Горизонты пренатальной диагностики 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Горизонты пренатальной диагностики



 

Лупежова А., студентка 1 курса факультета «Общая медицина» КазНМУ им. С. Д. Асфендиярова, Алматы, Казахстан.

Научный руководитель: старший преподаватель Нурпеисова И.К.

Кафедра молекулярной биологии и генетики

Целью исследования является обоснование теоретических положений пренатальной диагностики (ПД) и практической значимости ПД для медицины Казахстана.

Методы исследования: Сравнительный, статистический, многокритериальной классификации, анализ.

Пренатальная диагностика представляет собой обширную область знаний, в которой интегрированы методы и концепции как фундаментальных наук, так и практической медицины. Ее главная цель и основные задачи сосредоточены на ранней диагностике и профилактике врожденных и наследственных заболеваний. Основное место в этом принадлежит медицинской генетике, с помощью методов и подходов которой удается дискриминировать врожденные и наследственные пороки развития, что необходимо для выработки оптимальной тактики ведения беременности, профилактики и лечения пороков развития у плода [1].

Из тех возможностей, которые открывает пренатальная диагностика в плане изучения генетических механизмов нормального и патологического эмбриогенеза человека, для профилактики и лечения врожденных и наследственных заболеваний можно рассматривать:тестирование генов, регулирующих ранний онтогенез; генетическую карту репродуктивного здоровья (генетический паспорт беременной);генную и клеточную терапию плода.

Поиск мутаций в регуляторных генах (факторов транскрипции), контролирующих процессы эмбриогенеза позволяет приблизиться к пониманию фундаментальных проблем эмбрионального развития человека и может определить новые эффективные подходы в пренатальной диагностике наследственных и врожденных болезней.

Генетическая карта репродуктивного здоровья (ГКРЗ) представляет собой исключительную ценность для объективного медико-генетического консультирования, для акушеров-гинекологов, наблюдающих за ходом беременности, для специалистов ПД. Ее широкое внедрение в медицинскую практику, дополненное рекомендациями врачей, может иметь решающее значение в профилактике различных осложнений беременности со стороны матери и плода, в выработке оптимального алгоритма ПД.

Генная терапия плода (ГТП) – продукт стремительного развития молекулярной биологии, биотехнологии, медицинской генетики, эмбриологии. Отмечены несомненные методические и клинические преимущества ГТП, которая позволяет начать превентивное лечение в досимптоматическую фазу заболевания [2].

Таким образом, совершенствование генетической карты репродуктивного здоровья, исследование мутаций в регуляторных генах, клеточная и генная терапия плода представляют собой новые горизонты пренатальной диагностики.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:

1. Э. К. Айламазян, В. С. Баранов. Молекулярная медицина – новое направление в акушерстве и гинекологии// Акуш. и гинекол. – 2002. – №4. – С. 9-14.

2. Пренатальная диагностика наследственных и врожденных болезней (под ред. Э. К. Айламазяна, В. С. Баранова), 2007 г.

 

ҮШТІЛДІЛІК – ҚАЗАҚ ТІЛІ, ОРЫС ТІЛІ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ: КӘСІБИ ТІЛДІК БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫ

Мамырбек Е., 4 курс, ОМ 12-058-02 топ студенті,

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Алматы қ. ҚР 2016 ж

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м. Қуанышбаева Ш.С.

Кәсіби тілдер кафедрасы

Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.

Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет”[1]- деп ерекше атап көрсеткен.

Тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз, сондықтан да бұл құбылысты төрттілділік пен бестілділіктен бөліп қараймыз, үштілділіктің кез келген сыңары ретінде кез келген шет тілін алуға болар еді, бірақ біз бұл жерде де қоғамның нақты сұранысы басым түскен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне ерекше мән берген жөн деп түсінеміз [2].

Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз»[3].

Өзектілігі: Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы, көп тілді болу – уақыт талабы.

Мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті,

мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Ғылыми мәтіннің жалпы мазмұнын және мәтін ақпаратынан басты және қосымша ақпаратты бөліп, оларды бағалай, сараптай білу.

Міндеті: мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып - үйрену.

Қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту.

Дереккөздері мен зерттеу әдістері: деректер мен дәйектерін зерттеу әдісі, сараптау әдісі.

Талқылау және нәтижесі: Мақаланың құндылығы көпжылдық зерттеу көрсеткендей, мемлекеттік тілді, орыс тілін, ағылшын тілін меңгеру заман талабы және білімдік құндылықты дамытуға мүмкіндік беретін қажеттілік деп тұжырамдауында. Үштілділік студенттерге табиғи-ғылыми ойларын болашақта әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды: Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу және адамдар арасындағы келісім мен өзара түсінушілікті шешуге болатынын түсінеміз. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007

2. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,

3. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008

 

 

ДИАБЕТТІК ТАБАН СИНДРОМЫНЫҢ КЕШЕНДІ ЕМІ

 

Медетбек А.Е., Жылысбаева Б.Қ.

4 курс, жалпы медицина, ҚазҰМУ, Алматы, Қазақстан.

Ғылыми жетекшілер: доц. Рахматуллин Ю.Я., доц. Медетбеков Т.А.

Жалпы хирургия кафедрасы.

 

Диабеттік табан синдромы (ДТС) —жедел және созылмалы ойық жаралармен, сүйек-буындық зақымданулармен және іріңді-некрозды үрдістермен сипатталатын ҚД кезінде жүйкелік бұзылыстар мен қан айналым бұзылысынан дамитын табанның патологиялық жағдайы.

Өзектілігі: ҚД Ұлттық Регистрінің мәліметі бойыншаҚР-да ҚД-мен 2013 жылы – 244541 адам тіркелген. 13 жыл ішіндегі өсу динамикасы – 139217 жағдайды құрады Қазақстандағы травматикалық емес аяққа жасалатын ампутациялардың 50%-ның себебі: диабеттік табан синдромы. Жыл сайын ҚР-да 5000-ға жуық ампутация жасалады. Мемлекеттік шығын көлемі жылына 3 млрд. теңгені құрайды және жыл сайын көлемі 20%-ға өсуде.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: ДТС-ны кешенді емдеу нәтижелерін жақсарту, кешенді емдеу нәтижелерін бағалау, кешенді патогенетикалық емдеу әдісінің қажеттілігін негіздеу, ДТС-ның профилактикалық қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар дайындау.

Материалдар мен әдістер: АМТГ-ның көп салалы хирургиялық бөлімшесінде ДТС-на байланысты ем қабылдаған 11 науқасқа бақылау жүргіздік. Барлығы ҚД-нің 2 типімен ауырады. (6 әйел, 5 ер адам); 51-ден 67 жасқа дейін; 6 науқаста ДТС-ның нейропатиялық, 2- ишемиялық, 4-аралас түрі. Барлық науқастарға ДТС-ның іріңді асқынуына байланысты ота жасалған.

Емнің нәтижесі: 9 науқас қанағаттанарлық нәтижелермен ауруханадан шығарылды. Олардың 4-еуіне іріңді асқынудың салдарынан саусақ ампутациясы жасалған. 2 науқастың емі жоғарғы ампутациялармен аяқталды.

Қорытынды. ДТС кешенді емдеу 11 науқастың 9-ында оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. ДТС кешенді патогенетикалық ем қолдануды талап етеді (гликемия деңгейін, тамырлардың реваскуляризациясын қалпына келтіру, иннервацияны жақсарту және жергілікті хирургиялық ем). Тар шеңбердегі мамандардың (эндокринолог, невролог, ангиохирург, іріңді хирург) қатысуымен ДТС бар науқастарға орталықтандырылған арнайы көмек көрсету орталықтарын (Диабеттік табан кабинеттері) ұйымдастыру керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Применение новых технологий в лечении синдрома диабетической стопы: клинический случай. О. В. Удовиченко Г. Р. Галстян И. А. Ерошкин Лечащий врач. — 2003.- № 10.

2. Грекова Н.М., Бордуновский В.Н. Хирургия диабетической стопы. – М.– 2009.– 188с

3. "Новые методы лечения диабетической стопы" Серия статей © 2013 DeutscheMedizinmanagementZentrum "DeutscheArzt"

ХАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУГЕ ҚАТЫСТЫ ОЙ-ПІКІРІН БАҒАЛАУ

 

Мурзабекова Л.

2 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау»

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Ғылыми жетекшілері: м.ғ.к. Нурбақыт А.Н., оқытушы Мусина М.С.

Зерттеу өзектілігі. Мемлекет тарапынан бақылауды және жауапкершілікті қосқанда, рынокты қатынастардың өркендеуіндегі денсаулық сақтау жүйесінің міндетті медициналық сақтандыру принципі бойынша демократиялық екендігін әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің тәжірибелері айқындайды.

Қазақстанның медициналық сақтандыру нарығының дамуына зерттеудің керекті шарттарын өте маңызды етуде. Бұл мәселенің әртүрлі аспектілері А.А.Ақанов, Абылкасымов Е., В.Бутовой, Б.Л.Винокурова, В.В.Гришина, В.Н.Девятко, В.Г.Корюкина,В.Г.Кучеренко,Ю.П.Лисицына, В.С.Преображенской, А.В.Решетникова және басқалардың еңбектерінде қарастырылған. Қазақстанның тәжірибиесі жалпылығы және шет елдердің әртүрлі медициналық сақтандыру жүйесін қолдануы ауқымды мәселе болып тұр.

Болашақта міндетті медициналық сақтандыруды енгізу барысында халықтың ой-пікірін, көзқарасын зерделеу маңызды.

Жұмыстың мақсаты. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты халықтың ой-пікірін зерттеу және оңтайлы ұсыныстар жасау.

Зерттеу нәтижелері: Міндетті медициналық сақтандыру туралы халықтың ақпараттылығын анықтағанымызда, респонденттердің тек 13% міндетті медициналық сақтандыру туралы білетіндіктерін айтты, 20% естігендіктерін атап өтсе, халықтың басым көпшілігі, яғни 67% міндетті медициналық сақтандыру туралы мүлдем білмейтіндіктерін нақтылады. Бұл өз кезегінде халықтың міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпараттылығының ең төменгі деңгейін айқындай түседі.

Міндетті медициналық сақтандыру жайында ақпаратты қайдан алғыңыз келеді деген сауалымызға респонденттердің 47% медицина қызметкерлерінен алғылары келетіндіктерін атап өтті, бұл халықтың медицина қызметкерлеріне сенім артатындықтарын білдіреді. Респондентер ақпаратты бұқаралық ақпарат көздерінен алуды қалайтындықтарын айтты. Тек 7% ғана сақтандыру компания қызметкерлерінен ақпарат алуды жөн көретіндіктерін айтты. Халықтың жаңа жүйе туралы ақпарат алу бұқаралық ақпарат көдеріне тікелей байланысты. Яғни газет, журналдар мен теледидар арқылы міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпаратты халыққа жеткізу өте тиімді

Қорытындылай келе, сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу идеясына оң пікірде, алайда соған сәйкес жағдай жасау керек деп ойлайды, оның ішінде аса маңыздылары нормативтік-құқықтық базалар, халықты психологиялық дайындау, тұрмысы төмен азаматтар үшін арнайы медициналық сақтандыру бағдарламаларын жасау керек екендігін нақтылайды.

 

ҚАЗҰМУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЙЛЫҚ КІРІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АЗЫҚ – ТҮЛІККЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫН ҮЛЕСІН БАҒАЛАУ

Мұстафа Б.Ж., 2 курс, жалпы медицина факультеті, Алматы қаласы, ҚазҰМУ. Қазақстан

Ғылыми жетекшісі: м.ғ.к., Хасенова Г.

Нутрициология кафедрасы

 

Өзектілігі: ҚазҰМУ студенттерінің тамақтануы тиімсіз, үйлесімсіз болуы салдарынан асқазан және ішек жолдарының аурулары статистикалық мәліметтерден көбейгені анықталған. 2015 жылғы медициналық тексеру нәтижесі 1-5 курс студенттері арасында ас қорыту жүйесі ауруларының 2014 жылға қарағанда, 7,3 % артқанын байқауға болады[1,4]

Мақсаты: Университет студенттерінің айлық кірісіне байланысты азық – түлікке жұмсалатын қаржы үлесін бағалау. Алынған нәтижелер арқылы студенттердің тамақтануын бақылау.

Зерттеу әдісі: Студенттер арасында (google арқылы) электронды сауалнама жүргізу (жалпы саны - 200). Нәтижесін Excell бағдарламасымен статистикалық өңдеу.

Нәтижелер мен талдау: Алынған нәтижелер негізінде студенттер екі топқа бөлінді:жатақанада -134 және ата - анасымен бірге тұратындар саны - 66. Тамақтануға жұмсалатын соманың кіріс көзі ата-анасы есебінен – 54%-ды, ал шәкірт ақы есебінен - 42%-ды құрады. Жатақхана асханамен жабдықталуына байланысты сауалнамаға - 65% «жоқ» деп жауап берген. «Ия» дегендер саны -35%-ды құрады. Студенттердің 82%-ы асты күнде өзіміз дайындаймыз деп жауап берген. Жатақхана жанында асқана орналасқанын студенттердің 55%-ы дәлелдеді. Университет асқанасындағы тағам қол жетімді бағада сатылама? деген сұраққа «Ия» дегендер саны – 133 студентті құрады. Сіздің қолыңыздағы қаражат сізге құнарлы тағам алуға мүмкіндік береді? деген сұраққа – 118 студент кейде деп жауап берді. «Ия» деген студенттер саны - 39-ы, ал жоқ дегендер - 43 студенттер жауап берді. Студенттердің шәкірт ақысының неше пайызын тамаққа жұмсайсыз? деген сұраққа - 22 студент (100%), 30 студент 75%, 50% - 40 студент, 38 студент - 25%-ды құрады. ҚазҰМУ студенттерінің айлық кірісіне байланысты азық – түлікке жұмсалатын шығын үлесін бағалау ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде анықталғаны: студенттердің 54% -ы ата анасының каржысын тамақтануға жұмсайтындығы, жатақанада тұратын 134 студент ішінен 88% -ы өздірінің шәкірт ақысымен құнарлы тағамдарды алып жей алмайтындығы анықталды. Сонымен қатар, жатақхананың 65% -ы асханамен жабдықталмағандығы анықталды. Шәкірт ақысының 100 пайызын тамақтануға жұмсайтыны белгілі болды.

Қорытынды: «Жастар біздің - болашағымыз» дегендей, болашағымызда жастар салауатты, білімді, денсаулығы мықты болуы керек. Сондықтан, жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысын жалғастыруға, жатақханада тұратын студенттерді асханамен жабдықталуына, шәкір ақысын көбейтуге материалдық көмек ретінде қарастырылуы керек деп табылды.[2,3] Жатақхананың қасында орналасқан дүкендердің организмге кері әсерін тигізетін тағамдарды: фаст-фуд өнімдерін, чипстар, газдалған сусындар және т.б. сияқты өнімдерді сатуға тиым салынуын қадағалау керек. ҚазҰМУ студенттерінің оқу тәртібі белсенді, жүктемелі, қарқынды болғандықтан толыққұнды тағаммен қамтамасыз ететін асханалармен жабдықталуы қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Глобальная стратегия по питанию, физической активности и здоровью. ВОЗ. - 2004-21б.

2. Глобальные рекомендации по физической активности для здоровья. ВОЗ, Швейцария. - 2010. – 62б.

3. План действий по реализации Европейской стратегии профилактики и борьбы с неинфекционными заболеваниями, 2012–2016 гг. ВОЗ, 2012, 40б

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-25; просмотров: 219; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.218.215 (0.043 с.)