Пневмания кезінде физикалды тексеру ерекшеліктері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пневмания кезінде физикалды тексеру ерекшеліктері.



· Аускультацияда локальды бронхиальды тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар немесе инспираторлы крепитация

· Зақымдалған өкпе бөлігінің үстінде перкәторлы дыбыстың тұйықталуы (претупление)

· Бронхофония мен дыбыс дірілінің күшеюі

70. Пневмония кезінде жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі:

Әрине пневмония антибиотиктермен емделеді негізінен

Жедел тыныс жетіспеушілігімен асқынған пневмония кезінде:

1. Оксигенотерапия

2. Инфузионды терапия диурезді қадағалауымен 2500 – 3000 мл мөлшерде.

Антибактериалды ем

Егер қоздырғыш белгілі болса, антибактериалды ем антибиотикке сезімталдығын ескере отырып тағайындалады.

Таңдау препараты цефалоспариндердің 3 ұрпағы (клафоран 2г әр 6сағат сайын көк тамырға, лонгацеф 2 г к/т тәуілігіне. Оларды макролидтермен бірге қолданады(эритромицин – 0,6г әр 8сағ к/т, азитромицин 500 мг ішке)

4. Антикоагулянттар: Гепарин 20 000 бірлік тәуілігіне тері астына

5. Бронхолитиктер: эуфиллин 2,4 % ерітіндісі 20-40 мл тәуілігіне

6. Мукорегуляторлар мен қақырық түсіріетін дәрілер: натрий йодидін 10% тамыр ішілік 10-30 мл тәуілігіне; амброксол тамыр ішіне немесе бұлшық етке 30 мг 2-3 рет күніне

7. Өкпе артериясында қысымның төмендеуі: папаверин гидрохлориді 2мл қан тамыр ішіне әр 4 сағат сайын немесе сол дозада но-шпа.

8. Асқынуларды емдеу

 

71. Бронх демікпесі анықтамасы.

Бронх демікпесі дегеніміз – бронхтардың тарылуымен, шырыш секрецияның күшеюмен немесе бронхиальды трактың шырышты қабығының ісінуімен көрінетін, бронхтардың гиперсезімталдығының нәтижесінде толық немесе толық емес (частично) тыныс алудың бұзылуымен, Жедел тұншығу ұстамасы. Созылмалы қабыну бронхтың гиперреакциясын тудырады, ол ысқырықты сырылдар, ентігу, таң сәріде немесе түнде мазалайтын жөтелдің дамуына әкеледі. Осындай сәттерде әдетте диффузды, бірақ қайтымды бронх обструкциясы дамиды.

Бонх демікпесі 10-15% балалар арасында кездеседі.

Этиологисына қарай:

· Экзогенді (атопиялық)

· Эндогенді (атопиялық емес)

· Аспиринді

· Гормонтәуелді

Клиникалық көрінісі: тұншығу ұстамасы, кейбір жағдайларда белгілі фактор әсер еткенде. Басында жиі жөтел, ұзарған тыныс шығару, кейбір жағдайларды стридор, тахикардия және артериалды гипертензия, мазасыздық, қорқыныш сезімі, тершеңдік.

«Қауіпті симптомдар»!!! Өмірге қауіпті жағдайлар: Тез көбейетін ентігу, қатты қорқыныш сезімі, әлсіздік, тері цианозы, брадикардия мен парадоксальды пульс, есінің жоғалуы, аускультацияда тыныстың естілмеуі.

72. Бронх демікпесі өршуінің ауырлығына байланысты клиникалық көрінісі.

Жеңіл демікпе белгілері: сирек қыс қа түрде өтетін тұншығу ұстамалары(айына 1 реттен аз). Олар өптеген бронхолитиктардың ісерінен қайтады және физикалық күштемені жақсы көтереді. Ремиссия кезінде жалпы жағдайы өзгермейді, сыртқы тыныс көрсеткішітері қалыпты күймен тең.

Орта ауырлықтағы ұстамада тұншығулар айына 3-4 рет қайталанып, тыныс қызметі мен қан айналымының бұзылыстары байқалады: тахипоноэ, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы.

Ауыр түрінде тұншығу ұстамалары жиі (күнде не апта сайын) болады. Олар өкпенің кернелуі, ентіггу және таХикардиямен сипатталады. Қарап тексергегенде тері қабаттары бозғылт сұр түсті. Еріндерінің, ауыз айналасы, құлақтары және саусақтарының көгеруі байқалады. Қақырық шығаруы қиын, жөтел, дем шы,аруы шулы және ұзаққа созылады. Дем шығарғанда кеуде клеткасы тартылып, қосымша бұлшық еттер қатысады.

73. Бронх демікпесі және астматикалық статус кезінде жедел медициналық көмек көрсету аллгоритмі.

· Басын жоғары қойып, отырғызуға болады.

· Қолды тіреп отыруға жағдай жасау

· Тыныштандыру (Успокаивающая беседа)

· Венозды доступ

· Цианоз кезінде абайлап оттегімен қамтамасыз ету: 2-4 л О2/мин

· Дәрілер:

Егер науқас оларды сирек қолданса және ондай мүмкіндік болса,

Аэрозольдер:

Бета симпатомиметиктер:

Сальбутамол 1 доза =0,1 мг мысалы, 2 -3 доза султанол

Тербуталин 1 доза= 0,25 мг мысалы, 1-2 доза бриканил

Фенотерол 1 доза= 0,2 мг мысалы, 2-3 доза беротек 200

 

Ингалятор немесе небулайзер болмағанда, 2,4 % эуфиллин ерітіндісін 10 мл+0,9% натрий хлорид к/т

 

Стреоидтар

Бекламетазон 1 доза = 0,25 мг мысалы, 2-3 доза санастмакса

Будесонид 1 доза = 0,2 мг мысалы, 1-2 доза пульмикорт

 

Ингялциялық стероидтар жедел ұстамада эффективсіз, сол себептен күмәнді жағдайларда кортикостреоидтарды тамыр ішілік енгізеді.

 

Бронх демікпесінің ауыр дәрежесінде немесе бронхиальды статус кезінде барлық препараттарды тамыр ішілік беру қажет.

Тез арада стероидтарды енгізу:

Дексаметазон 40-100 мг к/т

Преднизалон 30-60 мг (2-3 мг/кг) к/т

 

Бета симпатомиметиктер:

Тербуталин 0,5 мг

Репротерол 0,9 мг

Санация абайлап жүргіземіз

Мидазолам 1,25-2,5 мг

Диазепам 2,5-5 мг

Егер терапияға резистенттілік, мысалы, астматикалық статус сақталғанда, цианоздың күшеюі кезінде:

Жасанды вентиляциямен интубация

Кетаминмен наркоз 3-5 мг/кг

Кейбір жағдайларда миорелаксанттрады қолданады. Суксаметоний хлориді 1мг/кг



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-29; просмотров: 639; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.44.23 (0.012 с.)