Синдром параноидной шизофрении, реактивный психоз 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Синдром параноидной шизофрении, реактивный психоз



 

#47

*!Науқас 1988 жылғы, стационарға «біреу мені басқарады, менің мойнымды бұрады, менің тіліммен сөйлейді» деген сезіммен жеткізілген. «Дауыстар» естіп, бір «дауыстар» оны қолдап, екіншілері қорғағанын, үшінші «дауыстар» оны қорқытқанын айтқан. Өзін «мұсылман сотымен» сотталғандай сезім сезді, оны бір «әдейі толқын» кернегендей болды, сол толқыннан арылу үшін қаланы қаңғырып, туыстарына барды, бірақ ештеңе түсіндіре алмады. Түні бойы ұйықтамады, пәтерде ары бері жүрді, «дауыстарға» құлақ түрді, «дауысстарды» естімеу үшін құлағын жапты. Осы жағдайында ауруханаға ата анасымен жеткізілді.

Синдромальді диагнозды атаңыз?

Галлюцинаторно-параноидный синдром (Синдром Кандинского Клерамбо)

 

#48

*!Пациент А. бұрын психиатриялық ауруханада бірнеше рет жатқан. Бірнеше күн бұрын төсектен тұрмай жатты, кешке жақын ванна бөлмесінің қасында бір позада мелшиіп 2 сағат тұрды. Әкесі оны орнынан әкетпек болғанда қарсылық көрсеткен. Осы жағдайында ауруханаға жеткізілген. Ауруханаға түскен кезде бір нүктеге қарап, бір позада отырған, бет әлпетә маска тәрізді. Сұрақтарға жауап бермеген.

Синдромды атаңыз?

Кататонический синдром

 

#49

*!Пациент К., 1990 жылғы, психиатрия ауруханасына жеткізілген себебі – түнде ұйықтамайды, бөлмеде жүре береді, өз өзімен сөйлеседі, сөйлеген сөздері ұсқынсыз, ештеңе айтпай үйден кетіп қалады, басының ішінен «дауыстар» естіп, «жаулар дуалап қойды» деп дарға асылмақшы болған жерінен құтқарылған. Біреу оның ойын басқарып жүргендей сезім болып, тамаққа тиым салынғандай сезімнен тамақтан бас тартып, қатты жүдеп кеткен.

 Синдромды атаңыз?

Галлюцинаторно-параноидный синдром (Синдром Кандинского Клерамбо)

 

#50

*!Психиатриялық ауруханаға 1970 жылғы Е. есімді науқас жеткізілген. Ол өзінің денесіне Абылай ханның, Кенесары ханның рухы кіргені жайлы айтқан.Өзін сол адамдарға айналғанын, сол кезде оның күшінің көбейгені туралы әдемілеп әңгіме айтып берген. Сонымен қатар өзін «КНБ агенті екенін, подполковник екенін», Қазақстанды Қытайдан қорғап жүргенін өзін өзі жоғары көтеріп айтты. Ойлауы паралогиялық, өз жағдайына критикасы мүлдем жоқ, ауруханадан шыққан соң адвокат болып, жеке бизнеспен айналысатыны туралы айтады. Көңіл күйі жоғары.

Синдромды атаңыз?

Парафренный синдром

 

#51

*!22 жастағы жігіт, 2 ай бұрын «Шизофрения» диагнозымен психиатриялық ауруханада жатып шыққан. Өзінің «ауруы» туралы көп әңгіме айта берген. «Өзіңізді ауру деп санайсыз ба?» деген сұраққа былай деп жауап берді: «Ауру деп нені айтуға болады, оны қалай деп түсінуге болады, егер ауру өмір сүру формасы болса, ауру - ол да өмір, өмірді түсіну азап шегумен байланысты. Азап шегу қанша көп болса, өмір сүру- сонша өткірлеу. Менің азабым жоқ, сондықтан мен өмір сүрмеймін, менің өмірім формальды түрде, тек физиологиялық процесстер шарасында, ал ол процесстер бұзылмаған.

Көрсетілген ойлау бұзылыстарының қайсысы дұрыс:

Резонерство или паралогическое мышление?

 

#52

*!35 жастағы әйел, өзі бұрын көрмеген, қазіргі кездегі азаматтық күйеуінің бұрын айырылысып кеткен әйелін өлтіргені үшін соттық психиатриялық сараптамаға түскен. Істеген ісіне өкінбейді. Өлтірген әйел оны күйеуіне келген балалары арқылы «улы радиоактивті заттармен» уландырды деп санайды. Мәнерлі, мимикасы ұсқынсыз, өз тағдырын ойламайды. Мағынасыз, көп сөйлейді.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрысырақ?

Шизофрения

 

#53

*!21 жастағы қыз. 17 жасынан бастап себепсізден себепсіз үрейленіп, жынды болып кетемін деген ой туып, көңілі төмендеп, өзін кемсітетін ойлар туындап ауыра бастады. Айналасындағы адамдар оған келекетіп қарап тұрғандай, ұрсып тұрғандай көрінді. Оның себебін өзінің сыртқы келбетінен тапты. Айна алдында тұрып «ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрнын, кішкентай көзін» көрді. Өз ойларын ешкіммен бөліспеді, достарымен араласпады. Тұйық, көңілсіз, эмоциональды түрде суық, ата анасына қатыгез болды.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрысырақ?

Вялотекущая шизофрения

 

#54

*!25 жастағы қызда ыңғайсыз, ауыр сезіммен жүретін, дұрыстығы бұзылған көп ой ағымы болды. Осы кезде өзінің жұмысын атқара алмайды, әңгімеден назары ауып кетеді. Жағдайын айтып түсіндіре алмайды. Ой ағымын біреу басқарып тұрғандай, ойы біресе қозғалып, біресе тоқтап қалғандай сезім болады.

Төменде көрсетілген диагноздың қайсысы дұрысырақ?

Мыслительный автоматизм

 

# 55

*!13 жастағы науқас. Әкесі отбасын тастап кетіп қалған. Тууы дер кезінде, бала кезінен бастап тыныш, 3 жасынын бастап сөйлей бастаған, 7 жасынан бастап өзі киініп үйренген. Бала бақшасында ешкіммен араласпаған, өзімен өзі ойнайтын. 6.5 жасында басынан жарақат алып, миы шайқалған. Мектепке барар алдында өзі оқып, өзі санап үйреніп алған. Достары жоқ. Суретті жақсы салады, әсіресе әскери тақырыпқа байланысты, оқ ату, адам өлімі туралы және дарға асылу туралы сурет салады. Жанурларды азаптап өлтіруді, оларды «жерлеуді» жақсы көреді. 11 жасынан бастап ызалы бола бастады, анасымен сөйлеспейді. Мектепке бармай, қаңғырып кететін болды немесе ұйықтайды. 13 жасынан бастап мектепке баруды қойды, ешкіммен араласпайды, күні бойы жата береді, жуынбайды, өз еркімен құрғақ тамақты жейді, шешесі әзірлеген тамақты жемейді. Дәрігер қараған кезде контактіге түспейді, жауап беруі формальды түрде, ешкіммен сөйлеспейді, шешесін «тумаған», нағыз шешесі басқа адам екенін айтты.

 Сіздің диагнозыңыз?

Шизофрения

 

#56

*! Пациент Л., 35 жаста. Сыртқы келбеті жинақы, таза, жүріс тұрысы сабырлы. Уайымы туралы сөйлесу кезінде қозу байқалады, қатты сөйлеп, қолымен жестикуляция көрсетеді. Өзін көп уақыттан бері біреу аңдып жүргенін айтады. Оның көп «дәлелерін» келтіріп, шарашамайды. Оның айтқан әңгімесіне күдік және сенімсіздік білдірген кезде ашуланады, дөрекіленеді. Коррекциялау тіпті мүмкін емес. Өз өмірінің, қоғам өмірінің күндерін жақсы есіне сақтаған және өз уайымы туралы көп мәлімет сақтаған. Туыстарының айтқанына қарамастан, тұрған жерінен кетіп, пәтерін ауыстырмақшы.

Психикалық статусты анықтаңыз, алдын ала диагнозын қойыңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2021-05-12; просмотров: 89; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.129.67.26 (0.007 с.)