Эссенция мен тинктурадан дайындау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Эссенция мен тинктурадан дайындау



В. Швабенің «Гомеопатиялық дәрілік заттар» нұсқауының ұсыныстарына сәйкес ұнтақ үйкелегіштерді эссенциялар мен тұндырмалардан келесі тәсілдермен дайындайды:

а) §1 және §2 бойынша дайындылған эссенцияның немесе матрицалық тұндырманың 2 салмақтық бөлігін сүт қантының 99 бөлігімен, тритурация технологиясының жалпы ережелері бойынша (§7) ысқылайды, бұл жағдайда бірінші жүздік (немесе екінші ондық) сұйылту алады;

б) §3бойынша алынған эссенциядан немесе матрицалық тұндырмадан бірінші жүздік сұйылту алу үшін бөліндінің үш салмақтық бөлігін алып, сүт қантының 99 бөлігімен ысқылайды;

в) §4 бойынша кептірілген өсімдік шикізатынан дайындылған тұндырманың 1 салмақтық бөлігін сүт қантының 99 бөлігімен араластырады да, екінші ондық (немесе бірінші жүздік) сұйылту алады.

Мысал. Ruta Х220,0 тритурациясын дайындау қажет.

19,8г сүт қантын өлшеп, қағаз капсулада үш бөлікке бөледі, бірінші бөлігін келіге салып, мұқият ысқылайды және 60%-дық этил спиртімен (1,0г=32тамшы) дайындалған Ruta graveolens тұндырмасының 2 тамшысын (0,2г) калибрленген пипеткамен қосады. Қоспаны 6 минут бойы мұқият ысқылайды, 4 мин бойы қырады және араластырады, содан кейін §7 сәйкес осы екі операцияны тағы бір рет қайталайды және 20-30 минут ауада кептіреді. Онан кейін ұсақтау мен араластыру операцияларының 10 минуттық екі циклын жүргізеді, тығыз жабылатын тығындысы бар флаконға салады (13-14 схемаларды қара). Дайын болған тритурация сапасын 7.6 бөлімінде көрсетілген көрсеткіштер бойынша бақылайды, журналға тіркейді және этикеткамен безендіреді:

 

 
 
Ruta Х2 20,0 trit Күні Сериясы Талдауы Қолы

 


В. Швабе нұсқауындағы гомеопатиялық препараттар арасында технологиясы стандартты технологиядан едәуір ерекшеленетін бірқатар объектілер бар. Ерітінділерін ерекше технология бойынша дайындайтын заттар тізімі 15 кестеде келтірілген.

 


13 схема. В. Швабе нұсқауының §9 сәйкес эссенциядан ұнтақ үйкелегіштерді (тритурацияларды) дайындау

технологиясының алгоритмі


15-кесте. Ерітінділерін ерекше технология бойынша дайындайтын заттар

 

Препараттың латынша атауы Бастапқы заттың қазақша атауы Сақтау жағдайы Сұйылту ерекшелігі, еріткіш Қолдану көрсеткіштері
    Causticum Hahnemanni   Ганеман бойынша күйдіргіш сода   § 1 бойынша 45 %-дық спирттің бірдей мөлшерімен сұйылту - неврастения; - эпилепсия; - энурез; - невралгия; - герпес; - фурункулез; - сүйелдер, қартайған кератомалар; - өсіп кеткен тырнақ
  Mercurius bijodatus Сынап дийодиді   ХЗ – заттың 1 бөлігі және 90 %-дық спирттің 999 бөлігі; одан жоғарылары – 45 %-дық спирт - синусит; - фарингит; - ринит; - дифтерия; - мөлдірқабықтың ойық жаралары.
  Phosphorus Фосфор   ХЗ – заттың 1 бөлігі және 90 %-дық спирттің 999 бөлігі; Х4 – 90 %-дық; Х5 - 60%-дық; одан жоғарылары – 45 %-дық - неврастения; - нейроциркуляциялық дистония (иістен және әуендерден күшейетін бас ауырулар); - бас айналу; - хорея; - белсіздік; - геморрагиялық диатез; - бауырдың, бүйректердің, жүректің майлы дегенерациясы; - глаукома; - катаракта; - қантты диабет
  Radium bromatum Радий бромиді   Х6 – 1:1 000 000 — 45 % -дық спирт - псориаз; - жегі; - қалдар; - неврастения; - сүйелдер
  Sulfur iodatum Йодты күкірт   Х4 – 1:10 000 – 90 %-дық спирт, Х5 — 90 %; Х6 — 60 %; одан жоғарылары – 45%-дық - экзема, псориаз, нейродермит; - фурункулез; - лимфаденит; - созылмалы бронхит; - плеврит; - аллергиялық синдромдар

 

 


14 схема. В. Швабе нұсқауының §9 сәйкес тұндырмалардан ұнтақ үйкелегіштерді (тритурацияларды) дайындау

технологиясының алгоритмі


7.6 Негізгі (базисті) гомеопатиялық препараттар

сапасын бақылау әдістері

Негізгі гомеопатиялық препараттар сапасы бақылауды екі кезеңге бөлуге болады:

а) физикалық-химиялық қасиеттерін және технологиялық параметрлерін бақылау;

б) әрекеттегі заттар бойынша аналитикалық бақылау.

Сұйық базисті препараттарды (эссенциялар, тұндырмалар, ерітінділер) В.Швабе нұсқауы мен МФ талаптарына сәйкес келесі көрсеткіштер бойынша бақылайды:

Ø иісі мен дәмінің сәйкестігі;

Ø тұнықтығы (механикалық қосындылардың болуы);

Ø түсінің сәйкестігі, өйткені әсіресе балауса өсімдіктерден дйындалған бірқатар препараттар ұзақ сақталғанда, өзінің түсін өзгертеді (мысалы, жасыл түстің қоңырға өзгеруі жиі байқалады, бұл көп жағдайда хлорофилдің өзгеруіне байланысты).

Препарат түсін тегіс ақ фонда (ақ картон немесе жазу қағазы) диаметрі 10мм шыны пробиркада күндізгі жарықта көзбен шолып анықтайды.

Ø капиллярлы және капиллярлы-люминесцентті талдау:

а) эссенциялар, тұндырмалар мен сұйық сұйылтулардың капиллярлы талдауы План әдісі бойынша жүргізіледі: сорты бір сүзгіш немесе хроматографиялық қағаздан қағаздың текстурасына перпендикуляр бағытта ені 2см және ұзындығы шамамен 25см тілме кесіп алып, биіктігі шамамен5см, диаметрі 3см шыны цилиндрге қағаз қиығының бір шеті шыны ыдыс түбіне тиетіндей етіп іледі. Егер талдау әдісінде ерекше нұсқаулар болмаса, ыдысқа әдетте 5мл сынаққа алынған ерітіндіні құяды. Ыдысты орташа жылы бөлмеге қояды, 24сағ кейін немес ыдыстағы сұйық қағазға толық сіңгеннен кейін, қағазды шығарып кептіреді, содан кейін оны күндізгі жарықта немесе кварц шамынан таралған ультракүлгін жарықпен зерттейді. Өте жоғары сұйылтуларды зерттеу кезінде капиллярлы кең тілмелердің орнына ені 2,5мм-ден аспайтын тілмелер қолданылады.

Капиллярлы құбылыс көрінісін сипаттау үшін оны екі бөлікке бөлуді қолданады.

Жоғарғы бөлігі сулы аумақтан және жиі дөңес немесе эллипстік ойық тәрізді аумақтан тұрады.

Төменгі бөлігі басым көпшілікте әртүрлі түске боялған бірнеше аумақтардан және негізден тұрады.

В. Швабе нұсқауында әрбір объекті үшін келтірілген эссенциялар мен тұндырмалардың капиллярлы талдау мәліметтері бақылаушы болып саналады;

б) Нейгебауэр мен Платц жасаған, халықаралық гомеопатиялық фармакопеяға қабылданған капиллярлы-люминесцентті талдау зат ерекшелігінің және дәрілердің дайындалу дұрыстығының айқын сипатын беретін әдіс ретінде айқындалып, дәріхана немесе лаборатория жығдайына бейімделген.

Капиллярлы талдау әдісімен зерттелетін сұйықтың люминесценциясын бақылау кезінде де екі бөлікке бөлшектеу тиімді болады.

Жоғарғы бөлігі ең жоғарғы тар аумақтан, содан кейін өзіндік жоғарғы бөліктен және бірқатар препараттар люминесценциясы кезінде анық көрінетін жоғарғы бөліктің негізінен тұрады.

Төменгі бөлік дөңес бөліктен, немесе бірнеше аумақтан тұратын күмбезден, тілмеден тұрады; тілмелер төменгі бөлікті толық немесе тек дөңес аумақты қамтуы мүмкін.

Капиллярлы талдау нәтижелерін аналитикалық УК-шамның жарығында әдетете кептірілген соң бақылайды, өйткені бұл жағдайда сипатты люминесценция өте толық көрінеді. Капиллярлы суреттемені ультракүлгін сәулемен бақылағанда қатеер жіберілмес үшін келесі жағдайларға көңіл аудару қажет: бақылауды барлық уақытта күндізгі жарықта да, шам жарығымен де бірдей фонда жүргізу қажет, және ақ түс болса дұрысырақ болады, мүмкіндігінше люминесцентті болуы тиіс.

Мұнан басқа, сүзгіш қағаздардан да ақшыл-көгілдір немесе көк-күлгін түсті люминесценция шығатынын, сонымен қатар әртүрлі заттар, мысалы сүт немесе қамыс қантында көбіне өзіндік көгілдір түсті люминесценция барын білу қажет. Этил спиртінің де әлсіз көгілдір түсті люминесценциясы бар. Сонымен қатар, тазартылған сумен жүргізілген бос сынамаларда капиллярлы бейненің ең жоғарғы ұшында қоңырқай түске боялған енсіз тар аумақ әрқашан көріну керектігін бақылау қажет. Бұл аумақ ультракүлгін әсерінен ашық көк түске жарқырайды. Зерттеуді өте дәлдікпен жүргізу мақсатында препаратты тиісті реактивтермен өңдеу қажет, содан кейін түсті аумақтардың күндізгі жарықта, әсіресе ультракүлгін әсерінен белгілі сипатта өзгерулерін көруге болады. Ерітіндіні барлық аумаққа шыны таяқшамен немесе тамшуырмен мол жағу және өте жоғары емес температурада кептіру ұсынылады. Күдікті жағдайда бос сынаманы сол қағаз тілмесінде, бірақ капиллярлы бейнесінен жоғары бөлікте жргізу ұсынылады.

Егер реактивтерді қолдану барысы ұқсастығын дәлелдеу үшін жеткіліксіз болса, онда келесі әдісті қолдануға болады (екінші капилляризациялау): зерттелетін сүзгіш қағазды капиллярлы бейнесімен пробиркаға салады, содан кейін тиісті еріткішті (капиллярлы бейненің ең жоғарғы шегіне дейін), көбіне хлороформ құяды (бейненің жоғарғы бөлігі еріткішке және онда еритін заттарға кедергі болмау үшін). Еріткіш сүзгіш қағаздың түсті аумағындағы барлық заттарды ерітіп, олармен бірге қағаз бойымен көтеріледі. Сонан соң бұл заттар ұшып кетіп, жаңа аумақта, пробирканың жоғарғы шегінде тұрақтайды.

Егер бұл «жаңа аумақ» өте әлсіз болса, онда тәжірибені еріткіштің қосымша көлемімен қайталауға, демек, осы аумақтың қарқындығын жоғарлатуға болады. Егер бұл аумақ күңгірт болса, онда еріткішті тағы пайдаланып, аумақты айқындата түсуге болады.

Жаңа кең аумақтың көбіне күндізгі жарықта да, ультракүлгін жарықта да өзіне тән түсі болады. Қажет болған жағдайда оның зерттеуін капилляр көрінісі сияқты әртүрлі әдістермен жалғастыруға болады. Ерітінділерді тікелей люминесценцияға тексереді: ол үшін 1-2мл ерітіндіні диаметрі 1,5см пробиркаға құйып, ультракүлгін жарықта бақылайды. Ерітіндіге, әсіресе жоғары сұйылту кезінде сілті әсерінен туындайтын кедергілерді болдырмау үшін, хлорлы сутек қышқылының бірнеше тамшысын қосады;

Ø сұйықтықтардың тығыздығын пикнометр немесе ареометр көмегімен анықтайды.

1 ә д і с. Сұйықтықтардың тығыздығын 0,001 дейін дәлдікпен анықтау қажет болғанда қолданады. Таза құрғақ пикнометрді 0,0002г дейін дәлдікпен өлшейді, кішкене құйғыш көмегімен тазартылған суды белгіден шамалы жоғарырақ құйып, тығынмен жабады да 20 мин термостатта ұстайды, онда тұрақты су температурасын 20ºС дәлдікпен 0,1ºС дейін ұстап тұрады. Осы температурада пикнометрдегі су деңгейін белгіге дейін жеткізеді, артық суды жылдам тамшуырмен немесе сүзгіш қағаздың түтікше тілмелерімен алып тастайды. Пикнометрді қайтадан тығынмен жауып, термостатта тағы да 10мин ұстайды. Содан кейін пикнометрді термостаттан шығарып, сүзгіш қағазбен пикнометр аузының ішкі жағын сүртеді, аналитикалық таразының шынысы астына 10мин қалдырып, сол дәлдікпен өлшейді.

Пикнометрдегі суды төгіп, кептіреді, спиртпен және эфирмен шайып, эфир қалдығын ауамен үрлеп тазартады, сосын пикнометрге сыналатын сұйықтықты құйып, тазартылған судағыдай операцияларды жүргізеді.

Р20 (г/см³) тығыздықты мына формуа бойынша есептейді:

Р20 = (m2 – m) ·0,99703 + 0,0012,

m1 – m

мұнда m – бос пикнометр массасы, г;

m1 – тазартылған су бар пикнометр массасы, г;

m2 – сынаатын сұйықтық бар пикнометр массасы, г;

0,99703 –судың 20º С температурадағы тығыздық мәні (ауа тығыздығын ескере отырып г/см³);

0,0012 – ауаның 20ºС температурада және 1011гПа (760 мм с.б.) барометрияық қысымдағы

тығыздық мәні.

2 ә д і с. Сұықтықтардың тығыздығын 0,001 дейін дәлдікпен анықтау қажет боғанда қоданылады. Сыналатын сұйықтықты 20ºС температурада цииндрге құйып, оған таза құрғақ ареометрді мұқият саады, оның шкаласында қажетті тығыздық мөлшері көрсетілген. Ареометрді ол жүзгенге дейін қодан жібермейді; бұл жағдайда ареометр цииндр қабырғасы мен түбіне жанаспауын қадағалау қажет. Ареометрді салған соң 3-4мин кейін сұйықтықтың төменгі менискісіне сәйкес келетін шкала бөіктері бойынша есептейді;

Ø экстрактивті заттар құрамын (құрғақ қалдықты) анықтау: дәл өлшенген сұйықтық мөлшерін бумен қыздырады, оны алдын аа өлшенген диаметрі 6-7см фарфор табақшаға салады. Содан кейін термостатта 105ºС температурада 30 мин бойы кептіреді.

Мүмкіндігінше жылдам кептіру қажет, өйткені кейбір экстракттарылғады өте күшті сіңіреді және сондықтан да олардың массасы бірнеше минут ішінде ұғаяды.

Экстрактивті заттар құрамын Х (%) төмендегі формула бойынша есептейді:

Х = m1 · 100,

m

мұнда m – препараттың кептіргенге дейінгі нақты мөлшерінің массасы, г;

m1 – кептіргеннен кейінгі құрғақ қалдық массасы, г.

 

 

Ø құнарлы өсімдік майының құрамын анықтау: экстрактивті заттар құрамын анықтау кезінде алынатын қалдықты 1-2м суға салады, сосын біркелкі ұнтақ алғанша 10,0г күйдірілген гипспен ысқылайды. Массаны сүзгіш қағазды гильзаға салып, мақта тығынмен жабады. Гильзаны Сокслет аппаратына салып, 2-3сағ бойы қатты қайнамаған петролей эфирімен экстракциялайды. Содан кейін эфирді айдап, қалдықты кептіргіш шкафта 105ºС температурада 15 мин бойы кептіреді және өлшейді;

Ø майсызданған құрғақ қалдық мөшерін құрғақ қалдық құрамынан құнарлы май мөлшерін алып тастау арқылы анықтайды;

Ø §1-3 бойынша дайындалған тұндырма мен эссенцияның экстракцияланған қалдығындағы суда ерімейтін тұнбасының құрамын анықтау: 25,0г эссенцияны су моншасында буландырады және кептіргіш шкафта 105ºС температурада аз уақыт бойы кептіреді. Қалдықты суығаннан кейін сумен сұйылтады, ысқылайды және дәлдікпен өлшенген сүзгіш арқылы сүзеді, сумен жуады. Содан кейін сүзгішті кептіреді және өлшейді.

Суда ерімейтін қалдықтың мөлшерін тұндырма мен эссенцияның экстракцияға алынған 100 бөлшегіне қатынасы арқылы есептейді.

Ø этил спиртінің құрамын анықтау:

а) айыру тығыздығы бойынша: сыйымдылығы 200-250мл түбі дөңгелек кобаға сұйықтың дәл мөлшерін өлшейді (егер сұйықтықта 20-50% спирт болса – 50мл, 50% және одан жоғары болса – 25мл; сұйықты айдау алдында 75м дейін сумен араластырады).

Біркелкі қайнау үшін сұйықтық бар колбаға капиллярар, кеуектас немесе балқытылған фарфор кесегін салады. Егер сұйықтық айдау кезінде қатты көбіктенсе, онда фосфор немесе күкірт қышқылын (2-3мл), кальций хлоридін, парафин немесе балауыз (2-3г) қосады.

Сыйымдылығы 50мл өлшегіш колбаны салқын суы бар ыдысқа салады, шамамен 48мл айыруды жинап, оның температурасын 20ºС деін жеткізеді және белгіге дейін су құйады. Айыру мөлдір немесе әлсіз бұлыңғыр болуы тиіс.

Айыру тығыздығын пикнометрмен анықтайды және алкоголеметрикаық кесте бойынша тиісті спирт құрамын көлемі мен массасы бойынша пайызбен табады.

Препараттағы спирт құрамын Х (көлемі бойынша %) мына формула бойынша есептейді:

Х = 50 · а,

б

мұнда: 50 – айыру көлемі, мл;

а – спирт құрамы, көлемі бойынша %

б – айыру үшін алынған зерттелетін препарат көлемі, мл.

 

б) тұндырмалардың қайнау температурасы бойынша: тұндырмаларда спирттің сандық мөлшерін анықтауға арналған аспап (16 сур.) қайнататын ыдыстан (1), жанында қосымшасы бар түтіктен (2), тоңазытқыштан (3), 0,1ºС бөлікті және шкала шегі 50-ден 100ºС дейінгі сынап термометрінен (4) тұрады.

Қайнататын ыдысқа 40мл тұндырманы құйады және біркелкі қайнау үшін капиллярар, кеуектас немесе балқытылған фарфор кесегін салады. Термометрді аспапқа сынап шаригі сұйықтың деңгейінен 2-3мл шығып тұратындай етіп қояды.

Қуаты 200 Вт электроплитка немесе газ оттығы көмегімен торда

қыздырады. Колбадағы сұйықтық қайнай бастағанда реостат көмегімен плиткаға келетін кернеуді екі есе азайтады. Қайнағаннан кейін 5мин өткен соң, температура тұрақталған соң термометр көрсеткішін алады. Алынған нәтижені қалыпты қысымға жеткізеді. Егер барометр көрсеткіші 1011 гПа (760 мм с.б.) ерекшеленсе, бақыланатын және қалыпты қысым 0,04ºС арасындағы айырмашылықты 1,3 гПа (1 мм с.б.) түзетеді.

Тұндырма құрамындағы спиртті 16 кесте көмегімен анықтайды.

16 к е с т е. Спиртті-сулы қоспалардағы спирт концентрациясын 1011 гПа (760мм с.б.) қысым кезінде қайнау температурасы бойынша анықтау

 

Қайнау температурасы, °С Көлемі бойынша спирт % Қайнау температурасы, °С Көлемі бойынша спирт % Қайнау температурасы, °С Көлемі бойынша спирт %
99,3   85,4   81,5  
98,3   85,2   81,4  
97,4   85,0   81,3  
96,6   84,9   81,2  
96,0   84,6   81,1  
95,1   84,4   81,0  
94,3   84,3   80,9  
93,7   84,2   80,8  
93,0   84,1   80,7  
92,5   83,9   80,6  
92,0   83,8   80,5  
91,5   83,7   80,4  
91,1   83,5   80,3  
90,7   83,3   80,2  
90,5   83,2   80,1  
90,0   83,1   80,0  
89,5   83,0   79,9  
89,1   82,9   79,8  
88,8   82,8   79,7  
88,5   82,7   79,6  
88,1   82,6   79,5  
87,8   82,5   79,45  
87,5   82,4   79,4  
87,2   82,3   79,3  
87,1   82,2   79,2  
86,8   82,1   79,1  
86,6   82,0   79,0  
86,4   81,9   78,85  
86,1   81,8   78,8  
85,9   81,7   78,7  
85,6   81,6      

 

Мысал. Сасықшөп тұндырмасының қайнау температурасы 80,9ºС, атмосфералық қысым 1000 гПа (752мм с.б.), қысым айырмашылығы 1011-1000 = 11 гПа (760-752 = 8мм с.б.). түзету мынадай: 0,04·8 = 0,32ºС. Табылған қайнау температурасына түзету енгізіледі: 80,9 + 0,32 = 81,22ºС. 16 кесте бойынша қацнау температурасы 66% спиртке сәйкес келеді.

в) сұйықтықтардың сыну көрсеткіші бойынша: этил спиртінің суы ерітінділерінде сыну және концентрация көрсеткішінің сызықтық тәуелділігі 50-60% дейінгі аралықта байқалады.

Спиртті-сулы ерітінділердің сыну көрсеткішін анықтау кезінде рефрактометр призмасына 5-7 тамшыны тамшылатып, дереу мөлшерін n өлшеу қажет. Зерттеуді 20ºС температурада жүргізу керек. Егер ол 20ºС температурада жүргізілмесе, температураға түзетулер енгізу қажет. Сыну көрсеткішіне 1ºС түзету мөлшері 17 кестеде келтірілген.

 

 

17 к е с т е. Концентрациясы көлемі бойынша %-бен берілген спиртті-сулы ерітінділердің сыну көрсеткіштері

Спирт концентрациясы 20ºС температурадағы сыну көрсеткіші Сыну көрсеткішін 1% спиртке түзету Температуралық коэффицент Спирт концентрациясы 20ºС температурадағы сыну көрсеткіші Сыну көрсеткішін 1% спиртке түзету Температуралық коэффицент
  1,33300   1,0 • 10-4   1,34270 6,1 • 10-4 1,5 • 10-4
  1,33345 4,5 • 10-4 1,0 • 10-4   1,34330 6,0 • 10-4 1,5 • 10-4
  1,33400 5,5 • 10-4 1,0 • 10-4   1,34390 6,0 • 10-4 1,6 • 10-4
  1,33444 4,4 • 10-4 1,1 • 10-4   1,34452 6,2 • 10-4 1,6 • 10-4
  1,33493 4,9 • 10-4 1,1 • 10-4   1,34515 6,0 • 10-4 1,7 • 10-4
  1,33535 4,2 • 10-4 1,2 • 10-4   1,34573 6,1 • 10"4 1,8 • 10-4
  1,33587 5,2• 10-4 1,2 • 10-4   1,34635 6,2 • 10-4 1,9 • 10-4
  1,33641 5,4 • 10-4 1,3 • 10-4   1,34697 6,2 • 10-4 2,0 • 10-4
  1,33700 5,9 • 10-4 1,3 • 10-4   1,35000 6,0 • 10-4 2,0 • 10-4
  1,33760 6,0 • 10-4 1,3 • 10-4   1,35320 6,4 • 10-4 2,1 • 10-4
  1,33808 4,8 • 10-4 1,4 • 10-4   1,35500 4,0 • 10-4 2,4 • 10-4
  1,33870 6,2 • 10-4 1,4 • 10-4   1,35700 4,0 • 10-4 2,4 • 10-4
  1,33924 5,4 • 10-4 1,4 • 10-4   1,35900 4,0 • 10-4 2,6 • 10-4
  1,33977 5,3 • 10-4 1,4 • 10-4   1,36060 3,2 • 10-4 2,6 • 10-4
  1,34043 6,6 • 10-4 1,4 • 10-4   1,36180 2,4 • 10-4 3,4 • 10-4
  1,34096 5,3 • 10-4 1,5 • 10-4   1,36300 2,4 • 10-4 3,6 • 10-4
  1,34158 6,2 • 10-4 1,5 • 10-4   1,36380 1,6 • 10-4 3,8 • 10-4
  1,34209 5,1 • 10-4 1,5• 10-4   1,36450 1,4 • 10-4 4,0 • 10-4

Мысал. 40%-дық спирт ерітіндісі талдауға алынды. Сыну көрсеткішін анықтауды 23ºС температурада жүргізілді. Рефрактометр көрсеткіші – 1,3541. 17 кестеге сәйкес сыну көрсеткіші үшін 1ºС температураға түзету 2,4 • 10-4 (яғни 0,00024) тең. Зерттеу 23ºС температурада жүргізілгендіктен, түзету 0,00024 • 3 = 0,00072 тең болады. 20ºС температураға келтірілген сыну көрсеткіші 1,3541+0,00072 = 1,35482 тең.

17 кесте бойынша осы сыну көрсеткішіне сәйкес келетін спирт концентрациясын анықтайды. Табылған сыну көрсеткішінің шамасы (1,35482) кестеде жоқ; сыну көрсеткішіне жақын 1,35500 шамасына 40%-дық спирт сәйкес келеді. Сыну көрсеткіштерінің айырмашылықтарына спирттің қандай концентрациясы сәйкес келетінін анықтау қажет: 1,35500 – 1,35482 = 0,00018. 1%-дық спиртке түзету 4,0 • 10-4 тең. Демек 0,0018 = 0,45 %.

0,0004

Сонымен, зерттелетін ерітіндідегі спирттің нағыз құрамы 40 – 0,45 = 39,55%.

 

г) ареометр көмегімен анықталған сұйықтық тығыздығы бойынша: МФ алкоголеметрикалық кестелері бойынша спирттің тиісті құрамын %-бен массасы мен көлемі бойынша табады;

Ø ауыр металдар құрамын анықтау: фарфор табақшаға зерттелетін сұйық препараттың 5мл құрғағанша булайды, сосын қалдықты күкірт қышқылын қосып жағады және күйдіреді. Алынған қалдықты аммоний ацетатының қаныққан ерітіндісінің 5мл қыздыру кезінде өңдейді, беззоль сүзгіші арқылы сүзеді және 100мл белгіге дейін жеткізеді. Алынған 10мл ерітінді ауыр металдың сынағына төзімді болуы тиіс (0,001% көп емес).

 

Ұнтақ үйкелегіштер (тритурациялар) сапасын бақылауды келесі параметрлер бойынша жүргізеді:

Ø дәрілік заттардың біркелкі таралуы: ұнтақтарды 20-25см арақашықтықта үлкейткіш шыны немесе окулярлы микрометрі бар микроскоп көмегімен тікелей жарықта қарайды: дәрілік зат сүтті қантта біркелкі таралуы тиіс;

Ø түсінің, дәмінің, иісінің сәйкес келуі: төменгі сұйылтуларда боялған, иісі күшті және өткір дәмі бар бастапқы заттарда тиісті түсін және өзіне тиісті иісі немесе дәмін байқауға болады;

Ø біртектілік: дайын тритурацияның негізгі массасы көлемі 25мкм және одан кіші түйіршіктерден тұруы тиіс, көлемі 50мкм көп түйіршіктер болмауы тиіс;

Ø тритурацияның сыртқы салыстырмалы бетінің массасы 0,65 м²/г төмен болмауы, ал сүтті қанттың – 0,50 м²/г төмен бомауы тиіс;

Ø капиллярлы талдау: үйкелегіштердің 5 г мөлшерін алады, абсалюттік этил спиртінің екі есе өлшенетін мөлшерімен араластырып, алынған қоспаны сұйық сұйылту ретінде капиллярлық талдаудан өткізеді;

Ø өте қаныққан ерітінділердің қайта кристалдануы: өлшенген зат сынамасын ішінде әрбір зат үшін әртүрлі су мөлшері бар өлшегіш колбаға салады, ал колбаны кішілеу кристализатормен жабады. Затты еріту үшін жабық колбаны қайнап тұрған суға қояды, немесе ашық отта қыздырады, содан соң ауада біртіндеп салқындатады.

A. Қаныққан ерітінділері изоморфты кристалмен жанасқанда толық кристалданатын заттармен, былайша әрекет жасайды: кішілеу тамшуырмен абайлап бірнеше тамшы аса қаныққан ерітіндін шыны пластинкаға бір тамшыдан тамызады, содан кейін алдын ала күйдірілген және толық салқындатылған платина қалақшамен азғана зерттеуге арналған ысқыланған ұнтақ сынамасын алады (шамамен түйреуіш басы көлеміндей), және оны аса қаныққан ерітіндінің шыныдағы тамшысына қосады. Егер сынамада ең бомағанда бір изоморфты кристал боса, онда саыстырмалы тез арада тамшы түгел кристалданады, нәтижесінде дөрекі кристалдар беті құрылады және бірмезетте олардың мөлдірлігі жоғалады. Бұл классқа кіретін заттарға натрий ацетаты және сегнет тұзы жатады.

Б. Қаныққан ерітінділері изоморфты кристалмен жанасқанда оны ұлғайтып, ал өздері кристалданбайтын заттармен, былайша әрекет жасайды: тамшуыр көмегімен бірнеше миллилитр аса қаныққан ерітіндіні алып, резеңке тығынмен жабылатын кішкене пробиркаға құяды. Алдын ала күйдірілген және толық салқындатылған платина қалақшамен ерітіндіге зерттелетін ысқыланған ұнтақ сынамасын қосады, пробирканы резеңке тығынмен жауып, абайлап төңкереді және осы қалыпта бірнеше сағатқа қалдырады. Егер сынамада микроскопиялы изоморфты кристалдар болса, онда бірнеше сағаттан кейін төменгі қабырғада ұлғайған кристалдардың біразын немесе әртүрлі көлемді друзаларды байқауға болады. Осы классқа кіретін заттарға бура және мыс сульфаты жатады.

 

Негізгі гомеопатиялық препараттарды әрекеттегі заттары бойынша аналитикалық бақылауды бастапқы заттардың табиғатына байланысты да, сондай-ақ олар фармакопеялық немесе фармакопеялық емес препараттар болып табылатынына да байланысты әртүрлі әдістермен жүргізеді.

Гомеопатияда қолданылатын фармакопеялық аллопатиялық препараттардың фармакопеялық басылымдар әдістемесі бойынша өзі екендігін және сандық құрамын талдайды. Мысал ретінде ерітінділер немесе ұнтақ үйкелегіштерді дайындау үшін қолданылатын кейбір химиялық қосылыстарды келтіруге болады.

 

Мыс сульфаты CuSO4 · 5H2O

Өзі екендігі:

металл темірмен реакция (Cu²+ сынамасы);

аммиакпен реакция (Cu²+ сынамасы);

барий нитратымен реакция (SO²‾ сынамасы).

Сандық анықтау:

субстанция – йодометриялық анықтау;

Х3 дейінгі тритурациялар, дилюциялар – йодометриялық анықтау;

Х4 дейін – фотоколориметриялық анықтау.

 

Калий карбонаты К2 CO3

Өзі екендігі:

шарап қышқылымен реакция (К+ сынамасы);

хлорлы сутек қышқылымен реакция (CO3²‾сынамасы)

Сандық анықтау:

субстанция – қышқылдық-негізгі титрді анықтау;

Х3 дейінгі тритурациялар, дилюциялар – қышқылдық-негізгі титрді анықтау;

потенциометриялық титрді анықтау;

тікелей потенциометрия.

 

Натрий карбонаты Na2 CO3

Өзі екендігі:

цинкуранил ацетатымен реакция (Na + сынамасы);

хлорлы сутек қышқылымен реакция (CO3²‾ сынамасы)

Сандық анықтау:

субстанция – қышқылдық-негізгі титрді анықтау;

Х3 дейінгі тритурациялар, дилюциялар – қышқылдық-негізгі титрді анықтау;

потенциометриялық титрді анықтау;

тікелей потенциометрия.

 

Бура, натрий тетрабораты Na2 B4 O7 · H2O

Өзі екендігі:

бор-этилді эфирдің түзілу реакциясы;

Сандық анықтау:

субстанция – қышқылдық-негізгі титрді анықтау;

Х3 дейінгі тритурациялар, дилюциялар – қышқылдық-негізгі титрді анықтау;

потенциометриялық титрді анықтау;

тікелей потенциометрия.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-23; просмотров: 735; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.226.105 (0.109 с.)