П V п п V п V п V п V п п V п V п V 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

П V п п V п V п V п V п п V п V п V



Ля си до - - ре до си - Ля си до - ре до ре си -

 

Шанақ, мойын, құлақ, тиек сияқты терминдерді екінің бірі біледі. Сонымен қатар, домбыра детальдарының ұмыт болған атаулары да көп. Мәселен, домбырада үш тиек болады. Біріншісі – ішек бекітілетін, шанақтың түбіне орналасқан «өкше тиек» («кепіл», «түйме» деген қосалқы аттары бар). Екіншісі – шанақтың үстінде тұрып, ары-бері жылжытылатын негізгі тиек жай ғана «тиек», «шайтан тиек» деп те аталды. Үшіншісі – мойын мен құлақтың ортасында тұрған «табалдырық тиек». Ал домбыраның құлақтары бекітілетін қалақша – «алақан» деп аталады. Кейде төменгі қоңырау бұрауда үстіңгі ішек жасанды дыбыс шығара бастайды. Осы жасанды дыбысты (фальш) жою үшін көне домбырашылардың ойлап тапқан тамаша амалы – «алтын асық» деп аталатын қосалқы тиек және бар. Ол табалдырық тиектің жанында тұрады да керегінше арлы-берлі жылжытылып отырады. Домбыраның беті кейде «бет тақтай» немесе «қақпақ» деп те аталады. Ендігі сөз пернелері жайында болмақ. Қазірде, қазақ музыкатануында домбырадағы перне саны жайлы бірнеше пікір бар. Біреулері тоғыз перне десе, біреулері он бір перне дегенді айтады. Баз біреулері домбырада жылжымалы он төрт перне болған дейді. Үйге тапсырма: перне атауларын жаттау Екеуміз әйбат баламыз әнін жаттау

 

 

24 сабақ 3 сынып 34 бет

Сабақтың тақырыбы: Домбырамен өлең айтып үйрену. Екеуміз әйбат баламыз

Оқыту мен тәрбиелік міндеттері ән үйренуӘсем ән мен күй тартып бала көңілін көтеру

Мақсат Ән үйрету. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.Домбырада ойнап үйрену.

Сабақ түрі: аралас.. Сабақ барысы:Енді қалған пернелерге келейік. Алтыншы перне «до» - қазақша «жетім перне». Неге бұлай аталғаны жұмбақ. Жетім пернеден кейін «до днез» - қазақша «жуас перне». Шамалауымызша, кейбір күйлер мен әндерде ғана кездесетін, сирек қолданылатын перне болғаннан кейін осылай аталған. Сегізінші перне «ре» - қазақша «көсем перне». Бұл перне, әсіресе, шертпе күй мен қазақ әндерінің көбінде негізгі позиция болып саналады. Көсем перне аталу себебі де содан болса керек. Көсем пернеден кейін «ми бемоль» - қазақша «мұңлық перне». Минорлық әндер мен мен күйлерде көп қолданылғандықтан осылай аталады. Келесі перне «ми» - қазақша «даңғыл перне». Бұл перне барлық әндер мен күйлерде дерлік қолданылады. «Бұрыннан бар даңғыл жол» дегенді білдірсе керек. Он бірінші перне «ми» мен «фаның» арасында тұрған екінші қашаған перне. Одан кейін тұрған перне «фа» - екінші жетім перне. Келесі перне «фа диез» - қазақша «емірелі перне». Неге бұлай аталғаны жұмбақ. Әлде «емірену» деген мағынаны бере ме, әлде түрікмен дутарындағы «гөкілеп перне» сияқты ту, тайпа атын бере ме, белгісіз. Он төртінші перне «соль» - қазақша «шешен перне». Атынан көрініп тұрғандай, ең шешен перне осы болып саналады. Шешен пернеден кейін «соль диез» - қазақша «үйсіз перне» немесе «шала шағырмақ перне». Неге бұлай аталғаны белгісіз. Келесі перне «ля» - «шағырмақ перне». Біздіңше «шағырмақ» «жасырынған жалын» дегенді білдіреді. Себебі, күйлердің көбінде шағырмақ перне өзі қолданылуымен қатар, шешен пернеге әр беруші ретінде қолданылады. Он жетінші перне «си бемоль» - қазақша «құсар перне». Жорамалдауымызша, күйлердің көбінің шиесі осы арада шешілетін болған соң осылай аталған. Құсар перне мен «си»- дың арасында «үшінші қашаған» перне орналасқан. Он тоғызыншы перне «си» - «Кет Бұғаның пернесі». Атынан көрініп тұрғандай, ұлы қобызшы Кет Бұға қолданған перне. Қазіргі кезде Сүгір күйлері мен қобыздан домбыраға ауысқан күйлерде қолданылады.

Үйге тапсырма: перне атауларын жаттау Екеуміз әйбат баламыз әнін жаттау

 

 

25 сабақ 3 сынып 35 бет

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз жыл басы келді» Ән айту музыка тәсілдері. Сабақтың мақсаты: балаларды өнерге баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отыра оны саналы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру міндеттердің бірі.Музыканы қабылдау - сабақта қолданылатын іс әрекеттердің іргетасы. Ол деген - музыка тыңдау, хормен ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты, ырғақ, музыкалық қимылдар,

Наурыз жыл басы. Жаңа жыл келді наурызым Бәйшешек жарды,наурызым, Жыл менен бірге мал көктеп Пісірді әжем уызын. Наурыз келді жаңа жыл, Арнайық саған жаңа жыр, Жасай бер, жайна гүлдей бер, Қоралы гүлде ойнай тұр. қ – сы: Наурыз,наурыз жыл басы, Жаңа жыл жердің арнасы, Мұнда келсін жаңа жыл Қуансын ел баршасы,наурыз,

2. Жаңа жыл келді халайық, Наурызды біз қарсы алайық Жаңа өмір жаңа жыр арнап, Шырқатып әнге салайық.

Гүлменен төтелеспіз Наурыз заман желі есіп Құтты болсын жаңа жыл Тойлайық жастар бұл кешті Қ – сы:

Үйге тапсырма: Наурыз жыл басы келді» Ән айту музыка тәсілдері

 

 

26сабақ 3 сынып 36бет

Сабақтың тақырыбы: «Әжем айтқан ертегі» » Ән айту музыка тәсілдері. Сабақтың мақсаты: балаларды өнерге баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.
– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.
Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. наурыз әнін тыңдаймыз. Енді «Әжем айтқан ертегі» әнін үйренеміз

Ән айту ережелері: 1.Еркін отыну. 2.Асықпай демалу 3.Әнді айқайламай, мәнерлен айту.

4.Домбырамен аккортты ұстап отырып ән айтып үйрену.

5. Сөзін анық айту. 6. Дауыс жаттығуларын жасау. 7. Сөзін жазып әнін үйрену

1.Ерте ерте ертеде, Деп басталды кештерді. 2. Түрлі етіп жалғасын Түнгі ұйқsға кетпесте, Аңды көздеп түсімде Әжем айтқан ертегі. Түсті көріп болған соң, Ұйып ұйықтап жатыр деп, Қайран қалдым күшіне Қызық ертегі екен деп. Ғажап әнге шертеді Көзім ілініп кетіпті, Ойнап бала көңілде Әжем мен ертегі Әжем айтқан ертегі қ – сы: Ей,әжем айтқан ертегі Қайрат берді өмірге. Пейіштерге ертеді Бақытты жан етеді.

Үйге тапсырма: Әжем айтқан ертегі» » Ән айту музыка тәсілдері

 

 

27сабақ 3 сынып 37 бет

Сабақтың тақырыбы: «Құлыншағым» » Ән айту музыка тәсілдері. Сабақтың мақсаты: балаларды өнерге баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.
– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.
Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. наурыз әнін тыңдаймыз. Енді «Құлыншағым» әнін үйренеміз

Ән айту ережелері: 1.Еркін отыну. 2.Асықпай демалу 3.Әнді айқайламай, мәнерлен айту.

4.Домбырамен аккортты ұстап отырып ән айтып үйрену.

5. Сөзін анық айту. 6. Дауыс жаттығуларын жасау. 7. Сөзін жазып әнін үйрен 1. Құлыншағым құндызым, құлпырайды шабады. 2. Еміп алып мамасын Жылтылдаған жұлдызым Тағы қайта жөнелді, Құстай қанат қағады. Алаңдатып папасын,

Құлыншағым құлыншақ Көлеңкесін тебеді

Болшы маған құлыншақ, 3 Құлпырады денесі, Құлыншағым құлыншақ Жапырағы үзіліп Әр нәрсеге ұрыншақ Қуанышпен қарада

Құлынына қызығып

 

Үйге тапсырма: «Құлыншағым» » Ән айту музыка тәсілдері

 

 

28 сабақ 3 сынып 38 бет

Сабақтың тақырыбы: Біздің жаңа жыл келді наурыз әні
Сабақтың мақсаты: балаларды «Музыкалық көңіл күй» өнеріне баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.
– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.
Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. «Біздің жаңа жыл келді наурыз әні» әнін тыңдаймыз. 1.Біздің жаңа жыл келді, 2.Жаңа жыл деп тамсанып, Жаңа бақыт нұр келді, Сені көптен аңсадық, Жаңа жыл деп қуандық, Әлдейлейміз атыңды, Күні шырқап гүлденді Бар әлемге жар салып. Қ –сы

қ – сы: Жаңа – жаңа жаңа – жыл, Асыр салып ойнап күл, Ата – ананың мейрімі, Жаңа жылдың жанары. Ендігі ә күй тартудағы оң қолдың қағыстары мен сол қолдың ішек басудағы тәсілдері туралы. Бізге әзірге сол қолдың саусақтарының ара-қатынасынан «қаз табан», «бөрі табан» және «байтақ» деген арақатынастар белгілі. «Қазтабан» қазіргі квартаға пара-пар. «Бөрі табан» - квинта. Ал «байтақ» осы екеуінен үлкен арақатынастардың (мысалы, квинтадан октаваға дейін) барлығын белгілеу үшін қолданылған болу керек. Сол қолдың күй тарту кезіндегі тәсілдеріне келейік. Ең жиі кездесетін тәсіл «аттау». Бір нәрседен екінші нәрсеге жай көшу осылай деп аталады. Одан гөрі күрделілеу тәсіл «қарғыту» және «кері қарғыту». Мұнда саусақ пернені жай баспайды, тиесілі пернеге қарғып жетеді. Күрделілігі жағынан қарғытумен шамалас тәсіл – «жаба тастау». Әдетте, оң қолдың қағысынсыз, сол қолдың қағысынсыз, сол қолдың саусақтарының күшімен жасалатын тәсіл. Үйге тапсырма: күйдің қағыстары және ән: Біздің жаңа жыл келді

29 сабақ 3 сынып 39 бет

Сабақтың тақырыбы: «Алақай балалар әні» Ән айту музыка тәсілдері,нұсқалар,үлгілер Сабақтың мақсаты: балаларды өнерге баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отыра оны саналы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру міндеттердің бірі.Музыканы қабылдау - сабақта қолданылатын іс әрекеттердің іргетасы. Ол деген - музыка тыңдау, хормен ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты, ырғақ, музыкалық қимылдар, аспапта ойнау, балалар шығармашылығының – осындай күрделі процессі.Шындықтың көркемдік бейнесін, сәулесін сезіну, ести және толғана білу. Музыка тұтас күйінде, өзінің мәнерлік құралдары арқылы әсер етеді. Олар шығармаларды ойнатып көңіл - күйін жеткізеді. Шығармалардың негізгі түйіні өмірдегі құбылыстармен, адамның сезімдерімен байланысып, жатады.Сондықтан, оқушыларды қызықтыру керек, сабақтың тақырыбына сай, болып жатқан әрекеттерге эмоциялық қарым - қатынасты дамыту, музыканың жайын, сұлулығын түсініп, музыкалық өмірмен байланысты екенін түсініп, қабылдау сезімталдығын қалыптастырып, музыкаға құштарлықты, ынталықты дамыту.Музыканы қабылдағанда - сапалы түрде, образдардың сипатын түсіну, идеялық негізін ұғуға үйрету. Тақырыпқа байланысты музыканы қабылдаудағы мақсаты, тәсілдері, әдістері т. б. шаралар, нұсқаулар ретінде үлгілер: Ән, күй, би, марш жанырларына сүйене отырып, музыканың сипаты әуенділік, екпінділік, ырғақтылық, тағы да өзіне тән ерекшеліктері бар. Шығармалар арнайы дауысқа жазылмаса да, өте әуенді, сазды, би ырғағы, марш екпінді болып келеді. Алақай әнін үйрену 2 Балдәуренім балғындарды шыңдайды 1.Жаз да келді жанымызды жайнатты Корсек атты жарасамыз біз Көңіліміз күн шуағындай Таң атқанша ертегілер тыңдайды Ұл қызымыз қыран құстай қайратты Ой сергітіп рахаттанамыз Өміріміз жаздың таңындай қ – сы: Алақай алақай жаз келді көңілді 3. Балдәуренім балғын ордам шаттығым Гүлдендік қоршаған сұлу өмірді, Жаздай келіп көңіл ақ гүлім Достармен,достармен Көлге түсіп ән мен асыр саламыз Ойнаймыз асыр сап, Салауатты өмір бастайды Үйге тапсырма: Ән айту музыка тәсілдері,нұсқалар,үлгілер «Алақай» әнін жаттау.

30 сабақ 3 сынып 40 бет Сабақтың тақырыбы: Айналайын әні
Сабақтың мақсаты: балалардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау

Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.
– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.
Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. «Айналайын» әнін тыңдаймыз Ән: «Айналайын» Екі көздің қарасымыз 2. Өсіреді менің елім Қазақстан болашағы Мәпелейді мені елім Тәуеосіз ел баласымыз Асыл арман аялаған Жаңа өмірдің арнасымыз Ұрпағымын ата сенің Ел айналар баласымыз Екі ғасыр арасымыз Өнер білім жолын қуған Екі көздің қарасымыз Ата баба жалғасымыз Қазақстан болашағы қ –сы: Би билейік айналайық Тәуеосіз ел баласымыз Би билейік айналайық Көркем сөздің төркін ашып Тамылжытып ән салайық Би билейік айналайық Би билейік айналайық Ең өнерпаз сән болайық Айналайын айналайын

31 сабақ 3 сынып 41 бет

Сабақтың тақырыбы: Сапқа тұр халық әні
Сабақтың мақсаты: балаларды «Музыкалық көңіл күй» өнеріне баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.
– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.
Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. Ал енді, алдымыздағы ЭО-тың «Мен әнді әдемі айтамын» модулін ашып, «: Сапқа тұр» әнін тыңдаймыз. Тыңдамас бұрын, оқушыларға сұрақ қоямын.
– Балалар, біз бүгін әдеміміз бе? Музыка бізге қажет пе? Музыкасыз өмір сүре аламыз ба? Мүмкін музыканың да көңіл күйі бар шығар.
ІІІ. Жаңа сабақ

 

Көрсетіп кең байтақ жерімді, Шымыр бол жаттығып шынығып, Сақтанар егемен елімді, Қатерден қашпаңдар тығылып Басыңдар алға,қатардан қалма, Басыңдар алға,қатардан қалма Намысың болса ертенге еееее Намысың болса кеудеңде ееееееее Қ – сы:Жауынгер сапқа тұр, сапқа тұр қатарға Бейбіт күн көгінде орналсын, Қан төгіс ешқашан болмасын, Сұм соғыс өмірде болмасын Қырағы қырандар,ер жүрек ұландар, Басыңдар алға,қатардан қалма Отанын жаулардан қорғасын. Намысың болса кеудеңде ееееееее Үйге тапсырма: әнді жатқа айту

32 сабақ 3 сынып 42 бет

Сабақтың тақырыбы Аяулы әнім – мектебім сөзі Ә. Аймақты. Әні. С. Сапапалиев
Сабақтың мақсаты: балаларды «Музыкалық көңіл күй» өнеріне баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: Аяулы әнім – мектебім сөзі Ә. Аймақты. Әні. С. Сапапалиев
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.
– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.
Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. Ал енді, алдымыздағы ЭО-тың «Мен әнді әдемі айтамын» модулін ашып, «: Сапқа тұр» әнін тыңдаймыз. Тыңдамас бұрын, оқушыларға сұрақ қоямын.
– Балалар, біз бүгін әдеміміз бе? Музыка бізге қажет пе? Музыкасыз өмір сүре аламыз ба? Мүмкін музыканың да көңіл күйі бар шығар.
ІІІ. Жаңа сабақ
Аяулы әнім – мектебім сөзі Ә. Аймақты. Әні. С. Сапапалиев

 

Мейірімді шапағатын тербеткен, 2 Сенің ізгі көңіліңдер жай табам. Арманға асқар құлашымды серметкен. Сағыныштың сезімдерін шайқап ән Мен бақытты балдырғанның саяыңында Әліппені жаттатқызған, ұстазым, Біліміңнің бал – бұлағы шөлдеткенОраламыз жылда өзіңе қайтадан қ – сы Аяулы әнім – мектебім 3. Тіршілік дүрсілдеиіп жүрегін Шуағыңда көктедім, Мен өзіңнен қанаттарын түлегін Жүрсем дағы қай жерде Саған деген махаббатым – әнімді Қиялымнан кетпейсіңАсқақтата шырқай салып жүремін.

Үйге тапсырма: әнді жатқа айту

33 сабақ 3 сынып 43 бет

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ұстазым
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың халық музыкасының қалыптасуын, халықтың ой –арманының музыкада бейнелеуі мен оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру.
Тәрбиелк: Халық әндері мен күйлері арқылы өз халқының салт-дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Нақыл сөзі: Өнегелі өнер –ұрпаққа мұра
Әдіс –тәсіл: домбыра тарту, сұрақ –жауап, ой –бөлісу, талдау
Көрнекілігі:, үнтаспа, музыкалық аспаптар т.б.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
Сабақ барысы: 1. Күй жаттығулар арқылы домбыраны еркін ұстап, қағыс өнерін дамыту.

П П V П V П П V П V П V П

П V П V П V П V П V П V П V П V П V П V

Соль - - - ля - - - Соль - - - ля1 - - - Соль - ля1 -

П V П V П V П V П V П V П V П V П V П V

Си3 - - - ля1 - си3 - ля - - - соль - ля - Соль - соль -

П V П V П V П V П V П V П V П V П V П V

Соль - ля1 - си3 - ля1 соль - ля - си3 - ля1 Соль - соль -

1 .Қолыма әліппе ұстатқан, 2/ Самайыңды ағартып, Алғашқы ұстазым өзіңсің, Тәлім бердің біздерге Мәпелеп біздерді өсірген Алғыс айтам өзіңе, Әріпті жазуды үйреткен, Шәкірт бала кезімнен

Қ – сы Қатеміз болса кешірген 3/ Жетектеп бізді өсірген Тентектікті түсінген, Ұстаз болып қаларсың Мейрім төктің біздерге, Тәлімін үйіп жүрекке Аялы ыстық жүрекке. Өмірге қанып қалармын

Үйге тапсырма: әнді жатқа айту,

34 сабақ 3 сынып 44бет

Сабақтың тақырыбы: «Мектебім», «Дыбыс әлеміне саяхат» модулінің сабақ жоспары.
Сабақтың мақсаты: балаларды «Мектебім» өнеріне баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.
– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.
Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. Ал енді, алдымыздағы ЭО-тың «Мен әнді әдемі айтамын» модулін ашып, «Біз көңілді ұланбыз» әнін тыңдаймыз. Тыңдамас бұрын, оқушыларға сұрақ қоямын.
– Балалар, біз бүгін әдеміміз бе? Музыка бізге қажет пе? Музыкасыз өмір сүре аламыз ба? Мүмкін музыканың да көңіл күйі бар шығар.
ІІІ. Жаңа сабақ Музыканың көңіл күй модулін түсіндіремін.
Дыбыс әлеміне саяхат
Ән тыңдау мәдениетіне бірінші күннен бастап, үлкен мән беріп қараймын. Ән тыңдағандағы сабақтың мақсаты, оқушылар көңілді қуанышты сезімде қалу керек. Балаларды әдемілікке, көңіл күйін көтеруге тырысамын. Магнитофон арқылы әнді тыңдатамын. Ал енді,
– Ән сендерге ұнады ма?
Ән қаншалықты әсер етті? деген сұрақтармен жалғастырамын. Сабақ қызықты, көтеріңкі күйде өту үшін, мұғалімнің шеберлігі қажет. Дұрыс сұрақ қоя білу, іздену, ойлану, әр түрлі жағдайлар тудыру, нотамен ән айтқызу оқушылардың шығармашылық ой-өрістерін дамытады. Сабақты тағы да сұрақтар арқылы жалғастырамын.
– Әнді айтқан адамды кім деп атаймыз? (орындаушы)
– Орындалған әнді кім тыңдайды? (біз тыңдаймыз).
1Өмірге ең қажетті Білім берген керекті 2/Мектеп ұстаз жас ұлан Қадірлейік ұшырған Қамқор болған жасынан Алтын ұя мектепті Ержеткен соң табылмас Ұмтылдырған білімге Жас күніңдей қасыңнан Құлшындырған өмірге Өзің ұшқан ұяңды Ақ пейілді ұстаздар Ұмытпастай жүрейін Бас иемін сіздерге қ – сы: Ұлағатты ұстазды

Жаншы- жаншы жанған,шырақ болшы Құрмет тұта білейік Білім орда мектебім. Ағып жатқан ағып жатқан,бұлақ болшы Гүлдене бер мектебім.

Ән домбыра, жан домбыра,
Бүлкілдесін бүйірің.
Жез таңдайым, бозторғайым,
Енді саған не дейін?!

Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларының көздеріне үңілетін болсақ, бірнеше пәндерді кездестіруге болады. 1.Домбыра – тартып үйрену еңбек пәні. 2.Домбыра тартып әр дыбысын есептеп ойнау. 3.Домбыра – тартып қағу, перне басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сөзін дауыс ырғағымен дәл айту логика пәні. 4. Домбыра – екі шекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп отырып, құлақ күйін келтіру физика пәні. 5. Күй тыңдап әуенін есту арқылы елестетіп түсіну бейнелеу пәні. Адам баласы талантты не талантсыз болып тумайды, ол іздену, ұқсау, еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен «мен білемін» деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады. Талант иесі ішкі жан тілін сезімге байлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантты ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің соңғы көрсеткіші. Домбыра ойнау, айту, жаттау еңбек нәтижесі. Ал оны үйрету – педагогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласағұн, Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай, Құрманғазы, Махамбет, Ақан, Біржан, Мұхит, Әуезов, Жұбанов, Байтұрсынов, т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата – бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына, қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру көзделсе, бүгінгі келеңсіз, қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық атаулыдан айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға бой ұрған болар еді.
«Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән – күйлерінсіз тәрбие беру менің басыма қонбайтын нәрсе», дейді В.А.Сухомлинский.
Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларының қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?!.
Біріншіден, қуатсыз қатыгездіктен, екіншіден жалмауыз қанішерден, үшіншіден, жаны ашымайтын ұл – қыздан, төртіншіден, ауру жастардан, бесіншіден, білімсіз надандардан арылар едік.
«Егер белгілі бір елді басқарудың жай жапсарын білгің келсе, сол елдің тәртіп тағлымын танымақ болсаң, онда музыкасына құлақ түр» дейді Конфуций.
Өзінің төл мәдениеті мен тілінен адасқан ел рухани бақытсыз. Г.Лихтенбергтің «...Ақылды бала – кілең ақымақтардың ортасында тәрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де, бұзылуға да қабілеті әбден жетеді....» дегеніндей, біздің ортада жалған тәрбие белең алып отыр. Оған дәлел бүгінгі жастардың әке – шешеден безіп өзгенің қолтығына енуі, үлкеннің ұлағатты сөздеріне құлақ аспауы, отбасынан тәлім – тәрбие алып оны жалғастыру орнына өзге адамдардың сөзіне еріп, өз туысынан безуі сияқты қылықтарға бой ұрып, теріс тәрбиеге ден қоюы дер едік.
Сондықтан қайда жүрсе де ақын, жыраудың тағлымын, әншінің әні мен әуенін, күйшінің күмбірлеген күміс күйін қалт жібермей көкейге қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертегі мен жұмбақты терме мен шежірені жадында сақтап халық даналығын өзіне рухани азық еткен қазақ жастарына өзінің төл мәдениеті негізінде мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық, оқу әдістемелік кешендерді құрап жазу – басты міндет.
«Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ» дейді Саифи Сарайи.
Тәлім тәрбиенің басты құралы – домбыра аспабы десек, қателеспейміз. Сондықтан да, жалпы білім беретін мектептерде домбыра негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді.
Қорқыт, Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Махамбет, Құрманғазы, Абай, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Жамбыл, Нұрпейіс, Қашаған, Нұрым, Шернияз, Кердері Әубәкір, Қазанғап, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абылай, Сүгір, т.б. аты елге белгілі дала перзенттерінің шығармалары мен үлгілерін оқу орындарында оқытып қана қоймай, қасиетті домбыра аспабының негізінде қалыптасатын қағидалы тұжырымдарды да тәрбие көздері етіп енгізу керек – ақ.

Музыка сабағында музыкалық іс - әрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары

1 сабақ: саз. Домбыра. Сынып: 4
Тақырып: Домбыра бойындағы нотаны орналастыру

Оқыту мен тәрбиелік міндеттері жеңіл ырғақта күй тарту.

Мақсат: Балаларды өз халқының ғасырлар бойы дамып қалыптасқан рухани өнерін терең түсініп, пайымдай білуге баулу және оған деген қызығушылығы мен ынта жігерін ояту.

Сабақ түрі:. Пікірлесу сабағы.

Сабақ барысы: Қағыс жаттығулары Үлкен сағаны және қайырым сағаны қайталау.

1 - Психалогиялық тренинг Музыка дегенде не ойлайсыңдар? Көз алдарына не елестейді? Сұрақтарға жауап беру.Ән, күй,әнші домбырашы. Өнер деген не ән

Жыр өнер би

Күй

Күй тартатын адамды кім дейді? - Күйші

Күй домбырада және де басқа аспапда да ойнайды.

Күйші – күй шығарып, оны домбырада ойнайды

Күйлер – тақырыбыменен мазмұнына адам қарай аңыз күйлер, тарихи күйлер, лирикалық күйлер, психологикалық күйлер болып жіктеледі.

Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарады.

2 - Күй тыңдау. Балалар,бүл қандай күй.

Үйренген күйлерін тартады. Жастар күйі. Айжан қыз.

3 – Жұмбақтар шешу. Ұзын мойын, екі ішек

Қатар – қатар текпішек

Басып көріп бір – бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. (домбыра)

Домбыра бөлшектерімен таныстыру.

Түймесі басы Құлағы пернелер



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2016-04-08; просмотров: 589; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.149.229.253 (0.087 с.)