Ультрадыбысты допплерография. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ультрадыбысты допплерография.



Ультрадыбысты допплерографияны магистральды веналардың; бұғана асты, мықын, сан, төс ойық, тақым көк тамырлары мен сирек жағдайда үлкен және кіші жілік шыбық көк тамыры өткізгіштігін анықтау үшін қолданады.

3. Дуплексті сканерлеу. Сканерлеу магистральды веналардың
көлемін, диаметрін, қызметін, қанның ағу сипаты мен жылдамдығын,
тамырлардағы тромбтарды, қақпақшалардың жағдайын анықтауда
қолданады. Көк тамыр қақпақшаларының жағдайы науқастың түрлі
(отырған, жатқан, тұрған) қалпында тексеріледі.

4.Флебография. (өрлеу- восходяшая). Қан тамырларға контрасты зат жіберіп, аяқ, қол көк тамырларын зерттеуде өрлеу флебографиясы жүргізіледі.

5.Ретроградты илеокавография. Бұл әдіс төменгі қуысты вена жүйесіне катетер енгізіп, мықын, сан, қуыс веналарының деңгейіндегі тромбозды анықтау үшін қолданады.

6.Сүйек ішілік флебография. Жоғарыда аталған тексеру тәсілдері көмек бермеген жағдайда ғана өте сирек қолданатын тәсіл.

Қан айналу жүйесіндегі биофизикалық процесстерді обьективті бағалау үшін ФКГ, ЭКГ, УДЗ -н басқа баллис- токардиография, векторкардиография, эхокардиография қолданады. Аталған тексеру тәсілдерінің көмегімен жүректің зақымдалу дәрежесін нақты анықтауға болады.

Жүйке жүйесі ауруларын зерттеуде қолданатын функциональдытексеру тәсілдері.

Электроэнцефалография. (ЭЭГ) - бас мидағы биопотенциалдарды тіркеу әдісі. ЭЭГ көмегімен бас мидың функциональдық жағдайы, эпилепсияда, жарақаттанғанда, орталық жүйке жүйесінің қабыну процесстеріндегі, бас ми ісігіндегі зақымданған ошақтар анықталады.

Электромиография( ЭМГ) -Электромиография әдісімен жұлын, шеткі нервтердің зақымдану дәрежесі және миастения, миопатия, Томсен миотониясына тән өзгерістерді анықталады.

Реоэицефалография. (РЭГ.).

РЭГ -я бас мидағы қан тамырлардың тонусын және қанның ағуынзерттеу әдісі.

10. Ультрадыбысты зерттеу әдісі.

Ультрадыбысты зерттеу (эхография, эхолокация, сонография,
ультрадауысты сканерлеу, эхотомография) ішкіағза ауруларының
диагностикасында әсіресе кардиологияда, урологияда,оториноларингологияда, гинекологияда, неврологияда, онкологияда, гематология саласында паренхиматозды ағзаларды зерттеуде кеңінен қолданылады.

УДЗ-де зерттелетін ағзаға арнайы датчиктен ультрадыбысты импульстар беріліп, ультрадыбыс ұлпаларға таралады, кейін ультрадыбыс сигналдары аспаппен - осциллоскоппен қабылданып, аспап экранында ағзалардағы патологиялық ошақтың орналасқан орны мен көлемі көрінеді.

 

Жүрек және ірі қан тамырларды ультрадыбыспен зерттеу.

Арнайы дайындықтың қажеті жоқ.Науқасты шалқасынан кушеткаға жатқызып, кеуде тұсына датчик қойылады.Ультрадыбыс толқындарының жүрекке ену терендігі 21 см. Эхокардиография жүрек ісігінің, жүрек ақауының диагностикасында кеңінен қолданады. Эхокардиография көмегімен жүректің жұмыс істеу (систола, диастола) фазаларының ерекшелігі,жүрек камераларының көлемі, жүрек қақпақшаларының анатомиясы, жүрек қабаттарының өлшемі толық тексеріледі.

Құрсак қуысындағы ағзаларды ультрадыбыспен зерттеу.

Құрсақ қуысындағы ағзаларды: бауыр, өт қапшығы, ұйқы безін зерттеу үшін науқасқа зерттеуден 2- 3 күн алдын шлаксыз ем дәм тағайындалады яғни науқастың қара нан, сүт, жеміс жидектер мен көкөністер, жеміс шырындарын қабылдауына тиым салады, науқасқа ферменттік препараттар, түймедақ қайнатпасы беріледі.

Өт қапшығы мен өт жолдарын УДЗ.

УДЗ көмегімен тексергенде өт қабының көлемі, формасы, дамуындағы кемістік, өт қабындағы тас, ісік, полип, өткір жэне созылмалы холецистит тексеріледі.

Бауырды УДЗ-у. УДЗ көмегімен бауыр циррозы, бауыр ісігі, бауырдағы киста, абсцесс, эхинококк т.б. бауырда пайда болған патологиялық процесстердің көлемі мен орналасқан орны анықталады.

 

Ұйқы безін ультрадыбыспен зерттеу.

УДЗ әдісімен өткір жэне созылмалы панкреатит салдарынан ұйқы безі ұлпасындағы патологиялық өзгерістердің сипаты мен көлемі, ұйқы безінің қатерлі, қатерсіз ісігінің орналасқан орны мен көлемі анықталады.

Қалқанша және қалқан серік бездерін ультрадыбыснен зерттеу.

УДЗ көмегімен қалқанша без көлемі, қалқанша без ұлпасындағы түйін көлемі, қабыну процесстерінің белгілері анықталады.

Эхоскопия – жыныс ағзаларын ультрадыбыспен зерттеу. Эхоскопияда жыныс ағзаларының көлемі, патологиялық процесстің орналасқан орны, етеккір циклі кезіндегі эндометриидегі өзгерістер, жатыр ісігі, жүктілік уақыты анықталады.

Жүйке жүйесі ауруларын УДЗ.

Эхоэнцефалография. (ЭХОЭГ) ЭХОЭГ бас миды ультрадыбыспен зерттеу. ЭХОЭГ көмегімен бас мидағы ісік, гематома, абсцесс т.б. патологиялық ошақтың орны, көлемі анықталады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-29; просмотров: 580; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.134.118.95 (0.007 с.)