Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.



 

№ 11- тақырып: Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау.

Дәрістің мақсаты: Іс бойынша заңды күшіне енбеген өаулыларды қайта қарау туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әлеуметтік, мәдени, ғылыми саланы мемлекеттік басқарудың аспектілерін көрсету.

 

Жоспар:

  1. Əкімшілік құқық бұзушылықтару туралы қаулыларды қайта қараудың мəні мен маңызы.
  2. Қаулыға шағымдану, наразылық білдіру тəртібі, мерзімі жəне оны соттың, жоғарғы органның, лауазымды тұлғаның қарауына дайындау.
  3. Əкімшілік құқық бұзушылықтару туралы істер бойынша қаулыға берілген шағымдарды, наразылықты соттың, жоғарғы органның (лауазымды тұлғаның) қайта қарауы.

1-сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылықтару туралы қаулыларды қайта қараудың мəні мен маңызы.

 

Судьяның, органның (лауазымды тұлғаның) заңды күшіне енбеген қаулыларын тексерудің бір түріне оларды жоғарғы сатда немесе аппеляциялық сатыда қайта қарау бөлып табылады. «Апелляция» сөзі латын тілінен аударғанда «жүгіну, шағым» дегенді білдіреді1.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау (аппеляциялық іс) — бұл арнаулы аудандық жəне оған тең əкімшілік соттардың сот төрешілерінің əкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енгбеген қаулыларын жоғарғы тұрған соттың, органның (лауазымды тұлғаның) қайта қарауы.

ҚР Жоғарғы Сотының 2004 ж. 26-қарашадаға «Соттардың əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңдарды қолдануының кейбір мəселелері туралы» № 18 нормативтік актісінде ƏҚК8-бабында қарастырылған əкімшілік жауапкершілік туралы заң принциптерін сақтамау əкімшілік құқық бұзушылық туралы бөлған істің жарамсыздығын, осындай іс барысында шығарылған шешімдерді жоққа шығару не іс материалдарының дəлелдемелік күші жоқ деп тану керектігі жөнінде айтылған.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың қаулыларын жоққа шығару туралы істі сот ƏҚК26-тарауында қарастырылған ерекше сот ісі тəртібімен қарайды.

ƏҚК 39-бабының ережелері бойынша əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік өкімет органдарының, коммерциялық ұйым, заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлердің басшыларының шығарған қаулыларына (хаттамаларына) берілген шағымды қарап, шешуді жүзеге асырады.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыға əкімшілік жаза қолданылған тұлғалармен сотқа шағымдалады. Оларға заң бойынша əкімшілік жаза қолданылған тұлға, жəбірленуші, жеке жəне заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы жатады (ƏҚК 584—588).

Əкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға берілген шағым қаулыны шығарған лауазымды тұлғаға, органға жіберіледі, олар шағымды не наразылықты алған күннен бастап үш күн ішінде істің барлық материалдарымен бірге оны жоғарғы тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға жібереді.

Аппеляциялық сатыдағы сотқа шағымдану, наразылық білдірудің мəні мынада:

— ол заңсыз жəне негізсіз қаулы шығаруға қарсы маңызды кепіл бөлып табылады;

— ол əкімшілік жаза қолданылған тұлғаның, жəбірленушінің жəне іске қатысушы өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүлделерінің кепілі бөлып табылады;

— ол бірыңғай сот саясатын құру сатысы бөлып табылады, істерді қарау сапасын арттыра отырып, заңның берік бөлуына ықпал етеді;

— ол төменгі əкімшілік жазаларды қолдануға өкілетті соттардың, органдардың қызметтеріне соттық қадағалау түрі бөлып табылады, ҚР аумағында заңның біркелкі қолданылуын түзеді;

— ол азаматтарға ескерту арқылы тəрбиелік ықпал етуді қамтамасыз етеді Аппеляциялық істің мəні талап етушінің немесе жауап берушінің шағымдарындағы аталған заңды жəне нақты қателерді жою мақсатында істі екінші рет мəні бойынша қараудан жəне аппеляциялық сатыдағы (екінші) соттың заңды күшінен енбеген қаулыларын тексеруден тұрады.

ƏҚК 655-бабында қарастырылған ережелерге сəйкес судьяның, лауазымды тұлғаның қаулыларына шағымдануға, наразылық білдіруге мыналар құқылы:

— əкімшілік жаза қолданылған (жеке жəне заңды) тұлға:

— жəбірленушілер жəне оның заңды өкілдері;

— қорғаушы.

Шағымдану құқығына сондай-ақ жəбірленушінің өкілі де ие, бірақ өкілдікті ұсынушы тұлға сенімхатта аталған құқықты арнайы келісіп берген жағдайда ғана. Бұл шарт заңды өкілдерге тиісті емес.

2-сұрақ. Қаулыға шағымдану, наразылық білдіру тəртібі, мерзімі жəне оны соттың, жоғарғы органның, лауазымды тұлғаның қарауына дайындау.

Қаулыға шағымдану, наразылық білдіру тəртібі. ƏҚК 656-б. сəйкес əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыға берілген шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған сот төрешісіне, органға (лауазымды тұлғаға) жіберіледі, ал шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн ішінде істі барлық материалдарымен бірге жоғарғы сотқа, жоғарғы органға (жоғарғы лауазымды тұлғаға) жіберуі тиіс.

Сотты сыйламау дерегі туралы істер бойынша шығарылған қаулыға шағым, наразылық білдірілген жағдайда ƏҚК 655-б. 2—1-бөліміне сəйкес шағым, наразылық жоғарғы сатыдағы сотқа жіберіледі. Мұндай жағдайларда сот хаттамаға сот отырысы хаттамасынан аталған деректің анықталғандығы туралы жазылған бөліміндегі үзіндіні хаттамаға тіркейді.

Шағым беріледі, ал наразылық оларды қарауға өкілетті сотқа, жоғарғы тұрған органға (жоғарғы лауазымды тұлғаға) тікелей жіберіледі.

Əкімшілік қамау түріндегі жаза қолдану туралы сот төрешілерінің қаулыларына берілген шағым, наразылық жоғарғы тұрған сотқа шағымды, наразылықты алған күні жіберіледі. Егер де əкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға шағым, наразылық білдірілген соттың шағымды, наразылықты қарауға құзыреті бөлмаса, шағым, наразылық ведомстволық бағынышты сотқа жіберіледі.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулыға шағым, наразылық білдіру мерзімі. ƏҚК 657-б. сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға шағым, наразылық қаулының көшірмесін алған күннен бастап он күн ішінде беріледі. Егер де, əкімшілік жаза қолданылған жеке жəне заңды тұлға, жəбірленуші жəне оның заңды өкілдері істі қарауға қатыспаған бөлса – оны алған күннен бастап, беріледі.

Шағым, наразылық білдіретін он күндік мерзімді белгілі себептермен жіберіп алған жағдайда бұл мерзімді əкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған тұлғаның өтініші бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды тұлға) қалпына келтіре алады.

Шағым, наразылық білдіретін мерзім ішінде тиісті жоғары тұрған сот ұйғарым қабылдағанға дейін шағымнан бас тартуға жəне наразылықты қайтып алуға бөлады (ҚР АІЖК 341-б). ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде аппеляциялық сатыдағы соттың шағымнан бас тартуды жоққа шығару құқығы қарастырылмаған.

Жоғары тұрған соттыңжүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға жəне оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жөқ. Сонымен бірге, аппеляциялық шағымды беруші тұлға аппеляциялық сатыда ол бойынша тиісті сот қаулысын шығарғанға дейін одан бас тартуға (ал прокурор наразылығын қайтып алуға) құқылы. (ҚР АІЖК 341-б. 1-бөл.).

3-сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылықтару туралы істер бойынша қаулыға берілген шағымдарды, наразылықты соттың, жоғарғы органның (лауазымды тұлғаның) қайта қарауы.

 

Əкімшілік құқық бұзушылықтару туралы істер бойынша қаулыға берілген шағымдарды, наразылықты соттың, жоғарғы органның (лауазымды тұлғаның) қайта қарауы. Əкімшілік құқық бұзушылықтару туралы істер бойынша қаулыға берілген шағымдарды, наразылықты соттың, жоғарғы органның (лауазымды тұлғаның) қайта қарау тəртібі ƏҚК 663-бабында бекітілген.

Əкімшілік құқық бұзушылықтару туралы істер бойынша қаулыға берілген шағымдарды, наразылықты қарау кезіндегі жоғарғы органның (лауазымды тұлғаның) іс-əрекеті аппеляциялық сатыдағы сотта əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қайта қараумен бірдей, онда аталған тұлғалар мына іс-əрекеттерді орындаулары тиіс:

— іс бойынша шығарылған қаулылардың жəне қосымша ұсынылған материалдардың заңдылығы мен негізділіктерін тексеру.

Жоғарғы органның (лауазымды тұлғаның) төменгі сатыдағы соттардың жеке жəне заңды тұлғаларға əкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларына шағымдарды, наразылықты қарау кезінде шағымның, наразылықтың тұжырымдарына байланып қалмауы тиіс жəне істі толық көлемде тексеруіне бөлады. Бұл ретте ол:

— жаңа деректреді анықтап, іске қатысы бар жаңа дəлелдемелерді зерттеуге; іс бойынша шақырылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің келмеуіне байланысты шығамды,

назыралықты қарауды кейінге қалдыру;

— əкімшілік жаза қолданылған тұлғаны айыптауы не ақтауы мүмкін, іс бойынша дəлелдеме ретіндегі қосымша материалдарды талап етуге;

— іске маңызы бар мəн-жайлар, соның ішінде заттай дəлелдемелер мен үлгілер іс материалдарын зерттеу нəтижесінде алынуы мүмкін бөлса, шағымды, наразылықты толық, жан-жақты жəне əділ қарау қажет бөлғанда сараптама тағаындауға құқылы.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулыларға шағым, наразылық сотқа, жоғарғы органға бір мезгілде түскен жағдайда шағым сотта қаралуы тиіс.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулыларға шағым, наразылықты аппеляциялық сатыдағы сотта қарау. Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңды күшіне енбеген қаулыларды жоғарғы сатыдағы сотта (аппеляциялық сатыда) қайта қарау —аппеляциялық істің негізгі кезеңі бөлып табылады. ƏҚК 27-б. сəйкес мүдделі тұлға бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы сотқа жүгінуге құқылы. Бұл, əкімшілік жаза қолданылған азаматтардың жоғарғы органға (лауазымды тұлғаға) шағымдануы міндетті еместігін білдіреді. Заң бойынша олар өздерінің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы сотқа жүгінуге құқылы.

Азаматтық іс жүргізу заңында (АІЖК 26-тарау) сотта əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілетті органдардың, лауазымды тұлғалардың заңды күшіне енбеген қаулыларын жоққа шығару туралы істер бекітілген. Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шығарылған қаулыларын шағым, наразылық бойынша қайта қараудың іс жүргізушілік тəртібі осы істерді бірінші сатыдағы сотта қарауға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарғы сатыдағы істерді алқалы соттың сот төрешісі жеке өзі қарайды.

Шағым, наразылық бойынша істі талқылау кезінде сот отырысының хаттамасы толтырылмайтындығын есте сақтаған дұрыс. Дегенмен де, ҚР АІЖК 347-б. 1-бөл. сəйкес істегі материалдарды, сондай-ақ ұсынылған қосымша дəлелдемелерді бағалай отырып, егер де сот оларды бірінші сатыдағы сотта уақытында ұсынылуы мүмкін еді деп тапса, оларды істе атап көрсету қажеттігі туындайды. Мұндай жағдайларда аппеляциялық сатыдағы сотта

жаңа дəлелдемелерді алу кезінде, сонымен бірге сот отырысы хаттамасына мұны өзге тəсілмен тіркеу мүмкін бөлмағандықтан куəгерден жауап алу ретінде оның жауабын жазу қажеттігі туындайды.

Аппеляциялық сатыдағы отырыста іс бойынша қаулы шығарылған жеке тұлға немесе заңды тұлғаның заңды өкілі жəне іске қатысушы өзге тұлғалар қатысады.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР еңбекпен қамтамасыз етілуді қай орган реттейді?

2. Әлеуметтік қамсыздандырылу проблемалары.

3. Мәдениет саласы қандай жолдармен және қандай органмен реттеледі?

4. Ғылым дегеніміз не?

5. Білім беру қалай ұйымдастырылады?

 

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.

2. ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.

3. ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999

4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995ж.17 сәуірдегі Заңы//Егеменді Қазакстан. 1995ж. 24 маусым.

5. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.

6. «ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.

7. «Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.

Оқу әдебиеттері:

1. Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы, 2007-408 бет

2. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.

3. Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.

4. Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.

5. Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.

6. Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.

7. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3

№12-тақырып: Қадағалау тəртібімен іс жүргізу. Ақтау.

Дәрістің мақсаты: Қадағалау мен ақтау туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Ішкі істер органдарының ұйымдастырылуын және олардың қызметін зерттеу.

Жоспар:

  1. Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарды қайта қарау ұғымы жəне оның міндеттері.
  2. Істі қадағалау сатысында қарау тəртібі.
  3. Шығынды өтету құқығына ие тұлғалар.

 

 

1-сұрақ. Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарды қайта қарау ұғымы жəне оның міндеттері.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қадағалау тəртібімен іс жүргізу — бұл арнаулы аудандық жəне оған тең əкімшілік соттардың, аппеляциялық соттың, кассациялық сатының сот төрешілерінің жəне лауазымды тұлғалардың заңды күшіне енген қаулыларын заңды түрде қайта қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік өкіметтің сот органдарының, прокуратураның жəне жоғарғы органдардың (лауазымды тұлғалардың) қызметі.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңды күшіне енген қаулылары мен ұйғарымдарын қайта қарау сатысы ƏҚК 40-тарауының 672—676-баптарында қарастырылған. Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңды күшіне енген қаулылары мен ұйғарымдарын қайта қарау ісі дербес саты бөлып табылады. Бұл саты аппеляциялық сатыдағы сияқты сот төрешілерінің, органның (лауазымды тұлғаның) қателерін түзетуден тұрады. Бұл сатының ерекше белгілерін мыналар жатады:

1) егер заңды күшіне енген қаулыларды қайта қарау (аппеляциялық іс) сот төрешілерінің, органның (лауазымды тұлғаның) заңды күшіне енген қаулыларында қателіктер жібермеу үшін не заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарды қайта қарау (қадағалау ісі) мақсатында жүзеге асырылатын бөлса заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдардағы қателіктерді түзету бөлып табылады;

2) аппеляциялық сатыда төменгі сатыдағы сот төрешілерінің, лауазымды тұлғалардың заңды күшіне енбеген қаулыларына ғана шағымдануға бөлатын бөлса, қадағалау сатысында кез келген деңгейдегі соттардың барлық қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдануға бөлады;

3) қадағалау сатысында іс бойынша шығарылған барлық шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар тексеріледі;

4) қадағалау тəртібімен істі талап ету сəтінде сот актісінің орындалуын тоқтатуға үш айдан аспайтын мерзім беріледі.

Заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарды қайта қараудың міндеттері:

— осы судьялар мен лауазымды тұлғалардың қаулылары мен ұйғарымдарына берілген шағымдар мен наразылықтарына тұжырымдама шегіндегі төменгі сатыдағы сот төрешілерінің, лауазымды тұлғалардың шығарған қаулыларының, ұйғарымдарының,

жоғарғы сатыдағы судьяларі, жоғарғы орган (лауазымды тұлғаның) аппеляциялық сатыда шығарған қаулыларының, ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігі;

— төменгі сатыдағы сотттардың əкімшілік (азаматтық) істерді қарап, шешуде жіберген қателіктерін табу;

— төменгі сатыдағы судьялардың, лауазымды тұлғалардың заңды күшіне енген қаулыларында, ұйғарымдарында жіберілген қателіктерді жою бойынша заңда қарастырылған шараларды қолдану;

— негізсіз, əділетсіз шығарылған қаулылардың, ұйғарымдардың жəне т.б. орындалуының алдын алу.

Қаулылардың, ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексеруге тұлғалардың өтініштері, прокурордың облыстық жəне оған тең соттардың құзыреттері шегінде қайта қарау (қадағалау) тəртібімен тиісті соттан, органнан (лауазымды тұлғадан) əкімшілік істі талап етуі себеп бөла алады.

Судьялардың, лауазымды тұлғалардың заңды күшіне енген қаулылары мен ұйғарымдарын қайта қарау (қадағалау) негізіне материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларын елеулі түрде бұзу жатады. Судьялардың, лауазымды тұлғалардың заңды күшіне енген қаулылары мен ұйғарымдарын егер де ол конституциялық акт емес деп танылса ҚР Конституциялық Кеңесі қадағалау тəртібімен қайта қарай алады. (АІЖК 387-б).

Демек, заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарды қайта қарау (қадағалау ісі) — бұл Бас прокурордың, оның орынбасарларының, облыстық прокурорлардың жəне оған тең

прокурорлардың жəне олардың орынбасарларының өтініштері немесе наразылықтары бойынша əкімшілік істің ерекше сатысы.

Сот тəртібімен төмендегі заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралады:

1) арнаулы аудандық жəне оған тең əкімшілік соттардың сот төрешілерінің əкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша шығарған қаулылары;

2) арнаулы аудандық жəне оған тең əкімшілік сот төрағаларының шығарған ұйғарымдары;

3) арнаулы аудандық жəне оған тең əкімшілік сот төрағаларының қаулылары;

4) сот төрешілерінің (арнаулы аудандық жəне оған тең əкімшілік сот төрағаларының) сотта тікелей қараған шағымдары бойынша ƏҚК 664-б. 1-бөл. 5) — тармақшасына сəйкес шығарған қаулылары.

5) аппеляциялық жəне кассациялық сатыдағы соттар шығарған қаулылар.

Сот (қадағалау) тəртібімен зсот төрешісінің, алқалы соттың ƏҚК 648-б. 1-бөл. сəйкес сотты сыйламау дерегі бойынша заңды күшіне енген қаулы қайта қаралады.

Қадағалау тəртібімен қаулыларды қайта қараудың жалпы шарттары. Қадағалау тəртібімен қаулыларды қайта қараудың жалпы шарттарына ƏҚК 2-тарауында қарастырылған жалпы ережелер жатады. Өтініш, наразылық судьялардың, лауазымды тұлғалардың қаулылары мен ұйғарымдары заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде беріледі (ƏҚК 672-б). Соттың əкімшілік жауапкершілкке тартылушы тұлғаның жағдайын нашарлататын немесе əкімшілік ісі тоқтатылған тұлғаға қатысты істі қайта қарауға соттың немесе өкілетті мемлекеттік органның қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін ұйғарымдарды, қаулыларды қайта қарауға бір жыл

мерзім берілмейді. Егер де, прокурор бекітілген мерзімде наразылық білдірген бөлса, бірақ ол бойынша прокурор уақытында шешім қабылданбаған бөлса, бұл туралы наразылығында атап көрсетсе сот прокурордың наразылық білдіру мерзімін өзгертеді.

ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер бойынша қадағалау сот алқасының қаулысы қадағалау тəртібімен қайта қаралмайды.

2-сұрақ. Істі қадағалау сатысында қарау тəртібі.

Қадағалау өтінішін, наразылығын қарау. АІЖҚ 393-б. сəйкес сот қадағалауы тəртібімен сот төрешісінің, лауазымды тұлғаның заңды күшіне енген ұйғарымдары мен қаулыларын қайта қарау туралы өтінішпен алдын ала танысқаннан кейін, оны үш ссудья

қарайды, бірі — ҚР Жоғарғы Соты төрағасы тағайындаған баяндамашы. Қажет бөлса қадағалау сатысының соты төменгі сатыдағы соттан, органнан (лауазымды тұлғадан) іс бойынша шығарған қаулылар мен ұйғарымдардың заңдылықтары мен негізділіктерін тексеру үшін əкімшілік істі талап ете алады. Өтініш, наразылық түскен бастап бір ай ішінде қаралуы тиіс, ал істі талап еткен жағдайда іс түскен күннен бастап бір ай ішінде қаралуы тиіс.

Қадағалау сот алқасының сот төрешісі прокурорға, шағымды беруші тұлғаға өтінішті, наразылықты алдын ала қараудың күні мен орнын хабарлайды. Өтінішті алдын ала қараудың күні мен орны хабарланған, аталған тұлғалардың келмеуі қайта қарау үшін негіздің бар-жоғын анықтау туралы мəселені шешуге кедергі бөла алмайды.

Өтінішті, наразылықты алдын ала қарағаннан кейін қабылданатын шешім. Өтінішті, наразылықты алдын ала қарау нəтижелері жəне ол бойынша қабылданған шешім бойынша соттың қадағалау алқасы мынадай қаулы шығарады:

— шағымдалған, наразылық білдірілген ұйғарымды, қаулыны қайта қарау бойынша қадағалау ісін қозғау жəне шағымды төменгі соттан, органнан əкімшілік істі талап ете отырып, сот алқасында қарау жөнінде;

— жоққа шығарылған ұйғарымды, наразылықты қайта қарау бойынша қадағалау ісін қозғаудан бас тарту;

— өтінішті, наразылықты қараусыз қайтару туралы.

Өтінішті, наразылықты алдын ала қарау нəтижелері бойынша сот шығарған қадағалау сот алқасының қаулысында мыналар атап көрсетілуі тиіс:

1) қадағалау сатысындағы соттың қаулы шығарған күні мен орны;

2) өтінішті, наразылықты жəне қаулыны қараушы қадағалау сот алқасының сот төрешілерінің аты-жөндері;

3) жоққа шығарылған ұйғарымды, наразылықты атап көрсете отырып, қаулы шығарылған əкімшілік іс;

4) шағымданушы тұлғаның аты-жөні немесе наразылық білдіруші прокуратура органының атауы;

5) шағымда, наразылықта көрсетілген тұлғалардың немесе прокурордың тұжырымдары;

6) қадағалау ісін қозғауға немесе бұдан бас тарту не шағымданушыларған шағымдарын қайтаруға негіз;

Қаулының қарарлы бөлімінде сот мына шешімдердің бірін атап көрсете алады: қадағалау ісін қозғау немесе бұдан бас тарту туралы, өтінішті қараусыз қайтару туралы.

Өтінішті алдын ала қарау нəтижелері бойынша алқалы сот алқасы шығарған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген тұлғаға тапсырылады (АІЖК 394-б).

Əкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату. ƏҚК 675-б. сəйкес Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары жəне оған тең прокурорларының заңды күшіне енген қаулылар мен ұйғарымдарға білдірген наразылықтары бұл қаулыларды, ұйғарымдарды жоғарғы сотта қарағанға дейін орындалуын тоқтатады.

Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары жəне оған тең прокурорлары сот төрешісінің əкімшілік қамауға алу туралы шығарған қаулысына наразылық білдірген жағдайда осы қаулының орындалуын тоқтата алмайды (ƏҚК 675-б. 2-бөл.).

Жоғарғы Сот төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қадағалау тəртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата алады. (АІЖК 396-б).

Қадағалау сатысындағы алқалы сот отырысын тағайындау. Шағымдалған қаулыны ұйғарымды қайта қарау бойынша қадағалау ісін қозғау жөнінде сот қаулы шығарғаннан кейін қадағалау сатысының сот алқасы шағым, наразылық беруші тұлғаларға істі қадағалау сатысының сот алқасы қашан жəне қайда, сағат нешеде қарайтындығы туралы хабарлама жібереді. Іс қадағалау сатысына қадағалау ісін қозғау туралы шығарылған қаулымен немесе

прокурордың наразылығын қоса тапсырылғаннан күннен бастап бір ай ішінде қаралуы керек. (АІЖК 395-б).

Істі қадағалау сатысында қарау. Алқалы соттың отырысын төрағалық етуші қандай қаулы, ұйғарым, кімнің шағымымен (наразылығымен) қаралатындығын, сот құрамымына кімдердің кіретіндігін жəне сот отырысы залында отырған іске қатысушы тұлғалардың кімдер екендігін хабарлай отырып ашады.

Істі қарау күні, уақыты, орны тиісті түрде хабарланған, шағымды (наразылықты) беруші тұлға бөлмаған жағдайда сот отырысының бөлуына кедергі бөла алмайды. Істі талқылау кезінде алқалы сотқа прокурор міндетті қатысуы қажет. Мəлімделген бас тартулар мен өтініштерді шешкеннен кейін алқалы сот іс материалдарын қарауға кіріседі, сотқа төрағалық етуші, оның орынбасарлары немесе олардың тапсырмалары бойынша алқалы соттың қаралып отырған іс шағымын, наразылықты игерген сот төрешісінің баяндамасымен басталады. Баяндамашы істің мəн-жайларын, іс бойынша қабылданған қаулылардың, ұйғарымдардың мазмұндарын, шағымдану немесе қадағалау ісін қозғау туралы прокурордың наразылық білдіру себептерін баяндайды. Содан кейін төрағалық етуші шағымды (наразылықты) берген тұлғаға сөз береді. Егер де мұндай тұлғалар бірнеше бөлатын бөлса, онда олар сотқа бір-бірімен келіскен сөз сөйлеу кезектерін айтады. Ал келісе алмаған жағдайда кезекті сот анықтайды.

Шағым (наразылық) берген тұлға наразылық, ұйғарым негізсіз, заңсыз жоққа шығарылған деген өз пікірінің себебі мен пайымдауларын айтады. Шағым (наразылық) берген тұлға сөйлегеннен кейін төрағалық етуші іске қатысушы өзге тұлғаларға да сөз береді. Істі қарауға қатысқан сот алқасының сот төрешілері баяндамашыға сұрақтар қоюға құқылы. Прокурор, баяндамашының, сотқа қатысушы тұлғалардың сөздерінен кейін іс бой

ынша өзінің қорытындысын береді.

3-сұрақ. Шығынды өтету құқығына ие тұлғалар.

 

Латын тілінен аударғанда «реабилитация» — бұл құқықтарды қалпына келтіру дегенді білдіреді. Кінəсіз жəбірленушінің беделін қалпына келтіру оның шеккен материалдық шығындары мен моралдық зияндарына өтем төлеумен бірге орындалады.

Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу теориясы мен тəжірибесінде қалпына келтіруге берілген нақты анықтама жоқ жəне бұл ҚР ƏҚКде берілмеген. Сонымен бірге, қалпына келтіру ұғымын түсіну əкімшілік іс жүргізу заңында қаралған, онда қалпына келтіру негіздері мен тəртібі көрсетілген.

Зиянды өтету құқығына ие тұлғалар заңда анықталған. Заңда азаматтарға сот не өзге тəртіппен өзінің адал атын, беделін қалпына келтіріп, əкімшілік істі жүргізуші органның заңсыз əрекеттерінің арқасында келтірілген зиянды өндіру құқығы берілген. (ƏҚК 4-тарау). Адал есімін қайтарған тұлғалар кінəсіз деп танылады жəне Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір жолмен шектеуге жол берілмейді. (ƏҚК 677-б. 1-бөл.).

Халықаралық құқықтық тəжірибеде адамның жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының үш тобы бар:

1) жеке құқықтар мен бостандықтар (өмір сүру құқығы, жеке басқа қол сұқпаушылық, ар-намысын қорғау):

2) саяси құқықтар мен бостандықтар (жиналыстар, шерулер, бой көтерулер, митингілер өткізу, ойлау мен сөз бостандығы, өз мүдделерін қорғау үшін түрлі одақтар жəн т.б. құру);

3) əлеуметтік — экономикалық құқықтар мен бостандықтар (жеке меншік құқығы, мамвндық таңдау, денсаулықты қорғау жəне жəне т.б.).

Əкімшілік сот ісі саласында азаматтарды қалпына келтіруді əкімшілік іс жүргізу, азаматтық жəне азаматтық іс жүргізу құқығымен жүзеге асырады. ƏҚК 677-б. 2-бөл. сəйкес сот төрешісі, орган (лауазымы тұлға) əкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғагы кінəсіз деп тапқан жағдайда осы тұлғаның адал атын қалпына келтіру үшін жəне əкімшілік құқық бұзушылықтарды қарауға өкілетті сот төрешісі, орган (лауазымы тұлғаның) заңсыз іс-əрекеттерінің нəтижесінде келтірілген зиянды өтеу үшін заңда қарастырылған барлық шараларды қолдануы тиіс.

Мүліктік зиян деп сот төрешісінің, органның (лауазымды тұлғаның) заңсыз əрекеттері нəтижесінде тұлғаға келтірілген шығын, алынбаған табыс, кіріс, жіберіп алған пайданы айтады.

Аталған мүліктерге əкімшілік құқық бұзушылықтарды қозғап, қарауға өкілетті органдардың (лауазымды тұлғаның) тексеру кезінде заңсыз алып қойған жылжымалы жəне жылжымайтын мүліктер, заттар, қымбат бағалы заттар, ақша, ақша салымдары жəне өзге де құнды қағаздар жатады.

Мүліктік зиянды қалпына келтіру оны өтеуден тұрады (ƏҚК 681-б.):

— олар айрылған жалақы, зейнетақы, өтемақы жəне өзге де қаражаттар мен кірістер;

— сот төрешісі қаулысының негізінде мемлекеттің пайдасына заңсыз тəркіленген мүлік;

— сот төрешісінің заңсыз қабылдаған қаулысын орындауда сот төрешісінің, органның (лауазымды тұлғаның) өндірген айыппұлдары;

— заңсыз əрекеттермен байланысты тұлғаның төлеген сот шығындары жəне өзге де соммалар:

— тұлғаның заңды көмек көрсеткені үшін төлеген соммалары;

— іс бойынша заңсыз іс-əрекеттің нəтижесінде кеткен өзге де шығындар.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-12-27; просмотров: 271; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.45.162 (0.123 с.)