Бап. Республика Президентi сайлауын жариялау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бап. Республика Президентi сайлауын жариялау



 

1. Президенттiң кезектi сайлауын Парламент Мәжiлiсi қыркүйектің екінші жексенбiсiнен кешiктiрмей жариялайды.
2. Алынып тасталды - ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңымен.
3. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Президент болып сайлана алмайды.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына қолданылмайды.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.11.06 N 285, 2005.04.15 N 44, 2007.06.19 N 268, 2010.06.14 № 289-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

 

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын
талаптар

 

1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
2. Президенттiкке кандидатқа Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға оның сәйкестiгiн азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшi немесе республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзiндiсiн кандидаттың дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл ретте Президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн игергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беруi туралы актiсiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен анықталады.
3. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.

 

55-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

 

1. Президенттiкке кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда болады.
2. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады.
3. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi:
1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;
2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.
4. Президенттiкке кандидаттыққа өзiн-өзi ұсыну олардың Орталық сайлау комиссиясына тиiстi өтiнiш беруi арқылы жүргiзiледi.
5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.

 

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты
қолдап қол жинау

 

1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.
2. Президенттiкке кандидатты сайлаушылардың Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауға тиiс.
3. Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенiм бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституциямен және осы Конституциялық заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруден кейiн бес күннен кем емес мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-бабының 3 және 4-тармақтарында белгiленген оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.
4. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенiм бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:
1) тегi, аты және әкесiнiң аты;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;
3) туған күнi, айы мен жылы;
4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;
5) жеке қолы.
5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенiм бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.
6. Орталық сайлау комиссиясы:
1) қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;
2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.
7. Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөнiндегi толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол он күн iшiнде паспорт қызметi қызметкерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.
8. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру, осы баптың 2-тармағына сәйкес, Президенттікке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

 

57-бап. <*>
Ескерту. 57-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

 

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың
сайлау қорының мөлшерi

 

Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен бес мың еседен артық аспауға тиiстi кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен жетi мың еседен артық аспауға тиiс кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiктiң қаражатынан;
3) жалпы сомасы заңмен белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркiмен берген қайырмалдықтарынан құралады.
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-10; просмотров: 396; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.42.94 (0.006 с.)