ІІ. Созылмалы (пролиферативті) периодонтиттер: 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ІІ. Созылмалы (пролиферативті) периодонтиттер:



а) фиброзды;

б) гранулденген; в) гранулематозды;

ІІІ. Созылмалы периодонтиттің өршуі.

А.И.Евдокимов (1958) созылмалы периодонтиттің гиперце-ментозбен қосылған түрін ажыратады.

 

8.1.1. Жедел ағымды серозды периодонтит

Жедел ағымды периодонтиттің біріншілік кезеңі болып табылады. Науқас тісінің өздігінен қатты ауыратынына, тісті басқанда ауыру сезімі күшейіп, басқа тістерден биіктеген сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таралмайтындықтан науқас ауырған тісін дәл көрсете алады. Ал шайнағанда ауыру сезімі күшейетін болса да, егер науқас тісін тістестіріп біраз уақыт тұрса ауырғаны жайлап басылады.

Нысаналы зерттегенде-объективті: жақасты немесе иекасты лимфа түйіндері өзгермеген, кейде сәл үлкейіп ауыру сезімі болуы мүмкін. Ауырған тіс маңындағы тіндер өзгермейді. Тісте жиі тісжегі қуысы, кейде бітеме-пломба болады. Ұрып тексергенде-перкуссия тіке ауыру сезімін туғызады, ал бүйірден қағып тексергенде ауырмайды.

Патологиялық анатомиясы: түбір ұшы, периодонт қызарып қалыңдаған. Микроскопта гиперемия, ісіну және сәл лейкоцитарлық инфильтрация көрінеді.

Емі — отасыз емдеу-консервативті.

 

8.1.2. Жедел ағымды іріңді периодонтит

Жедел ағымды іріңді периодонтит серозды периодонтит немесе іріңді пульпитен кейін дамиды. Науқастар жедел, ұдайы, солқылдап тұратын стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

ауру сезіміне шағымданады, ол үшкіл жүйке-нерв бойымен таралады (құлақ, самай, көзге). Ауыру сезімі суық әсерінен азайып, жылыда және жатқанда күшейе түседі. Периодонтта жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат өсіп кеткен тіс әсерін тудырады. Ауру тіске антогонист тіс тиіп немесе тіл тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейіп кетеді, сондықтан науқас аузын ашып отырады. Қатты ауыратындықтан ауру ұйықтамайды, сондықтан жалпы әлсіздікке, басының ауырғанына шағымданады. Дене қызуы әдетте көтерілмейді, кейде субфебрилді болады.

Клиникалық көрінісі. Сырт бейнесін қарағанда өзгерістер жоқ, кейде жақ аймағы жұмсақ тіндері бүйір тармақтар-коллатеральды ісінуі мүмкін. Аймақтық- регионарлық лимфа түйіндері үлкейген, сипап тексергенде ауырады. Ауыздың ашылуы еркін. Жарақаттанған тіс түбірі проекциясында өтпелі қатпардың шырышты қабығы қызарған, қызыл иек ісінген, ұяшықтық-альвеолярлық төмпешіктер тегістелген. Осы аймақтағы ұяшықтық-альвеолды өсіндіні сипап тексергенде ауырады. Тісте тісжегі қуысы немесе бітеме-пломба бар, сирек сау тіс. Тісті ұрып-қағып тексергенде көлденең және тік бағытта да күшті ауыру сезімі анықталады, тіс қозғалмалы болады (себебі кезең-процесс тез арада таралған-диффузды сипат алады). Қанда аз мөлшерде лейкоцитоз, сегментті ядролық және таяқша ядролық нейтрофилдер саны көбейеді, ЭТЖ 20-30 мм/сағ көтерілуі мүмкін.

Рентген көрінісінде біріншілік жедел ағымды периодонтитте еш өзгеріс болмайды. Кейде 3-5 күндері альвеола қабырғасы аймағындағы көрінісі айқын болмауы мүмкін.

Патологиялық анатомиясында лейкоцитарлық инфильтрация, периодонт тіндерінің аутолитикалық еруі, ірің ошақтары. Ұяшықтың сүйек тіндерінде реактивтік қабыну және дистрофиялық өзгерістер дамиды. Сүйек тіндерінде сорылу басым болғандықтан, қайта құрылу кезеңі-процесі жүреді. Қабыну процесі меншікті сүйек тіндерімен шектелмейді, әрі қарай сүйек кемігіне таралады да оның ісінуі және нейтрофилді лейкоциттермен айқын инфильтрациясы анықталады, бірақ ешуақытта сүйек тінінің өлеттілігі-некрозы байқалмайды.

Емдеу негізі іріңді экссудатты қабыну ошағынан шығару болып табылады. Ол үшін ұлпалық-пульпалық камераны ашып, өлеттенген-некрозға ұшыраған заттардан тазартып, түбір өзегін кеңейтіп, жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудаттың шығуына мүмкіншілік тудырады. Қабыну кезеңдері-процестері бәсеңдеген соң тісті пломбылайды. Егер тіс қызметін атқара алмайтын болса, оны жұлады.

Жедел ағымды іріңді немесе өршіген созылмалы периодонтит кезіндегі инфекцияның таралу жолдары және аяқталуы. Белгілі бір уақыттан кейін тіс түбірін қоршаған іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат өзіне бір қолайлы (ықғайлы) жол тауып периодонт сыртына шығады, осыдан кейін қабыну кезеңі-процесі кейін қайтады.

стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

Іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат түбір өзегінен шығуы да мүмкін (өздігінен немесе дәрігер әрекетінің нәтижесінде).

Периодонттың біртіндеп өршуі нәтижесінде ірің тіс түбірі ұшынан, мойнына таралып, осы жерден сыртқа шығуы мүмкін.

Кей жағдайларда іріңді жиналған қан тамырлар сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат, сүйектің ыдырауы және альвеола қабырғасының сол бөлігінде сіңуі-резорбция болса, кеңейген фолькман және гаверс өзектері арқылы сүйек қабына өтеді. Осының нәтижесінде ұяшықты-альвеолды өсіндінің бетінде немесе жақ сүйегінің денесінде жедел іріңді периостит дамиды.

Сирегірек ірің ұяшықты-альвеолды өсінді мен жақ сүйегі кемігінің аралығымен жүреді, бұл кезде сүйек тіні өледі, яғни жедел ағымды остеомиелит дамиды.

Көп жағдайда қабыну кезеңі-процесі созылмалы ағымға өтіп созылмалы периодонтит дамиды.

Созылмалы периодонтит

Әдетте, жедел ағымды периодонтиттер ұзақ уақыт және үздіксіз түбір өзегінің микрофлорасы инфекциясымен қозған жағдайда дамиды, кейде жедел ағымды периодонтиттен кейін дамуы мүмкін.

Клиникалық байқаулар бойынша, жедел ағымды периодонтитке қарағанда, созылмалы периодонтиттер жиі кездеседі, себебі жедел ағымды периодонтит деп нақтама-диагноз қойылғандардың көпшілігі мұқият тексеріп қарағанда созылмалы периодонтиттің өршуі болып табылады.

Фиброзды созылмалы периодонтит созылмалы периодонтиттің жеңілдеу түрі. Өзінше дамиды, сирек гранулденген және гранулематозды периодонтиттердің кері дамуы нәтижесінде дамиды.

Әдетте науқастардың шағымы болмайды. Тек өршігенде, шайнаған уақытта ауру сезімі байқалады. Қарап тексергенде, тісте тісжегі қуысы немесе бітеме-пломба болуы мүмкін, сирек тіс сау болады. Ұрып-қағып тексергенде ауырмайды. Рентгенологиялық - тіс түбірі ұшында периодонт саңылауы кеңейген және түбірде көп мөлшерде цемент жиналуы нәтижесінде периодонт шеттері (линия) тегіс емес.

С урет -55. Созылмалы периодонтитті ң рентгено логиялық суреті (жоба):

а) грану л денген; б) гранулематозды; в) фи б розды.

Кейде гиперцементоз — түбір ұшы көп мөлшерде қалың дайды

стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

Кеңейген периодонт саңылауын шектейтін сүйек табақшасы-пластинкасы қалыңдаған, қатаю-склерозға ұшыраған, рентгенограммада қалыпты жағдайға қарағанда тығыз көлеңке береді.

Патологиялық анатомия: макроскопияда — периодонт не түбір ұшы бөлігінде, не барлық түбір бойында қалыңдаған, микроскопияда — дөрекі талшықты дәнекер тіндердің шоғырлары арасында сирек дөңгелек жасушалы ұйыспа-клеткалы инфильтрация ошақтары орналасқан.

Фиброзды периодонтит отасыз-консервативті түрде емделеді. Оған көнбесе тіс жұлынады немесе реплантация жасалады.

Созылмалы гранулематозды периодонтиттің клникалық-субьективті көрінісі айтарлықтай дамымаған болмауы мүмкін.

 Кейде науқас тістескенде болатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру тарихын зерттегенде -анамнезінде тіс тұсындағы қабынудың жиі қайталанып өршіп тұрғаны анықталады. Қарап тексергенде тісте тісжегі қуысы болады. Кейде бітеме-пломба бар, рентгенге түсіргенде тіс өзегі ұшына дейін түгел бітеме-пломбамен толтырылмаған. Ұрып тексергенде-перкуссияда ауырмайды. Тіс тұсындағы қызыл иектің шырышты қабығы өзгермеген.

Рентген суретінде сүйек тіні дөңгелек, жиегі тегіс, көлемі дәннен ас бұршағына дейін ыдыраған жерін көруге болады. Кейде осы ыдыраған аймақта сүйек қатаюы аймағы-остеосклероз зонасы көрінеді. Гранулема тіс түбірінің ұшында түзіледі. Осы созылмалы қабыну ошағы жиі ауыз қуысына кіреберіс-вестибуляр жағынан көлемін үлкейтетін гранулема түбір ұшында сана емес одан бүйірлей де орналасады. Бұл кезде ұяшықты-альвеолды өсіндінің бетінде, түбір ұшы тұсында кішкене домбығу (шекарасы айқын емес) болады. Сирек жағдайда гранулема түбір қосылған-бифуркациясында түзіледі (55-сурет).

Патологиялық анатомиясы. Түбір ұшы маңында орналасқан грануляциялық тін фиброзды капсуламен жабылып периодонтпен тығыз байланысқан. Осы ұшына жақын түбірдің цементі, кейде дентині де ыдыраған. Гранулема шеттерімен түбірдің гранулема қабығының жанасқан жерінде цемент ісігі болуы мүмкін.

Құрылысына қарай: 1) жай дәнекер тін элементтерінен тұрады; 2) эпителиальды, ортасында эпителий тартпалары бар; 3) киста тәрізді, эпителиймен қапталған қуыстан тұратын гранулемалар. Эпителиальды қуыстар біртіндеп жойылып, қабыну экссудаты мен май детриттеріне толып кистогранулема, содан кейін киста түзеді.

Емі. Отасыз емдеу-консервативті болуы мүмкін. Ол тиімсіз болса хирургиялық ем жүргізіледі.

Созылмалы гранулденген периодонтит. Бұл созылмалы периодонтиттердің ең белсенді түрі. Аурулар қатты немесе ыстық тағам жегенде тістегі күшті ауру сезіміне және қызыл иекте жиі ашылып, жабылып тұратын жыланкөзге шағымданады. Кейде аурулар қызыл иектерінің ісініп, қызарғанына шағымданады. Кейбір жағдайларда дәрігерге стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

көрінгенде клникалық-субьективті көрінісі айтарлықтай дамымаған болмауы мүмкін, шағымы болмайды.

Қарап тексергенде жегімен бұзылған тісті көруге болады, аздап ауырады. Тіс деңгейіндегі қызыл иек қызарып, ісінген, сирегірек өзгеріссіз.

Егер оны қысқышпен (пинцет) немесе шұқығышпен басып көрсе, осы құралдардың ізі қалады және қызарады, бұл сау шырышты қабыққа қарағанда ұзақ уақыт сақталады. Жиі-жиі созылмалы гранулденген периодонтит өршіп тұрса қызыл иекте ісінген грануляциясы бар жыланкөздерді көруге болады.

Осы өршулер нәтижесінде гранулденуші периодонтит ошағы біртіндеп ұяшықтың жаңа бөліктеріне таралады, көбінесе ауыз қуысына кіреберіс-вестибулярлық жағына, нәтижесінде ұяшық-альвеолды өсіндінің сүйек қабырғасында өрнектер түзіледі. Егер осы кезеңге-процеске қоршаған жұмсақ тіндер қосылатын болса, онда қызыл иекте жыланкөз пайда болады (нүктелік тесіктер немесе ісініп шыққан грануляциялар түрінде). Ауру бетінің қайтуы-ремиссия кезеңінде қызыл иектегі жыланкөз белгілі бір уақытта жабылады. Бірақ кезекті өршу кезінде бұрын болған жыланкөз орнында шырышты қабық ісініп, қызарады да жыланкөз қайта ашылып, одан ірің бөлінеді.

Кей кезде созылмалы гранулденуші периодонтит ошағы үлкейіп жақ маңындағы жұмсақ тіндерге өтеді, осы кезде беттің теріасты одонтогенді гранулемасы дамиды.

Рентгенологиялық көрінісінде созылмалы гранулденуіш периодонтитте тіс түбірі ұшының сүйек тінінде шекарасы анық емес, шеттері тегіс емес бүлінуі-деструкция ошағы анықталады.

Патологиялық анатомиясы. Түбір ұшы аймағында грануляциялық тін периодонт сыртына шығып өсіп кеткен. Осылай созылмалы гранулденуші периодонтит ошағының өсуі қабыну аймағындағы сүйек тінінің сорылуына және сүйек кемігінің грануляциялық тінмен ауысуына әкеліп соғады. Осымен бірге түбір дентині және цементінің кейбір бөліктерінің сорылуы-резорбциясы анықталады. Грануляциялар арасында лейкоциттер, гистиоциттер шоғырлары, плазматикалық, эпителиоидты клеткалар болады. Кей жағдайларда ошақтың шет жақтарында сүйек тінінің жаңа түзілуі жүреді.

Емі. Отасыз емдеу-консервативті. Егер нәтижесіз болса, хирургиялық ем жүргізіледі.

8.3. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы

 

Әдетте, созылмалы гранулденуші периодонтиттің өршуі, асқынуы болып табылады. Бұл кезде түбір маңындағы грануляциялық тін теріасты май қабатына таралады да осы жерде ұзақ уақыт бойы ауру сезімінсіз сақталады. Бұл аз мөлшерде ірің жиналып грануляция түзетін теріасты май стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

қабатындағы баяу өтетін қабыну процесі. Кейбір ірің ошақтары өз бетінше ашылып, теріде қанды немесе қанды іріңді заттар бөлетін терең емес жыланкөздер түзіледі. Олардың кейбіреулері жабылады, бірақ көршілес жерден жаңа жыланкөз пайда болуы мүмкін.

Беттің одонтогенді теріасты гранулемасының даму кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1)жасырын кезең — мұнда бет терісінде еш өзгеріс болмайды (процестің біріншілік сипаты) және 2) тері көріністері кезеңі, мұнда бет терісінде өзгерістер пайда болады. Осы кезеңдердің 4 клиникалық түрі бар (біріншілік, стационарлық, жылжымалы, іріңдеуіш).

1. Біріншілік түрі: ауыру сезіміне шағым жоқ. Сырттай қарағанда бет терісінде өзгеріс жоқ. Сипап тексергенде тері астында ауру тіс деңгейінде мөлшері бұршақтай, ауырмайтын ұйыспа-инфильтрат (тығыз жер) анықталады. Ауыз еркін ашылады. Ауыз қуысында: сол тіс аймағындағы шырышты қабық түсі өзгермеген, бірақ шырышты қабық астында тісте теріасты майлы қабатындағы ісік тәріздес затқа бағытталған тығыз таспа (тяж) анықталады.

2. Стационарлық тұрі: ауыру сезіміне шағым жоқ. Бетінде ауру тіс маңында кішкентай шектелген ұйыспа-инфильтрат бар, оның үстіндегі тері жұқарған, қоңыр-көкшіл түсті, кейбір жерлерінде қатпарланған болбыр, кейде ұйыспа-инфильтрат үстінде жыланкөз қалыптаса бастаған, одан қанды немесе қанды іріңді зат бөлініп тұрады. Осы күйінде гранулема бірнеше жылдар бойы тұруы мүмкін. Ауру аузын еркін ашады. Ауыз қуысы шырышты қабығында өзгеріс жоқ.

3. Жылжымалы түрі: жарақаттанған аймақта бір уақытта әртүрлі патологиялық ошақ элементтері — ұйыспа-инфильтрат, жыланкөз, тыртық болады. Бұл түрінде ұйыспа-инфильтрат кері дамып, жаңындағы аймақта кезең- процесс өршіп, жаңа ұйыспалар-инфильтраттар мен жыланкөздер пайда болады. Осы жердің терісі жұқарып, болбыр, әлсіз, қатпарлы, көкшіл-қоңыр түсті болады. Өзгерген тері астында теріасты майлы қабатының орнына құрамында аз мөлшерде іріңі бар грануляциялық тін пайда болады. Жыланкөздерден қанды-іріңді сұйық ағып тұрады. Осындай жылжымалы түрі кейде терінің көп жерін қамтып, адамның беті ұсқынсыз болып көрінеді. Кезең-процесс барлық ұртты, жақасты аймағын мойынның бүйір бөлімін, тіпті бұғанаға дейін қамтыған кездері болғаны жазылған.

Осындай клиникалық көрініске ие болған теріасты одонтогенді гранулемасы 3 белгі-симптоммен сипатталады: бұзылған тіс, ұйыспаға-инфильтратқа созылған таспа (тяж) және гранулема.

4. Іріңдеген түрі: бұл жиі стационарлық және жылжымалы түрлерінің соңғы кезеңі болып табылады, сирек теріасты гранулемасы бірден іріңдеген түрінен басталуы мүмкін. Бұл үшін түрі өзгермеген сау тері бетінде дөңгелек немесе сопақ пішінді томпайып тұратын шектелген түзілім тән. Ауру жарақаттанған жеріндегі ауру сезіміне, қышитынына шағымданады, дене қызуы 37-37,2°С.

стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

Іріңдік не өз бетінше бір немесе бірнеше жыланкөз түзіп ашылуы, не созылмалы ағым алуы, мөлшері үлкеймеуі болмаса баяу таралуға ыңғай алуы мүмкін. Шырышты қабық түсі өзгермеген, оның астында білінер-білінбес таспа (тяж) анықталады.

Еске сақтайтын жай, клиникасында әртүрлі өзіне тән ерекшелігі болғанымен бәрінде де 3-белгінің болуы тән - ауру тіс, гранулема және ауру тістің альвеоласынан теріасты гранулемасына созылған таспа.

Ажырату нақтамасы-диагностикасы. Одонтогенді теріасты гранулемасының нақтамасы-диагностикасы қиын еместігіне қарамастан, кейде нақтама-диагноз қоюда дәрігерлер қателеседі. Осыған байланысты оны төменгі ұқсас дерттерден ажырату керек болады.

Актиномикоз. Қоздырғышы — сәулелі саңырауқұлақ. Бұл ауру түріде ұзаққа созылады, мұнда да жыланкөздер, ұйыспа-инфильтрат болып, тері жұқарады. Бірақ одонтогенді теріасты гранулемасына қарағанда актиномикоз кезінде ұйыспа-инфильтрат қатты, тығыз, ағаш сияқты, жыланкөздер тұрақты, ауыз шектеліп ашылады, кейде жақ сүйектері тырысып қалады (соңғы құбылыс беттің одонтогенді гранулемасында ешқашан болмайды). Қорыта келе бөлінген іріңнен сәулелі саңырауқұлақты табу талассыз актиномикоз екенін дәлелдейді.

Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті. Бұл кезде ауыз қуысының ішінен немесе сыртынан жыланкөз пайда болады, одан күшті грануляцияны және іріңді көруге болады. Жыланкөзді шұқып тексергенде жылжымалы сүйек тінінің шіріген бөлігі-секвестр анықталады. Остеомиелит аймағында тістер қозғалмалы. Рентгенограммада әртүрлі мөлшерде сүйек тінінің бүліну-деструкция ошақтары байқалады. Жақ сүйектерінің остеомиелитімен салыстырғанда беттің теріасты гранулемасында түсі көкшіл тартып, жұқарған тері аймақтары болады, бір немесе бірнеше жалынкөздерден қанды сұйықтық бөлініп тұрады, жыланкөзді шұқып тексергенде сүңгі-зонд жұмсақ тіндерге тіреледі. Теріасты гранулемасына тән 3 белгі-симптом болады (ауру тіс, таспа, гранулема). Рентгенограммада созылмалы гранулденген периодонтитке тән өзгерістер болады.

Шиқан (фурункул). Түкқапшықтары мен май бездерінің қабынуы. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасынан айырмашылығы теріде қызғылт түсті қабыну тәжі қоршаған, көлемі түйрегіштің басындай кішкентай іріңдік пайда болады. Мұндай аурулардың келіп шығу тарихында-анамнезінде тіске байланысты шағым жоқ, олар шиқан аумағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, жалпы жағдайының нашарлағанына шағымдайды, Беттің одонтогенді теріасты гранулемасына қарағанда кезең-процесс тез дамиды және оған тән 3 белгі-симптом болмайды.

Емі. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасының біріншілік түрінде ауру тісті жұлып, ұяшықты қырып тазалайды. Ауру тісті жұлғаннан кейін жұмсақ тіндегі патологиялық кезең-процесс кері дамиды, ұйыспа-инфильтрат жойылып, адам сауығады. Ал стационарлы және жылжымалы стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

түрлерінде ауру тіс жұлынып, ұяшықты қырып тазалайды, өзгерген тері сау тіндердің деңгейінде кесіледі және теріасты грануляциялары алынып тасталынады. Абсцесстік түрінде тіс жұлынады абсцесс ашылып, гранулема қуысындағы және тіс ұяшығындығы грануляциялар алынады.

8.4. Жедел ағымды жақ сүйегі периоститі

Жедел ағымды одонтогенді жақ сүйегі периоститі деп ұяшықты-альвеольды өсіндінің немесе жақ сүйегі сыртқы қабығының (көбінесе вестибулярлық, таңдай немесе тіл-жақ бетіндегі) жедел ағымды іріңдеп қабынуын айтады. Бұл өте жиі кездесетін ауру. ҚазҰМУ хирургиялық стоматология кафедрасының бақылауы бойынша, барлық амбулаториялық аурулардың 5,2% периоститпен емделеді (А.Н.Фокина, Ж.С.Сағатбаев, 1967), оның-ішінде жастар мен орта жастағы адамдардың үлесі үлкен.

Я. М. Биберманның бақылауы бойынша бұл аурудың 71%-ы 16 мен 40 жастағы адамдарға тиесілі екен. Аурудың келіп шығу тарихында мынандай жағдайлар-факторлар өте маңызды қызмет атқарады:

1. Жедел ағымды іріңдеген периостит — қайта қозған созылмалы

 периодонтиттің немесе жедел ағымды іріңді периодонтиттін асқынуы.

2. Сонымен бірге маргиналды периодонтитпен, іріңді пародонтит

 формаларынан да пайда болуы мүмкін.

3. Кейбір жағдайда жедел ағымды іріңдеген периостит тіс жұлғанда,

оның жанындағы жұмсақ тіндер көп зақымданғанда немесе

 альвеолиттің әсерінен дамуы мүмкін.

4. Ақыл азу тістің қиналып жаруы асқынып периоститке айналуы және тіс түбірі фолликулярлық кисталарының іріңдеуі де периоститке әкеп соғуы мүмкін. Соңғы кездері анықталғандай, одонтогенді периоститті көбінесе организмге патогенді емес стафилококктар тудырады. Олар сезімталдығы жоғары организмге гиперергиялық қабыну шақырады. Пародонттағы микроорганизмдер олардың тіршілігінен ыдыраған заттар, іріңді қан тамыр сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат альвеоланың табақша-пластинкасындағы фолькман және гаверс түтікшелері немесе сүйек қуысының майлы кеңістігі арқылы сүйектің сыртқы қабығы астына шығады. Сонымен бірге, микроорганизмдер периодонттан сүйектің сыртқы қабығы астына лимфа тамырлары арқылы да жетуі мүмкін. Көп жағдайда, созылмалы периодонтиттің қайта қозған түрінде, тіс түбірін қоршаған тіндердегі іріңді қан тамыр сыртындағы қабыну сұйықтығы- экссудат сүйектің сыртқы қабығы астына альвеола өсіндісіндегі қабынудың әсерінен пайда болған сүйек қуысшалары арқылы жетеді.

Патологиялық анатомиясы. Бастапқы кезде қызыл иек домбығу әсерінен ісініп, сүйектің сыртқы қабығы мен шырышты қабықтың ұйыспа-инфильтрациясы байқалады. Іріңді қан тамыр сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудат сүйек пен оның сыртқы қабығының астына жиналады. Қан тамыр сыртындағы қабыну сұйықтығы-экссудаттың мөлшері көбейген стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

сайын, сүйектің сыртқы қабығы кортикальды табақша-пластинкадан ажырайды. Микроскопиялық өзгерістер — іріңді ұйыспа-инфильтрация, ал оның шет жақтарында — жаңа сүйек затының пайда болуы байқалады.

Жақ сүйегінің кортикальды табақша-пластинкасының іріңді ошаққа жақын орналасқан және сүйектің сыртқы қабығынан ажыраған тұсында қабыну және ағзаның жеткіліксіз қоректенуі-дистрофиялық өзгерістер болады. Сүйектің сорылу-резорбациясы гаверс, фолькман түтікшелерінің кеңуіне және жақ сүйегінің кортикальды бөлігінің остеопорозына әкеп соғады. Сорылуға-резорбацияға ұшыраған сүйек учаскесі клеткалы-талшықты тіндермен алмасады, яғни бұл ұлғайып өскен сүйек іші-эндоост болып табылады. Мұның бәрі жақ сүйегінің кортикальды қабатының жұқарып, кейбір жерінде ақаулардың пайда болуына әкеп соғады. Осы ақаулар арқылы лейкоциттер сүйек майы кеңістігінің шеткі учаскелері мен гаверс өзектеріне енеді. Соның салдарынан сүйек майының ұяшық-альвеолды өсіндіге жақын жатқан тұсында домбығу пайда болады. Сонымен, периоститте болатын гистологиялық өзгерістер, жедел ағымды периодонтит кезінде қоршаған сүйек тіндерінде болатын өзгерістердегідей.

Бірақ та бұл кезеңдер-процестер кезінде, сұйық зат учаскесінде айтарлықтай өлеттену мен жойылу байқалмайды.

Клиникалық көрінісі. Науқас көбінесе жақ сүйегінің ауыратындығына (бірінші күні тісінің ауыратындығына) және бет аймағының ісінгеніне шағымданады. Кезең-процесстің орналасқан жеріне байланысты ауру сезімі ұдайы, үдемелі-интенсивті, шанышқылап, құлаққа, самайға әсер етуімен білінеді. Ауру сезімі сүйектің сыртқы қабығы астына жиналған экссудаттың (жалқық), оның кеңуінен пайда болады.

Науқас анамнезінен бұзылған тісте ауру сезімі күшейіп, тілмен, қарама-қарсы тіспен, тағаммен түйіскенде ұлғайғандығын білуге болады. Бет әлпетінде ісіну пайда болысымен, ауру сезімі бұрынғыдай емес, бәсеңдейді. Ісінген жерге жылу басса, ауру сезімі басылмай, домбығу үдей түседі. Дене қызуы 37,6 -37,8°С немесе одан да жоғары көрілуі мүмкін. Ол организмнің реактивтігіне (қарсыласу күшіне) байланысты. Организмнің улануынан әлсіздік, қалжырау, бас ауруы, тәбетінің бұзылуы байқалады. Сонымен бірге ауру сезімінен ұйқының бұзылуы да науқас жағдайын нашарлатады. Периоститте, остеомиелиттегідей дене түршігуі (қалтырау) болмайды.

Көбінесе қабыну кезеңі-процессі жақ сүйектерінің ауыз қуысының кіреберісінде-вестибулярлық бетінде орналасады. Ол сондағы қан және лимфа тамырларының көптігіне және сүйек қабырғаларының жұқалығына байланысты.

Төменгі жақ сүйегінде іріңді периоститтің пайда болуына көбінесе бірінші үлкен азу тіс себепкер болады. Екінші орында — үшінші азу (ақыл) тіс. Сирек жағдайда қабынуға себепші екінші үлкен азу, 1-2-ші кіші азу тістер, 1-2-ші күрек тістер және сүйір тістер болады.

стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

Жоғарғы жақ сүйегінде қабынуға бірінші себепкер болатын — бірінші үлкен азу тіс, екінші — бірінші кіші азу тіс, үшінші — екінші кіші азу тіс, сонан кейін екінші үлкен азу тіс, кіші күрек тістер, сүйір тістер және ең соңғы орында үшінші үлкен азу тістер. Сырт көзбен қарағанда — науқастың бет-әлпеті бүйір тармақтар-коллатеральды домбығудан өзгерген, тері түсі өзгермеген, қолмен ұстағанда қатпарға жиналады: тіндердің тереңінде, яғни сүйектің сыртқы қабығының астында қабыну бар тұста, қолмен басқанда ауыру сезімі болады. Өтпелі қатпарды басқанда күлтілдеу-флюктуация байқалады.

Жоғарғы күрек тістердің әсерінен пайда болған периоститте жоғарғы еріннің, мұрын қанатшалары мен қалқаншасының асты домбығады. Егер периоститтің пайда болуына сүйір тіс және кіші азу тістер себепші болса, онда домбығу ұрт, бет сүйегі, көзасты аймақтарына, астыңғы қабаққа дейін жайылуы мүмкін. Егер қабыну кезеңі-процесі үлкен азу тістердің таңдай түбірінен, бірінші кіші азу тістен немесе кіші күрек тістерден пайда болса (тіс түбірінің ұшы артқа қарай қисайған болса) онда бет әлпеті ісінбейді, өйткені домбығу таңдай жанында орналасады. Іріңді периостит төменгі күрек тістерден пайда болса, онда төменгі ерін мен иектің, кейбір жағдайда иекасты аймағынан да домбығып ісінуі мүмкін. Ал қабыну кезеңі-процесі төменгі сүйір тіс пен кіші азу тістерге байланысты болғанда, бүйір тармақтары-коллатеральды домбығу ұрт аймағының төменгі жағынан езуге дейін созылып, жақасты аймағына жайылуы мүмкін. Жедел ағымды одонтогенді периостит төменгі азу тістерден туындаса, домбығу ұрт аймағының төменгі жағына, құлақ жаны — меншікті шайнау еті және жақасты аймақтарына жайылуы ықтимал.

Кейбір жағдайда, іріңді кезең-процесс төменгі азу тістерден төменгі жақ сүйегінің бұрышы, бұтағы және сыртқы қабығы астына жайылып, меншікті шайнау бұлшықеті мен алдыңғы-медиальды қанатша бұлшықетінің жиырылуы, содан кейін қабыну әсерінен контрактурасын (қарысуын) тудырады. Жақ бұлшықеттерінің 3 түрлі қарысуы болады:

І – ауыз ашылуы аз ғана шектеледі.

ІІ – ауыз  қуысы 1 см ғана ашылады.

III – жақ бұлшықеттері түгел қарысып, науқас өз бетімен аузын аша алмайды.

Аймақты-регионарлы лимфа түйіндері ерте үлкейе бастайды (жақасты, иекасты түйіндері). Оларды қолмен басқанда ауыру сезімі туады, көлемдері үлкейген, тығыздығы-консистенциясы жұмсақ.

Ауыз қуысында қабынуға себепші болған тістің тұсындағы шырышты қабық қызарып, домбыққан. Егер қабыну жақтың ауыз қуысына кіреберісте-вестибулярлық бетіне орналасса, оған себеп болған және оның жанында орналасқан тістердің тұсындағы өтпелі қатпар ептеп тегістеліп, ірің жинала бастағанда көтеріледі. Ол жерді қолмен басса ауырады, кейінірек күлтілдеу-флюктуация пайда болады. Егер бір себептермен сүйектің сыртқы қабығы астындағы абсцесс тіндерді тілу стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

арқылы шығарылмаса, онда 4-6 күн өткен соң сүйектен ажыраған сыртқы қабығы өлеттеніп, тесіледі де, іріңді зат ұяшық-альвеолды өсіндінің шырышты қабығының астына жиналады. Яғни шырышты қабықасты абсцесі пайда болады. Біраз уақыт өткен соң, ірің өз бетімен шырышты қабықты тесіп ауыз қуысына шығады да қабыну кезеңі-процесі кері дамиды. Егер де ірің қызыл иек арқылы шықпай жұмсақ тіндерге өтеп кетсе, шектелген не жайылмалы іріңді қабыну (абсцесс, флегмона) кезеңі-процесі пайда болады. Қабыну жақ сүйегін қаптап жатқан қабық ұяшық-альвеолды өсіндінің ауыз қуысына кіреберісте-вестибулярлық бетінде ғана емес басқа жеріңде де болуы мүмкін. Жоғары үйлескен және кіші азу тістердің жедел ағымды және қайта қозған созылмалы периодонтитінде, ірің гаймор қуысының ішіне еніп, іріңді гайморит пайда болуы мүмкін. Төменгі азу тістерден пайда болған периодонтиттерде, қабыну ұяшық-альвеолды өсіндінің тіл жағына орналасса, науқас жұтынғанда ауырсынады. Қабыну бар жердегі ұяшық-альвеолды өсіндінің шырышты қабығын қан кернеп қызарған, домбыққан, 2-3-ші тістің тұсында (тіл жақ бетінде) ауыратын ұйыспа-инфильтрат білінеді.

Ал енді қабыну кезеңі-процессі үлкен азу тістердің таңдай түбірінен бірінші кіші азу тістен не болмаса кіші күрек тістен туатын болса, іріңді экссудат таңдай жағына қарай тарайды. Таңдайда жарты шар тәрізді немесе сопақша, келген, көлемі-диаметрі 3-4 см аса қоймайтын ісік байқалады. Таңдайдағы абсцесс дамыған сайын іріңді экссудат сүйек сырты қабығын сүйектен ажыратады да, солқылдап ауыра бастайды.

Ісікке тілмен тиіскенде, тамақ жегенде, сөйлегенде ауыру сезімі үдей түседі. Таңдайдың шырышты қабығы тығыз әрі қалың болғандықтан, бұл жерде орналасқан абсцесстер 7-10 күн өткенде ғана өз бетімен жарылуы мүмкін.

Ірің өз бетімен жарып шыққан тесік кішкентай болғандықтан, көп уақытқа дейін (бірнеше апта) таңдайдағы ісік қайтпайды және өте аз мөлшерде одан мезгіл-мезгіл ірің шығып тұрады. Қалғаны өлеттенген грануляциялық тінмен толы болады. Кейбір жағдайда осы грануляциялық тіннің ішінде таңдайдың кортикальды пластинкасының өлеттенген майда сүйектің шіріген бөлігін-секвестрларын кездестіруге болады. Бұл остеомиелит дамуының белгісі. Бұл кезең-процесстің өз бетімен ұзақ уақыт бойы жазылуы және іріңді заттың бірден шыға қоймауы. Осының әсерінен таңдай сүйегінің қан айналу процессі бұзылып, сүйек өлеттеніп секвестрацияға ұшырауы мүмкін. Бірақ жедел ағымды іріңді периостит өз бетімен сүйекте үлкен өзгерістер тудыра алмайды, остеомиелит екіншілік дамитын ауру. Бұл іріңді периоститтің остеомиелиттен негізгі айырмашылығы. Тіс қатарын тексергенде тіс жегі қуысымен тіс қуысы байланысқан тісті көруге болады. Тісті аспаппен соққанда ауырады, егер қабыну процесі тіс түбірі ұшындағы инфекция ошағынан басталмаса, онда маргинальды периодонтиттің, пародонтиттің немесе альвеолиттің белгісі анықталады. Рентген суретінде қабынуға себеп болған патологиялық

 стоматолог-дәрігерге жылына 2 рет көрінуді ұмытпаңдар! Ағайындар!!!

кезеңі-процестің, яғни периодонтиттің бір түріне тән, сарысулы ісікке немесе ретенцияға ұшыраған тістің көрінісін көруге болады. Қанның құрамындағы гемоглобин мен эротрициттердің саны аз уақыт ішінде өзгере қоймайды. Лейкоциттер саны көптеген науқастар



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2019-12-25; просмотров: 323; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 44.221.43.88 (0.087 с.)