етедi. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжiс арқылы iшектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседi. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әртүрлi қолайсыз жағдайларына өте берiк, төзiмдi.

Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегiсi мол, қолайлы

 

Rhabditida отряды

Қең тараған нематодтар, көп түрлерi топырақта, тұщысуларда, өсiмдiк пен жануарлардың денесiнде тiршiлiк етедi. Rhabditida отрядына көптеген тұқымдастары жатады, солардың iшiнде адамға, жануарларға және өсiмдiктерге аса зиян келтiретiн негiзгi тұқымдастарының өкiлдерiн қарастырамыз: Oxyuridae тұқымдасының өкiлi балалар острицасы- Enterobiusvermicularis; Strongyloididae - ның өкiлiiшек угрицасы - Strongyloidesstercoralis; Ankylostomidae тұқымдасының өкілі-он екi елiiшектiң свайнигi - Ankylostomaduodenale; Tylenchidae тұқымдасының өкiлдерi насекомдардың паразитi (түктi араның) - Sphaerulariabombi және өсiмдiктердiң паразит нематодтары, бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyneincognita, қызылша - Heteroderaschachtii, бидай - Anguinatritici, картоп сабақ нематодасы - Ditylenchusdestructor.

Балалар острицасы-Enterobius vermicularis адамның, көбiнесе балалардың тоқ және ащы iшегiнде тiршiлiк етедi. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесiнiң артқы ұшы спираль тәрiздi оратылған, аналығының - 9-12 мм, артқы ұшы бiз тәрiздi сүйiрленген (40,Б-сурет). Ұрықтанған аналық острица иесiнiң аналь тесiгiне өтiп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады.

Iшек угрицасы - Strongyloidesstercoralis адамның он екi елiiшегiнде және ащы iшекте паразиттiк тiршiлiк етедi. Дамуында екi ұрпағы болады: бiреуi паразиттiк немесе iшектiк; екiншiсi - еркiн тiршiлiк етушi немесе топырақтық. Iшектiң iшiнде гермафродиттi формасы дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжiс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседi. Жұмыртқалардан екi типтi личинкалар дамиды: бiрқатары топырақ арасында еркiн тiршiлiк етiп, ересек күйге айналмай, бiрнеше рет түлейдi де су арқылы немесе терi арқылы адамның iшегiне өтiп гермафродиттi құртқа айналады; қалғандары топырақ арасында еркiн тiршiлiк етiп, кейiн аталық және аналық ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тiрiдей туады. Осы личинкалар су немесе терi арқылы адамның iшегiне өтiп гермафродиттi құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесi байкалады.

Он екi елiiшектiң свайнигi - Ankylostomaduodenale адамның он екi елi және ащы iшектiң iшiнде паразиттiк тiршiлiк етедi. Көбiнесе тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстiк Европада кездесiп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлiмге душар етуi мүмкiн. Бұл кiшкене қызғылт түстi құрт, ұзындығы 10-18мм. Ауыз қуысындағы хитиндi тiстерiмен ішектiң сiлекейлi қабырғасына жабысып, iшектiң эпителий клеткаларымен қоректенедi және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит зиянды токсиндер бөлiп шығарады (40,Ә-сурет).

Жұмыртқасы нәжiспен бiрге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде немесе суда дамиды. Жұмыртқадан бiр немесе бiрнеше күннен соң личинка шығады, ол екi рет түлейдi де инвазиялық сатысына айналады. Адамға жұғу жолы күрделi, алдымен личинка адам терiсiн бұрғылап тесiп қанға өтедi, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң ащы iшекте тоқтайды.

Анкилостомоз ауруы көбiне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, туннель бұрғылауда) айналысқан жағдайларында кездеседi.

Бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyneincognita көп қоректi зиянкестер, олар бақша және көкөнiс, сонымен қатар жемiс - жидек және техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақымдайтын паразиттер. Құрттардың жыныстық диморфизмi ерекше. Аталықтары жiп тәрiздi, жiңiшке, ұзындығы 1,2-1,8мм, аналықтары алмұрт немесе құмыра тәрiздi, ұзындығы 0,8-1,0мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар өсiмдiктердiң тамырына өтедi. Осы жерде олар тамырдың шырынымен қоректенiп, төрт рет түлеп, өседi. Бұзғынша нематодаcымен зақымданған өсiмдiктер өспей ерте солып қалады. Оларға қарсы әрекеттердiң бастысы - ауруға төзiмдi сорттарды таңдап алу, арам шөптердi құрту, топыраққа нематоцид препараттарын шашу, жабық жайлар (парник) топырақтарының температурасын жоғары көтеру.

Қызылша нематодасы- Heteroderaschachtii көкөнiстiк, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит.

Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты жыныстық диморфизмiмен ерекшеленедi. Аталықтары жiп тәрiздi, жiңiшке, ұзындығы 1,0-1,2мм, аналықтары лимон тәрiздi, ұзындығы 0,8-1,3мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбiршiктерiне өтедi. Осы жерде личинкалар қоректенiп, бiрнеше рет түлеп, өсiп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр - жемiсiнiң құрамындағы қанттық процентi азайып және өнiмдiлiгi төмендейді.

Құрттар, қызылша өсiрiлетiн аудандарда кең тараған. Қазақстан үшiн карантин объектiсi. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған агротехникалық шараларды дұрыс қолдану қажет.

Бидай нематодасы- Anguinatritica, бидай және басқа да астық тұқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерiнiң бiрi және фитонематодтар iшiндегi ең iрiсi. Аналығының ұзындығы 5мм, көлденеңi 0,2мм.

Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрмелеп бидай көгi жапырағының қолтығына шоғырланып, кейiн бидай жас масақтарта бастағанда гүл түйiнiне өтедi. Сол жерде, личинкалардың тiршiлiк әрекетiне байланысты, өсiмдiк клеткаларынан бұзғынша (галла) түзiледi. Бұзғыншаның iшiнде личинкалар өсiмдiк шырынымен қоректенiп, өсiп ересек түрiне айналады да, ұрықтанып, жұмыртқа салады (15000-17000-ға жуық). Жұмыртқалардан шыққан личинкалар бiрнеше рет түлеп, инвазиялық сатысына ауысады. Құрғап кеткен бұзғыншаның iшiнде бұлардың тiршiлiк уақыты анабиоз күйiнде өтедi және осы жағдайда 20 жылға дейiн өлмей өмiр сүре алады.

Spirurida отряды. Өкiлдерi тропикалық, субтропикалық елдерде кең тараған, адамның және жануарлардың қауiптi паразиттерi. Маңызды өкiлдерi Filariidae тұқымдасынан: ришта - Dracunculus medinensis; Банкрофт жiпшесi – Wuchereriabancrofti.

Ришта - Dracunculus medinensis ақшыл түстi, жiп тәрiздi, жiңiшке құрт, аналығының ұзындығы 32-100см, аталығы-2см. Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтедi. Ересек түрлерi адамның терiсiнiң астында дәнекер тканінде тiршiлiк етiп, дененi iрiңдетiп (ойық жара) жарақаттайды. Iрiңнiңiшiнде аналығы шумақталып бүктетiлiп жатады. Ауызы ашылған жарадан, ірің мен бiрге личинкалар сыртқа шығарылып тұрады. Әрi қарай дамуы үшiн личинкалар суға түсiп, аралық иесi циклоптың (шаянтәрiздiлер) денесiне түседi. Циклоптың iшек қабырғасын тесiп дене қуысында микрофилярия деп аталатын келесi личинка сатысына айналады. Егерде, адам сумен бiрге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның iшегiн тесiп, қан тамырлары арқылы терi астының дәнекер тканіне енiп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.

 

БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПI - ANNELIDA

 

Аннелидтер (латынша "annulus"- сақина) немесе буылтық құрттар типi- жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгi сатыдағы құрттардан морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесi кезектесiп қайталанып келетiн сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрiздi буылтықтардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлiнiп тұрады, әрi iшкi мүшелерi де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы iшкi метамериясына сәйкес. Тағы бiр ерекшелiгi дененiң екiншi қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бiрiншi қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзiндiк қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесi де дамыған.

Буылтық құрттардың денесi арқа - құрсақ (дорзо-вентральды) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бiрнеше миллиметрден 2,5 метрге дейiн. Буылтық құрттар теңiздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседi, паразиттiк тiршiлiк ететiн өкiлдерi де бар, 9000-ға жуық түрлерi белгiлi.

Буылтық құрттар типi екi тип тармағына бөлiнедi: белдеусiздер - Aclitellata және белдеулiлер - Clitellata.

 

БЕЛДЕУСIЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA

 

Белдеусiздер тип тармағына - теңiздерде тiршiлiк ететiн, дара жынысты, жыныс сегменттерiнде белдеулерi болмайтын, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бiр класс жатады - көпқылтандылар - Polychaeta.

 

КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

 

Полихеттердiң 5000-нан астам түрi бар, көпшiлiгi теңiздерде тiршiлiк етедi, тек Manayukia baicalensis тұщы суларда кездеседi. Денелерiнiң ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейiн (Eunice gigantea). Басым көпшiлiгi жүзiп, ал кейбiреулер бекiнiп немесе топырақты қазып тiршiлiк етедi, "үйшiктер", түтікшелер жасайды. Паразиттiк тiршiлiк ететiн түрлерi де кездеседi.

КЕЗБЕШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ –ERRANTIA

 

Бас қалақшалары және параподиялары жақсы дамыған, сегменттерi гомономды, нефридиялары метамерлi орналасқан, көбiнесе еркiн жүзiп немесе жорғалап жүретiн жыртқыштар.Теңiз жағалауларында, литораль аймағында мекендейдi, 1 метрден 8 метрге дейiн тереңдiкте де кездеседi, ал Alciope vanadis- планкттонды, мөлдiр полихет. Негiзгi тұқымдастары: Aphroditidae, Phyllodocidae, Tomopteridae, Syllidae, Nereidae, Eunicidae.

Polygordiidae, Protodrilidae тұқымдасының өкiлдерi су түбiн қазып, ал Dinoph ilidae - жiп тәрiздi балдырлардың арасында тiршiлiк етедi. Денелерi өте ұсақ, қарапайым құрылысты. Бұлар алғашқы полихеттерге (Archiannelida) жатады.

Myzostomida тобындағы полихеттер тiкентерiлiлердiң (теңiз жұлдызы, теңiз

ОТЫРҒЫШТАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA

 

Бас қалақшалары және параподиялары нашар дамыған, кейде редукцияға ұшыраған, сегменттерi гетерономды, нефридиялары және желбезектерi дененiң алдыңғы сегменттерiнде орналасқан, iн қазып немесе түтiкше, "үйшiк" жасап, солардың iшiнде тiршiлiк етедi, ұсақ организмдермен, детритпен қоректенетiн жануарлар. Негiзгi тұқымдастары: Arenicolidae, Chaetopreridae, Serpulidae, Sabellidae. Құм құрттары (Arenicola marina), ұзындығы 30 см-ге дейiн, құмға iнсалып, қалғандары терiсi шығаратын заттардан жасалынған мүйiздi, iзбестi түтiкшенiң iшiнде тiршiлiк етедi. Отырғыштар теңiз формалары, тек Manayukia baicalensis (Sabellidae тұқымдасынан) тұшы суларда кездеседi. Байқал көлiнде табылған.

 

БЕЛДЕУЛIЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ – CLITELLATA

Бұл тип тармағының өкiлдерi топырақта, тұщы суларда тiршiлiк ететiн, гермафродиттi, жыныс сегменттерiнде белдеу аймағы (clitellum) бар, личинкасыз дамитын жануарлар.Тип тармағы екi класқа бөлiнедi: азқылтандылар - Oligochaeta және сүлiктер - Hirudinea.

 

АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ – OLIGOCHAETA

 

Олигохеттердiң 3400-ге жуық түрi бар.Топырақта, тұщы суларда тiршiлiк ететiн гермафродиттi буылтық құрттар. Жыныс жүйесi денесiнiң алдыңғы сегменттерiнде жинақталған.

Классификациясы. Азқылтандылар класы екi отрядқа бөлiнеді: найдоморфа - Naidomorpha және люмбрикоморфа - Lumbricomorpha.

 

САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПI – SARCOMASTIGOPHORA

Саркомастигофоралар еркiн өмiр сүретiн және паразиттi тiршiлiк ететiн қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегiмен қозғалады. Қозғалу органойдттарының құрылысына байланысты саркомастигофора типi екi класқа бөлiнедi: саркодиналар - Sarcodina және талшықтылар - Mastigophora.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-01-19; просмотров: 670; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.224.184.149 (0.086 с.)