Сурет. Айналмалы превенторлар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сурет. Айналмалы превенторлар



 

Тіректік фланец тесігінің диаметрі превентордың типтік өлшеміне байланысты және қашаудың өтуіне жеткілікті болуы керек. Сыртқы тіректік фланеці бар цилиндр түріндегі оқпан 6 тіреуіш 5 және радиал 3 мойынтіректерде айналады. Оқпанға байонетті қосылыста өздігінен тығыздалатын манжета бекітіледі. Оқпанның өтпелі қимасы қашау диаметрінен аз. Сондықтан түсіру және ауыстыру кезінде оқпанды превентор тұрқынан бөлу керек. Бұл үшін оқпанды патронмен бірге байонетті затвор және фиксатор 10 арқылы превентор корпусымен қосады.

Патронды тұрқына орнатар алдында фиксатор 10 пультпен басқарылатын пневмоцилиндр немесе винт 12 және трос 11 көмегімен солжақ шеткі күйге апарылады және патронды орнатуға арналған тесікті босатады. Бұдан кейін патронды шығып тұрған қырларымен тұрқының пазаларына кіргізеді және тұрқыда орнатылған тіректерге дейін сағат бағытымен бұрайды. Ары қарай фиксаторды босатады, ол пневмоцилиндрдің серіппесінің әсерінен патронды превентор корпусына тұйықтайды. Патронды тұрқыдан шығару үшін фиксаторды алдын-ала өшіру керек және патронды сағат тіліне қарсы бұру керек. Патронды жетек құбырмен бұрады, ол ротормен ішпектер 1 арқылы айналады. Пультпен 13 қосылатын шиналы-пневматикалық муфта 2 патронды оқпанмен қосады және осының нәтижесінде олардың екеуі де жетек құбырмен бірге превентор тұрқына қатысты бұрылады. Ствол мойынтіректері сұйық маймен майланады, ол ағып кетуден және ластанудан асбографитті манжеталармен 8 сақталынады.

 

Айналмалы превенторлардың техникалық сипаттамалары

 

Типтікөлшем.............................ПВ-156х320 ПВ-230х320 ПВ-307х200

Өту тесігінің диаметрі, мм:

превентор тұрқы.................156 230 307

оқпан.....................................130 158 215

бүйірлік жалғама..................150 150 150

Қысым, МПа:

жұмыстық...........................32 32 20

сынақтық.............................64 64 40

оқпанды айналдырудың

ең үлкен жиілігінде

рұқсат етілген......................8 8 8

Диаметр, мм:

патрон тұрқының..............380 510 515

квадрат штангалар мен құбырлар

астына арналған ауыспалы

тығыздағыштардың.........73; 89 73, 89, 114 89, 114, 140

Оқпанның ең үлкен айналу

жиілігі, айн/мин......................100 100 100

Биіктік, мм...............................1570 1550 1800

Масса, кг..................................1250 1785 1560

 

Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы МЕСТ 13862-80 бекітілген лақтыруға қарсы жабдықтың келесі сұлбаларын ұсынады:

1. манифольдтың екі ағу жүйесімен және бір крестовинамен екіпревенторлы (16.4, а -сурет);

2. манифольдтың екі ағу жүйесімен және бір крестовинамен үшпревенторлы (16.4, б -сурет);

3. манифольдтың үш ағу жүйесімен және екі крестовинамен үшпревенторлы (16.4, г -сурет);

Барланатын аудандарда, газконденсатты және газды кен-орындарында, сонымен қатар аномальды жоғары қабаттық қысымы бар ұңғыларды бұрғылау кезінде екі превентор орнатады, оның біреуі құбырлық плашкамен, екіншісі тұйық плашкамен жабдықталады. Құбырлық плашкалар қолданылатын бұрғылау құбырларының диаметріне сәйкес болуы керек.

 

13.4-сурет. Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы

1-көмекші пульт; 2-гидравликалық басқару станциясы; 3-ажыратылатын желоб; 4-фланецті катушка; 5-әмбебап превентор; 6-плашкалы превентор; 7-манометр; 8-қолмен басқарылатын задвижка; 9-қолмен басқарылатын реттелмелі штуцер; 10-отбойная камера; 11-сепаратор; 12-гидравликалық басқарылатын задвижка; 13-сағалық крестовина; 14-кері клапан; 15-фланец; 16-гидрожетектік дроссельді басқаратын пульт; І-дроссельдеу блогы; ІІ-газды жағу жүйесіне жіберу; ІІІ-тазарту жүйесіне жіберу; ІV-тура жіберу (прямой сброс); V-дроссельдеу желісі; VІ-ұңғы сағасы; VІІ-тойтару желісі; VІІІ-бұрғылау сораптарына жіберу; ІХ-сораптық қондырғыларға немесе тура жіберу; Х-тойтару блогы

 

Лақтыруға қарсы жабдықтың манифольды дроссельдеу және тойтару жүйелерінен тұрады, олар ЛҚЖ-ң оқпандық бөлігімен қосылады.

Тойтару желісі бұрғылау сорабымен қосылады және ұңғыға құбыраралық кеңістік арқылы ауырлатылған ерітіндіні айдау үшін қолданылады.

Лақтыруға қарсы жабдықтың манифольді 21, 35, 70 МПа жұмыстық қысымға арналған. Ысырмалары конструкциясы бойынша манифольдтер екі түрге бөлінеді: МП-сыналық ысырмалармен және МПП-тік ағынды ысырмалармен.

Превентор қондырғыларының манифольдтері төмендегідей технологиялық операцияларды іске асыруға мүмкіндік береді:

1) ұңғы ішінен газ және сұйықтарды апаттық немесе жұмысшы ысырмалар арқылы шығарып, ұңғыдағы шиеленіс жағдайларды бәсеңдету;

2) қабатқа кері қысым түсіру арқылы, бұрғылау сұйығы айналымын қалыптастыру;

3) ұңғы құбыраралық кеңістігіне бұрғы сорабы немесе цементтеу агрегаты арқылы бұрғылау ерітіндісін айдау.

Манифольдтердің ПМ2-80×320 және МП2-80×700 екі түрі шығарылады. Бұлармен ОП2Г230×320 және ОП2Г-230×500 превенторлары жинақталынады. Аталған екі манифольдтің түрі: қолмен басқарылатын және гидравликалық берілісті негізгі ысырмадан, превентор крестовигіне орналасатын реттелінгіш штуцерлерден, екпінді камерадан тұрады.

Реттелінгіш штуцер ұнғы түбіне кері қысым түсіру үшін қолданылады. Екпінді камера манифольдтен шығатын сұйық ағынын басқару қызметін атқарады.

Превентор қоңдырғылары екі түрлі гидравликалық басқару тетігімен (ГУП100 Бр-1 және ГУП100 Бр-2) жинақталынады. Гидравликалық басқару тетігі, превенторларды алыстан басқару қызметін атқарады. Алыстан басқару бір-біріне өзара теңгерілген екі пультпен (негізгі және қосалқы) іске асырылады.

Лақтыруға қарсы жабдықты басқару.

Превенторлар, ысырмалар, және дроссельдер негізгі және көмекші пульттермен ашылып жабылады. Негізгі пульт гидравликалық басқару станциясымен бірге ұңғы сағасынан 10 м кем емес арақашықтықта орналасады. Механикалық жетек плашкалы превенторларды гидравликалық жетек жұмыс істемей қалғанда жабу үшін қолданылады.

Негізгі және көмекші пульттерді жеке рамаларда монтаждайды. ЛҚЖ жетегінің жұмыс істеу принципінің жалпы көрінісі 13.5-суретте көрсетілген.

 

13.5-сурет. Гидрожетек сұлбасы

Гидрожетектің жұмыс сұйықтығы ретінде қолданылатын май бактан 13 майжинағыш 12 бойымен сораппен 18 сорылады және кері клапан 16 және сүзгі 14 арқылы гидроаккумуляторға 1 айдалады. Гидроаккумулятордағы жұмыс қысымы 10 МПа аспайды және сақтандырғыш қақпақшамен 17 шектеледі.

Гидроаккумулятордан құбыржол 2 және вентильдер 3 бойымен май плашкалы превенторларды 7 және ысырмаларды 6 басқаратын негізгі пульттің бөлгіш блогына 5 айдалады. Негізгі пульттің сол жақ бөлгішінен май көмекші пульттің цилиндріне 9 айдалады және ары қарай әмбебап превентордың камерасына барады.

Плашкалы превенторлар және ысырмаларды көмекші пульттан басқару таратқыш блокпен іске асырылады.

Өңделген май превенторлар мен ысырмалардан қабылдау багына барады, одан қайтадан сораппен 18, 15 гидроаккумуляторға беріледі.

 

13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы

Сағалық жабдық – шегендеу тізбектерін байланыстыру, бұрғылау процесі барысындағы қабат қысымдарынан ұңғы сағасын саңылаусыздандыру, күрделі жөндеу, пайдалану барысында ұңғының жұмыс тәртібін реттеу мен сағасын саңылаусыздандыру жұмыстарына арналған жабдықтар кешені. Барлық сағалық жабдықтар екіге бөлінеді: бірі – ұңғыны бұрғылауда, екіншісі – ұңғыны пайдалануда қолданылады. Ұңғыны бұрғылау процесінде сағаны байланыстыруға пайдаланылатын сағалық жабдықтар құрамына тізбек басы мен лақтырудан сақтайтын жабдық жатады. Лақтырудан сақтайтын жабдықтың негізгі түйіндері: крестовина, превенторлар, превенторүстілік катушка, ажырату жүйесі, манифольд, превенторлардың және ысырмалардың гидротетіктері, қол жетектері.

Бұрғылау процесі кезінде шегендеу тізбектерін байланыстыру қызметін атқаратын тізбек басы – фонтанды арматураны орнататын негіз ретінде де қолданылады; яғни тізбек басы ұңғыны пайдаланудың барлық кезеңінде қолданылады. Пайдаланушы сағалық жабдықтар құрамына: фонтанды арматура, фонтанды арматура манифольды; қысым ысырмасын ауыстыруға арналған аспап, ұңғыны зерттеу барысында қолданылатын лубрикатор, ысырмалар мен аудармалардың жиынтығы және сағалық жабдықты монтаждау мен байланыстыруға қажетті басқа да бөлшектер кіреді.

Тізбек басы – газ және мұнай ұңғыларының шегендеу тізбектерін байланыстыруға арналған және келесідей қызметтерді атқаруды қамтамасыз етеді: тізбекті ұстап тұру, құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыру мен ондағы қысымды бақылау; сонымен қатар құбыраралық кеңістіктегі қысымды төмендету, онда цементті немесе басқа да тампонажды материалдарды айдау және т.б. технологиялық операцияларды жүргізу.

Тізбек басы құрылымы мыналарды қамтамасыз ету керек:

1) құбыраралық кеңістіктің саңылаусыздығы сенімділігін;

2) құбыраралық кеңістіктегі қысым бақылануын;

3) шегендеу құбырларын тез, әрі сенімді бекітілуін;

4) бір бағана басына диаметрлері әртүрлі шегендеу құбырларының (әмбебап) жалғана алуын;

5) бұрғылау аспабымен жұмыс жасау барысында шегендеу тізбегінің сағалық бөлігін тез тозудан сақтауын (ұңғы температурасы жоғары болған жағдайларда шегендеу бағаналарының тік қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету);

7) ұңғыны бұрғылау және ұзақ уақыт бойына пайдалану кезінде аспалар мен тығындау түйіндерінің жұмысының жоғары сенімділігін;

8) мүмкін болатын шектік биіктікті;

9) әртүрлі жүктемелердің әсерін ескере орытып, қажетті беріктікті.

Сонымен қатар, күрделі жағдайларда бұрғылау кезінде:

-егер ұңғы өнімінің құрамында коррозиялық заттар болса, тізбек басының бөлек бөлшектері коррозияға тұрақты болуы тиіс;

-солтүстікте бұрғылау үшін тізбек басы – 60ºС температура жағдайында жұмыс жасауға бейімді болуы тиіс;

-теңізде бұрғылау барысында тереңдігі 200м-ден асатын теңіз түбіне орнатуға жарамды болуы тиіс.

Қазіргі кезде отандық зауыттар тізбек басының екі түрін шығарады – КГ және ОКК. Келесі түрлері өндірісте пайдаланылуда – ООЕ және ОКМ. Тізбек басының КГ түрін – КГ-4х70 мысалында қарастырып көрелік.

КГ-4х70 тізбек басы – төрт шегендеу тізбегін өзара байланыстыру үшін, бағана аралық кеңістікті саңылаусыздандыру мен бақылау үшін, тереңдігі 4000 м және одан асатын, жұмыс қысымы 70 МПа-ға дейін болатын, ал өнім құрамында коррозиялы заттары жоқ мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау мен пайдалану кезінде жұмыс тәртібін реттеуге арналған (13.6-сурет).

 

Сурет, КГ-4х70 тізбек басы

КГ-4х70 моделі келесідей оқылады: К – тізбек (колонная); Г – басы (головка); 4 – өзара байланысатын шегендеу тізбек саны; 70 – жұмыс қысымы, МПа.

Тізбек басы келесідей негізгі бөліктерден тұрады: диаметрі 324 мм шегендеу құбырларының тізбегін асуға арналған – сыналы аспасы 12 бар тройниктен 13, пакер қондырғысынан 10, диаметрі 245 мм шегендеу құбырларының тізбегін асуға арналған – аспасы 7 бар крестовинадан 9, пакер қондырғысынан 6, диаметрі 168 мм шегендеу құбырлары тізбегін асуға арналған – аспасы 3 бар крестовинадан 5, пакер қондырғысынан 2, фланецтен, кері клапандардан 11, сиреткіш тығындардан 17. Тройник 13 құрамына – тұғыр мен иінді құбыр кіреді. Тройник тұғыры – маркасы 35ХМЛ (МЕСТ 977-88) болат құймасы, оның орта бөлігінде иінді құбыр жалғанатын саңылауы болады, ал жоғарғы бөлігінде – пакер қондырғысындағы аспаның қақпағын орнатуға арналған, диаметрі 425 мм аспаға 12 арналған диаметрі 415 мм болатын, тесіктер жасалған. Иінді құбыр – жоғары қысымды краны 14 бар келте құбыр болып табылады. Иінді құбыр тройниктің тұғырына бұранда арқылы байланысады да, бұрғылау барысындағы технологиялық жұмыстарды жасау қызметін атқарады.

Крестовина 9 – 35ХМЛ (МЕСТ 977-88) болат құймасы. Оның төменгі фланецінде пакер қондырғысына 10 арналған, диаметрі 415 мм болатын, тесігі бар. Жоғарғы фланецте аспаға 7 арналған 345 мм диаметрлі тесігі және пакер қондырғысына 6 арналған 355 мм диаметрлі тесік бар. Орта бөлігінде крестовина тұғырына бір жағынан – шпилкалар көмегімен келте құбыр мен жоғары қысымды краны бар тығын 15 байланысқан, екінші жағынан – вентилі 4 бар тығын 8 байланысқан. Крестовинаны 9 тартқанда қондырғы пакері 10 деформацияға ұшырап, крестовинаның тұғыры мен тізбек (диаметрі 324 мм болатын) арасындағы кеңістікті саңылаусыздандырады. Крестовина 5 – 35ХМЛ (МЕСТ 977-88) болат құймасы. Төменгі фланецте пакер қондырғысына 6 арналған, диаметрі 345 мм болатын тесік болады. Жоғарғы фланецте аспаға 3 арналған, диаметрі 227 мм болатын тесік және пакер қондырғысына 2 арналған, диаметрі 237 мм болатын тесігі бар. Орта бөлігінде крестовина тұғырына вентилі 4 бар тығын 8 жалғанады, ал екінші жағынан – ысырма 16 жалғанады. Крестовинаны 5 тартқанда қондырғы пакері 6 деформацияға ұшырап, крестовинаның тұғыры мен тізбек (диаметрі 245 мм болатын) арасындағы кеңістікті саңылаусыздандырады. Диаметрі 168 мм болатын тізбекті саңылаусыздандыру – пакер қондырғысымен 2 деформацияға ұшырайтын фланецті 1 тарту кезінде болады.

Тізбек басына орнатуға арналған аспа (13.7-сурет) – сыналы бірсатылы, ол тұғырлардан 4, плашкалардан 1, жартысақиналардан 5, сырғалардан 7, винттерден 2 және 8, тұтқалардан 3, штифтардан 6 тұрады.

 

 

Сурет, Аспа

Пакер қондырғысы (13.8-сурет) тізбек басындағы құбырсыртындағы кеңістікті саңылаусыздандыруға арналған. Ол аспа 3 қақпағынан, басу сақинасынан 1, тығындау сақинасынан 4 және пакерден 2 тұрады.

 

13.8-сурет, Пакер қондырғысы

 

ОКК тізбек басы

ОКК тізбек басын 35 МПа қысымы үшін үш түрде шығарады: ОКК1, ОКК2, ОКК3. ОКК1 тізбек басы екі тізбекті (кондуктор, пайдаланушы), ОКК2 – үш тізбекті (кондуктор, аралық, пайдалану), ОКК3 – төрт тізбекті байланыстыру үшін қолданылады.

ОКК1-35-146х219 моделі келесідей түрде шешіліп оқылады: О – жабдық (оборудование); К – бағаналар (колонны); К – сыналы (клин); 1 – сұлбасы (моделі); 35 – жұмыс қысымы, МПа; 146 – пайдалану тізбегінің диаметрі, мм; 219 – кондуктор диаметрі, мм.

ОКК1 тізбек басы (13.9-сурет) – тұғырдан 4, сыналы аспадан 3, екіярусты пакерлі қондырғыдан 2 тұрады.

Сурет, ОКК1 тізбек басы

Тұғырдың цилиндрлі тесігі болады, оған пакер қондырғысының төменгі ярусы орнатылады. Тұғыр фланецінде айдау клапаны 6 бұралатын саңылау болады. Тұғырдың төменгі бөлігіндегі саңылаулар тізбек басының манифольдын 5 орнатуға арналған. Пакер қондырғысы 2 екі ярустан тұрады, олардың әрқайсысында екі металды сақина және бір Н-тәріздес резиналы тығын болады. Сыналы аспа үш сынадан тұрады, олар өзара шарнирлермен байланысқан және синхронды түрде орын ауыстыру мүмкіндігіне ие.

Сақтандырғыш төлке 1 пайдалану тізбегінің жоғарғы бөлігін көтеріп-түсіру операциялары барысында орын алатын механикалық зақымданулардан сақтайды.

Тізбек басын монтаждау реті. Кондукторды түсіріп, цементтегеннен кейін, оған тізбек басының тұғырын бұрайды. Саға лақтырудан сақтайтын жабдықпен, бекітілген сұлбаға сәйкес, байланады да, пайдалану тізбегі қондырылатын аралықты бұрғылау жұмысы жалғаса береді. Бұрғылау аяқталып, пайдалану тізбегі түсірілгеннен кейін, тәл жүйесіне ілінген тізбектің соңғы құбырына сыналы аспаны жинақтап, түсіреді. Өз салмағынан сыналы аспа құбыр бойымен оңай жылжып, тізбек басының тұғырындағы өз орнына отырады да, бағананы сынаға отырғызады. Пайдалану тізбегін цементтейді, кейіннен тізбек басы тұғырындағы сыртқы беті тізбек басының манифольды арқылы еркін ағысты сумен жуылады.

Цементтің қатуын күту (ожидание затвердения цемента) ОЗЦ –ден кейін лақтырудан сақтайтын жабдықты алып тастап, тұғырдың жоғарғы фланецінен құбырды 120 мм биіктікте құбыркескішпен кесіп тастайды. Резиналы тығынды ЛЗ-162 майлау материалымен алдын-ала майлап, пакер қондырғысын орнатады. Осыдан кейін, фонтанды арматураның крестовинасын 7 монтаждайды. Фонтанды арматура крестовинасының фланеціндегі айдау клапаны 8 шпилкаларды тартуға дейін шешіліп тұруы қажет (тартқаннан кейін бұрап орнына орнатылады). Тізбек басын пайдалану тізбегімен бірге – тізбектің шектік мүмкін болатын ішкі қысымына сәйкес келетін қысыммен сығымдап сынайды. Кейіннен, ЛЗ-162 майлау материалымен майланған тығынды саңылаусыздыққа тексеру мақсатында тізбек басын сығымдап сынайды. Бұл үшін айдау клапанының қалпағын 8 шешіп, клапан саңылауына ысырғышты орнатады да, қалпақты тірелгенге дейін қайта бұрайды, бұл кезде ысырғыш клапан шаригін орнығу жерінен алшақтатады да, онда қуыс пайда болады. Клапан қалпағын 6 шешеді де, оның орнына НС-6х350 майлау материалын айдайтын жалғаманы бұрайды. ММ (майлау материалын) – клапаннан 8 пайда болғанға дейін айдайды. Ысырғышты клапаннан 8 шығарады да, қысымды тізбектің мүмкін болатын сыртқы қысымына дейін көтереді. Сығымдап сынауды аяқтағаннан кейін қысымды төмендетеді. Екі жағдайда да, сығымдау қысымы паспортта көрсетілген қысымнан аспауы қажет.

 

ОКМ тізбек басы

ОКМ тізбек басы (13.10-сурет) тұғырдан 1, арнайы муфтадан 4, фонтанды арматураға арналған фланецтен 3, фланеці бар келте құбырдан 7, өту кранынан 8, бекіту винттерінен 2, резиналы тығындау сақиналарынан 5 және манжеттерден 6 тұрады.

Арнайы муфтаны пайдалану тізбегінің соңғы құбырына бұрайды да, кондукторға бұралған тұғырға орнатады. Тұғыр мен арнайы муфта арасындағы кеңістік екі резиналы сақина мен өздігінен саңылаусызданатын резинаматалы манжеттің көмегімен тығындалады. Тұғырдың жоғарғы фланеціндегі алты бекіту винті – ұңғыны пайдалану барысында тізбектің температура әсерінен ұзаруы салдарынан өспенен жоғары қарай ығысуынан сақтау мақсатында арнайы муфта мен оған асылған пайдалану тізбегін бекітуге арналған. Фонтанды арматураға арналған фланец – муфтада бұранда арқылы бекіген.

 

13.10-сурет, ОКМ тізбек басы

 

Тізбек басының тұғырында екі бүйірлік саңылау бар, оның бірі тығынмен жабылса, екіншісіне кран мен бос фланецті қосатын фланеці бар келте құбырды бұрайды. Келте құбыр фланецінде манометрі бар вентиль орнатылады, ол өз кезегінде құбыраралық кеңістіктегі қысымды бақылауға арналған.

Монтаждалу реті. Тізбек басының тұғыры кондуктордың жоғарғы құбырының бұрандасына бұралады. Көтеріп-түсіру операциялары барысында тұғырдың ішкі тұғырлық беткейінің механикалық зақымдалуын болдырмас үшін тұғырда сақтандырғыш төлкесі орнатылады, ол алты бекіту винттерімен бекиді. Тізбек басының тұғырына лақтырудан сақтайтын жабдық монтаждалады да, пайдалану тізбегі отырғызылатын аралық ары қарай бұрғылана береді.

Пайдалану тізбегін түсіру алдында сақтандырғыш төлке құбырұстағыш арқылы шығарып алынады. Пайдалану тізбегін түсіру барысында жоба тереңдігіне 4-8 м жеткізбей түсіреді де, спайдер немесе элеваторға отырғызады. Кейіннен, соңғы құбырға, фонтанды арматураға сәйкестендіріп, фланеці жоқ арнайы муфта жалғанады. Арнайы муфта бұрандасы жоғарғы орамдарына бұралатын тексеру құбыры көмегімен муфтаны бағана басының тұғырындағы конустық бетке орнатып, бекіткіш болттарымен бекітеді.

Пайдалану тізбегін цементтеп және ОЗЦ біткеннен кейін тізбек басын ұңғы сағасына, пайдалану тізбегін сығымдауға арналған қысыммен сығады. Сығымдау нәтижелері актімен рәсімделеді.

Сығымдаудан кейін лақтырудан сақтайтын жабдықты алып тастайды және арнайы муфтаның жоғарғы бөлігіне фонтанды арматураға сәйкестендіріп, фланец бұралады.

ОКМ типті тізбек бастарының техникалық көрсеткіштері

Жабдықтардың шифры ОКМ1-140-146х219

ОКМ1-140-146х245

ОКМ1-140-168х245

Өткізетін шартты диаметрі, мм

фланец тұрқы 280

бүйірдегі иінді құбырлар 65

Қысым, МПа:

жұмысшы 14

бақылау 28

Өткізілетін орта Мұнай, газ, газконденсат, бұрғылау

ерітіндісі, қабаттағы су

Қоршаған орта температурасы

өткізілетін 120

қоршаған ортаның 40

 

13. 5 ООК2 тізбек басы ОКК2 (13.11-сурет) тізбек басының құрылымы мен монтаждау ретін қарастырамыз. Тізбек басы жоғарғы және төменгі екі бөліктен тұрады. Төменгі бөліктің негізгі бөлшектеріне тұрқы 8, бір-бірімен шарнирлі байланысқан үш сынадан тұратын сыналы аспа 7, катушка 6 кіреді. Тұрқыда екі тесік бар, оның біріне құбыраралық кеңістікті бақылайтын манифольд бұралып жалғанған, екіншісі тығынмен бекітілген. Жоғарғы бөліктің негізгі бөлшектеріне келте құбырға 5, бұралған тұрқы 4, сыналы аспа 3, аралық және пайдалану тізбектері арасындағы кеңістікті тығыздайтын пакер 2, катушка 1 жатады.

 

13.11-сурет, ОКК2 тізбек басы

Тұрқын 8 тұрақты ток көзінде, Э-42 типті ОММ немесе СМ электродтарымен, сыртқы бетінен 12х12 өлшеммен, үздіксіз сызықпен қолдай пісіру арқылы кондукторға жалғайды. Аралық тізбек сыналы аспаға 7 ілініп, 10х10 өлшеммен екі-үш қайтара үздіксіз сызықпен катушкаға пісірілген. Пайдалану тізбегін сынаға 3 асып отырғызып, пакерді монтаждағаннан кейін катушкаға 1 пісіріп бекітеді.

 

 

14-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ МҰНАРАЛАРЫ

Бұрғылау мұнарасы тәл механизмін орнатуға, КТО-сын механизациялауға және бұрғылау свечаларын орналастыруға арналған ұңғы сағасының үстінде орналасқан металл қондырғы. Бұрғылау қондырғысының жинақталу қабілеттілігі, тасымалдауға жарамдылығы және бұрғылаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі оның техникалық жетілдірілгендігіне тығыз байланысты. Бұрғылау мұнарасының ақаулары, ауыр зардаптар болдыруы мүмкін, сондықтан сенімділік және беріктік бұрғылау мұнараларына қойылатын басты талаптар болып табылады. Бұл мүмкіндіктер монтаждық жұмыстарды тездететін және олардың тиімділігін жоғарылататын мұнарының жеңілдігімен, технологиялылығымен сай болуы керек.

Қауіпсіздік ережелеріне сай мұнараның құрылымы негізге немесе іргетасқа бекітілуі сенімді кезде және кергілер болмаған кезде оның қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Мұнара құрылымында міндетті түрде – кронблоктық алаң, жоғары бөліктегі жұмыстарды жүргізуге болатын сатылары, жұмысшы алаңдары бар бұрғылау еденінен кронблокқа дейін монтаждалған баспалдақ болуы керек.

Жоғарғы алаң КТО кезіндегі бұрғылау свечаларын орнататын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлкамен жабдықталады. Бұрғылау мұнараларының және олардың жеке элементтерінің геометриялық формалары ауа екпіні жүктемесін азайту мақсатында, минималды аэродинамикалық қарсылыққа ие болуы керек.

Бұрғылау мұнаралары башенді және мачталы болып екі топқа бөлінеді. Башенді мұнараларды түзу (14.1, а - сурет) және иілген (14.1, б - сурет) торлармен жасайды. Башенді мұнараның аяқтары пісірілген төртқырлы фермадан (14.1, в -сурет) немесе үлкен диаметрлі (14.1, г- сурет) құбырлардан жасалған конструкциялары бар. Бұл типті мұнараларды пилонды деп атайды. Башенді мұнаралар құрылымдық сұлбасына тәуелсіз, тәл арқанының жылжымайтын және жылжымалы тармақтарының керілісінен пайда болатын бұрау моменті күшіне қарсы тұра алатын жоғары қаттылығымен сипатталады. Алайда монтаждау үрдісі болттық жалғамалардан болуына байланысты, башенді мұнараны құрастыру үлкен еңбексиымдылықты қажет етеді. Пилонды мұнаралардың аяқтарының арасында байланыс болмайтындығы, монтаждау қабілеттілігін және көпірлер жағынан оның ашық көрінісін қамтамасыз етеді.

Мачталы мұнаралар (14.1, д -сурет) А-тәріздес формаға ие және аяқ секцияларының пісірілген конструкциясына байланысты жоғары монтаждық сипатқа ие. Мұнара аяқтары көлденең қимасы үшбұрыш 1 және 2, төртбұрыш 3 немесе сақина 4 түрінде болады. В өлшемі және көлденең қимасының ауданы бірдей кезде иілуге және бұралуға үлкен қарсылық көрсетуге, аяғының көлденең қимасы төрт бұрышты мұнаралар ие. Бұл 1, 2, 3 көлденең қималардың инерция моменттері өске қатысты 1:1,35 және 1:1,50 пропорциялық қатынаста өзгеруімен түсіндіріледі. Аяқтары көлденең қимасы төртбұрышты болып келетін мұнаралардың материал сиымдылығы үлкен, ал сақиналы аяқты мұнаралар үлкен диаметрлі құбырлардан жасалынады, бұл олардың салмағының ауырлауына алып келеді. Беріктік және монтаждауға ыңғайлылық алдыңғы жағы ашық, төрт (14.1, е- сурет) немесе екі (15.1, ж -сурет) тірегі бар және көлденең қимасы П формалы бұрғылау мұнараларында жақсы үйлесім тапқан.

14.1 – сурет Бұрғылау мұнараларының құрылымдық сұлбалары

Бұрғылау мұнаралары құбырлардан, угольниктерден, швеллер және дөңгелек прокат металл бұйымнан жасалады. Жүктемелік элементтерге басқа профилдермен салыстырғанда жоғарғы инерция радиусына және мұнараға ауа ағыны жүктемелерін азайтатын тиімді аэродинамикалық сипаттамаға ие құбырлық профилді қолданған дұрыс.

Башенді мұнара (14.2 - сурет), өзара белдеулермен 8 және иілген диагональды тартпалармен 7 байланысқан төрт көлбеу орналасқан аяқтары 6 бар төртқырлы қиық пирамида тәріздес құрылым.

Қарастырылатын конструкцияда мұнарының аяқтары мен белдеулері құбырлардан, ал диагональды тартпалар – домалақ прокаттық болаттан дайындалған. Мұнараның басында тұтасымен пісірілген кронблокасты рама, таған 1 және кронблокасты алаң 2 орнатылады. Таған мұнараны жинақтауда, кронблокты ауыстыруда және басқа ауыр бөлшектерді көтерерде қолданылатын блоктармен жабдықталған. Балкондар 4 және 5 бұрғышының 36 және 27 м бұрғылау свечаларын қолмен орналастырушы екінші көмекшісінің жұмыс жасауына арналған.

Әр балкон төрт алаңнан 10, жамылғы каркасынан, свечаларды орнатуға арналған шарнирлі саусақша 12 және ұңғы өсіне қатысты тәл блогының өтуіне жеткілікті қашықтықта жоғарғы бұрғышы көмекшісіне арналған люлькадан 11 тұрады. 15 м жуық биіктікте бұрғылау сораптарының манифольд сырығына, бұрғылау шлангаларына техникалық қызмет көрсетуге арналған алаңқай орналасқан.

Қауіпсіздік ережелеріне сай бұрғылау мұнарасы балконының ені 750 мм кем болмауы тиіс. Балкондар едені сырғанауды болдырмауға арналған тор бетті металл төсеніші, биіктігі 1200 мм кем емес қалқан тіректері, және биіктігі 150мм еденге іргелес борты бар құрылым. Мұнара биіктігі 1000 мм кем емес қалқан түріндегі қоршаумен, ені 650мм кем емес металл баспалдақтармен және аралық алаңдарымен жабдықталған. Екі қарама-қарсы қабырғалары қажетті жабдықты кіргізуге арналған қақпаға 9 ие.

 

14.2 – сурет. Башенді мұнара

 

Мұнара аяқтары ұштары болттармен жалғанатын фланец пісірілген тіректерден тұрады. Жинақтауға және центрлеуге тиімді болу үшін тіректердің ұштарына конусты бағыттаушылар орнатылған. Аяқтардың төменгі тіректері тіректік тақташалармен және мұнараны центрлеуде қолданылатын домкраттарға арналған кронштейндермен жабдықталған.

Белдеулер мен диагональдық болтты тартпалар мұнара аяғына пісірілген үшбұрыштармен 13 байланысады. Аяқ тартпалары және мұнара белдеулері құбырлардан ал диагональды тартпалар – тұтас домалақ металлдан жасалған.

Биіктігі және жүккөтергіштігі бірдей пилонды мұнараның аяқ тіректері үлкен диаметрлі құбырлардан жасалады және тіректердің ұшына пісірілген болаттан құйылған фланецтермен байланысады. Пилонды мұнара аяқтарының жоғарғы бөлігі кронблокасты рамамен шарнир арқылы жалғанған. Мұнара аяқтарының бір-біріне қатысты орналасуы және мұнараның беріктігі аяқтың жоғарғы тіректерін диагональды винттік тартпалармен жалғастыратын және мұнараның төменгі бөлігінде орнатылған көлденең винттік тартпалармен қамтамасыз етіледі. Бұл мұнараның табанының тіреулері іргетастың арнайы тірегіне бекітілетін тұтқалы конус түрінде жасалған.

Башенді мұнаралар арнайы мұнаралы көтергіштер арқылы жоғарыдан төмен қарай монтаждалады.

Мачталы А-түріндегі мұнара (14.3 - сурет) негізгі жүктемені көтеретін екі аяқтан, мұнараны жұмыс жасап тұрған қалпында ұстайтын тіректен 5 тұрады. Мұнараның биіктігіне байланысты әр аяқ 2 құбыр не профильді прокатты немесе цилиндрлік. Секциялар фланецті байланыстар арқылы жалғанған. Жинақтауды тездету үшін фланецті байланыстың орнына жартылай қамытты байланыс қолданады. Жоғарғы секциялардың тағандар және кронблокты жөндеу мен қызмет көрсетуге арналған алаң 1 орналасатын кронблокасты рамамен байланыстырып бекітуге арналған тесіктері бар.

 

14.3 – сурет, Мачталы А түріндегі мұнара

Мұнараның көтеру сұлбасына және конструкциясына байланысты тіректер көлбеу тіректер 5 бұрғылау қондырғысының жұмыс алаңы жағынан немесе оған қарама қарсы жақта орналасады және мұнара аяқтарымен құлақша тесіктер арқылы байланысады. Мұнара аяғы 4 ротор өсіне қатысты мұнараны центрлеу үшін негізбен шарнирлі байланысады. Бұрғышының екінші көмекшісіне арналған балкон 3 мен свечаларға арналған магазин мұнара аяғына кронштейнмен бекітіледі.

Бұрғылау сораптары манифольд сырықтары мұнара аяғының ішкі бетінде орналасады. Бұрғылау шлангаларына қызмет көрсету, ауыстыру жұмыстарын жүргізіуге арналған мұнара аяғының ішкі бетіне орналасқан кішігірім алаң бар. Мұнараның бір аяғының қабырғаларына орналасқан, балконға дейін баратын марштық баспалдақтар бар.

А – түріндегі және басқа да мачталы мұнараларды көлденең қалпында, мұнараны және оны монтаждауға қажетті жабдықтарды орналастыруға жеткілікті арнайы дайындалған алаңда жинайды. Мұнараны тік қалыпқа сырықтың және бір ұшы шығырдың барабанына немесе көтеруші-тракторға бекітілген арқанмен жабдықталған блоктардың көмегімен көтереді. Әмбебап монтаждалатын бұрғылау қондырғылары мұнараларын көтеру үшін, арнайы көтеру механизмі қолданылады.

Бұрғылау свечаларын ұңғыдан көтеру кезінде, оларды төменгі ұшымен подсвечникке орнатады. Свечаның жоғарғы бөлігін магазиндегі саусақшалар арасына кіргізіп тірейді. Саусақшаларды қабырғасы қалың құбырлардан жасайды, олардың басы тәл блогының кездейсоқ соққылары кезінде жантайады, сондықтан сынып кетпейтін шарнирлі етіп жасалған.

ОАО «Уралмашзавод» мачталы бұрғылау мұнараларының келесі түрлерін жасайды: А түріндегі (ВМ), П түріндегі (ВМП) және төрттіректі (ВУ).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2017-02-08; просмотров: 825; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.144.42.196 (0.09 с.)