Катерли нейролептикалык синдром пайда болуы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Катерли нейролептикалык синдром пайда болуы.



Нейролептиктерди кабылдаганда кери асер салдарынан *нейролептикалык синдром * п.б. Кориниси –

Жедел дистония- емнин 2-5 кундери дамып ауырсынатын спазм шакырады. Себебби – жогары дозаны бирден томендету. Комек – метоклопрамид.бензодиазепиндик транквилизатор

Паркинсонизм- жогары дозалы нейролептиктерди пайдаланганда п.б. Дозаны томенднткенде жойганда жогалады. Комек- холинолитиктер \ бипериден+акинетон\

Акатизия- денесин козгалта береди уйыктай алмайды.Комек- пропронолол.бензодиазепин.антидепрессант

Кеш дискинезия- бет мойында туракты гиперкинезбен коринеди.Себебы ОЖЖ дофаминге сезимталдыгы жогарылап нейролептиктерди жойганда гиперкинез жогарылайды. Комек- в блокаторлар. Бензодиазепиндик транквилизаторлар.ноотроптар

5.Опиатты наркомания дарежеси.Дари гердин ерте дигностикасы, 1.Бастапкы- \адаптация\ организм реактивтилигинин озгериси.психикалык тауелдилитктин пайда болуы.

2.Созылмалы-физикалык тауелдиликтин тузулуи.\ абстиненция.психоз.полинаркомания\

3.Кеш- барлык организм жуйелеринин тозуы\ толеранттылыктын. Реактивтиликтин томендеуи. Психикалык.соматогенди.неврологиялык.ауыр абстиненция.кем акылдылык

Даригер Диагностикасы бакылау жургузу – дене салмагынын 7-15 кг азаюы. Веналардын кенеюи.териде *жолдар изи* п.б.Териси бозарган.узак уакыттан кейн саргыштанады. Денесинде иньекция издери тыртыктар п.б. Сырткы ортадан болактенип жжалгыз калуын сурайды. Ауыр формада естин булынгырлануы.ситуациялык жагдайды багалаиайды.конил –куй туракты емес.минез –кулкы тез озгереди акшанын коп жумсалуы.шприцтертряпка губкалар табылуыПсихологиялык тест6

 

 

6. 65 жастағы ер адам кешке алкоголь қабылдаған.....

1. менингеальді синдром, сол жақтық гемианестезия, сол жақты орталықты гемипарез, сенсетивті атаксия

2. көру төмпешігіне қан құйылуы.

3. онмк. Геморрагический инсульт правой средней мозговой артерии. АГ 2ст.

4. ОАК, ОАМ, ЭКГ, осмотр глаз.дна, люмбальная пункция, Эхо-ЭГ, Рео-ЭГ, Ангиография, КТ, МРТ

5. Лечение:

Гемостатическая терапия – аминокапроновая к-та 50-100 мл-5%:

Ингибитор протеолитических ферментов – трасиол 400-500тыс. ЕД

Дицинон (этамзилат натрия)

Викасол (витамин К)

Нимодипин (нимотоп)

 

 

Билет

1. Жоғары милық қызметтер. Бұзылыстардың симптомдар және синдромдары. Зерттеу әдістері.

Ми қыртысы атқаратын қызметіне байланысты проекциялық ж/е ассоциативтік алаңдарға бөлінеді. Проекцилық алаңдар қоршаған ортамен өткізгіш жолдар арқылы байланысады.Олар түрлі анализаторлардың қыртыстық ұшы болып есептелінеді.Алдыңғы орталық ирелең пирамида жол арқылы ерікті қимылдарды реттейді.Дененің қарама қарсы жағымен айқаса байланысады.Артқы орталық ирелең-жалпы сезімділік анализаторының қыртыстық ұшы, онда осы ирелеңді дененің қарама қарсы жағымен байланыстыратын барлық жалпы сезімділік жолдары аяқталады.Гешль ирелеңі-есту анализаторының қыртыстық ұшы, ол құлақ ішімен өз жағы ж/е қарама-қарсы жағы арқылы баланысады.Атбасты теңіз балығы тәрізді ирелең мен аммонов мүйізі-иіс сезу анализаторының қыртыстық ұшы. Олар көздің торлы қабықшасымен екі жақты байланысады.Оң жақтағы көру орталығы сол жақ көру аясын қамтамассыз етеді,ал сол жақ көру отралығының әсері керісінше. Ассоциативтік алаңдар -сыртқы ортамен тікелей байланыспайды.Бұл алаңдар қарапайым әрекеттерді күрделі әрекеттерге айналдыруды жүзеге асырады.Сол жақ жарты шар сөйлеу қабілетімен ауызша ойлануды қамтамассыз етеді.Оң жақ жарты шар сыртқы дүние әсерін бейнелеуге,көркем сурет салуға негіз болып табылыады.

Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдану симптомдары.

Ми қыртысының зақымдануына байланысты оның қызметінің жойылу н/е қозу симптомдары п.б.Жойылу симптомдары ми қыртысының белгілі бір бөлігінің бүлінуі кезінде кездеседі.Ал қозу симптомдары оның тітіркенуіне байланысты болады. Алдыңғы орталық ирелең зақымданса дененің қарама қарсы жағында гемиплегия н/е гемипарез,ал оның қозуы кезінде Гагарин-Джексон ұстамалы қимыл әрекеттері болады .Артқы орталық ирелең зақымданса онда қарама қарсы жақта гемианестезия н/е гемигипестезия,ал тітіркену кезінде ұстамалы парезтезия болады. Көру анализаторының ми қыртысы ұшының желке бөлімінің ішкі бетінде зақымдануы:бүлінуі кезінде көру аясының қарама қарсы жағының жартысы көрінбейді,ал тітіркенсе қарама-қарсы көру аясына жоқ нәрсенің елестеуі,түрлі түсті сәулелер көрінгендей болады. Есту анализаторының Гешле ирелеңіне жеткен ұшы бір жағынан зақымданса есту мүмкіндігі қатты өзгермейді,егер тітіркенсе жоқ дыбыстар елестейді. Иіс анализаторның ми қыртысының самай тұсындағы ұшы зақымданса иісті дұрыс ажырата алмайды.Көбінесе иіс елестері п.б. Ассоциативті алаңдардың зақымдалу симптомдары. Сенсорлық афазия -жоғары самай ирелеңінің артқы бөлігі сол жағынан – Вернике аймағы зақымданғанда кездеседі. Бұл кезде науқас өзіне қойылған сұрақтарға естісе де дұрыс жауап бере алмайды. Литеральды парафазия - сырқат сөйлеген сөзінің дұрыс бұрыстығын ажырата алмайд. Вербальды парафазия –бір сөзді басқа сөзбен ауыстырып алады. Семантикалық афазия -Сырқат қарапайым сөздерді түсінсе де күрделі тіркестерді,сөйлемдерді ажырата алмайды. Моторлы афазия -сырқат естіген сөздерін ұқсада жауабын сөзбен жеткізе алмайд. Амнестикалық афазия -сырқат өзін қоршаған заттарды ажырата тұра,олардың аттарын сөзбен айта алмайды. Аллексия -сырқат сауаты бола тұра берілген мәтінді оқи алмайды. Аграфия -сырқат қолдарының қимыл қабілеті сақталсада жаза алмайды. Астереогнозия -сырқат сипай н/е ұстау арқылы таныс заттарды ажырата алмайды. Көру агнозиясы -сырқат көре тұра көз алдындағы заттарды ажырата алмайды. Есту агнозиясы -сырқат есте тұра дыбыстарды ажырата алмайды. Апраксия -ерікті қимылдар мөлшері олардың үйлесімділігі сәйкестігі сақталсада сырқат түймесін сала алмайды,сіріңке тұтата алмайды,алдыңғы заттармен не истейтінін көрсете алмайды. Аутотопаназия -естіліп тұрған дыбыстың қай жағынан шыққанын,өзініңдене мүшелерін ажырата алмайды. Анозогнозия -сырқат өз денесінің бір бөлігі сал болып қалсада қай жағынан екенін ажырата алмайды. Зерттеу әдістері- Импрессивті сөйлеу-Ең алдымен дәрігер науқасқа қарапайым сөздерді, сосын күрделі сөйлемдерді түсінетінін байқайды.Сырқаттың естіп саралау қабілетін байқау үшін айтылуы ұқсас б-п,п-б,та-да,да-та сияқты әріптермен әріп тіркестерін құлағына жеткізді.Экспрессивті сөйлеу-сырқаттан әріптерді,буындарды,сөздерді қайталауды сұрайды.Автоматты сөйлеу-сырқаттан 1-10ға дейін санауды, әліппе әріптерін ретімен айту, күн,апта,айларды атау сұралады. Хабарлы сөйлем- сырқаттан “қай жеріңіз ауырады”, ”қалай ауырады”,”қалай ұйықтайсыз” деген сауалдарға жауап сұралады. Жазуын тексеру, оқуын тексеру, түйсінді тексеру- көзін жұмып бір затты ұстап,сипап атын айту өтініледі. Мақсатты іс-қимылдарды тексеру- сырқат адам дәрігер көрсеткен қимылды қайталауға тиіс.

2.Вегетативті жүйке жүйесі. Бұзылыстардың симптомдары және синдромдары. Зерттеу әдістері.

Вегетативті жүйке жүйесін Сегменттік ж/е сегмент үстіндегі бөлімдерге бөледі.Сегменттік бөлімнің өзі симпатикалық ж/е парасимпатикалық деп б/ді. Сегменттік вегетативті бұзылымдардың негізгі белгілері:1.қызып,сыздап ауруы ж/е оның әсіресе түнде тыныштық жағдайда күшеюі(симпаталгия).2.Дененің бір бөлігінің көгілдірлене бозаруы(цианоз,акроцианоз),сұрлануы н/е қызаруы,темпер,төмендеуі,капиллярлар тонусының өзгеруі,жіңішке қан тамырларында қан жүруінің,әсіресе қол мен аяқтың ұштарында жылдамдауы,жүрек тұсының ауруы.3.гипергидроз,ангидроз.4.трофикалық бұзылымдар,ойық жара,алақан терісінің қалыңдауы,тырнақтың сызғылануы,шаштың ағаруы.5.Ішкі ағзалардың вегетативтік нервтенуі бұзылуына байланысты вицеральдық криздар. Жиі кездесетін вегетативті синдромдар: 1.Күнгей түйін өрімінің зақымдануы кезінде вегетативті бұзылым симптомдары айқын білінеді.Құрсақ маңайында талма тәрізді ауру түрлері п.б.Бұл талмалар бірнеше сағатқа созылуы мүмкін,физикалық жұктемеде күшейеді. Пилороспазм,кардиоэзофагоспазм, метиоризм,дискенезия болу мүмкін.Кіндік маңайын саусақпен басқанда ауырсынады,брадикардия,гипотония,артмия н/е тахикардия,сырқат талма ұстаған уақытта әлсірейді,денесі қызғандай тітіркенеді ж/е үрей п.б. 2.Симпатикалық түйіндер зақымдалу симптомдары. Шекаралық симпатикалық баған зақымданса парестезиялар,симпаталгиялық ауырсыну,тершеңдік ж/е трофикалық бұзылымдар болады.Жоғары мойын симпатикалық түйір зақымданса Клод-Бернар-Горнер синдромы (миоз,птоз,энофтальм)н/е қоздыру процесіне байланысты қарама-қарсы синдром (мидраз,көз аясынының кеңуі,экзофтальм)п.б.Төменгі мойын симпатикалық түйін зақымдалғанда жоғарыда аталған симптомдармен қатар жүрек тұсының ауырсынуы ж/е оның қимыл ырғақтарының бұзылуы кездеседі.Олар талма тәрізді болып нағыз стенокардия талмасына ұқсап қорқынышты сезіммен қатарласа кездеседі. Вегетативтік-ирритативті синдромдар-талмалы вегетативтік бұзылымдар. Сегмент үсті құрамдарының зақымдану синдромдары. Гипоталамустың синдромы -Жүйке мен ішкі бездер ара-қатнасының бұзылуына байланысты вегетативтік-қан тамырлық ж/е вицеральдық талмалар ішкі бездер қызметінің бұзылуы белгілерімен қатарласа кездеседі.ж/е де дене қызулығын үйлестіру механизмі бұзылуы,қалыптан тыс ұйқышылдық п.б. МИ бағаны торлы затының зақымдану синдромы -вегетативтік қан тамырлар ж/е вицеральдық талмалардық бұзылымдармен қатарласа кездесуі. Ми қыртысы лимбия аймағының зақымдану синдромы. Перманенттік вегетативтік ауытқулар парасимпатикалық криздер (талмалы түрдегі аурулар) сәйкестілігімен және бір симптомдылығымен ерекшеленеді. Мұнымен қоса психосенсорлық бұзылымдар (дыбыс, көру елесі, шошыну, жиіркену, зейіннің азаюы), кенеттен есінен танып қалу, ұйқышылдық байқалады.

3.Гентингтон ауруы. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі Гентингтон ауруы (Хантингтон синдромы, хорея Хантингтона) — бірте бірте басталатын, әдетте 30-50 жаста және прогрессирлеуші хореялық гиперкинез және психикалық бұзылыстармен бірге жүретін нейродегенеративті тұқым қуалайтын жүйке жүйесінің генетикалық ауруы. Ауру IT-15 генінде CAG кодонының көбеюімен шақырылады. Бұл ген хантингтин 350-kDa акуызын кодтайды. Дөрекі типті генде әр адамда әр турли мөлшерде CAG тар қайталанады, бірак, қайталанулар саны 36дан асқанда ауру дамиды. Эпидемиология Аурудың кездесу жиілігі европалық тұрғындар арасында шамамен 3-7:100000, және баска ұлттарда 1:1000000 құрайды. Симптомы Хантингтон ауруы симптомдары кез келген жсата кезд мүмкін, жиі 35-44 жас аралығында. Ерте сатыларында аздап тұлға өзгерістері, когнетивті қабілеті мен физикалық қабілеті өзгеріске ұшырайды. Әдетте бірінші физикалық симптомдары, себебі когнетивті және психикалық бұзылыстар айқын байқалмайды.

Аурудың басталуына тән белгі хорея — бақыланбайтын, хаосты қимылдар. Хорея басында мазасыздану, еріксіз және аякталмаған қимылдармен, координация бұзылысы мен көз қимылдары азаюымен сипатталады. Сөздер түсініксіз бола бастайды.

Жиі абстрактты ойлау бұзылады, адам өз іс әрекетінжоспарлауы қиындайды. Кейін есте сақтау қиындайды, депрессия мен үрей туындайды, эмоциональды дефицит, эгоцентризм, агрессия, адамдарды тану бұзылады, гиперсексуальдылық және зиянды әдеттер күшеюі, мысалы алкоголизм немесе игромания.

Диагностика Клиникалық әдіс Физикальды зерттеу, кейде психикалық зерттеумен бірге жүреді, аурудың таралу аумағын анықтауға көмектеседі. Медициналық визуализация (компьютерная томография (КТ), магнитно-резонансная томография (МРТ)) аурудың прогрессирлеуші стадиясында ми атрофиясын көруге болады Генетикалық әдіс Хантингтон ауруының генетикалық диагностикасын жүргізу үшін қан алып, әрбір НТТ аллельде ЦАГ тар қайталану санын анықтау керек. Оң болса, диагноз анық; теріс болса ауру жок деген сөз емес, себебі бастапқы стадияларында теріс болуы да мүмкін. Емі тетрабеназиннің химиялық құрылысы Хантингтон ауруын емдеуге мүмкіндік береді. Хантингтон ауруы емделмейді, тек симптомдарын жеңілдететін ем ғана қолданылады. Нейролептики және бензодиазепины хореяның көрінісін азайтуға көмектеседі. Амантадин және ремацемид әсері зерттелуде, бірақ оң әсерін көрсетті.

Депрессияны жою үшін серотонин и миртазапин, ал психоз және іс-әрекет бұзылыстарында атипті антипсихотиктер тағайындайды.

4.Невроздың түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы (неврастения, истерикалық невроз)

Невроздар - ол психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын аурулар тобы. Невроз түрлері: неврастения, жабысқақтық невроз, истериялық невроз,ипохондриялық невроз, депрессивті невроз. Неврастения алғаш 1869 ж Америка психиатры Дж.Бирдпен сипатталған. Клиникасында науқастар тез шаршайды, көңіл-күйі тұрақсыз, жиі аффект ұстамалары, тітіркену реакциялары жеңіл п.б. Ұйқы бұзылысы байқалады, өте нашар ұйықтайды н/е ұйқысы беткей, жиі оянады, ұйқыдан кейін демалғандық сезімі болмайды. 3 сатыны ажыратуға б/ды: гиперстениялық, тітіркенген әлсіздік(өтпелі) ж/е гипостениялық. Гиперстениялық сатысындағы науқастарда жоғары тітіркенгіштікғ ұстамсыздық, шыдамсыздық, зейін бұзылысы байқалады. С.қ. өршу кезеңінде ментизм белгілері байқалады: ойлары ретсіз шатасады, хаосты. Әрі қарай невроз симпатикасы бірте-бірте өзгереді. Ең бастысы тітіркенген әлсіздік белгісі б.т. Тітіркену көріністері айқын әлсіздікпен бірге жүреді, жиі науқастың гиперактивтілігімен алмасып отырған апатия, ұйқышылдық эпизодтары п.б. Науқастар бастаған ісін жылдам қажу әсерінен соңына дейін аяқтамайды. Содан интеллектуальды қажу, физикалық жұмыстарды орындау қиындығы, жоғары ұйқышылдық, әлсіздік, кейде күнделікті жұмыстағы белсенділіктің төмендеуімен көрінетін гипостениялық сатысы дамиды. Истериялық невроз көрінісінде самотовегетативті бұзылыстар үлкен орын алады. Қозғалыс пен сезімталдықтың бұзылуы байқалады. Науқастар жүріп-тұра алмайды (астазия-абазия), қабақ спазмдары,афония, аяқ-қолдың салдануы болады. Сезімталдықтың бұзылуы иннервация зонасына сәйкес келмейді ж/е қолғап,шұлық,күртеше түрінде көрінеді. Науқастар жиі дененің әр бөлімдеріндегі ж/е ішкі мүшелердегі ауру сезімдеріне шағымданады. Невроздың осы түрімен науқастарда истериялық бұзылыстардың қайталануы күшейеді. Олар тек эмоциональды жарақат кезінде ғана емес, науқастар өз дегеніне жете алмағанда да п.б. Олардың тәртібінде демонстративтілік, эмоциональды тұраұсыздық, керісуге бейімділік ж/е истериялық невроздың тұлғаның истериялық дамуы көріністеріне трансформациялануы өзіне көңіл аудартады. Емі: невроздар емі кешенді болуы керек. Транквилизаторлар, нейролептиктер, антидепрессанттар, седативті препараттар, физиотерапия, психотерапия жүргізіледі.

5.Тәуелділік ауруының терапиясына негізгі бағыттар. Бұл терапиялық емнің ерекшелігі науқастардың өз еркімен келуімен ерекшеленеді.Науқастың қалауымен емнен бас тарту құқықтары қарастырылған.Терапиялық ем науқастың психикалық жағдайына байланысты қолайлы мерзімде жұргізіледі. Қазіргі заманғы наркологиядағы психофармокотерапия. Психофармокотерапия д/з- психикалық бұзылыстармен ауруларды емдеуде психотропты препараттарды қабылдау.Психотропты препараттар психикалық бұзылыстардың ерекшелігіне,көрсеткіштеріне ж/е қарсы көрсеткіштеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді.Нейролептиктер (антипсихотики), Транквилизаторлар (анксиолитики),Антидепрессанттар,психостимуляторлар,ноотроптар(церебропротекторпы),нормотимики(стабилизаторлар настроения).Ем амбулаторлы ж/е стационарлы түрде жүргізіледі.Емдік жүйеге кіретіндер-психотерапиялық ем,саматоневрологиялық, психофармокотерапиялық, интенсивті терапия.Емнің негізгі мақсаты:1.алкоголь мен наркотиктерге тәуелділік ауруын төмендету. 2.Психикалық,неврологиялық,самотогенді бұзылыстарды емдеу.3.Алкогольмен норкотикке деген құштарлықтан айырылу.4.Салауатты өмір салтын сақтау алкоголь мен наркотиккалық заттарды қайта қабылдаудан сақтану.5.Отбасылық мүшелермен реабилитациялық шаралар жұргізу.Тәуелділік ауруының негізгі 4 этапы бар.1этап.Психотерапиялық сұхбаттасумен басталады.Бұл кезде наркотикалық ж/е алкогольді абстинентті синдромдарды басу,саматоневрологиялық,психопатологиялық бұзылыстарды қалпына келтіру.Науқасқа интенсивті терапия мен клиникалық зерттеулер (психиатор-нарколог,терапевт,невропатолог,окулисть)кеңес алу,лабороториялық зерттеулер(ЖҚА,ЖЗА,БХА,қант,билирубин,белок,бауыр ферменттері ж/е зәрдің диастаза,)токсикалық қан анализі(этанол,наркотика).Дезинтоксикалық шаралар:инфузионды терапия жұргізіледі.2этап Метоболизмдік бұзылыстарды қалпына келтіру,психикалық жағдайын тыныштандыру,ұйқыны қалыптастыру.Жалпы организмін жақсарту.Алкогольге тәуелділікті жою,наркотик алмастырушы терапия.Жеке маманның бақылауында болу.Қосымща зерттеу әдістерін жұргізу(ЭКГ,ағым б/ша Лабор.зерттеу).3этап Тәуелділкке қарсы формакотерапия жұргізеді.Психотерапия,симптоматогенді,патогенетикалық терапия,сенсибилизирленген терапия(алкоголизммен наркоманияда), лидевин, антаксон.4этап.Реабилитациямен ұстап тұрушы терапия жұзгізу.Витаминдер қабылдау.

 

 

6. 45 жастағы науқас 2 апта аралығында ішімдікке салынып кетті: Отв. Алкогольный делирий. Делириозныйс-малкогольной этиологии.?

1. истинные галлюцинации, психомоторное возбуждение, агрессия

2. синдром помрачнения сознания

3. Делирий F11.4 дифдиагноз с галлюцинозом, параноидом, шизофренией

5. транквилизатор – брузепам 0.5% - 2мл в/м 2р/д

Тиосульфат натрия 30%: 10мл в/в струйно в течение 10 дней

Глюкоза + аскорбиновая к-та

Вит. В1-В6 4-5мл в/м

 

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-07; просмотров: 787; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.31.240 (0.026 с.)