Ара желімі (клей) немесе прополис. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ара желімі (клей) немесе прополис.



Аралар өздерінің тұратын жерлерін – пәтерлерінің саңылауларын, тесіктерін ерекше затпен желіммен сылап қояды. Ол затты прополис деп атайды. Прополис - аралар үшін ремонт жасауға қолданылатын материал. Пәтерлерін жылыту үшін және ішінде әртүрлі шымылдықтар жасау үшін қолданады;

Прополистің екі түрін ажыратады:

1) аралар тозаңдарды қорыту кезінде бөліп шығарады, бұл бальзам заты. Сатыларын тұрғызуға пайдаланылады. Олардың еру температуралары - 102-103°С, оның құрамында бактерияларды өлтіретін абиет қышқылы болады. Мұндай прополис эфир майларында ериді.

2) аралар прополисті теректің жапырақтарынан, қайыңның қылқан жапырақтарынан, күнбағыстың және т.б өсімдіктердің бүршіктерінен және жапырақшаларынан жинап алып келеді.

Мұндай прополис аралар пәтерінің сызаттарын сылау үшін қолданылады.

Улы өсімдіктердің тозаңдарынан ғана емес, кәдімгі өсімдіктердің де тозаңдарынан аралардың өлетіні анықталған, егерде бұл өсімдіктерде микроорганизмдердің зеңі (плесень) болса, ал микроорганизмдер араларды өлтіретін улы заттар өндіреді.

«Тозаң» деген сөзді өте жиі «перга»терминінің синонимі деп санайды. Ол дұрыс емес. Өйткені «перга» және «пыльца» (тозаң) әртүрлі өнімдер. Аралар «тозаңды» перга дайындау үшін пайдаланады. Сондықтан перганың құрамы басқа,мысалы, қайың (Betula - береза) өсімдігінің «тозаңы» және пергасының құрамы 6-кестеде келтірілген.

6 кесте

Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы (%)

Зерттелген зат қант белок май күл сүт қышқылы қышқылдық (РН)
Перга 34,8 21,74 1,58 2,43 3,06 4,3
Тозаң 18,50 24,06 3,33 2,55 0,56 6,3

 

Прополистің құрамында 50-60 % қарамай (смола), 8-10 % эфир майлары, 30 % балауыз (воск) болады.

Прополистің екі типінде антисептикалық қасиеттері бар, сондықтан медицинада күйіктерді, жараларды емдеуге пайдаланады.

Қазақ медициналық институтында туберкулезді және өкпеге суық тигенде емдеуге прополис майын пайдаланған. Көп жағдайда жәрдем беретіндігі анықталған.

Ара шаруашылығын тиімді ұйымдастыру үшін сол регаондағы балды өсімдіктер құрамын зерттеп, ол өсімдіктердің гүлдеу күнтізбесін білу керек. Осы мәліметтердің негізінде балды өсімдіктер үзіліссіз гүлдейтіндей жағдай жасауға болады. Ол үшін балды өсімдіктерді мәдени өсімдіктермен аралас егіп, ауыспалы егістік алқабын жасауға болады. Соның нәтижесінде ара шаруашылығын табысты шаруашылыққа айналдыруға болады. Ара ұшуының оптимальды радиусы 2км-ге дейін деуге болады. Дегенмен, омарта (аралардың ұялары тұратын жер) айналасының балды өсімдіктерін 3км радиусында зерттеу керек, мұндай шеңбердің көлемі 28 шаршы км болады.

Тек осы мәліметтерге сүйене отырып осы ауданда және омартада аралардың қанша семьясы келе алатынын анықтауға болады. Ол үшін омартаның айналасында радиус 3 км шеңбер жасайды, осындай шеңберді көрші омартаның айналасында да жасайды. Осы екі шеңбердің бірін-бірі кесіп өткен жерлеріне көрші омартаның аралары келе алады. Мысалы, ауданы 20 га жөке ағашы учаскесінде 70 ара семьясы бар екендігін біліп, 1 гектар жөке ағашы учаскесінде 3,5 ара семьясы бар екендігін анықтауға болады 70 семья/ 20 га=3,5 с. Бұл жағдайда 1 гектар жөке ағашы 3,5 ара семьясын толық қанағаттандырады деуге болады, өйткені жөке ағашы учаскесінің 1 гектарының нектар өндіру мөлшері 500-1000 кг шамасында. Демек, ара өсіруші бұл учаскеден жеткілікті бал жинайтындығына сенімді бола алады.

Белгілі бір жердегі бал қорын анықтау.

Ол үшін шабындықта, ормандағы егістікте немесе табиғи балды өсімдіктер өскен жерлерде әр 100-200 метр сайын параллельді жүріп отырып, көлемі 1 шаршы метр ағаштан жасалған раманы орналастырып, раманың ішіндегі өсімдіктерді санап, балды өсімдіктер жалпы өсімдіктер жабынында қанша пайыз екендігін анықтайды. 7-кестеде белгілі бір жердегі балдың қорын анықтау мысалы, келтірілген.

Eric даласының балды өсімдіктері:

Ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде егістік далаларында мынадай негізгі балды өсімдіктер егіледі:

1) Жармалық мәдени дақылдан - қарамық (Fagopyrum -гречиха).

2) Малазықтық өсімдіктерден - эспарцет (Onobrychis)

3) Майлы өсімдіктерден - күнбағыс (Helianthus- подсолнечник).

4) Иіретін өсімдіктерден - мақта (Cossypіum - хлопчатник ).

5) Эфир майлы және дәрілік өсімдіктерден – анис (Anissum), шалфей (Salvia), кориандр (Coriandrum).

7 кесте

Белгілі бір жердегі бал қорын анықтау

Балды өсімдіктер Аудан мөлшері (га) Бал өндіру (1 га/кг) Барлық ауданнан өндірілетін бал (кг)
Шынар түсті үйеңкі (Acer Platonoides – клен остролистый) 200 гектар жердегі мөлшері 10%      
Жөке ағашы (Tilia -липа)100 гектар жердегі мөлшері 10%      
Ақбеде (Trifolium repens – клевер белый) 500 гектар жердегі мөлшері 8%      

Бау-бақшалардағы балды өсімдіктер:

1) Жеміс ағаштар және жидек бұталар.

2) Субтропикалық аймақтың және басқа да бағалы балды өсімдіктері.

3) Бақшалық және көкөністік балды өсімдіктер.

Енді осы үш топтағы балды өсімдіктерге қысқаша тоқталып өтейік.

1) Балды жемісті ағаштар және жидекті бұталары.

Бұл топқа жататындар:

1. Таңқурай (Rubus - малина).

2. Қарлыған (Grossularia - крыжовник ).

3. Шие (Cerasus - вишня).

4. Қараөрік (Prinus - слива).

5. Алма (Malus - яблоня).

6. Алмұрт (Pyrus - груша).

7. Қарақат (Ribes - смородина).

2) Негізінен субтропикалық аймақта өсетін балды өсімдітеp.

1. Құрма (Diospyros).

2. Маслина (Olea Curopaca - оливковые масло).

3. Шабдалы (Persica vulgaris).

4. Миндаль (Amygdalu communul)

5. Өрік (Primus armeniaca).

6. Аива (Cydonia).

7. Кизильник (Cotoneaster).

8. Акация дубильное (Acacia dealbata).

3) Бақшадағы және көкөністік балды өсімдіктер:

1. Асқабақ (Cucurbita - тыква).

2. Қияр (Сuсumis sativus - огурец).

3. Қауын (Cucumis melo - дыня).

4. Қарбыз (Citrullus vulgaris - арбуз).

5. Пастернак (Pastinaca sativa).

 

Егістікті қорғау үшін көгалдандыру мақсатында отырғызылған және ормандағы балды өсімдіктер.

А. Орман алқабының балды өсімдіктері.

Ағаш түрлері:

1. Жөке ағашы (Тіlіа - липа).

2. Үйеңкі (Acer - клен).

3. Қарағаш (Ulmus - вияз, берест, ильма).

4. Тал (Salix - ива).

5. Шетен (Sorbus - рябина).

6. Терек (Populus - тополь).

7. Емен (Quercus - дуб).

8. Қайың (Betula - береза).

9. Мойыл (Padus - черемуха).

Бұталар және жартылай бұталар:

1. Қаражеміс (Rhamnus - крушина).

2. Ұшқат (Lonicera - жимолость).

3. Шәугіш (Viburnum - калина).

4. Қаражидек (Vaccinium Vitis idaea - брусника, V. Myrtіlus -черника).

5. Көкжидек (Vaccinium uliginosum - голубика).

6. Таңқурай (Rubus - малина, ежовика).

Шөптесін өсімдіктер:

1. Күреңат (Epilobium - кипрей).

2. Сабынкөк (Scrophularia - норичник).

3. Күнгелді (Trollius - купальница).

4. Сарыраушан (Solidago - золотарник).

Б. Егістіктерді қорғайтын, көгалдандыру мақсатында отырғызылатын балды өсімдіктер:

1. Ақ қараған (Robinia - акация)

2. Гледичия (Gleditscһia - гледичия).

3. Кәдімгі аткаштан (Аescucus hyppocastanum - каштен конский).

4. Бөріқарақат (Berberis - барбарис).

5. Жиде (Elaegnus - лох).

6. Сирень (Syringa - сирень).

7. Долана (Crataegus - бояришник).

8. Айва (Cydonia - айва).

Шалғындықтардағы балды өсімдіктер.

Көп жағдайда шалғындарда жақсы бал жинайтын өсімдіктер мол болады. Жалпы шалғындықтар жылына 1 гектардан 20-80 кг-ға дейін бал бере алада.

Қазақстанның тауларындағы субальпі аймағы (теңіз деңгейінен 2000мбиіктікте) үлкен қызығушылық туғызуда. Өйткені ол жерлерде шілде-тамыз айларында, мысалы, Іле Алатауының орталық аймағында субальпі белдеулерінде жуалар түрлері (Allium - лук), Алтай шырышы (Eremurus altaica - эремурус алтайский), бoз кілем түрлері (Sedum hidridum S.eversii), сарғалдақтар (Ranunculus alberti, R. songorісa) кездеседі.

Гүлден аралар нектар жинайды. Жалпы шалғындықтарда негізгі бал жинауға жарайтын өсімдіктер мыналар:

1. Беде (Trigolium - клевер).

2. Шалфей (Salvia - шалфей).

3. Қазтамақ (Geranium - герань).

4. Сиыр жоңышқа (Vicia - вика-горошек).

5. Гүлкекіре (Centaurea - василек).

6. Бозкілем (Sedum - очиток).

7. Қайызғақ шөп (Stachys - чистец).

8. Қойжелкен (Tragopogon - козлеобразник).

9. Қазтабан (Potentilla - лапчатка).

10. Кәді (Crepis - скерда).

11. Шелна (Sanguisosba - кровохлебка).

12. Мажыра (Comarum - сабельник).

13. Котырот (Scabiosa - скабиоза).

14. Балдырған (Herachleum - борщевик).

15. Сныть (Aegopodium - сныть).

16. Мия (Gelycyrrhiza - солодка).

17. Астра (Aster - астра).

18. Қазанақ (Ledum - багульник).

19. Гравилат (Geum - гравилат).

Әртүрлі жерлерде өсетін балды өсімдіктер.

Бұл жерде жоғарыда аталмай қалған, бірақ та балды өсімдіктер ретінде өтe бағалы кейбір өсімдіктерге ғана тоқталып өтеміз.

Келтірілетін өсімдіктер өте маңызды балды өсімдіктер, бірақ та олардан мәдени алқаптарды тазарту керек. Өйткені бұл өсімдіктер арамшөптер қатарына жатады.

1. Лакса (Echinops - мордавник).

2. Жантақ (Alhagi - верблюжья ключка).

3. Жұпаргүл (Origanum - душица).

4. Сурепка (Barbara - сурепка).

5. Шағыр тікен (Onopordon - татарник).

6. Сиякөк (Linaria - льняка).

7. Шандра (Marrubium - шандра).

8. Ақбасқурай (Erysimum - желтушник).

9. Сарықалуен (Cirsium - бодяк).

10. Қалуен (Sonchus - осот).

11. Тауқалақай (Lamium - яснотка).

12. Шытырша (Berteroa - икотник).

13. Есекшөп (Onagra - ослиник).

14. Тегеурінгүл (Delphinium - живкость).

15. Шомыр (Raphanus - редька).

16. Бойдана (Trigonella - пажитник).

17. Қайызғақ шөп (Stachys - чистец).

18. Гүлкекіре (Centaurea - василек).

19. Сасықшөп (Leonuruz - пустырник).

20. Өгейшөп (Tussilago - мать и мачеха).

21. Көкжалбыз (Nepeta - котовник).

22. Киікоты (Ziziphora - зизифора),

23. Шеңгел (Halimodendron - чингиль).

24. Хатьма (Lavatera - хатьма).

Аралар жайылымдарын жақсартудың және бал жинаудың өнімділігін арттырудың бірнеше әдістері бар:

1) Севеобороттарга балды өсімдіктерді себу.

2) Омартаның айналасында араларға қосымша жайылатын учаскелер жасау (негізгі учаскелердегі нектарлар азайғанда).

3) Шалғындықтарда балды өсімдіктерді қосымша алу

4)Өсімдіктерді пайдаланып қоршау жасағанда балды бұталарды егу.

5) Далалық және орманды далалық аудандарда өсімдіктерді қорғау мақсатында қоршаған-да, негізінен балды бұталарды, ағаштарды көбірек пайдалану.

6) Бос жатқан жерлерге және жыра сайларға балды өсімдіктерді егу.

7) Поселоктарды, ауылдарды көкөгалдандыруда балды ағаштарды жол бойына, саябақтарда, аллеяларда кеңінен пайдалану.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Ара шаруашылығының адам өміріндегі рөлі

2. Балды өсімдіктердің фармакологиялық қасиеттері

3. Нектар және прополис туралы түсінік

4. Балды өсімдіктердің табиғи және мәдени формалары

5. Тозаңдардың химиялық құрамы

6. Егіс алқаптардың дәрілік өсімдіктері

7. Бау бақшалардың балды өсімдіктері

8. Орман алқаптардың балды өсімдіктері

9. Белгілі бір алқаптың бал қорын анықтау

 

Қазақстандағы ресурстанулық аудандастыру және Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының болашағы

 

• Қазақстан өсімдіктерінің ресурстық потенциалын территориялық белгілері бойынша аудандарға бөлу

• Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан регаондарының ресурстық ерекшеліктері және ол региондардың бағалы өсімдіктер қоры

 

Қазақстанның ресурстық потенциалын территориялық белгілері бойынша мынадай аудандарға бөлуге болады (Кукенов, 1999): 1) Солтүстік Қазақстан, 2) Батыс Қазақстан, 3) Орталық Қазақстан, 4) Оңтүстік Қазақстан, 5) Шығыс Қазақстан.

Енді осы региондарға қысқаша тоқталып өтейік.

1. Солтүстік Қазақстан. Бұл аудан өте үлкен территорияны алып жатыр. Бұл ауданға Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, территориялары жатады. Бұл аудан, бір жағынан, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі, ал екінші жағынан, Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларының және Торғай үстіртінің Солтүстік шеті болып табылады. Табиғи аудандастыруда бұл район екі аймақта орманды далада және дала аймақтарында орналасқан. Бұл аудан теңіз денгейінен оңтүстігінде 160-180м, ал солтүстігінде 120-130м биіктікте орналасқан. Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде - Орталық-Көкшетау, шығысында - Баянауыл таулары, батысында - Торғай үстірті. Бұл ауданның территориясында Есіл, Тобыл, Ертіс сияқты үлкен өзендер бар.

XX ғасырда дала, құрғақ дала және жартылай шөл аймақтарында қарқынды жер жырту жұмыстары іске асырылды. Соның салдарынан табиғи өсімдіктер өсетін жерлер көлемі азайып кетті.

Тың және тыңайған жерлердің негізгі массивтері Солтүстік Қазақстанның дала аймақтарында орналасты. Бұл дала аймақтарында, негізінен, астықтұқымдастар, бетегелі-тау өсімдіктері қауымдастары басым өсетін еді. Бұл далаларда пайдалы өсімдіктердің көптеген түрлері кездесетін. Мысалы, шілтер жапырақ шайқурай, кәдімгі жұпаргүл, кәдімгі мыңжапырақ, көк гүлкекіре, дәрілік ромашка және т.б. барлығы 20 шамасында дәрілік өсімдіктер.

Солтүстік Қазақстан территориясында XX ғасырдың соңында 10 жыл бойы пайдалы өсімдіктердің 1600 түрі зерттелген. Олар 67тұқымдас және 284 туыс өкілі. Бұл зерттелген өсімдіктердің 263 дәрілік өсімдік түрі екендігі, оның ішінде 86 дәрілік өсімдік түрінің ареалдары анықталып, картаға түсірілген. Солтүстік Қазақстан регионында доминант түрлер қатарына кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolium -тысячелистник обыкновенный), кәдімгі бақбақ (Taraxacum officinale - одуванчик обыкновенный), кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare - пижма обыкновенная), ащы жусан (Artemisia absintium - полынь горькая), шыралжын (Artemisia dracunculus - полынь эстрагон), жұқажапырақ көкбас (Eryngium planum - синеголовник), Алқалар (Solanum - паслен), қосүйлі қалақай (Urtica dioica - крапива двудомная), раушан (Rosa - шиповник), жалаң мия (Glycyrrhiza glabra – солодка голая), кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastоris - пастушья сумка обыкновенная) және т.б.

Зоркинаның (1994) мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстан регионында келешекте зерттеп пайдалануға болатын перспективасы бар өсімдіктерге оносма (Оnosma), жалаң жарықдәрі (Неrnіагіа glabra - грыжик гладкий), бұйырғын(Anabasis - ежовник), сораңдар (Salsola - солянка), кәдімгі маралоты (Thalictrum simplex - василистникпростой), улытермопсис (Thermopsis lanceolatа - термопсис ланцеeный), томар бояу кермек (Limonium gmelinii –кермек гмелина) және т.б. жатқызуға болады.

Солтүстік Қазақстан регионында жеткіліксіз зерттелген, яғни өсімдіктер шикізатын аз пайдаланатын аудандарға бұл регионның батысында Мұғалжаржәне Орталық Қазақстан ұсақ шоқыларындағы Баянауыл және Көкшетау таулары жатады.

2. Батыс Қазақстан.

Батыс Қазақстан регионына Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Актөбе облысының шамалы бөлігі енеді. Бұлрегионның территориясы Европа және Азияның тоғысқан немесе қиылысқан жерінде орналасқан. Бұл регионға жеткілсіз жауынның, аз қардың өзін жел ұшырып кету ауаның және жердің құрғақтығы, кебудің қарқынды жүруі, бүкіл вегетациялык, кезеңде күн сәулесінің мол болуы тән. Қысы құрғақ және өте қытымыр. Көктемі құрғақ, жауын-шашын әрқалай, жазы ұзақ, ыстық және құрғақ. Жылында жауын-шашынның екі максимумы бар, біреуі - сәуір айында, екіншісі - қазан айында. Бұл, регионның негізгі өзендері Орал, Ембі, Оp, Қобда, Ойыл, Ырғыз, Сағыз және т.б. Олар, негізінен көктемдегі қар еруінен басталады.

Батыс Қазақстан регионы үш табиғи аймақ - құрғақ дала, жартылай шөл және шөл шеңберінде орналасқан. Өсімдіктер жабыны кешенті: астықтұқымдастар оңтүстігінде жусандармен кезектесіп кездеседі.

Өсімдіктердің шөлдік типі бүкіл регион бойынша басым. Өсімдіктердің шөлдік типін, негізінен сораңды жусандар және жусанды сораңдар ценоздары құрайды, олар Каспий аймағы ойпатында, Үстірт жотасында және жартылай арал Маңғыстауда кеңінен таралған.

Бұл регионда пайдалы өсімдіктер ресурсын зерттеп игеру үшін болашағы зор региондар - Орал өзенінің аңғары және Мұғалжар таулары.

Орал өзені аңғарында өте бағалы пайдалы өсімдіктер кездеседі. Мысалы, М.Қ.Кукеновтің (1990) мәліметтері бойынша бұл жерде алқызыл долана (Crataegus sanguinea - боярышник кровавокрасный), жалынгүлдер (Согопагіа -горицвет), payшан (Rosa - шиповник), шілтер жапырақ шайқурай (Hypericum perforatum L - зверобой продырявлиный), жалаң мия (Glycyrrhiza glabra - солодка голая), сортаң айбатмия (Sphaerophysa salsula - сферофиза солонцовая). Өкініштісі жоғарыда көрсетілген өсімдіктердің көбісі сирек кездеседі. Бұл регионда дәрілік өсімдіктер флорасындағы нағыз байлық -әрине жалаң мия (Glycyrrhiza glabra - солодка голая). Ол өзен аңғарларында, өзендер аралықтарында, жартылай шөлдерде өседі. Өзен аңғарларында жалаң мия шабындықтардың әртүрді типтерінде, мысалы мезофильді, ксерофильді, гидрофильді, галофильді типтерінде кездеседі. Жалаң мияның формациялары болады және басқа топтарда да кездеседі.

Жалаң мия популяциялары Орал облысында 32,4 мың гектар жерді алып жатыр, ал құрғақ тамырдың өндірістік қорының мөлшері - 44,7 мың тонна. Ақтөбе облысында миялы шабындықтардың көлемі - 0,8 мың гектар, ал қоры 3,3 мың тонна құрғақ тамыр болады.

Мия түрлерінің табиғаттағы қорын анықтаумен қатар оларды мәдилендіру бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар Чапаев ауданында тұзы жоқ топырақтарда, ал Фурманов ауданында тұзды топырақтарда жүргізілді. Эксперименттік жұмыстың нәтижесінде бұл топырақтардың екеуінде де миялар өсіруге болатындығы анықталды.

Батыс Қазақстанның барлық территорияларында тағамдық өсімдіктер болатындығы анықталды. Мысалы, құмаршық (Agriophyllum - кумарчик), қойжелкек (Tragopogon - козлебородник), пияз (Allium - луки), түйнекөлең (Bolbashoenus - клубнекамыш), шылым (Тгара - водяной орех), Шобер ақтікені (Nitruria schoberi - селитрянка шобера), түйежапырақ (Rheum tatricum - ревень татарский) және т.б. Кешенді пайдаланатын техникалық өсімдіктер қатарына бұл регионда кең тараған ақ ший (Acһnаterum splendens - чий блестящий) және кәдімгі қамыс (Phragmites commonis - тростник обыкновенный) жатады.

Бұл регионда жусанның көптеген түрлері тек малазықтық қана емес, оған қосымшафлаванойдтардың, кумариндердің, эфир майларының көзі ретінде де маңызы зор. Жергілікті халық отын ретінде итсигек бұйырғын (Anabasis аphillа – Ежовник базлистный), Көкпек (Atriflex - лебеда), теріскен (Eurotia - терескен), сарсазан (Halochnemum - сарсазан), қарабарық (Holostachys) өсімдіктерін пайдаланады.

Бұл регионда жантақ, (Alcһagi - верблюжья колючка), ақшеңгел (Halimodendron halodendron - шенгил серебристый), қызыл жүзгін (Calligonium aphyillum - жузгун безлистый) және аққабық жүзгін (С. Leucocladum - жүзгүн белoкорий), тікенді түйесіңір (Atraphaxis spinosa - курчавка шиповатая), дәрі түйежоңышқа (Mellilotus officinalis - донник лекарственный) сияқты өте бағалы балды өсімдіктер таралған.

Шикізат қоры ретінде екінші қызықты және маңызды район - ол Мұғалжар таулары. Мұғалжар тауларындағы дәрілік өсімдіктер түрлерінің саны - 272. Олардың ішіндегі ең бағалы маңыздылары туралы биоэкологиялық және ресурстық сипаттамалары жасалған.

3. Орталық Қазақстан.

Бұл регионға Қарағанды облысы және бұрынғы Жезқазған облысы кіреді. Олар Орталық Қазақстан ұсақшоқылары территориясында орналасқан.

Бұл регионның флорасының әртүрлілігі жалпы ұсақ шоқының және Ерейментау, Ұлытау, Қарқаралы, Кент және т.б. биік емес таулардың кескіні анықтайды. Бұл регионның көп территориясында бұталы-астықтұқымдасты құрғақ далалар кездеседі.

Орталық Қазақстан өсімдіктері толық зерттелген деп айтуға болады. Өйткені КСРО Ғылым академиясы Ботаника институтының қызметкерлері көп жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 1975 жылы Орталық Қазақстан ұсақшоқыларының өсімдіктер тобының картасын толық жасады. Одан кейінірек Қазақ КСР Ғылым академиясы Ботаника институтының ғалымдары толық флористикалық зерттеулер жүргізді.

Бұл регион әртүрлі антропогендік және экологиялық факторлардың әсеріне душар болды. КСРО кезінде Орталық Қазақстан көмір, ауыр және түсті металдар өндіретін өндіріс орталығы болды. Оған көп жылдан бері жұмыс істеп тұрған Байқоңыр ғарыш айлағында және шығыс жағынан Семей полигонының әсерін айтуға болады. Осының барлығы бұл регионның өсімдіктер және жануарлар әлеміне экологиясына өзінің зиянын көп тигізді. Сондықтан бұл регионның тек кейбір өсімдіктер түрлері ғана емес, түгел табиғи кешендері қорғауды қажет етеді.

Бұл регионда ресурстары жағынан ең маңыздылары - Қарқаралы таулары, Ұлытау және өзендердің алқаптары.

Қарқаралы тауларында кәдімгі қарағай (Pinus silvestris -сосна обыкновенная) кездеседі. Бұл оның ареалының ең оңтүстік шекарасы, сирек те болса қарқаралы бөріқарақаты (Berberis karkaralensis - барбарис каркаралинский), Сібір бөріқарақаты (Berberis sibirica - барбарис сибирский), қызыл қайың (Betula kirghisorum - береза киргизское) және құртқашаш (Ігіs - касатник) кездеседі.

Ұлытауда жеткіліксіз зерттелген өсімдіктер түрлеріне Торғай бұйырғыны (Anasasis turgaica - ежовик тургайский), Ұлытау түймешетені (Tanecetum ulutavicum - пижма улытауская), салалы гүлкекіре (Centaurea bipinnatifidia - василек двоекоперистый) жатады. Ұлытауда және Жезқазған өңірінде ресми қабылданған бағалы өсімдік - құмдық салаубас (Helichrusum arenarium - цимин (бессмертник) песчаный) түгел жойылып кетті деуге болады. Антропогендік факторлар әсерінен жойылып бара жатқан түрлер қатарына Дмитриева (1974) мәліметі бойынша Шренк қызғалдағын (Tulipa schrenkii - тюлпан шренка), кіші сепкілгүлді (Fritillaria meleagroides - рябчик малый), татар шөпжиярын (Jxiolirion tataricum - иксиолирион татарский) жатқызуға болады, Бұл регионда перспективалы ауданда Сарысу өзені алқабын жатқызуға болады. Бұл жерде пайдалы өсімдіктер ішінде малазықтық 100, ал дәрілік 50 өсімдік түрі кездеседі. Оларға қосымша тағамдық, балды, сәндік және басқа да шаруашылық үшін бағалы өсімдіктер кездеседі.

4. Оңтүстік Қазақстан.

Бұл регион республиканың 26 % территориясын алып жатыр, топырақ - климаттық жағдайының әртүрлілігімен сипатталады. Бұл регионға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Оңтүстік және Шығыс жағы Тянь-Шань тауымен шектеледі. Бұл регионда климаттың айырмашылығы өте айқын көрінеді. Ол әрине салыстырмалы биіктіктерінің өзгеруіне тікелей байланысты, өйткені Оңтүстік жағындағы Жоңғар, Іле Қырғыз, Талас, Күнгей және Теріскей Алатау таулары ауа ағымдарына тосқауыл болып, олардың бағытын өзгертеді. Осының нәтижесінде әртүрлі экологиялық жағдай және экожүйелер қалыптасады. Тянь-Шань тауының, солтүстік жағында дала жартылай шөл және шөл аймақтары орналасады.

Осындай физика-географиялық ала-құлалыққабайланысты бұл регионның флорасы өсімдіктер ресурстарына бай, бірегей аймақ. Қаратау жотасын ерекше атап айтуға болады. Өйткені Қаратауда эндем және сирек кездесетін өсімдіктер түрлері өте көп. Тек Оңтүстік Қазақстанда өндірістік маңызы бар кейбір бағалы пайдалы өсімдіктер популяциялары кездеседі.

Мысалы, дәрмене жусан (Artemisia cina - полынь цитварная), сүйекті аққурай (Psoralea drupacea - псоралея костянкавая), Северцов унгерниясы (Ungernia severzowii - унгерния Северцова), итсигек бұйырғын (Anabasis aphylla - ежовник безлистный) және т.б. Ең белгілі дәрілік өсімдік қырықбуын қылшаның (Ephedra equsetina - хвойник хвощевой) өндірістік популяциялары осы регионда кездеседі. Оңтүстік Қазақстан Шымкенттегі химфарм заводын дәрілік өсімдіктер шикізатының қамтамасыз ететін регион болып саналады. Осы регионда кейбір жергілікті және сырттан әкелінетін өсімдіктерді мәденилендірумен айналысатын арнайы шаруашылықтар бар. Мысалы, Solanum және т.б. туыстар түрлері.

Оңтүстік Қазақстан флорасының және өсімдіктер ресурстарының ерекшеліктерін көптеген зерттеушілер кезінде көрсеткен. Мысалы, П.С.Массагетов (1932), А.А.Иващевко (1978), Н.Х.Карамышева (1982), Зарипов (1985), Р.В.Камелин (1990) және т.б.

Академик Н.В.Павлов бұл регионға өзінің іргелі монографиясын арнап жазды. «Растительные ресурсы Южного Казахстана» (1947). Бұл регионға қатысты Л.К.Клышев (1961) «Биология алабазиса безлистного» деген монография жазды.

Құрамында флавонойдтары бар, эфир майлы өсімдіктердің ресурстық сипаттамасы М.Қ.Кукеновтің (1984) «Фловонойд-содержающие растения Юго-Востока Казахстана» және М.Қ.Кукенов, Р.А.Егеубаева, В.Ю.Аверина және т.б. (1990) «Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование» деген монографияларында берілген.

Бұл регионда дәрілік қасиеті бар өсімдіктер саны 60-тан астам екендігі анықталған. Шығыстан батысқа жылжыған сайын дәрілік өсімдіктердің бір түрлері екіншілерімен ауысып отырады. Тағамдық өсімдіктерде солай.

Мысалы, Алтай доланасы (Crataegus altaica - боярышник алтайский), Жоңғар доланасы (С. songarica - боярышник джунгарский), Алматы доланасы (С. Almaatensis - боярышник алматинский) шығыстан батысқа жылжыған сайын бірте-бірте Түркістан доланасына (С. Turcestanica - боярышник туркестанский) және понтий доланасы (С. Pontica - боярышник понтийский) түрлеріне ауысады.

Осындай жағдайды раушанның түрлеріне қатысты да байқауға болады. Мысалы, Альберт раушаны (Rosa alberti -шиповник Альберта), Беггер раушаны (Rosa beggeriana - шиповник беггеровский) түрлері Федченко раушаны (R. Fedtichenkoana - шиповник федченский) мен Коканд раушаны (R. Kokonica - шиповник кокандский) түрлеріне ауысады.

Сол сияқты құмдық салаубас (Helichrusum arenarium - цминпесчаный) Самарқанд салаубасына (H.maracandicum - цмин самаркандский) ауысады.

Шілтер жапырақ шайқурай (Hyperiсum рerforatum) бұдыр шайқурайға (Н.Scafrum) ауысады.

Ал кәдімгі жұпаргүл (Origanum vulgare - душица обыкновенная) көкбас жұпаргүлге (O.Tyttauthum - душица мелкоцветковая), биік андыз (Inula helenium) үлкен андызға (I.macrophilla) алмасады.

Тау бөктерлерінде және шөлді далаларда кәдімгі адыраспан(Peganum harmala - гармала обыкновенная ), қоянжапырақтар (Lagochilus), сүйелжазарлар (Heliotropium - гелитроп) және т.б. өсімдіктерінің мол популяциялары кездеседі. Шөлдерде жантақтың (Alhagi - верблюжья колючка) үлкен алаптары бар. Бұл өсімдік қазіргі кезде өте бағалы, өйткені ғалымдар жантақтан ісікке қарсы препарат алған.

Оңтүстік Қазақстанда өндірістік масштабта жинауға болатын бағалы өсімдіктер қорлары баp. Мысалы, долана(Crataegus - боярышник), раушан (Rosa - шиповник ), шайқурай (Hypericum - зверобой), жұпаргүл ( Origanum- душица), салаубас (Helichrysum - цмин), мыңжапырақ (тысячелистник), мия (солодка), қырықбуын қылша (Ephedra equsetina), андыздар (Inula), киікоты (Ziziphora), орта патриния (Patrinia intermedia) және т.б. өсімдіктердің жинауға жеткілікті қорлары бар.

Жалпы бұл регионның флорасы эфир майлы өсімдіктерге өте бай. Әсіресе: 1) Lamiaceae - Mentha (мята), Salvia (шалфей), Dracocephalum (жыланбас); 2) Apiaсeae: Carum (тмин), Anisum (анис); 3) Asteraceae: Artemisia (жусандар), Tanacetum (пижма -түймешөптер), Achillea (тысячелистник – мыңжапырақтар).

М.Қ.Кукеновтің мәліметі бойынша Оңтүстік Қазақстанда эфир майлы өсімдіктер саны 100-ден астам. Сол сияқты жоғары өнімді тағамдық, малазықтық, техникалық және басқа да шикізаттық өсімдіктер мол кездеседі.

5. Шығыс Қазақстан.

Бұл регионға бұрынғы Семей облысы және Шығыс Қазақстан облысы территориялары жатады.

Семей облысының жалпы ауданы - 180,2 мың шаршы км. Ол үш географиялық ендікте орналасқан: 1) дала, 2) шөлді-далалы, 3) шөл.

1) Дала аймағы қара-қоңыр топырақты (темно-каштановый), құрғақ далалы аймақ тармақтары болып табылады.

2) Шөлді-дала аймағы ақшыл-қара-қоңыр топырақты (светло-каштановая) кедей жусанды - қаулы - бетегелі (Artemisia, Stipa, Festuca) дала болып табылады.

1) Шөл аймағы Балқаш-Алакөл және Зайсан ойпаттарында орналасқан. Бұл аймақтың топырағы сұр-құба (серо-бурое) өсімдіктер жабыны – негізінен жусандар.

Семей облысы территориясында ұзақ жылдар бойы ядролық полигон болды, ол, әрине облыстың экологиялық жағдайына өзінің жаман әсерін тигізді.

Ол ядролық полигонның сол жерлердегі өсімдіктер мен жануарларға әсері әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бірақ оларды пайдалану адамдар үшін үлкен зиян екенін, сондықтан полигонға жақын орналасқан өсімдіктер жабынына мал жаю және олардың етін жеуге қатал тыйым салынуы керек.

Бұрынғы Семей облысының флорасы әртүрлі деңгейде зерттелген.

Г.Ф.Ермалаеваның (1986) мәліметтері бойынша алдымен Тарбағатай өсімдіктері, сосын семейлік Ертіс жиегі, Балқаш-Алакөл ойпаты толық, егжей-тегжейлі зерттелген.

Бұл жүргізілген жұмыстар - таза геоботаникалық. Ресурстық жұмыстар салыстырмалы аз. Семей облысындағы жүргізілген маршруттық - барлау жұмыстарын және ресурстық жұмыстарды жүргізуге перспективалы аудандар Батыс Тарбағатай және семейлік Ертіс жиектері екендігін көрсетті.

Батыс Тарбағатайда жүргізілген зерттеу жұмыстары, әсіресе өте кең тараған 92 пайдалы өсімдік түріне фитохимиялық скрининг нәтижесінде, олардың ішінде алкалойдтары бары - 6 түр, глюкозидтері бары - 6, сапониндері бары - 45, флаванойдтары бары -41, антрохинондары бары - 19, кумариндері бары -8, илік заттар бары - 25 түр екендігін көрсетті. Бұдан әрі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өсімдіктердің 70 түрінің құрамындағы флавонойдтардың сандық көрсеткіштері анықталды және құрамында флавонойдтары мол өсімдіктердің 7 түрінде фенолдық қосылыстардың сандық және сапалық құрамы анықталды. Бұлар, негізінен, сүттігендер (Euphorbiaceae - молочайные), тарандар (Polygonaceae - гречишные ) және селдерейлер (Аріасеа - селдерейные) тұқымдастары өкілдері.

Батыс Тарбағатайда ресми қабылданған дәрілік өсімдіктер ішінен 30 дәрілік өсімдік түрі бар екендігі анықталған. Таралу ерекшеліктеріне байланысты ол дәрілік өсімдіктер 3 топқа бөлінеді.

1) Жиірек кездесетіндер; бұл топқа9өсімдік түрі жатады: кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa pastоrіs), кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolium –тысячислистник обыкновенный), қызыл таспа құс таран (Poligonium aviculare - горец птичий), тікенді раушан (Rosa acicularis - шиповник иглистый), аран раушан (Rosa spinosissima - шиповник колючейший), дәрі шелна (Sanguisorba officinalis - кровохлебка аптечная), шілтер жапырақ шайқурай (Hypericum perforatum), кәдімгі жұпаргүл (Origariumvulgare - душица обыкновенная), дәрі түйежапырақ(Melilotus officinalis - донник лекарственный). Осы аталған өсімдіктардің кейбіреулерінің шикізаттық қорын есептеудің нәтижесі былайша болды.

Раушанның құрғақ жемістері - 8,3 т.

Мыңжапырақтың құрғақ шөбі - 14,2 т.

Жұпаргүл және шайқурай - 1 тоннадан астам.

Батыс Тарбағатайдың табиғаты жағдайында жоғарыда аталған пайдалы өсімдіктерге қосымша бағалы жеміс-жидектер де кездеседі. Мысалы, Сиверс алмасы (Malus siversii - яблоня сиверса), Алтай доланасы (Crataegus altaiсa - боярышник алтайский), алқызыл долана (С. Sanguinea - боярышник кровава красный), шетен (Sorbus - рябина), қарақат (Ribes - смородина) және т.б..

Ертістің Семей (бұрынғы облысындағы) жиегінде тек дәрілік өсімдіктер флорасы толық зерттелген. Ғалымдардың мәліметтері бойынша (Кукенов, 1999) Ертіс жиегінің флорасында 356 өсімдік түрі болса, оның 68 түрі дәрілік өсімдіктер. Олардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады.

Мысалы: Acorus (аир), қосүйлі қалақай (Urtica dioica - крапива двудомная), биік тегеурінгүл (Delphinum elatum - живокость высокая), көктем жанаргүлі (Adonis vernаlis - злотоцвет весенний), алқызыл долана (Crataegus songuinea - боярышник кровокрасный), қоңыр раушан (Rosa cinnamamea - шиповник коричный), жалаң мия (Glycyrrhi glabra - солодка голая) және т.б.

Профессор М.Қ.Кукеновтің (1999) ойынша Қалбы жотасы, Балқаш, Алакөл ойпаты сияқты перспективасы бар аудандардың флорасына және ресурстарына тол



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-30; просмотров: 212; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.222.125.171 (0.112 с.)