Бап. Тауарларды жеткiзiп беру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Тауарларды жеткiзiп беру



1. Тауар берушi тауарларды жеткiзiп берудi оларды шартта көзделген көлiкке тиеп және шартта белгiленген жағдайларда жөнелту жолымен жүзеге асырады.
2. Егер шартта тауарды жеткiзiп берудiң қандай көлiк түрiмен немесе қандай жағдайларда жүзеге асырылатындығы белгiленбесе, көлiк түрiн таңдау немесе тауарды жеткiзiп беру жағдайларын белгiлеу құқығын заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан тауар берушi иеленедi.

464-бап. Жетiспеген тауардың орнын толтыру

1. Тауар жеткiзiлiмiнiң жекелеген кезеңiнде тауардың жетiспеуiне жол берген тауар берушi жетiспейтiн тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмi шегiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға мiндеттi.
2. Ұзақ мерзiмдi шарт бойынша тауар берушiнiң жекелеген тауар жеткiзiлiмi кезеңiнде кем берген тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарлардың жетiспеуiне жол берiлген жыл iшiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) орны толтырылуға тиiс.
3. Тауар берушi шартта немесе сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бiрнеше алушыға тауарларды тиеп-жөнелткен жағдайда алушының бiреуiне шартта немесе тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жiберiлген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетiспеушiлiктердi өтеуге есептелмейдi және тауар берушi оның орнын толтыруға тиiс.
4. Сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар берушiге хабарлай отырып, жеткiзiлiм мерзiмi өткен тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Тауар берушi хабар алғанға дейiн берiлген тауарды сатып алушы қабылдауға және оған ақы төлеуге мiндеттi.

465-бап. Жетiспеушiлiктердiң орнын толтыру кезiндегi
тауарлардың түр түрi

1. Жеткiлiксiз берiлiп, орны толтырылуға тиiстi тауарлардың түр-түрi тараптардың келiсiмi бойынша айқындалады. Келiсiм болмаған жағдайда тауар берушi жетiспеушiлiкке жол берiлген кезеңге арнап белгiленген түр-түрi бойынша жеткiлiксiз берiлген тауарлар санының орнын толтыруға мiндеттi.
2. Бiр атаудағы тауарлардың шартта көзделгенiнен көбiрек мөлшердегi жеткiзiлiмi нақ сол түр-түрiне кiретiн басқа атаудағы тауарлардың жетпегенiн толтыруға есептелмейдi және сатып алушының алдын ала берген жазбаша келiсiмiмен жасалатын жағдайларды қоспағанда, оның орны толтырылуға тиiс.

466-бап. Сатып алушының тауарды қабылдауы

1. Сатып алушы (алушы) тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес берiлген тауар қабылдауды қамтамасыз ететiн барлық қажеттi iс-әрекеттi жасауға мiндеттi.
2. Сатып алушы (алушы) қабылдаған тауар заң актiлерiнде, тауар жеткiзiлiмi шартында немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс.
Сатып алушы (алушы) сол мерзiмде заң актiлерiнде, шартта немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген тәртiппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауардың байқалған сәйкессiздiктерi немесе кемшiлiктерi туралы тауар берушiге жазбаша түрде дереу хабарлауға мiндеттi.
3. Сатып алушы (алушы) көлiк ұйымынан жеткiзiлген тауарды алған жағдайда тауардың көлiк және жолдама құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ көлiк ұйымынан осы тауарды көлiк қызметiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген ережелердi сақтай отырып, қабылдауға мiндеттi.

467-бап. Сатып алушы қабылдамаған тауарды
жауапкершiлiкпен сақтау

1. Сатып алушы (алушы) заң актiлерiне немесе тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес тауар берушi жiберген тауардан бас тартса, ол бұл тауардың сақталуын (жауапкершiлiкпен сақтауды) қамтамасыз етуге және тауар берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Тауар берушi сатып алушы (алушы) жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдаған тауарды әкетуге немесе қисынды мерзiмде оған билiк етуге мiндеттi.
Егер тауар берушi осы мерзiмде тауарға билiк етпесе, сатып алушы тауарды сатуға немесе оны тауар берушiге қайтаруға құқылы.
3. Тауарды жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдауға, тауарды сатуға немесе оны сатушыға қайтаруға байланысты сатып алушы (алушы) шеккен қажеттi шығындарды тауар берушi өтеуге тиiс.
Бұл орайда тауарды сатудан түскен сома сатып алушыға тиесiлi сома шегерiле отырып тауар берушiге берiледi.
4. Сатып алушы заң актiлерiнде немесе шартта белгiленбеген негiздерсiз тауар берушiден тауар қабылдамаған немесе оны қабылдаудан бас тартқан жағдайларда тауар берушi сатып алушыдан тауарға ақы төлеудi талап етуге құқылы.

468-бап. Тауарларды таңдау

1. Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауарларды тауар берушiнiң орналасқан жерiнен алуы (тауарлар таңдауы) көзделуi мүмкiн.
2. Егер шартта таңдау мерзiмi көзделмесе, сатып алушының (алушының) тауарлар таңдауы тауар берушiнiң тауарлар дайын деген хабарын алғаннан кейiн қисынды мерзiмде жүргiзiлуге тиiс.
3. Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауар берушi орналасқан жерде тауар таңдауы көзделген кезде, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатып алушы берiлетiн тауарларды қарап-көрудi олар берiлетiн жерде жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Сатып алушының (алушының) шартта белгiленген тауар жеткiзiлiмi мерзiмiнде, ал ол болмаған кезде - тауар берушiнiң тауарлардың дайын екендiгi туралы хабарын алғаннан кейiн қисынды мерзiмде тауарларды таңдамалы тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға немесе сатып алушыдан тауарларға ақы төлеудi талап етуге құқық бередi.

469-бап. Жеткiзiлетiн тауарлар үшiн есеп айырысу

1. Сатып алушы жеткiзiлетiн тауарларға шартта көзделген есеп айырысу тәртiбi мен нысандарын сақтай отырып ақы төлейдi. Егер тараптардың келiсiмiнде есеп айырысудың тәртiбi мен нысаны белгiленбесе, есеп айырысу төлем тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Егер шартта тауардың жиынтыққа енетiн жекелеген бөлiктерiмен жеткiзiлiмi көзделген болса, шартта өзгеше белгiленбегендiктен, сатып алушы тауарға ақы төлеудi жиынтыққа енетiн соңғы бөлiктi тиеп-жөнелткеннен (таңдап алғаннан) кейiн жүзеге асырады.
3. Егер шартта алушының (төлеушiнiң) тауарға ақы төлеудi жүзеге асыратыны көзделсе және соңғысы ақы төлеуден негiзсiз бас тартса не шартта белгiленген мерзiмде тауарға ақы төлемесе, тауар берушi сатып алушыдан жеткiзiлген тауарға ақы төлеудi талап етуге құқылы.

470-бап. Ыдыс және буып-түю

1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы (алушы) тауар берушiге заң актiлерiнде белгiленген тәртiп пен мерзiмде тауар келiп түскен көп айналымды ыдысты және буып-түю құралдарын қайтаруға мiндеттi.
2. Басқа да ыдыс пен буып-түю заттары тауар берушiге шартта көзделген жағдайларда ғана қайтарылуға тиiс.

471-бап. Сапасы лайықсыз тауар жеткiзiлiмiнiң салдары

1. Өзiне сапасы лайықсыз тауар жеткiзiлген сатып алушы (алушы) тауар берушiге осы Кодекстiң 428-бабында көзделген талаптарды қоюға құқылы, бұған жеткiзiлген тауардың кемшiлiктерi туралы сатып алушының хабарын алған тауар берушi жеткiзiлген тауарды кешiктiрмей сапасы лайықты тауармен алмастырған жағдайлар қосылмайды.
2. Өзiне берiлген тауарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын сатып алушы (алушы), егер тауар жеткiзiлiмi шартында өзгеше көзделмесе, тұтынушы қайтарған сапасы лайықсыз тауарды қисынды мерзiмде алмастыруды талап етуге құқылы.

472-бап. Жиынтықталмаған тауарлар жеткiзiлiмiнiң салдары

1. Тауар жеткiзiлiмi шартының жағдайларын, заң актiлерiнiң талаптарын не әдетте жиынтықтауға қойылатын талаптарды бұза отырып, тауарлар берiлген сатып алушы (алушы) тауар берушiге осы Кодекстiң 433-бабында көзделген талаптарды қоюға құқылы, бұған жеткiзiлген тауарлардың жиынтықталмағандығы туралы сатып алушының хабарын алған тауар берушi тауарларды кешiктiрмей толықтырған не оларды жиынтықталған тауарлармен алмастырған жағдай қосылмайды.
2. Тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын сатып алушы (алушы), егер тауар беру шартында өзгеше көзделмесе, тұтынушы қайтарған жиынтықталмаған тауарларды қисынды мерзiмде жиынтықталған тауарлармен алмастыруды талап етуге құқылы.

473-бап. Тауар жеткiлiксiз берiлiп, тауардың кемшiлiктерiн
жою туралы немесе тауарды толық жиынтықтау
туралы талаптар орындалмаған жағдайдағы сатып
алушының құқықтары

1. Егер тауар берушi тауарларды шартта көзделген мөлшерде бермесе не сатып алушының сапасы лайықсыз тауарды алмастыру туралы немесе белгiленген мерзiмде тауарды толық жиынтықтау туралы талаптарын орындамаса, сатып алушы оларды сатып алу жөнiндегi барлық қажеттi және қисынды шығындарды тауар берушiге жатқыза отырып, берiлмеген тауарларды басқа адамдардан сатып алуға құқылы.
Сатып алушының басқа адамдардың тауарлар сатып алуға жұмсаған шығындарын есептеу, тауар берушi оларды толық бермеген немесе тауарлардың кемшiлiктерiн жою туралы не тауарларды толық жиынтықтау туралы талаптар орындалмаған жағдайда, осы Кодекстiң 477-бабының 1-тармағында көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.
2. Сатып алушы (алушы) сапасы лайықсыз тауарларға және жиынтықталмаған тауарларға ақы төлеуден бас тартуға, ал егер мұндай тауарларға ақы төленiп қойған болса, төленген соманы тауарлардағы кемшiлiктер жойылғанға және тауарлар толық жиынтықталғанға дейiн не олар алмастырылғанға дейiн қайтаруды талап етуге құқылы.

474-бап. Тауарды жеткiлiксiз бергенi немесе тауар
берудi кешiктiргенi үшiн тұрақсыздық айыбы

Тауарды жеткiлiксiз бергенi немесе берудi кешiктiргенi үшiн заң актiлерiнде немесе шартта белгiленген тұрақсыздық айыбы, егер заң актiлерiнде немесе шартта тұрақсыздық айыбын өндiрiп алудың өзгеше тәртiбi белгiленбесе, шартта белгiленген күннен бастап, мiндеттеменiң нақты орындалған күнiне дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.

475-бап. Тауар берудiң бiрнеше шарттары бойынша
бiртектес мiндеттемелердi өтеу

1. Тауар берушi сатып алушыға аттас тауарлар жеткiзудi тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша жүзеге асыратын және жеткiзiлген тауарлар саны тауар берушiнiң барлық шарттар бойынша мiндеттемелерiн өтеуге жетпейтiн жағдайларда жеткiзiлген тауарлар тауар жеткiзiлiмiн жүзеге асыру кезiнде не жеткiзiлгеннен кейiн кешiктiрiлмей тауар берушi көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс.
2. Егер сатып алушы тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша алған аттас тауарлар үшiн тауар берушiге ақы төлеген болса және төленген сома сатып алушының барлық шарттар бойынша мiндеттемелерiн өтеуге жетпесе, төленген сома тауарларға ақы төлеудi жүзеге асыру кезiнде не ақы төленгеннен кейiн кешiктiрiлмей сатып алушы көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс.
3. Егер тауар берушi немесе сатып алушы өздерiне осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес берiлген құқықтарды пайдаланбаса, мiндеттеменiң орындалуы орындау мерзiмi ертерек басталған шарт бойынша мiндеттемелердi өтеуге есептеледi. Егер бiрнеше шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi бiр мезгiлде басталса, орындауға берiлген мерзiм барлық шарттар бойынша мiндеттемелердiң өтелуiне бара-бар түрде есептеледi.

476-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту

1. Тараптардың бiреуi (осы Кодекстiң 401-бабы 2-тармағының екiншi бөлiгi) шартты елеулi түрде бұзған жағдайда шартты (толық немесе iшiнара) орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оны бiржақты өзгертуге жол берiледi.
2. Тауар берушiмен шарттың бұзылуы мына жағдайларда:
1) кемшiлiгi бар, сапасы лайықсыз тауар берiлiп, ол кемшiлiктердi сатып алушы үшiн қолайлы мерзiмде жою мүмкiн болмағанда;
2) тауар беру мерзiмдерi бiрнеше рет бұзылғанда елеулi деп ұйғарылады.
3. Сатып алушымен шарттың бұзылуы мына жағдайларда:
1) тауарларға ақы төлеу мерзiмдерi бiрнеше рет бұзылғанда;
2) бiрнеше рет тауарлар таңдалып алынбағанда елеулi деп ұйғарылады.
4. Тараптардың келiсiмiмен шартты орындаудан немесе оны бiржақты өзгертуден бiржақты бас тартудың өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн.
5. Бiр тарап шартты өзгерту немесе оны орындаудан бiржақты бас тарту туралы екiншi тараптан хабар алған кезден бастап, егер хабарда шартты бұзудың немесе өзгертудiң өзге мерзiмi көзделмесе не тараптардың келiсiмiнде белгiленбесе, тауар жеткiзiлiмi шарты бұзылған немесе өзгертiлген деп есептеледi.

477-бап. Шарт бұзылған жағдайда залалды есептеу

1. Егер сатушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатып алушы тауарды қисынды мерзiмде шартта көрсетiлгенiнiң орнына басқа адамнан неғұрлым жоғары, бiрақ қисынды бағамен сатып алса, ол сатушыға шартта белгiленген баға мен орнына жасалған мәмiле бойынша белгiленген баға арасындағы айырма түрiнде залалды өтеу туралы талап қоя алады.
2. Егер сатып алушының мiндеттеменi бұзуы салдарынан шарт бұзылғаннан кейiн сатушы тауарды қисынды мерзiмде басқа адамға шартта көзделгенiнен неғұрлым төмен, бiрақ қисынды бағамен сатса, сатушы сатып алушыға шартта белгiленген баға мен орнына жасалған мәмiле бойынша белгiленген баға арасындағы айырма түрiнде залалды өтеу туралы талап қоя алады.
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздер бойынша шарт бұзылғаннан кейiн бұзылған шарттың орнына мәмiле жасалмаса және осы тауардың ағымдағы бағасы болса, тарап шартта белгiленген баға мен шарт бұзылған кездегi ағымдағы баға арасындағы айырма түрiнде залалды өтеу туралы талап қоя алады.
Әдетте салыстырмалы мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн тауар беру жүзеге асырылуға тиiстi жерде алынатын баға ағымдағы баға деп танылады. Егер бұл жерде ағымдағы баға болмаса, басқа жерде қолданылған ағымдағы баға пайдаланылуы мүмкiн, ол тауарды тасымалдау жөнiндегi шығындар айырмасы ескерiлетiн қисынды айырбас бола алады.
4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды қанағаттандыру мiндеттемесiн орындамаған тарапты, осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы негiзiнде, екiншi тарапқа келтiрiлген өзге залалды өтеуден босатпайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-09-17; просмотров: 504; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.152.242 (0.017 с.)