Мемлекеттік емтихан билеті №1 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мемлекеттік емтихан билеті №1



МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №1

 

1. Қазақстан Республикасының географиялық орны

2. Географияны оқыту әдістемесінің ғылым ретінде зерттейтін пәні

3. Қазақстанның отын және энергетика кешендері

4. География сабақтарында қолданылатын тиімді инновациялық технологиялар

5. Солтүстік Мұзды мұхитына физикалық-географиялық сипаттама

1. Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинаданкейін 9-орын алады Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен капырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (46°30' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°20' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.

2. Географияны оқыту әдістемесі зерттейтін басты мәселе өсіп келе жатқан жас ұрпаққа физикалық және экономикалық географияның негізін геология, экономика, демография сияқты кейбір жақын ғылымдардың элементтерімен қосымша беру болып табылады. География пәнін мектеп курсында оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың адамның өмір сүру ортасы ретіндегі географиялық ортаға қатысты көзқарастары, принциптері мен тәртіп нормалары жүйесін және алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білу. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысы. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысы. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл. Әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерді қарастыру, педагогикалық эксперимент. Әдістемелік зерттеуді құру логикасы. Әдістеме ғылымының қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі: зерттеудің ғылыми-теориялық негізі. Оқушылардың географияны оқыту әдістемсі бойынша зерттеу жұмыстарына қатынасу

3. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі ХІХ ғ. аяғынан бастап дамыды.
1911 ж. Орал - Ембі мұнай - газ алабындағы Доссор кеніші игеріле бастады. Кейін Маңғыстау, Оңтүстік Торғай алаптары ашылды. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон - Тексако» (Теңіз), ҚӨБ концорциумы (Қарашығанақ). Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл), «Қазмұнайгаз». Қазақстанның ең ірі ұлттық компаниясы. Мұнай өндіріс ауданынан темір жол арқылы цистерналарда, Каспий теңізі арқылы танкерлермен, негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Газ өндіру жеке сала ретінде 1920 ж. Игерілді. Қазір республикамызда ілеспе газбен бірге табиғи газ да өндіріледі.
Газ құбыр арқылы тасымалданады. Республикамыздағы өзекті мәселелердің бірі – бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. География пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.Өзіндік жұмыстарда:

-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;

-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

-Ізденушілік қабілеті артады;

-жауапкершілігі жоғарлайды;

-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;

-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған

4.

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №2

 

1. Орта Азия елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама

2. Географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы

3. Қазақстанның агроөнеркәсібіне жалпы сипаттама

4. Ғылыми географияның тереңдетілген курстарын ұйымдастыру

5. Жер бедерін қалыптастырушы факторлар

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №3

 

1. Климат және оның түрлері

2. Географияны оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар

3. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экономикалық-географиялық сипаттама

4. Оқушылардың үйірмеде өз бетінше атқаратын жұмыстары

5. Қазақстанның рекреациялық ресурстары

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №4

 

1. Мемлекеттердің типологиясы және оларды топтастыру түрлері

2. География кабинетінің негізгі элементтері және олардың сипаты

3. Қазақстанның көлік кешеніне жалпы сипаттама

4. Географиялық апталықтың тақырыптық жоспары

5. Африканың климаты және ішкі сулары

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №5

 

1. Дүние жүзінің саяси картасының даму кезеңдері

2. География сабағында үйірме жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері

3. Ауа массаларының қалыптасу жағдайы мен типтері

4. География сабағында өзіндік жұмыстарды жетілдіру жолдары

5. Қазақстанның табиғат зоналарына жалпы сипаттама

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №6

 

1. Анд тауларына физикалық-географиялық сипаттама

2. Географиялық кеш ұйымдастыру және оның тәрбиелік маңызы

3. Қазақстанның химия өнеркәсібіна жалпы сипаттама

4. География курстарынан факультатив курстарының түрлері

5. Карта және масштаб, оның түрлері. Картамен жұмыс

6.

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №7

 

1. Атлас тауларына физикалық-географиялық сипаттама

2. Географиялық алаң және оны ұйымдастыру формалары

3. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына экономикалық-географиялық сипаттама

4. Географиялық оқулықтармен жұмыс істеудің маңызы

5. Аустралияның климаты және ішкі сулары

 

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №8

 

1. Қазақстан жер бедерінің қалыптасу ерекшеліктері

2. География сабағында БАҚ материалдарын пайдалану

3. Дүние жүзінің мұнай және газ пайдалы қазбаларының географиясы

4. География курстарында оқушылардың ізденіс әрекетін ұйымдастыру

5. Солтүстік Американың географиялық орны және пайдалы қазбалары

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №9

 

1. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне сипаттама

2. Н.Ә.Назарбаевтың ҚР халқына жолдауын география сабағында талдаудың маңызы

3. Дүние жүзінің мал шаруашылығы географиясы

4. В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінің тиімділігі

5. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БИЛЕТІ №1

 

1. Қазақстан Республикасының географиялық орны

2. Географияны оқыту әдістемесінің ғылым ретінде зерттейтін пәні

3. Қазақстанның отын және энергетика кешендері

4. География сабақтарында қолданылатын тиімді инновациялық технологиялар

5. Солтүстік Мұзды мұхитына физикалық-географиялық сипаттама

1. Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинаданкейін 9-орын алады Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен капырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (46°30' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°20' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.

2. Географияны оқыту әдістемесі зерттейтін басты мәселе өсіп келе жатқан жас ұрпаққа физикалық және экономикалық географияның негізін геология, экономика, демография сияқты кейбір жақын ғылымдардың элементтерімен қосымша беру болып табылады. География пәнін мектеп курсында оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың адамның өмір сүру ортасы ретіндегі географиялық ортаға қатысты көзқарастары, принциптері мен тәртіп нормалары жүйесін және алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білу. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен: география, дидиктика, психология, философия т.б. байланысы. Географияны оқыту әдістемесінің практикамен байланысы. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістері. Зерттеудің теориялық әдістері: жүйелілік талдау, типологиялық тәсіл, тарихи, салыстыру, математикалық тәсіл. Әдістер: мектеп практикасын оқып үйрену, алдыңғы қатарлы әдістерді қарастыру, педагогикалық эксперимент. Әдістемелік зерттеуді құру логикасы. Әдістеме ғылымының қазіргі кезеңдегі даму ерекшелігі: зерттеудің ғылыми-теориялық негізі. Оқушылардың географияны оқыту әдістемсі бойынша зерттеу жұмыстарына қатынасу

3. Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі ХІХ ғ. аяғынан бастап дамыды.
1911 ж. Орал - Ембі мұнай - газ алабындағы Доссор кеніші игеріле бастады. Кейін Маңғыстау, Оңтүстік Торғай алаптары ашылды. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон - Тексако» (Теңіз), ҚӨБ концорциумы (Қарашығанақ). Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл), «Қазмұнайгаз». Қазақстанның ең ірі ұлттық компаниясы. Мұнай өндіріс ауданынан темір жол арқылы цистерналарда, Каспий теңізі арқылы танкерлермен, негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Газ өндіру жеке сала ретінде 1920 ж. Игерілді. Қазір республикамызда ілеспе газбен бірге табиғи газ да өндіріледі.
Газ құбыр арқылы тасымалданады. Республикамыздағы өзекті мәселелердің бірі – бірыңғай газ құбыры жүйесін құру.

Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. География пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.Өзіндік жұмыстарда:

-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;

-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

-Ізденушілік қабілеті артады;

-жауапкершілігі жоғарлайды;

-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;

-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған

4.

 

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-08-06; просмотров: 382; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 44.215.110.142 (0.065 с.)