Есіл ауданы ііб ТБ тергеушісі, 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Есіл ауданы ііб ТБ тергеушісі,



Полиция капитаны М.Б.Айтмамбет

Куәға құқықтарын түсіндіру туралы

ХАТТАМАСЫ

2016 жыл 29 қаңтар Астана қаласы

 

Басталуы: 16 сағат 35 минут

Аяқталуы:17 сағат 10 минут

 

Астана қаласы, Есіл ауданы ІІБ ТБ тергеушісі, полиция капитаны М.Б.Айтмамбет Астана қаласы Есіл ауданы ІІБ ТБ №5 кабинетінде ҚР ҚПК-ің 208, 209, 210, 212, 213, 214-баптарының талаптарын сақтай отырып куәдан жауап алу барысында оған ҚР ҚПК 78 бабы 3 бөлігіне сәйкес келесі құқықтары түсіндірілді.

1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға

2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;

3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;

6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

 

Куә: А.Е.Болысбаева

 

 

 

Күдіктіні тергеу іс-әрекеттерінің аяқталғаны туралы хабарланғаны, оны және оның қорғаушысының қылмыстық іс материалдармен таныстырылған туралы

ХАТТАМА

 

2016 ж 04 ақпан Астана қаласы

 

Басталуы: 11 сағ. 00 мин

Аяқталуы: 11 сағ. 40 мин

 

Астана қаласы Есіл ауданы ІІБ-нің ТБ-нің тергеушісі полиция капитаны М.Б.Айтмамбет ҚР ҚПК-нің 199, 296-баптар талаптарын сақтай отырып, іс бойынша барлық тергеу іс-әрекеттері орындалды, ал жиналған дәлелдер айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп танылғаннан кейін ҚР ҚПК-нің 287-бабында көзделген қылмыстың белгілері бойынша күдікті Нуралиева Аида Сейлхановнаға ол туралы хабарланлы.

Сонымен қатар оған істің барлық материалдарымен жеке өзінің де, қорғаушысының көмегімен де танысу, сондай-ақ алдын-ала тергеуді толықтыру немесе іс бойынша басқа шешімдер қабылдау туралы өтініш айту құқығы түсіндірілді.

Күдікті А.С.Нуралиеваға ол істің бардық материалдармен жеке өзінің де, қорғаушысының көмегімен танысуға тілек білдірді

(қолы) _________ А.С.Нуралиева.

Содан кейін күдіктіА.С.Нуралиева және № 111 ордер ұсынған қорғаушы А.А.Жамалханға танысу үшін тігілген, нөмерленген түрде 30 парақта қылмыстық іс берілді.

Қылмыстық іс материалдарымен күдікті А.С.Нуралиева және қорғаушысы А.А.Жамалхан бірлесіп танысты.

Қылмыстық іс материалдармен танысу 2016 жылы 4 ақпанда 15.00 сағатта басталып, 2016 жылы 4 ақпанда 17.00 сағатта аяқталды.

Қылмыстық іс материалдарымен танысып болған соң, тергеуді толықтыруға өтініштер бар ма, бар болса нақты немен толықтырылды деген сұраққа күдікті А.С.Нуралиева төмендегідей жауап берді: Қылмыстық іс материалдарымен таныстым, іс бойынша арыздар мен өтініштер жоқ.

Қолы: А.С.Нуралиева

Қорғаушы А.А.Жамалхан жағынан іс бойынша арыздар мен өтініштер жоқ.

Қорғаушы: А.А.Жамалхан

Хаттама тергеушімен оқыды, дұрыс жазылған.

Күдікті: А.С.Нуралиева

Астана қаласы Есіл ауданы

ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі

Полиция капитаны М.Б.Айтмамбет

Сотқа шақыруға жататын адамдардың

ТІЗІМІ

 

 

ҚОРҒАУ ТАРАБЫ:

 

1. Айыпталушы: Нуралиева Аида Сейлхановна - мекен-жайы: Астана қаласы, Ш.Айманов көшесі №13 үй, 15 пәтер

2. Қорғаушы Жамалхан Асем Айдарханқызы.

 

 

АЙЫПТАУ ТАРАБЫ:

Куәгерлер:

 

1. Болыспаева Айнара Ерланқызы – Астана қаласы, Мухтар Әуезов көшесі № 73 үй, №156 пәтер.

2. Майданов Рустам Алтынбекович –Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі № 10 үй, №16 пәтер

 

Астана қаласы Есіл ауданы ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция капитаны

М.Б.Айтмамбет

 

 

Сотқа дейінгі тергеп-тергеу сатысында күдікті А.С.Нуралиева құқықтары мен мүдделерін қорғаушыны бөлу туралы Сіздің хатыңызға (30.01.2016 жылғы №2-8/55-94) байланысты Астана қаласының адвокаттар алқасының қорғаушысы А.А.Жамалхан жіберіледі.

 

Қосымша: қорғаушы А.А.Жамалхан атына берілген 2016 жылғы № 111 ОРДЕР

 

Астана қаласы адвокаттар

алқасы төралқасының төрағасы А.Қ.Қыдыр

 

Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы

№ 111 ОРДЕР

 

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 17.03.2003 жылы берілген № 0001997 мемлекеттік лицензиясы бар адвокат А.А.Жамалхан хаттың, өзге келісімнің негізінде Астана қаласы Есіл ауданы ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында Нуралиева Аида Сейлхановнаның құқықтары мен мүдделерін қорғау (өкілдік ету) жөнінде қылмыстық істі жүргізу тапсырылады.

 

 

Заң консультациясының меңгерушісі

(адвокаттық контора құрылтайшысы) адвокат А.А.Жамалхан

 

 

Сериясы ОК 00092

 

 

А.С.Нуралиева

Астана аласы, Ш.Айманов көш,

13 үй, 15 пәтер

 

Ақтөбе облыстық адвокаттар

алқасының адвокаты

А.А.Жамалхан

 

Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы

ХАБАРЛАМА

Сізге ҚР ҚПК-нің 287-бабының 1-бөлігіне сәйкес іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабарлаймыз.

Сонымен бір мезгілде қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеу құқығын түсіндіремін.

Сіз қылмыстық істің материалдарымен 03.02.2016 жылы 15 cағат 00 минутта Астана қаласы Есіл ауданы ІІБ-ң № 305 бөлімінде таныса алатыныңызды хабарлаймын.

 

Ақтөбе қалалық ІІБ

Елек ПБ ТБ тергеушісі

Полиция капитаны М.Б.Айтмамбет

 

 

БЕКІТЕМІН

Астана қаласының прокуроры

аға әділет кеңесшісі

______________Г.И.Әміров

2016 жылғы 4 ақпан

 

АЙЫПТАУ АКТІСІ

 

2016 жылғы 04 ақпан Астана қаласы

 

Астана қаласы есіл аданы ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі полиция капитаны М.Б.Айтмамбет ҚР ҚПК-нің 298,299-баптарына сәйкес 10.10.1990 жылы туған Астана қаласының тумасы, ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігінің көзделген қылмысты жасауға күдік келтірілген Нуралиева Аида Сейлхановнаға қатысты №233256984 қылмыстық іс бойынша осы айыптау актісін жасады.

Осы қылмыстық іс бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексерумен мыналар анықталды:

27.01.2016 жылы сағат 11-00 шамасында Астана қаласы Есіл ауданы Қорғалжын тас жолы 8 бойында орналасқан ҚазГЗУ-нің ҚҚПжК кафедрасының лаборанты Нуралиева Аиди Сейлхановна суық қаруды заңсыз сақтап жүрген.

Сөйтіп, Нуралиева Аида Сейлхановна заңсыз суық қаруды алып жүргені үшін ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады.

ҚР ҚК 54-бабына сәйкес А.С.Нуралиеваның қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нуралиева Аида Сейлхановна, 10.10.1990 ж.т. Астана қаласы, Ш.Айманов көш., 13 үй, 15 пәтер мекенжайы бойынша тұратын, ұлты бойынша: қазақ, азаматтығы Қазақстан Республикасы, білімі: жоғары, ҚІЖжК кафедрасында лаборант болып жұмыс жасайды, тұрмысқа шықпаған, бұрын сотталмаған, ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат берген.

А.С.Нуралиеваның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен: куәлерден жауап алу хаттамаларымен, тану хаттамаларымен,, сондай-ақ қылмыстық істің басқа жиналған материалдарымен толық расталады.

Амбулаториялық сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысы бойынша айыпталушы А.С.Нуралиева қандай да бір психикалық бұзылумен зардап шекпейді.

Астана қаласы бойынша ҚР Бас прокуратура жанындағы ҚСжАЕКБ талабына сәйкес айыпталушы А.С.Нуралиева бұрын сотталмаған.

Тұрғылықты жері бойынша айыпталушы А.С.Нуралиева жағымды жағынан сипатталады.

Осылайша Нуралиева Аида Сейлхановна ҚР ҚК 287-бабының 1-бөлігінің көзделген қылмысты жасады деп айыпталады.

Осы қылмыстық іс зерттеу және тиісті бағыт беру үшін Астана қаласының прокурорына жіберіледі.

 

 

Астана қаласы Есіл ауданы

ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-17; просмотров: 377; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.17.150.163 (0.03 с.)